Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...............................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)

              Осыған орай, банктің өтімділігі өз міндеттемелерін  уақытылы орындауы қамтамасыз ету қабілеті мен болашақта өмір сүру ықтималдылығының маңызды көрсеткіші болып табылады.

              Кез келген жағдайда банк иелері депозиттерді қайтару және несиелер беру және т.б. жағдайларды қамтамасыз етуге қолма-қол немесе тартылан қаражаттардың жетіспеушілік мәселесімен кездесуі мүмкін. Банкте осындай жағдай туындағанда ол қолма-қол  қаражаттарға ағымдық тараптарды қанағаттандыру үшін өте жоғары мөлшер бойынша қаражаттар тартады. Бұл банктің пайдасының төмендеу мен өімділік тәуекелін азайтуына әкеледі. Банк өтімділігінің тәукелі – бұл банктің активтерін өткізу жолымен қаражаттарды алу қиындығы жағдайында банктің пайдасына туындаған қорқыныш мүмкіндігі.

              Банктің өтімділігін сақтаудың негізгі қағидасы банк активтернің қайтару мерзімімен қаражаттарға тұтынудың тууы мүмкін уақытының байланысы болып табылады. Өтімділік төменде көрсетілгендей қамтамасыз етілуі мүмкін:

-         жақын арада қайтарылк мерзімі болатын немесе талап етуі бойынша төлеу құқымен берілген несиелер бойынша төлемдер қабылдау;

-         несиелік талаптардың бөлігін сату;

-         өтімділіктің анықталған коэффициентін ұстау үшін пассивтің әрбір түрінің қандай бөлігін активтің өтімді немесе өтімдірек баптарына орналастыруды анықтау мақсатынада пасиивтің барлық шоттарында кестеге құру жолымен активтерді бөлу;

-         пассивтермен операция жүргізу;

а) айналыстағы депозиттік сертификаттар, облигацияларды шығару;

б) ҚР Ұлттық банкіндегі қарыздары;

в) евронарықтағы қарыздар.

              Банкте өтімділік мәселесі банктік несиелерді, қаражаттарды тарту уақытынан гөрі ұзағырақ уақытқа беру тәжірибесіне байланысты туындайды. Банктің пайдасы қаражаттарды қысқа мерзімге орналастыру арасындағы айырма ретінде анықталады.

              Банктің қажетті өтімділік деңгейін ұстап тұрудың маңызды шарты – бұл банкте өтімді активтердің жеткілікті сомасының болуы. Өтімді қаражаттар банктің қаржылық міндеттерін жабу үшін қолданылады. Өтімділікті қолдану банктің қызметін басқарудың бірден – бір негізгі әдәсә болып табылады.

              Банк өз қызметімен тек клиенттері мен басқа да банктер арасындағы барлық міндеттерін атқара алатынына сенген жағдайда ғана жүргізе алады. Банк мұндай сенімді тез жоғалтып алуы мүмкін, егер олар бұл банкті барлық заңдық үлестік міндеттерімен есеп жасай алмайды деп ойлаған жағдайда.

              Егер активтерді қайтару мен міндеттерді өтеу мерзімінің арасындағы дәл сәйкестікті қамтамасыз ете алған жағдайда өтімділіктің қажетті деңгейіне қол жеткізуге болады. Бірақ та банк қаржы делдалы ретінде түсіп отырғандықтан, ол бұл мерзімді әрдайым түрлендіріп отыруға міндетті. Бізге белгілі банк қарызға ақша қаражатының аз ғана бөлігін көп мөлшерін қысқа мерзімге алады да, ұзақ мерзімге ірі соманы қарызға береді. Бұл кезде банк алдағы уақытта да міндеттерін өтеу үшін салымдарды тартып және талап еткенге дейінгі шоттардан алынған ақша қаражаттарын қайтарамын деп есептейді. Бірақ та, нақты жағдайда әлемдегәі бірде – бір банк мерзімсіз салымдарға орналастырылған барлық ақшаны бір күнде қайтаруға жағдайы жетпейді.

              Банкте өтімділікпен мәселе туындағанда ол ақща қаражатына сұраныс туады. Бұны алудың бірден-бір көзі активтерді сату болып табылады.Активтердің кеибір түрлері жиі сатылып және сатып алынып отырады, сол себепті бұл активтерге нарықтың сатып алушыны табуына мүмкіндігі бар.

          Бұндай категориядағы активтер біртекті болып және өтімді деп аталады.Сол себепті бұлар тез арада қолма-қол ақшаға айналады.Қолма-қол ақша ең өтімді актив болып саналады.

Қолма-қол ақшаға басқа банктерге берген қысқа мерзімді қарыздар немесе басқа банктердегі депозиттерін жатқызуғаболады, себебі бұл қарыздарды немесе депозиттерді сатып алатын басқа банктерді іздеу сияқты қандай да бір қиындықтар тумайтыны сөзсіз.Мемлекеттің құнды қағаздары және баланстың есептегі активтері өтімділіктің тез сатылатын көзі болып табылады.

Активтердің жиі сатылмайтын және сатып алынбайтын түрлері де кездеседі. Осындай жағдай болғанда,олардың бағасын сатып алушы мен сатушының арасында келісімге келу қажеттілігітуады, себебі нарықтың бағасын алудың мүмкіншілігі жоқ. Бұндай активтерді сатып алушыны табу қиынға түседі.Осындай түрдегі активтер бір-бірінен ерекшелене түскендіктен, оларды салыстыру қиыншылық туғызады. Бұндай активтер өтімсіз активтер деп аталады. Өтімсіз активтердің бағасын анықтаушы-осы активті өткізуді қажет ететін уақыт аралығы.Банктің сатып алушыға активті күту жағдайы қаншалықты көп болса, осы активті алуға кеткен бағада соншалықты жоғары болады. Керісінше, егер банкке осы активті алу қажет болғанда, олбағадан ұтылу негізінде ғана сата алады. Бұл жерде ескеретін жайт, бизнесмендер мен жеке тұлғалардың банк арасында ссуда жиі сатып алынып, сатылуы болғанымен олар өтімсізактивтер болып табылады.

Негізгі қорлар, ғимарат, жиһаздар, құрылғылар өтімсіздігі жоғары активьер болып табылады, себебі олар әр түрлі. Мысалы, тек бір ғана кеңселік ғимараттың өзі бірнеше сипатқа ие, олардың бірі – оны басқа кеңселік ғимараттардан ерекшелейтін қызмет ету уақыты мен орналасқан жері. Осындай есепке байланысты, сатып алушы қаншалықты төлейтінін білу үшін бірнеше сипаттар мен танысуға уақыт пен күштің жеткілікті көлемін жұмсауы тиіс. Қандай да бір шешім қабылдау үшін сатып алушы қосымша уақыт пен күш жұмсай отырып өзі қарастырып отырған ғимараттың сипаттамасы мен осыған бара – бар ғимараттарды салыстыру қажет. Өткізуді тездету үшін сатушы ғимараттың құнын төмендету арқылы сатып алушының бағаны салыстырудан бас тартуына әрекет жасауы тиіс. Банктердегі негізгі қорлардың өтімсіздігіне қатысты екінші себеп – көптеген банктің негізгі қорлары, оның ішінде сейфтік қоймалар, кассаны есептейтін машиналар (аппараттар) тек банктерде қолдану үшін жасалғандығы.

Ал бұл күшті сатып алушылардың сатып азайтатыны сөзсіз. Осыған орай, әр түрлі типтегі активтерді өтімді актив қолма – қол ақшадан бастап, өтімділігі төмен, негізгі қорларға дейінгі аралық ыдырайтын спектр секілді қарауға болады. Басқа банктердегі қарыз үкіметтіңқұнды қағаздар және бизнесменддер мен жеке тұлғаларға берілген қарыздар осы сппектрдің екі санының арасында орналасатын болады.

Ақша қаражатын көшіруді қажет ететін банк активті сатудан басқа жолы қысқа мерзімге басқа банктерден немесе ҚР Ұлттық банкінен қарызға қаражат алу мүмкіншілігі бар. Осыған байланысты баламалы қаражат көзін алу үшін алдын ала келісім жасау қажет етеді. Банк егер осындай туындай қалған жағдайда қанша қаражат тарта алатынын әрдайым білуі қажет. Осындай қаражат сомасы несиені алғандығы қолданылмаған мүмкіндіктер деп аталады. Бұл өтімділіктің көзі әлі баланстық есепте көрсетілген жоқ және оны кейде көрінбейтін өтімділік көзі деп атайды.[10]

Банктің қарыздық мүмкіншілігін анықтайтын негізгі фактор екінші деңгейдегі банктердің және Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің өтімділікті қажет ететін банктерге қарыз беру саясаты болып табылады.

Егер несие беруші банктің қысқа мерзімге өтімділік мақсаты үшін несие беруші туралы өтінішін орындау кезінде өзінің қаржылық қызығушылығы шегінде іс - әрекет жасаса, онда ол келесідей  талдау жүргізі қажет.

Ең алдымен несие беруші тапшылықтың себебін анықтайды. Егер өтімділіктің жетіспеушілігі ағымдық шығындарды немесе депозиттердің жиі ауысуы сияқты банктің өз мәселелерінен туындаса, онда несие беруші несиені беруге онша көңіл бөле қоймайды. Ол жоғары сапалы тез арада өтетін активтердің кепілдікке салынуын талап етуі мүмкін. Керісінше, егер өтімділік тапшылығы несие беруе деген сұраныстың өсуі сияқты позитивті даму негізінен туындаса, банктің қарыз алу мүмкіншілігі әрине жоғарылайды.

Әр қарай несие беруші банктің барлық қаржылық жағдайына талдау жасап, осы талдаудың нәтижесіне сүйене отырып қаншалықты қаражат беретінін және қандай уақытқа беретінін анықтайды.

Орталық банк ретінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі біздің республикамыздағы банк жүйесінің осындай жағдайдағы қызмет етуіне жауап береді. Ол өтімділік тапшылығы бар банктерді несиелеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің өздерінің қаржылық қызығушылығына әсер етуі міндетті емес шаралар негізінде жүргізу саясатын қолдануы мүмкін. Осыған орай, банктің қадағалау Департаментінің инспекторлары мен талдаушылары орталвқ банктің нақты банкке қатысты несиелік саясатымен танысып алуға міндетті.

Валюталық тәуекел – валюталық  немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға  ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.

Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір – біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ., DM/ДОЛЛ., YEN/BGP және т.б.), ол банк қызметінің пайдасымен шығынында көрініс табады.

Валюталық тәуекелдіктер операциялық, контрактілік, трансляциялық және басқа да тәуекелдерді ажыратады.

Валюталық тәуекел пайыздық ставка және өтімділік тәуекелмен байланысты. Ол валюталық пассив және актив құрылымдары сәйукес келмегенде, сондай – ақ мемлекеттегі инфляциялық процестер кезінде болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кеқең ішіндегі несиелік немесе басқа да келісімнің ақшалай міндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім шарттың кез келген жағы баруы мүмкін (несиелік, саудалық және т.б.): кредитор өзінің шетелдік контрагантіне банктік несие бере отырып, қарызгерге уақытша пайдалануға берген құнының эквивалентін қайтарып ала алмау тәуекеліне барады. Ал қарызген несиені алған кездегі болған курс бойынша несиелік келісім – шарт валюта курсын белгіленген мен салыстырғанда, төлейтін кездегі валюта құнынң көтеріліп кетуінен құнын жоғалтатын валюталық тәуекелге барады.

Валюталық тәуекел, әсіресе әр түрлі валюталық нарықтарда сол бір валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланысты сол айырымдардан пайда табатын (спекулятивтік табыс) немесе валюта курсының әр түрлі уақыт кездерінде айырымынан түсетін пайда, мысалы, орбитраждық операциялар жүргізетін банктерде, яғни сондай қаржылық несиелік институттарда өте жоғары. Валюталық тәуекел, қарызды қайтару кезеңі және несиелік контракт сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.

Банктердің валюталық тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде болады.

Ашық валюталық позиция дегеніміз – ол банктің шетел валютасындағы активтері мен пассивтерінің сәйкес келмеуі. Ол табыс та, шығын да әкеледі. Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позициясының қандай екендігіне, яғни ұзақ немесе қысқа ма және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің курсының ресми өзгеру белгісі қандай? Соған да байланысты болады.

Ұзақ позиция валютадағы активтердің, пассивтердің артып кетуін білдіреді және де « + » белгісімен белгіленеді. Қысқа позиция валютадағы пассивтердің активтерден артып кетуін білдіреді және де «-»   белгісімен белгіленеді.

Егер де банктің клиенттер алдындағы міндеттемесі (валюталық қорларға қатысты) банктің валюталық корреспонденттік шотына қарағанда өте көп мөлшерде жоғарлап кетсе, ол валюталық міндеттемелер бойынша тұрақтылық жағдайының төмен екендігін білдіреді (яғни «қысқа валюталық позиция»). Доллар/теңге айырбас курсының өсуі кезіндегі қысқа валюталық позиция  банк үшін тиімді емес, өйткені клиентке қатысты өзінің міндеттемелерін ары қарай орындау үшін банкке теңгенің қорын көп мөлшерде жұмсау қажет болады. Мұндай жайт тиімді болад, егер де бөліп алынған теңге қоры өспей, айырбас курсының қосымша шығындарын жаба алғандай етіп пайдаланылған болса. Осындай  дәрежедегі ұзақ позиция да курстың төмендеуі кезінде тиімді емес.

Несие берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банктің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдері болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық – несиелік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық – несиелік мекемеге валюталық тәуекелдерді болжау үшін немесе олардың салдарын неғұрлым болдырмау үшін мақсатты іс - әрекеттерді өз уақытында ойластырып жүргізу қажет.

Бүгінгі күнде валюталық тәуекел – бұл бәрі әрдайым қадағалап отыруға тырысатын және де валюталық курс маңызды қаржылық индикатор болып табылатын негізгі қаржылық тәуекелдердің бірі.

Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталық курстың әсер етуінің екі жолын қолдану мүмкін:

1)     белгіленген валюталық курсты хабарлау – курсты қандай да бір «тұрақты» валютаға бекіту және де осыған байланысты ұлттық өндіріспен елдің экспорттық – импорттық балансына бір бағытта әсер ету. Бұл көзқараста артықшылық көп, бірақ көбі олай ойламайды. Осы жолмен көптеген гүлденуші мемлекеттердің өздері жүріп өткен;

2)     инфляция және басқа да факторларға байлансты курстың әрдайым өзгеріп отыруы. Бұл көзқараста оң жағымен қатар, теріс жағы да аз емес, бұған мысал бала алатын Ресей.

Мысалы, Литва бірінші жолды таңдап алды (Литваның ақша бірлігі – лит, ло АҚШ долларына қатаң байланыстырылған), ал Қазақстан республикасы екінші жолмен кетті.

Бүгінде валюталық курс – бұл елдегі экспорт пен импорт арасындағы баланстың сальдосын бағалау ғана емес, ол мемлекеттің өте ғаламдық саясаты. Елдердің алтын – валюталық резервтері елдердің міндеттемелерімен бірге міндетті түрде халықаралық бірлестіктер мен келісімдер контексінде қарастырылуы керек.

Қаржы нарықтарында мемлекет өз мүддесін қорғау керектігін ескерту өте маңызды, әйтпесе ол өте тез және өзіне де білінбестен өзінің барлық қаржы ресурстарын жоғалтып алуы мүмкін (мысалы, Оңтүстік Корея). Әлемдік қаржы нарықтарында әрдайым қаржылық күрес жүріп жатады, онда бірқатар жақтардың  мүдделері үйлесуі немесе алшақтауы мүмкін. Сондықтан осы нарықтарға қатысу үшін (Қазақстан Республикасы шетелдік қаржы нарықтарында өзінің міндеттемелерін салады) бірнеше жағдайлары ескеру қажет. Өйткені оларды сақтамаса, қатысқан кезде айтарлықтай зиян келуі мүмкін.

Сондай – ақ, айта кететін жайт, өзгерістер болып жатқан елдердің өздері ғана валютаның ауытқуындағы қиын болжанатын тәуекелдерге бармайды, сонымен қоса осы дағдарыстағы елдермен көршілес елдер де немесе шамалы экономикалық болмашы саяси байланыстары бар елдер де осы тәуекелдерге барады.

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару