Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.

Содержание

Кіріспе.
1 Тарау Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
1.1 Салықтардың қалыптасуы мен дамуы 13-20б
1.2 Қазақстан Республикасындағы салықтардың әлеуметтік мәні 21-32б
2 Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
2.1Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет ету механизмі 43-57б
2.2 Салықтардың мемлекеттің әлеуметтік дамуындағы рөлі 58-67б
3 Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары 68-76б
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-салық-жүйесі.doc

— 612.00 Кб (Скачать)

Бюджеттің жобасын уақтылы  және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықтайды.

Бюджеттік комиссиялардың құзырына мыналар кіреді: алдағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының  көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

алдағы үш жылдық кезенде  және жоспарланып отырған қаржы  жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік  бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала  отырып, оларды іске асыру механизмін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;

тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар талдап-жасау және өзге де өкілеттіктер.

Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

Бюджет бір қаржы  жылына жоспарланады. Кезекті қаржы  жылына арналған бюджеттің жобасымен  бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.

Республикалық бюджеттің  жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, Үкіметтің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясаты, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Президенттің Қазақстан халқына елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу прцессі мынадай кезеңдерді кіріктіреді:

1) алдағы қаржы жылына  арналған түсімдердің болжамды  көрсеткіштерін айқындау;

2) ағымдағы бюджеттік  бағдарламалар мен бюджеттік  даму бағдарламаларына арналған  шығыстардың лимиттерін айқындау;

3) республикалық бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;

4) республикалық бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;

5) алдағы қаржы жылына  арналған республикалық бюджет  туралы заңның жобасын әзірлеу.

1. Бюджеттік жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілетті  орган үш жылдық кезеңге бектілген  бюджеттік алынымдар көлемін  ескере отырып және орта мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджет құрылымына сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін ай-қындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді. Ол ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін қарайды және олар жөнінде шешім қабылдайды.

2. Республикалық бюджет  шығыстарының лимиттерін бюджеттік  жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті орган республикалық  бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері, орта мерзімді фискалдық саясатта айқындалған басқа да көрсеткіштер, республикалық бюджет тапшылығының ұйғарымды шекті мөлшері және орта мерзімді жоспарда айқындалған басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер, Республикалық бюджет комиссиясы мақүлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады.

Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды.

 

3 Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары

. 2003 жылы салық заңдарындағы өзгерiстер салық жүктемесiн азайту,     жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын көтермелеу және оларды енгiзу жолымен елдiң экономикалық өсуiн көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушiлердiң өзара қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған және елдiң инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға арналған. 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес салық жүктемесін азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ белгiлi бір санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және еңбекақыны ұлғайту мақсатында 2004 жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілі енгізiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық режимдерiн қолдану салалары кеңейтiлдi. 
      Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргiзілiп жатқан реформаларды тереңдету мақсатында мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салу, сондай-ақ салықтық әкiмшiлендiру нормалары жетiлдiрiлдi. 
      Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың жаңа шарттарын енгізудiң негiзгi мақсаттары: бюджет кiрiстерiн мұнай операцияларынан барынша көп алу, жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық ниеттерiн сақтай отырып, тараптар мүдделерiнiң ең жоғарғы теңгерiмiне қол жеткiзу болып табылады. 
      Қаржы лизингiне салық салуды жетiлдiру Қазақстанда негізгi құралдарға инвестицияларды қаржыландырудың аса маңызды құралдарының бiрiЭкономикалық жосплау жөніндегі орталықты уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтінімдерін қарау нәтижелері, заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және Республикалық бюджет комиссиясы айқындаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимитері шегінде:

1)  ағымдағы қаржы  жылы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басым инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін;

2)  заңи тұлғалардың  жарғылық капиталын қалыптастыруға  және ұлғайтуға қатысу арқылы  жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылдың 15 маусымына дейін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Республикалық бюджет комиссиясы жоғарыда көрсетілген тізбе мен  ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен тетігін және оларды іске асыруға жауапты болатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.

3. Республикалық бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік  өтінімдері бюджеттік жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:

  • бірыңғай бюджеттік сыныптама;
  • ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиті;
  • басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі;
  • еткен қаржы жылыннда Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;
  • орта мерзімді жоспар;
  • орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жасалады.

Алдағы үш жылдық кезеңге  арналған бюджеттік өтінімдерді  республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 25 маусымынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті орган белгілеген кестеге сәйкес ұсынады.

Облыстардың, республикалық  маңызы бар қалалардың, астананың  бюджеттеріне берілетін мақсатты трансферттерді және бюджеттік кредиттерді қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті органға облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бөлінісінде осы бюджеттік бағдарламалар бойынша негізделген есептеулерді ұсынады.

4. Республикалық бюджеттік  бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік  өтінімдері және бюджеттік жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілетті  органның олар бойынша қорытындысы,  сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі жөніндегі ұсынысы ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесінен бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.

Республикалық бюджеттік  бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейін республикалық  бюджеттік бағдарламалар паспорттаның жобаларын және шығыстарды есептеулерді Республикалық бюджет комиссиясының шешімдерін сәйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уөкілетті органға ұсынады.

5. Бюджеттік жоспарлау  жөніндегі орталық уәкілетті орган алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде оны Үкіметтің қарауына ұсынады.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының  бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы не Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:

  • алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдері;
  • жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері;
  • жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі;
  • республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі;
  • Үкіметтің резерві мелшері;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасы;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
  • үкіметтік борыш лимиті және басқа да қагидалар болуға тиіс.

Бюджет процесінде маңызды  рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі  орталық уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық  бюджет туралы заңға өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы зандардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Үкіметке табыс етеді, бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет жоспарланып  отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей енгізеді. Жоба Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.

Талқылау Үкімет уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Ұлттық банк Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Парламенттің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Бірінші оқылымда республикалық  бюджет кірістерінің, шығыстарының, операциялық  сальдосының, таза кредит беруінің, қаржы  активтерімен жүргізілетін операциялар  бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профициті пайдаланудың) жалпы көлемдері бектіледі. Келесі оқылымда тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы баптары бойынша бекітіледі.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекітту Парламент палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Парламен ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы  жылына республикалық бюджет туралы занды қабылдамаған жағдайда Президент алдағы қаржы жылының I тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бектіледі. Бұл жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

Алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уөкілетті орган об-лыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

Информация о работе Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары