Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 12:45, курсовая работа

Описание работы

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңарумен қабаттаса жүреді. Мемлекет салық саясатын- салық саласындағы шаралар жүйесін – қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірлеген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі.

Содержание

Кіріспе.
1 Тарау Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны 5-12б
1.1 Салықтардың қалыптасуы мен дамуы 13-20б
1.2 Қазақстан Республикасындағы салықтардың әлеуметтік мәні 21-32б
2 Тарау Қазақстан Республикасының әлеуметтік қатынастарға әсер ету тұрғысындағы салық жүйесі 33-42б
2.1Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет ету механизмі 43-57б
2.2 Салықтардың мемлекеттің әлеуметтік дамуындағы рөлі 58-67б
3 Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары 68-76б
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

Дип.-Қазақстан-Республикасының-салық-жүйесі.doc

— 612.00 Кб (Скачать)

Сонымен бір  уакытта, жекелеген аумақтардың экономикалық жағдайын жақсартуға айналатыны сирек қүбылыс. Мәселен, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы жалпы өңірлік өнім көрсеткіші жан басына шаққандағы ең жоғарылардың бірі болып келгенімен, алайда кедей халықтың, әсіресе ауылдық жердегі, елеулі үлесі тап осы облыстарда.

Сондықтан да, қаржы  түрақтылығының жалпы тәртібі бойынша, дағдарыс кезінде де және экономикалық есу кезінде де қаржы ресурстары мен бүларға қарама-қарсы қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері сәйкес болуы керек.

Қоғамның өлеуметтік-экономикалық қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің  көлеміне байланысты. Ұлттық табыстағы  әлеуметтік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу минималды күнкөріс деңгейін; минималды түтыну бюджеті; түтыну себетінің қүны; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және стипендия төлеудің минималды мөлшері сияқты түтынудың әлеуметтік нормативтерін пайдалануды мүқтаж етеді. Инфляциялық жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін сақтап түру үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация жүргізіледі, өтемдік үстемақылар үсынылады. Мүнымен қатар, халықтың әлеуметтік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың негізі болып табылатын, еңбек ақы түрлері мен жүйелерін салықтык реттеуі, яғни әлеуметгік салық пен жеке түлғалардың табыс салығының ставкасы арқылы түтынуға бағытталған қордың өсімін немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.

Табыс салығынан  босатылған сома ретіндегі «күнкөріс  минимумының» үғымы табыс салығын  енгізгеннен кейін, көп үзамай пайда болды.

Біздің елімізде күнкөріс минимумын анықтау 20-шы жылдардың  соңына қарай жүргізіле бастады. Ол жылдары минималды түтыну бюджеті  жыл сайын есептеліп, осының негізінде  еңбек ақы төлеудің минималды  деңгейі анықталған. Күнкөріс минимумын  есептеу тәжірибесі біраз жылдарға тоқтатыльга, оны қайтадан қолдану қажеттілігі тек 60-шы жылдары ғана қайтадан қажет болды. Сол жылдары Қазақстанның еңбек комитетінің еңбекті Ғылыми Зерттеу Институтының минималды түтыну бюджетінің есебі бойынша 1967 жылдан бастап айына минималды жалақыны 60 сомға дейін көбейтуді негіздеді (бүған дейінгі минималды жалақы директивті түрде айына 40 сом деңгейінде болды). Мемлекетпен кепілдендірілген және табыс салығынан босатылған табыс деңгейі, жақсы тамақтануға және барлық коммуналдық қызметті төлеуіне шын мәнісінде жетіп түрды. 1974 жылы түрмыс деңгейі нашарларға арнап, жанүяның әрбір мүшесіне айына 50 сом мөлшерінде минималды жанбасылық табысты бекіткен болатын.

Қазіргі кезде  экономикасы дамыған бірқатар елдерде  «күнкөріс минимумы» үғымының орнына «кедейілік шегі» көрсеткіші қолдануда. Осы кедейілік шекке сәйкес келетін табыс деңгейі уақыт өте қайта-қайта қарастырылып отырады, мәселен Ұлыбританияда ол - табыс индексациясына байланысты болса, ал АҚШ-та - ол жыл сайын қарастырылады. Қазіргі уақытта, Құрама Штаттарда халықтың шамамен 12-15%-ы кедейілік шегінен төмен деңгейде өмір сүреді, бірақ-та олардың сол төмен деңгейлі табысының өзі, адамның өмір сүруінің негізгі қажеттіліктерін салыстырмалы түрде қамтамасыз ете алады. Осы жерде Дж. Стилицтің халықтың әлеуметтік жағдайына байланысты әділеггі пікірін айта кетуге болады. Ол: «кедейілік индексі халықтың қаншасы одан төмен немесе жоғары екендігін анықтайтын көрсеткіш емес... Кедейілік индексін пайдалану, үкіметтің назарын кедейілік шегінен төмен және одан жоғары түратындарға аударуына мүқтаж етеді. Бүл әрине шығын жағынан қарастырғанда кедейлер санын қысқартудың анағүрлым тиімді тәсілі болғанымен, табысы төмен халықтың осы мәселесін шешу үшін ештеңе істей алмайды. Егерде бізде мәселен ҚР-ның Халык Банкінде қайта қаржыландыру ставкасының шегінде салым бойынша есептелген пайыздарға табыс салығы салынбайтын болса, ал Үлыбританияда Жинақ банкінің пайыздық есебі бойынша алынған тұрақты сомадан - 70 фунтқа дейін табыс салығы салынбайды.

Кез-келген мемлекет өз елінің қаржы жағдайының түрақтылығына, қоғамдық өндірістің тұрақты өсуі негізінде, қаржы ресурстарын үнемі арттыруының арқасында қол жеткізеді. Экономикалық дағдарыс жағдайында, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігіне арналған қаржы ресурстарының көлемі азаяды. Осының салдарынан көптеген қажеттілік қанағаттандырылмай қалады. Мемлекет бірінші кезекте тұрған тактикалық және стратегиялық міндеттерді бүза отырып, шектелген қаржы көлемін бірінші қажеттіліктегі шығындарды жабуға қарай жүмсайды, яғни алдағы мақсаттарын таңдауына шектеу қойылады. Ал мүндай әрекет, әлеуметтік жағдайды одан да бетер түрақсыздандыра түседі.

Жалпы, салықтар мемлекет табысының негізгі қайнар көзі болғандықтан, мынадай нақты  талаптарға сай болуы қажет:

1.  Салық жүйесінің тұрақты - фискалдық болуы және оның мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуді қамтамасыз етіп түруы;

2.  Салық жүйесі  салық төлеушіге түсінікті және  түрақты болуы керек. Салық  қүрылымына өзгерістерді жыл  басынан енгізу, яғни тауар өндірушілер осы өзгерістерге байланысты қалыптастыруына уақыт беруі;

3.    Салық   салу   механизмі   барлық   меншік   түрлерінің   шаруашылық  субъектілері     үшін,     олардың     қүқықтық-үйымдастырылу     формасына қарамастан, бірдей болуы;

4.   Салық   жүйесі   әділетті,   ал   салық   жүктемесін   салық   төлеушілер арасында бірдей бөлу қажет. Біріне көптеп салык салу есебінен, екіншісіне салық жеңілдігін беруге де болмайды;

5.    Салық   жүктемесін   төмендету,   яғни   салық   төлеушілердің   пайда  түсіруіне,    ғылыми-техникалық    прогресті    дамытуына,    инвестициялық қызметті жылдамдатуымен байланысты қажетті шығындарды салық салудан босату;

6.    Салық   төлеушілердің   мүддесін   қорғауды   қамтамасыз   ету,   яғни салықты  төлеуші  әрдайым   дүрыс  және  заңды  түрде  салық  тәлкегінен қорғалуы қажет;

7.    Салық   салудан   қашқақтаудың   жариялық   және   жариялық   емес тәсілдерін  жою, салық төлемдерінің дүрыстығын  тексеретін бақылаудың тиімді  жүйесін қүру.

8.   Өңірдің   және  жергілікті  басқару  органдарының  бюджетінің  кіріс бөлімінің көздері нақты көрсетілуі қажет.

Азаматтардың  конституциялық қүқына байланысты әркімнің жеке табысына қарамастан жалпы білімге, жасына байланысты әлеуметтік қамтамасыз етілуіне, мүгедектікке, асыраушы адамын жоғалтуына байланысты, балаларды тууы мен тәрбиеленуіне, жүмыссыздарға және ауруына байланысты тегін дәрігерлік көмекке күкықтары бар. Басқаша айтқанда, әлеуметтік аяда, нарық механизмінің әрекеті әлеуметтік мемлекеттің имандылық принциптерімен шектеледі. Сондықтан да ақылы қызметтерді, әсіресе дәрігерлік және жалпыға білім беруді үйлестіру, халық табысыньщ саралануымен және оның деңгейімен теңестірілуі қажет .

Қазіргі уақытта  Қазақстанда минималды материалдық  қамтамасыз ету көрсеткішінің орнына, 2005 жылы қысқа мерзімге енгізілген минималды тұтыну бюджетінің күнкөріс минимумы қолданылады. Бірақ та, оның мөлшері мемлекеттің минималды ақшалай табысын алуға беретін кепілдігі мен азаматтарды қорғаудың басқа да әлеуметтік шараларын жүзеге асыруына жетпейді. Соңғы жылдардағы елімізде күнкөріс минимумынан төмен табыс алатын халық саны төмендегі кестеде көрсетілген .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2Салықтардың  мемлекеттің әлеуметтік дамуындағы  рөлі

Бюджеттің кірістері — бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар  өткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органдарының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.

 Қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне" сәйкес республикалық бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:

1) салықтық  түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер: корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мұнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік сектрін, кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;

2) салықтық  емес тусімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңи тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметгің депозиттері, екінші деңгей банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер және осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);

3)  негізгі  капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);

4) ресми трансферттердің тусімдері (облыстық бюджеттерден,    республикалық маңызы бар қаланың,  астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).

Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы республикалық бюджет кірістерінің құрамы мен құрылымы мына мәліметтермен сипатталады (4- кесте).

 

Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы.

 

Түсімдердің атауы

млн.теңге

%

ТҮСІМДЕР

722034

100,0

1. КІРІСТЕР

649000

89,9

Салықтық түсімдер

603396

93,0

соның ішінде:

   

корпоративтік табыс  салығы

272632

45,2

қосылған құнға салынатын салық

222161

36,8

акциздер

6019

1,0

Салықтық емес түсімдер

39348

6,1

Капиталмен  жасалған операциялардан алынатынкірістер

6256

0,9

II. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР

57630

8,0

III. КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ

15404

2,1


Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.(9)

 

Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі  көздері, бұрынғыдай қосылған құнға  салынатын салық пен корпорациялық  табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі—салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.

Бюджеттің шығыстары — бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.

Республикалық бюджеттің  шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

1) жалпы сипаттағы  мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кстремизм мен сепаратизмнің   басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қәуіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жузеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.

3)  құқық, сот, қылмыстық-атқару  қызметі:   әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.

4) білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.

5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек керсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-әрекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.

6)  әлеуметтік көмек  және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері,  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.

Информация о работе Тарау Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары