Сызықтық, тармақталған жəне қайталанған алгоритмдерді құру

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 14:39, курсовая работа

Описание работы

"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .

Работа содержит 1 файл

Акпарат-шпор 2010.doc

— 1.22 Мб (Скачать)


1- БИЛЕТ

 

1.а.  Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым.

   "Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан,  мағынасында  мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді  білдіреді.  Бұл  терминнің  кең  таралғанына  қарамастан,  ақпарат  ұғымы  ғылымдағы  ең  таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды  табуға  тырысуда,  бірақ  бұл  ұғым  көптеген  жағдайларда  адам  іс-əрекетінің  əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .

   Ақпараттандыру —  бұл  халықтың  тұрмыс  салтының  маңызды  өзгерістерімен  байланысты,  күрделі əлеуметтік  үрдіс.  Ол  көптеген  бағыттарда,  соның  ішінде  компьютерлік  сауатсыздықты  жоюда,  жаңа ақпараттық  технологияларды  пайдалану  мəдениетін  қалыптастыруда  жəне  т.б.   қажырлы  еңбекті  қажет етеді."Ақпараттандыру"  бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нəрсені хабарлауды" білдіреді; 

•  техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді; 

•  кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді əрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер). 

   Ақпарат –  ғылым  теориясының негізін  салушы,  ақпараттарды  тарату, қабылдау,  түрлендіру жəне  сақтауға байланысты  үрдістерді  зерттеуші  америка  ғалымы Клод Шеннон, -  ақпаратты  біздің  біліміміздің  бірнəрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.

   Адамдар  хабарламалар  түрінде  ақпараттармен  алмасады.  Хабарлама —  бұл  ақпараттардың  əңгімелер, мəтіндер,  қимылдар,  көзқарастар,  бейнелеулер,  сандық мəліметтер,  сызбалар,  кестелер жəне  т.б.  түріндегі формасы.  

      ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақ-ты жинақтау, өңдеу ж(е оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақ-тық тех-я д(а. Ал жаңа ақ-тық тех-лар д(з – компьютер жадында бумаларда сақталған әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әртүрлі мәліметтер базасы мен ақ-тық жүйелерді ұйымдастыру тех-сы. Жаңа ақ-тық тех-лардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық поштасыз, байланыс желілері мен ақ-тық «комуникацияларсыз» көзге елестету мүмкін емес. Ақ-қ тех-я құралдарына мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметер базасын басқару жүйелері, баспа жүйелері, т.б. жатады

    Қазіргі  кезеңде  "ақпараттық  технология"  термині  ақпараттарды  өңдеуге  арналған  компьютерлерді пайдаланумен  байланысты  қолданылады.  Ақпаратты  технологиялар  барлық  есептегіш  техникалар  мен байланыс  техникаларын  жəне  ішінара, —  тұрмыстық   электрониканы,  телекөріністер  мен  радиотаратуды қамтиды.

   Қазіргі  уақытта  ірі  масштаптағы  ақпараттық-технологиялық  жүйелерді  құру  экономикалық  тұрғыдан мүмкін  болып  отыр,  бұл  оларды  дайындауға  бағытталған  ұлттық  зерттеу  жəне  білім  беру бағдарламаларының пайда болуына негіз жасайды.  Ақпараттандырудың  мақсаты —  адамдар  еңбегінің  өнімділігін  арттыру  мен  жағдайларын  жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту. 

   Ақ-тық процестер – адамдар арасында, тірі организмдерд, техикалық құрылғыларда ж(е қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау ж(е түрлендіру процестері. Көп салалы халық шаруашылығының күн санап өркендеуіне байланысты түрлі ақ-ты жинастыру, өғдеу, сақтау ж(е оларды тұтынушыларға тез жеткізіп беру процестері яғни ақ-тық процестер үлкен көлемді әрі маңызды жұмыстардың бірі болып отыр. Осындай жұмыстарға ЭЕМ-ді пайдалану оларды орындадың шапшандығын күрт арттыруға мүмкіндік туғызуда.

 

1.в. Жадтың өлшем бірлігі.

Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі. Компьютер жадысы мен адрестеу жүйесін ұйымдастыру. Жады - компьютердің құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді жəне бір - бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне жіне т.б. параметрлеріне қарай ажыратылады. Компьютер жадысын екі түрге бөлуге болады: ішкі (жедел жад) жəне сыртқы. 

Жедел жады (ОЗУ) (RAM), процессор өңдеу кезінде пайдаланатын барлық бағдарламалар мен деректер жазылатын негізгі жад. Бұл ақпараттарды уақытша сақтап тұруға арналған жад. Жедел жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен коректендіріп отыру керек. Компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы ақпарат жойылады. Дербес компьютердің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді. Pentium типтес компьютерлердің жедел жадының көлемі 8 Мбайтқа жетеді.

Компьютердің жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информкөлемін өлшеуде сегіз биттен (1 мен 0 тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем б арқылы жедел жадтағы не магниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,2Мб болжазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт) = 1024 байт, 1Мб (1 мегабайт) = 1024кб, ал винчестер деп аталыжүрген қатты дискіде, 1000-4000Мб (1-4 Гигабайт) жəне одан да көлемді информация жазылып сақталады

Ал сыртқы жад құрылысы мүлдем басқа. Мұнда сақталатын ақпарат көлемі үлкен болғандықтан, байттық әдіс қолайсыз. Біріншіден көлемі үлкен, екіншіден, пайдаланушыға қиындық тудыратындығынан. Байттық әдіс жағдайында пайдаланушының үнемі құрылғынын типін, ондағы ақпараттың берілу схемасын тексеріп, байттың ішіндегісінің дерек н\е программа екендігін анықтап отыру қажет.

Қатты дискідегі мəлімет жинақтауыштар: 80286 процессорлы ІBM PC-де қатты дискінің мəлімет сыйымдылығы 20 - 40Мб, 80386SX (SX - бір процессорлы) жəне 80486 DX ( DX- екі процессорлы) - 300Мб-ға шейін, 80486 DX – (500 – 600)Мб, Pentіum - 6Гб-қа шейінгі деңгейде болады

Иілгіш магниттік дискіде магниттік қабат иілгіш негізінде жасалынады. Өлшемдеріне қарай иілгіш магниттік дискілер (дискеттер) 3,5 жəне 5,25-ге бөлінген. Қазіргі жағдайда тек 3,5 дюймдік дискілер қолданылады.

2. а. Құрама жəне импортталған кестелер. 

  Құрама кесте тұрғызу. Құрама екстені тұрғызу Құрама кесте шеберінің ( Мастер сводных таблиц и диаграмм ) көмегімен іске асырылады. Ол үшін алдымен мәліметтер базасына қатысты ұяшықтарды ерекшелеп алу қажет. Сонан кейін Мәліметтер > Құрама кесте (Данные > Сводные таблицы) командасын орныдау қажет.

  Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының алғашқы сатысында мәліметтер типі мен құрама мәліметтерді безендіру түрін анықтап алады. Ары қарай (Далее) батырмасын шерткеннен кейін, мәліметтер базасындағы ауқым дұрыс таңдалғанына көз жеткізу керек. Тағы Ары қарай батырмасын шерткен соң  құрама кестенің орны анықталады. Құрама кестені көбіне жаңа бетке орналастырады (Жаңа бет (Новая страница) ауыстырып-қосқышын тағайындау арқылы).

  Құрама кестенің құрылымы. Құрама кесте шебері (Мастер сводных таблиц и диаграмм) жұмысының келесі сатысында құрама кестенің мазмұны мен құрылымын қалыптастырып алады. Бұл терезеде құрама кестенің маекті берілген. Ол төрт  аймақтан тұрады: Бет(Страница), Жол(Строка), Баған(Столбец) және Мәліметтер(Данные).

  Құрама кестенің әрбір аймағына мәліметтер базасының қайсыбір өрісі сәйкестендіріледі. Құрама кестені толтырған кезде мәліметтер сәйкес өрістерден автоматты түрде алынып қойылады. Оны толтыру үшін осы бетте мәліметтер базасының өріс атауларымен аталған батырмалар қолданалады. Құрама кесте шеберін (Мастер сводных таблиц и диаграмм) іске қосып, шебер жұмысының бірінші сатысында Құрама диаграмма ауыстырып-қосқышын тағайындау керек. Содан соң Ары қарай (Далее) батырмасын басып, құрама диаграмма тұрғызылады.

  Диаграмманы пішімдеу мен баптау оның жанама меню арқылы іске асырылады. Диаграмманың түрін өзгерту үшін ол тұрған аймаққа тышқанның оң батырмасын басып, жанама менюден Диаграмма типі бөлімін таңдап алу қажет. Осылайша жанама менюден Пішім (Формат) бөлімін таңдап алып, диаграмма пішімін өзгертуге болады.

Импортталған кесте

          Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қорына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Microsoft Office  қосымшасымен жұмыс істесеңіз, Сервис менюінде Microsoft Office-нің басқа қосымша-ларымен байланысты жүзеге асырады (Связи с Office). Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы деректер қорына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  EXCEL электронды кестесімен импорттау оңай жұмыс емес. Оның жұмыс парағы да бағандардан тұрғанымен, олар ДҚ бағандар сияқты емес. Өйткені, олар әр түрлі типтегі берілгендерді сақтай алады. Мұндай импорттау кезінде қолданушыға бірнеше қосымша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап бере отырып, импорттау жұмысын орындауға болады. Бірақ, оның өзінде берілгендер толық көшірілмеуі мүмкін. Ақпараттық жүйелер қолданылатын берілгендерден тұратын текстік файлдарды импорттауға болады. Мұндай файлдардың ерекшелігі оларда берілгендер белгілі бір ретпен жазылады.

 

2.в. Программалау тілдерінің жалпы қолданылуы.  

  Бірінші кезекте есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кодтайтын программалау тілдері қолданылады.

  Бірінші буын – 50-ші жылдардың аяғына дейін программалау командаларының ұзақ тізбегі екілік, сегіздік жəне он алтылық сандармен мұқият бөліктеп кодталған. Бұл қызмет түрі кодтау деп аталған, программалауға бұдан гөрі күрделірек мəселе қойылған – ол алгоритмдерді құрылымдау.

  Екінші буын – Ассемблер тілдері, онымен машина тілдеріне қарағанда жұмыс істеу жеңілірек болған. Оларда командалар үшін нақты мнемоника қолданылады.Мыңдаған есе жылдам есте сақтауқұрылғылары бар есептеу машиналарының пайда болуыменкодтау күрделілігінің өсуі соншалықты, бұл жұмысты адамның орындауының əсері едəуір төмендеді. программалауды қайта кодтау қажеттілігі туындады – программалауды бір машинадан басқаға ауыстырғанда алгоритмдердің жиі өзгеріп кетуі байқалды

Үшінші буын – тілдердің ең «көлемді» буыны. Оның басы 1955 жылы ФОРТРАН(формулаларды аударушы) тілінің пайда болуымен сипатталады. Бұл тілдің қолданылуы бүгінгі күнге дейін жалғасуда.1960 жылы АЛГОЛ (алгоритмдік тіл) тілі пайда болды. 1965 жылы осы кезге дейін ең танымал программалау тілдердің бірі – БЭЙСИК (бастаушылар үшін символдық инструкциялардың көпмақсатты коды).1970 жылы Никлаус Вирт Pascal (Паскаль) тілін құрды. Бұл программалау тілі аса дамыған құралдарға ие, олар қазіргі кезде де өз мəнін сақтауда.1980 жылы программалаудың ең күшті тілдерінің бірі – ADA (Ада) тілі пайда болды. Ол АҚШ қорғаныс министрлігінің есептеуіш орталықтарындағы негізгі тіл ретінде қабылданған.Осы кезде тағы бір күшті программалау тілі – С (Си) тілі қоладныста жүреді.

Тілдердің төртінші буыны – бұл программалық жабдықтаманы басқару тілдері, немесе оларды басқаша «программалар генераторы» деп атайды. Мысал ретінде Clipper, dBase, SuperCalc деген сияқты тілдерді келтіруге болады.Аталған тілдердің барлығы продецуралық тілдерге жатады, олар декларативті деп аталатын «Бесінші буын» тілдеріне қарама-қарсы. Бұл буынның негізгі  программалау тілдері – LISP тізімдерді өңдеу тілі жəне PROLOG–логика терминдеріндегі программалау тілі.

Программалау тілдерінің барлығын үш категорияға бөлуге болады: ТӨМЕН деңгей тілдері – машиналық тілдер жəне Ассемблер тілі; ЖОҒАРЫ деңгей тілдері – барлық процедуралық тілдер, жəне АСА ЖОҒАРЫ деңгей – бесінші буын тілдері.Программалау –машинадан жауап ала білу өнері дейді, егер біз есеп шығаруда компьютерді қолдануды шешсек, негізгі үш сатыдан өту қажет:Бірінші саты ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗ деп аталады. Екінші саты – ПРОГРАММАНЫ ҚҰРЫЛЫМДАУ.Үшінші саты – «ПРОГРАММАЛАУ» сатысы. Алгоритмдерді жазу əдістері Алгоритмдерді жазудың бірнеше əдістері бар, олар бір-бірінен көрнектілігімен, компактілігімен,формализация дəрежесімен жəне т.б. көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Кең тараған əдістер: графикалық, сөздік, алгоритмдік тілдегі жəне ЭЕМ үшін программалар.

 

3.а. Жаңа іздеу технологиялары.

Интернетте миллиондаған сайттар бар, соның ішінде өзекті ақпаратпен қоса көптеген ескі қорлар орналыстырылған. Интернет – белгілі бір басқарушысы жоқ демократиялық ақпарат көзі болып табылады. Кез келген адам желіге өзінің қорын орналастыра алады. Қорытындылап келгенде, интернетте ақпараттың қайталанбауына, оның стандартқа сай келуіне көп адамдар мән бере бермейді. Желіде барлығы бар екені белгілі, бірақ желіден қажетті ақпаратты алу қиын. Яғни, мәліметті табу үшін, оны жақсы іздей білу керек. Осы бөлімде интернет желісімен жұмыс істейтін іздеу аспаптары сипатталып, іздеу жүйесінің жұмыс механизмі түсіндірілген, іздеу оптимизациясына практикалық түсініктеме берілген.

Интернетте ақпаратты іздеуге арналған мынадай әртүрлі аспаптар бар: іздеу машиналары (поисковиктер), индекстелген каталогтер (рубрикаторлар), рейтингілер, метаіздеуіш жүйелер және тематикалық сілтемелердің тізімі, онлайн энциклопедиялары мен анықтамалар. Осы кезде әр түрлі үлгідегі ақпаратты табуда іздеу аспаптарының түрлі категорияларын қолдану тиімді болып келеді. Әр категорияны жеке қарастырайық.

Каталог дегеніміз тақырыптары бойынша топтастырылған иерархиялық құрылым түрінде берілетін мәліметтер. Иерархиялық құрылымның бірінші деңгейіндегі тематикалық бөлімі “спорт”, “демалыс”, “ғылым”, “дүкендер” сияқты кең тараған тақырыптардан тұрады. Ал әр бөлімнің бөлімшелері болады. Осылайша, біртіндеп каталог бұтақтары арқылы саяхат жасап, іздеу облысын кішірейте отырып, сіз өзіңізге керекті облысты дәл анықтай аласыз. Мысалы оқу орындарын іздеу барысында мынадай тізбек пайда болуы мүмкін: Білім-> Оқу орындары -> Жоғары оқу орындары ->Институттар. Қажетті ішкі катологты тапқаннан кейін, одан сілтемелер жинағын аласыз.

 

3.в. Мемлекеттік басқару тиімділігі жəне АКТ.

Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.

      Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.

      "Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.

      Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.

Информация о работе Сызықтық, тармақталған жəне қайталанған алгоритмдерді құру