Сураныс пен усыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:47, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы. «Нарықтық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – сатушы мен сатып алушының өзара іс - әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдерге өндіру керек?».

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.

1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5

1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9

1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13

ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17

2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі..............23

ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.

3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25

3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30

Қорытынды..........................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38

Работа содержит 1 файл

Сұраныс пен ұсыныс.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

ІІ  – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

2.1.Баға  және табыс бойынша  сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас  икемділігі. 

       Икемділік – бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.

Икемділік түрлерімен өзгеру процестері

 

     Сұраныстың баға бойынша тура икемділігі (сұраныстың баға икемділігі) – сұраныс шамасының өзгеруіне баға өзгеру ықпалының дәрежесін көрсетеді. Икемділік бағаның пайыздық өзгеру нәтижесінде сұраныстың пайыздық өзгеру түрімен білінеді. Сонымен қатар икемділік тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді.

 Егер Ed>1 болса, баға бойынша сұраныс  икемді деп аталады. 

 Егер Ed<1 болса, баға бойынша сұраныс  икемсіз деп аталады. 

 Егер Ed=1 болса, оны бірлік икемділік. 

 Егер Ed=0 болса, оны абсолютті икемсіз.

 Егер Ed=∞ болса, оны абсолютті икемді.

    Сұраныстың  баға икемділік коэффициенті жалпы  формула бойынша есептеледі:

    Еd = сұраныстың пайыздық өзгеруі/бағаның пайыздық өзгеруі.

    Баға  бойынша сұраныс икемділігі теріс  сан болып келеді, өйткені сұраныс  пен ұсыныс араларындағы тәуелділік, байланыстылық кері. Бірақ, кей жағдайларда (ахуалдарда) сұраныс пен ұсыныс заңы әрекетсіз (олар өткен тақырыпта қаралды). Талдаудың жеңілдігі үшін алу белгісі жазылмайды. Есептеу тәсіліне байланысты икемділік коэффициентінің2 түрін айырады:

    1. Нүктелі икемділік коэффициенті  – бастапқы мағыналарына қатысты  баға мен сұраныстағы пайыздық  өзгерістерді сипаттайды да 2 формуланың  біреуімен есептеледі:

    Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р0 / Q0] немесе Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р1 / Q1],

    мұнда Р0 және Р1 – өнімнің базистік және есепті нүктелеріндегі бағасы.

    Q0 және Q1 – базистік және есепті нүктелердегі сұралатын өнімнің саны.

    2. Доға тәрізді икемділік коэффициенті  – орташа мағыналарға қатысты  баға мен сұраныстағы пайыздық  өзгерістерді сипаттайды да мына  формула бойынша есептеледі:

      Еd = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [[(P0 + P1) / 2] / [(Q0 + Q1) / 2]] = [ ∆Q/ ∆Р] ∙ [Р / Q]

    Сұраныс икемділігінің келесі түрлерін айырады:

    1. Сұраныс баға бойынша икемді  деп саналады, егер бағаның аз  пайыздық өзгеруі сұраныстың  көп пайыздық өзгеруіне әкелсе. Икемділік коэффициенті бұл жағдайда 1-ден көп. Осындай сұраныстың қисық сызығы 16 суретте көрсетілген.

    2. Сұраныс баға бойынша икемді  емес (икемсіз) деп саналады, егер  бағаның көп пайыздық өзгеруі  сұраныстың аз пайыздық өзгеруіне  әкелсе, ал икемділік коэффициенті 1-ден аз (14 сурет). Ол сұраныс шамасы ұсыныс шамасымен қатал шектелген жағдайларда кездеседі.

    3. Мүлде икемсіз сұраныс – бұл  жағдайда икемділік коэффициенті  нөлге тең, өйткені бағаның  ешқандай өзгерісі сұраныстың  өзгерісіне әкелмейді (сұраныс  бағадан тәуелсіз). Бұндай сұраныс  өмірлік тұрмыста ең қажетті тауарларға жиі байқалады, оларды кейбір тұтынушылар бағасының өсуіне қарамастан сатып алады, мысалы, дәрі-дәрмектер. Сұраныс қисық сызығы баға қисық сызығының түрін алады (15 сурет).

P                                                            P  
 
 
 
 

                                                           Q                                                        Q

13 сурет. Икемді сұраныс    14 сурет. Икемсіз сұраныс 

    4. Мүлде икемді сұраныс – бағаның  аз ғана өзгеруінде де сұраныс  айтарлықтай өзгереді (сатып алу мүмкіндіктердің шегіне дейін). Бұндай сұраныс бәсекелестік нарығында немесе инфляция жағдайында мүмкін (ол сатып алу күтулермен байланысты). Икемділік коэффициенті шексіздікке ұмтылады, ал сұраныстың қисық сызығы абцисс осіне жарыспалы түзу сызығына ұқсайды.

    5. Бірлікті икемділігі бар сұраныс  – бағаның пайыздық өзгеруі  сұраныстың бірдей пайыздық өзгеруімен  бірге жүреді, ал икемділік коэффициенті 1-ге тең (17 сурет).

P                                      P                                      P    
 
 

                                   Q                                      Q                                     Q 

15 сурет. Мүлде  16 сурет. Мүлде 17 сурет. Бірлікті

        икемсіз сұраныс   икемді сұраныс                            икемділік      
         

    Баға  бойынша икемділікке қатысты  бірнеше ережелер:

    1. Тауардың орнын алмастырушылары  неғұрлым көп, соғұрлым оған  деген сұраныс икемді, өйткені  баға өскен жағдайда оны арзандауымен  ауыстыруға болады.

    2. Тауар неғұрлым қажетті болса,  соғұрлым оған сұраныс икемділігі аздау.

    3. Тұтынушының шығындар құрылымында  тауардың неғұрлым көп меншікті  салмағы болса, соғұрлым оған  деген сұраныстың икемділігі  жоғары. Мысалы, басқа тамақ өнімдеріне  қарағанда (яғни басқалардан қымбат) – ет, шығындар құрылымында үлесі  жоғары тамақ өніміне баға өссе де, оған деген сұраныс басқа (салыстырмалы арзан) тамақ өнімдерінің сұранысынан көптеу деңгейде қысқарады.

    4. Қолға неғұрлым қиын түсетін  тауар болса, соғұрлым сұранысы  икемді. Солай, тауарлар тапшылығы  жағдайларында, сұраныс икемділігінің көрсеткіштері көптеген тауарлары бар дамыған нарық жағдайларындағыдан аздау.

    5. Қажеттіліктерді қанықтыру деңгейі  неғұрлым жоғары, оған деген сұраныстың  икемділігі соғұрлым төмен. 

    Егер  жанұя мүшелерінің әр қайсысында автомобиль болса, енді бір машина сатып алу тек оған бағаның түсу жағдайында ғана мүмкін.

    6. Уақыт өткен сайын сұраныс  икемділеу болады. Жаңа тауар  пайда болғанда, оған деген сұраныс  баға бойынша икемділігі аздау.  Арада уақыт өткенде нарық  қанығып, субтитут – тауарлар  шығып, тауарға көптің қолы жетеді, бірақ баға түскен жағдайда, яғни оған деген сұраныс бағаға байланысты, одан тәуелді болады.

    Баға  бойынша сұраныстың айқас икемділігі – басқа тауарға бағаның өзгеруіне  байланысты бір тауарға сұраныстың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды. Баға бойынша айқас икемділік коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

    ЕXY = Х тауарға сұраныстың пайыздық өзгеруі / Y тауар бағасының пайыздық өзгеруі = [ ∆QХ / ∆РY] ∙ [РY / QХ].

    Егер  Х және Y тауарлары өзара ауыстырылатын (алмасатын) болса, айқас икемділігінің коэффициенті оң сан болады, себебі, бір тауар бағасы өскен жағдайда оны басқа, арзандауымен ауыстыруға болады. Майдың бағасы өскенде, тұтынушы оны арзан маргаринге ауыстырады. Неғұрлым айқас икемділік коэффициентінің шамасы көп, соғұрлым тауарлар өзара алмасушылығының дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары өзара толықтырушы жағдайда айқас икемділігінің коэффициенті теріс сан болады. Автомобильдерге бағаның өсуімен байланысты бензинге сұраныс азаяды. Айқас икемділігінің коэффициент шамасы неғұрлым көп, соғұрлым тауарлар өзара толықтырушылық дәрежесі үлкен. Х және Y тауарлары тәуелсіз болса, айқас икемділік коэффициенті 0 (нөлге) тең.

    Сұраныстың  айқас икемділігі симметриялы және бейсимметриялы (симметриясыз) болуы мүмкін. Шарикті қаламның бағасы өссе, капиллярлы қаламның да бағасы өседі (және керісінше). [5, 29 б]

    Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан  кем емес фактор. Сұраныстың табыс  өзгеруіне деген сезімталдығын  анықтау үшін табыс бойынша сұраныс  икемділігінің коэффициенті есептеледі:

    Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:

    1. Ең қажетті тауарлар – табыстың  өсуімен салыстырғанда, оларға  деген сұраныс аздау, ал табыс  бойынша икемділік коэффициенті  тең: 0<E1<1;

    2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1

    3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары  – оларға деген сұраныс табыстан  жылдамдау, тездеу өседі, икемділік  коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең. [5, 33 б] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға  байланысты икемділігі. 

    Ұсыныс  икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі.

    Ұсыныс  икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:

    ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).

    Егер  икемділіктің коэффициенті бірілктен  көп болса, ұсыныс икемді болады; егер, икемділіктің коэффициенті бірліктен аз болса, ұсыныс икемсіз болады: Ес = 1.

    Ұсыныс  икемділігіне ықпал ететін факторлар:

    1. Ұзақ сақтауға қабілет пен сақтау құны. Ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін емес тауарлар үшін, ұсыныс икемділігі төмен болады.
    2. Өндірістік үдерістің ерекшелігі. Өндіруші тауар баға өскенде өндірісті кеңейтуі мүмкін немесе өндіруші бағаның төмендеуі кезінде басқа өнімді шығара бастауы мүмкін, онда бұл тауардың ұсынысы икемді болады.
    3. Уақыт факторы. Өндіруші бағаның өзгерісіне лезде жауап қайтара алмайды, құрал, шикізат және қосымша жұмыс күшін жалдауға белгілі бір уақыт қажет немесе жұмысшыларды қысқартып, банк кредитімен есептесу қажет және т.б. [6, 79 б]

    Ұсыныс  икемділігінің коэффициенті әрқашан  оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.  
 
 

           P                        S2                   S1 
 
 
 

                                                               Q

                                                       

    22 сурет. Икемді және икемсіз ұсыныс

    «Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа  мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (22 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (23 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (23 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ. [5, 34 б] 
 

Информация о работе Сураныс пен усыныс