Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:47, дипломная работа
Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы. «Нарықтық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – сатушы мен сатып алушының өзара іс - әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдерге өндіру керек?».
Кіріспе....................................................................................................................3
І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.
1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5
1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13
ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17
2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі..............23
ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.
3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25
3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30
Қорытынды..........................................................................................................36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38
Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
• қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктің болуы;
• тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы;
• тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;
• өндірушілерді
көптүрлі қажеттіктерді
Кемішіліктері:
• ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
• қоршаған ортаны қорғауда неғативтік бағытта болады;
• ұжымдық
пайдалануға бағытталған
• фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
• еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;
• әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», тағы басқа. Осы қатынастар өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныс түрін алады. Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды:
Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып бөлінеді.
Жалпы тепе-теңдік — Бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс араларындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен кызметтердін. ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.
Жеке тепе-теңдік — жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірлетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлар топтарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының оскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуынын азайуын нанның сатылуының көбейуімен жабуға болады.
Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше бөлшектерге бөлінеді: а) қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлердің арақатынастары, тағы басқа); қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың әр түрлі тобын өндіру); халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс дәрежесіне байланысты.
Тұтыну заттарына сұраныстың қалыптасуына қоғамның құрылысы (жұмысшы отбасының, шаруа отбасының, интеллигенцияның, кәсіпкерлердің, тағы басқа тұтыну құрылымдары) әсер етеді. Тауарлардың жеке топтары бойынша орнаған тепе-теңдік жеке тепе-теңдік болып табылады.
Икемділік сұраныс пен бағаның, ұсыныс пен бағаның, бағалар мен жалақының ара тәуелділігін көрсетеді. Ол бағаның өзгеруіне байланысты, сұраныс пен ұсыныстың өзгеру деңгейінің шапшаңдығын сипаттайды. Сұраныстың проценттік өзгерісінің, бағаның проценттік өзгерісіне еселік қатынасы, бағаға байланысты сұраныстың икемділігі, немесе, икемділіктің коэффициенті болып табылады.
Икемділіктің бірнеше типтері болады:
• бірлік икемділік-бағаның әрбір 1%-ке өзгеруіне сұраныстың көлеміде сонкес 1%-ке өзгереді (Ед=л).
• сұраныс көлемінің проценттік өзгерісі бағаның проценттік өзгерісінен тез жүріп отырса сұраныс икемді болады (Ед>л).
• икемді емес сұраныс — сұраныстың көлемінің проценттік өзгерістері бағаның процентгік өзгерістерінен төмен болады. (Ед<л).
• өте икемді емес сұраныс - Бұл бағаға қандай өзгеріс жүрсе де, сұраныстың көлемі өзгермегені (Ед=0).
• шексіз икемді сұраныс — Бұл баға өте аз өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз коп өзгеруі (Е_д=∞).
Графиктер және келтірілген формулалар мынаны көрсетеді:
• сұраныс көлемінің өсуіне сәйкес бағада пропорционалды түрде төмендеп отырады;
• сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе жылдам жүреді;
• сұраныс көлемінің өсуі бағаның төмендеуімен салыстырғанда, екі есе баяу жүреді;
• бағаның өзгерісі сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етпейді: тамақ өнімдері (нан, картоп, жарма);
• жалақы көбейгенде, әл-ауқат жоғарылағанда, сұраныс өсуі мүмкін.
Икемділік өзара алмасатын тауарларды
пайдаланумен байланысты болады. Егер
тауардың алмастырушылары көп болса, онда
баға бойынша сұраныс икемді болады. Егер
тауардың алмастырушылары жоқ болса, онда
сұраныс икемді болмағаны. Егер белгілі
тауардын бағасы төмендеп ал, алмастырушылардың
бағасы тұрақты болса, онда бұл тауарға
сұраныс өсе түседі, осындай сұраныс икемді
болады.[9]
Қорытынды
Бұл курстық жұмыста сұраныс пен ұсыныс заңдарының мәні ашыла отырып, оларға әсер ететін факторлар талданды. Сұраныс пен ұсыныс теориясы негізінде нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы мен өзгеруінің себептері толықтай ашылды. Экономиклық теорияда сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясы теориялық және практикалық маңыздылығмен ерекше орны алады. Сондықтан бұл курстық жұмыста сұраныстың бағалық, табысық, айқас икемділігіне, ұсыныстың бағаға байланысты икемділігіне және оларға әсер ететін факторларға, икемділліктің коэффициентін анықтауға және сұраныс пен ұсыныстың икемділік концепциясының тәжірибедегі рөліне көп көңіл бөлінді.
Сұраныс – бір нақты уақыт мерзімінде нарықтағы көп бағаның біреумен тұтынушыеың сатып алғысы келетін және сатып ала алатын тауарлар мен қызметтердің саны. Сұраныс міндеті – тауарға сұраныс пен оның шамасы мен көлемін анықтайтын факторлар араларындағы тәуелділік.
Ұсыныс - өндірушілердіңнарықтағы көп
бағаныңбіреуімен, бір нақты мерзім
ішінде өндіріп және нарықта
сатқылары келетін және сата
алатын тауарлар мен
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуекелділік (оның шамасын анықтайтын негізгі факторы) сұраныс заңы болып табылады.Тауар бағасы мен оған ұсыныс шамасы арасындағы тура тәуелділік ұсыныс заңы деп аталады.Сұраныс пен ұсыныс қисық сызықтарының нүктесі – нарық тепе-теңдігі нүктесі, ол теңсалмақты баға мен тауардың теңсалмақты санына сәйкес келеді, яғни сатушы мен сатып алушыны қанағаттандыратын баға мен санға.
Ұсыным заңына сәйкес, өндірушілер өндірілген өнімнің көбін жоғарғы бағамен сатуды ұсынады.Қалыпты жағдайда баға жоғары болса, онда сатушылар тарапынан тауарды ұсыну көбірек болады. Керісінше, тауар ұсынысы ұлғайған сайын,оларға баға төмендей түседі. Сұраным заңы бойынша, әдетте тауарға баға төмендегенде, тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған сұраныс азаяды.
Бағаның төмендеуімен байланысты тауарға
сұраныс өссе, бірақ тауар өндірушінің
жалпы табысы өзгермесе, онда осындай
сұраныстың икемділігі бірге тең болады;
егер бағаның төмендеуінің нәтижесінде
тауарға сұраныс өсуімен қатар тауар өндірушінің
жалпы табысы да өссе, онда бағаға байланысты
сұраныс икемді болады: егер бағаның төмендеуі
тауарға сұранысты өсірсе, тауар өндірушінің
жалпы табысы төмендесе, онда тауарға
осындай сұраныс икемді емес болғаны.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі