Басшылық пен билік

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 11:50, курсовая работа

Описание работы

Билік адамдар қауымдастығын белгілі бір тұтастыкқа ұйымдастырады. Ол осы қауымдастық өзінің тіршілік әрекетін іске асыратын әлеуметтік кеңістікті қалыптастырып, қауымдастық агенттері арасыңдағы әлеуметтік қатынастардың дамуы мен олардың қажеттіліктерінің кднағаттануына қолғабыс етеді.

Содержание

Кіріспе
І Билік ұғымы туралы түсінік
1.1. Биліктің шығу тегі мен функциялары
1.2. Биліктің легитимділігі және саяси билік
ІІ Басшылық
2.1 Басшылық ұғымының түсінігі
2.2 Басқару тәсілдері
2.3. Көшбасшы (лидер)
2.4. Басшылық сипаты
ІІІ Адамдарды басқару және топтарды басқару.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 82.15 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

І Билік ұғымы туралы түсінік

    1. Биліктің шығу тегі мен функциялары
    2. Биліктің легитимділігі және саяси билік

ІІ Басшылық

2.1     Басшылық ұғымының түсінігі

    1.     Басқару тәсілдері

2.3.    Көшбасшы (лидер)

2.4.    Басшылық сипаты

 

ІІІ Адамдарды басқару және топтарды басқару.

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Билік ұғымы  туралы түсінік

   Саясаттануда билік туралы, биліктің пайда болуымен байланысты қоғамдық қатынастар туралы, биліктің негізі, шығу көзі, қызмет етуі мен зандылығы орталық мәселелер болып табылады. Негізгі мәні ғылым ретіндегі саясаттану болып табылатын саяси мәдениетті биліктің қалыптасуы және қызмет етуінің мәдениеті деп есептеуге болады. Билік туралы мәселені қарастырғанда, ең бастысы оның негізінде жатқан қатынастардың әмбебаптық сипатын ескере кеткеніміз жөн. Әлемде үстемдік құрып тұрған жалпыға бірдей өзара тәуелділік элементтері — тәуелділік, үстемдік және бағынушылық осы қатынастардың өзегі болып табылады. Өзара тәуелділік табиғатта әмбебаптық сипатка ие және онда белгілі бір иерархияны қалыптастырады. Бұл жағдайда біз күн жүйесіндегі планеталардың оның орталық элементі — Күнге тәуелділігіне назар аудара отырып, мәселен Жер планетасына және ондағы өмірге Күннің билігі туралы айта аламыз. 
   Өзара тәуелділік тірі жәндіктер ассоциаңиясының ішінде басқа мазмұнға ие болады. Болмыстың фундаменталдық сипаттамасы бола отырып және особьтардың тіршілік етуі үшін қажетті сипат ала отырып өзара тәуелділік ассоңиаңиялардың ішінде иерархиялық байланыс жасай отырып, олардың гендік құрылымы мен инстинктінде тұғырланады. 
   Бұған аралардың ұясы, құмырсқалардың, термиттердің ко- лониясы және басқалар көрнекті мысал бола алады. Мұнда иерархия особьтардың табиғи негізінде, олардың гендерінде болады. Особьтардың күресі, олардың жеке қасиеттері шешуші рөл атқаратын жоғары ұйымдасқан хайуандардың үйіріндегі иерархияның қалыптасуы барынша ашық және мейлінше аз консервативтік сипатқа ие. Адамдар қауымдастығына келер болсақ, үйір, жанұя адам- дардың ең алғашқы ассоциативті топтары болып табылады, олардың ішінде әрекет бірлігін дағдыландыратын және осы қауымдастықтың тұтастығын сақтайтын ұйымдастырушы элемент ретіндегі биліктің қалыптасуы мен қызмет етуінің бастауы жатыр. 
 
   Приматтар үйірінде, адамзаттың арғы тектерінің ассоциативті тобында биліктің қалыптасуы және қызмет етуі карапайым психофизиологиялық негіздегі особьтардың шынайы мінез-құлықтарынан келіп шықты, себебі әлеуметтік тұрғыдан алғанда адамзаттың арғы тегінің қауымдастығы гомогенді (гр.сөзі — біртекті) болды, бірақ қауымдастықтың дамуымен гомогендік сипатты социумның гетерогенділігі (гр.сөзі — біртекті емес, эр түрлі бөліктерден құралатын) алмастыра бастады. 
   Еңбек бөлінісі, айырбастың дамуы адамдар қауымдас- тығының әлеуметтік жіктелуіне алып келді, яғни қажеттіліктерді қанағаттаңдыруда, тұрмыс салтында эр алуандылық, мүліктік теңсіздік қалыптасты, эр түрлі кәсіптер, сословиелер, таптар пайда болды. Адамдар ассоңиациясы этномәдени, өлеуметтік, жыныстық, жас ерекшеліктік, кәсіби және басқа да негіздерге ие бола бастады. Осындай жағдайларда биліктің қалыптасуы мен қызмет етуі, үстемдік ету мен бағынудын әлеуметтік иерархиясының жүзеге асуы, адамдар мүдделерінің түйісу процесінің іске асуы тым күрделене түседі де арнайы білім мен дағдыларды талап ететін ерекше әлеуметтік функция — элитарлық әрекетке айналады. 
Бұдан келіп қоғамның саяси мәдениеті пайда болып, дамиды, оны игеру мен қолдану, әлеуметтік құбылыс ретінде биліктің пайда болуы мен қызмет етуі орын алады. Жалпы алғанда биліктің қажеттілігі мен үстемдік ету- бағыну қатынастарының табиғилығы айқын болғанымен, нақты жағдайда субъект-субъектілік катынастар жүйесінде — үстемдік ету мен бағынудың қалыптасуы, қызмет етуі мен дамуы шынайы түрде қандай деген сауал кадр сыртында қала береді. Билік құрудың осы мәдениетінің ерекшеліктерін ашу саясаттанудың ғылым ретіндегі өзгешелігін, оның пәндік мазмұнын көрсетеді. Сондықтан саясаттануды билік туралы ғылым деп қысқаша атауымызға болады. Сонымен, билік дегеніміз не? 
Бұл ұғымға қатынастағы қызығушылық ерте замандардан басталған. Биліктің өз құпиясы бар.

   Адамзат өз дамуының өне бойында өзінің ойшыл өкілдерімен оның мәнін ашуға талпынды. Неге адамдар басқа адамдарға бағынады? Т.Джефферсон айткандай, бір адамдар — арқасында ерімен, ал басқалары — аяқ киімдеріндегі өкше темірлерімен туылмаңды. Бірақ осылай болса да, біреулер билік құрады, ал басқалары осы билікті мойындайды және оған мүлтіксіз бағынады. 
Билік құрылымын зерттеушілер бұл ұғымды анықтауда эр түрлі тәсілдерді қолданып, түрлі көзкдрастарды ұстанады. Билік — билік құру объектісін басқарудағы ерекше іс- әрекеттерді жүзеге асыратын субъект. Себебі, биліктің әсері қоғамның барлық құрылымдық элементтеріңде бойлай отырып, соларда жүзеге асатындықтан, билік қоғамдық өмірдегі өз көрінісінің көптүрлілігімен сипатталынады. Бұл:

  • еріктің, бастаманың, жігердің көрінуі, субъект-

субъектілік қатынастардың белсенді элементі;

  • мақсатты жасақтау, бағыныштылардың тіршілік

әрекеттерінің мәнді аспектілерін бағдарламалау;

  • шешімдер қабылдау, оларды жүзеге асыру тетіктерін

анықтау;

  • жеке мүдделерді түйістіру мен ескеру;
  • жалпы мүдделердің жеке мүдделерден басымдығын

мойындау және осы басымдықтарды  қамтамасыз ету үшін биліктік ықпал  ету нормалары мен құралдарын қолдану;

  • биліктік ықпал етудің әлеуметтік мәнін мойындаумен

байланысты билік субъектісінің ерекше психикалық жағдайы және т.б.

   Осы аталған бағалау пікірінің барлығы билік мөніне тереңдей енуге талаптану болып табылады. Әлеуметтік өмірде билік өзін көпаспектілі және көпөлшемді құбылыс ретінде көрсетеді. Билік құрушы субъект өз акцияларында, әрекеттерінде өз "мендігінің" шегінен шығып кетеді. Оған объектіге ықпал етуге ұмтылу, онда өзінің субъектілігін, яғни өзінің өлеуметтік ықпалы мен мәнін жүзеге асыру тән. Бұқаралық санада қалыптасқан жалпы түсінік бойынша билік тәртіп үшін керек, ол — қоғамдағы тәртіпті сақтаудың қаруы, құралы. Бұл формуланың көзге көрініп тұрған карабайырлығына карамастан мұнда билік кэжеттілігін мойындау мен билік құрудың мақсаты көрсетілген.

   Алайда, мұнда осы тәртіпті қалай, кандай тәсілдермен, кұралдармен, акциялармен, өрекеттермен іске асыруға бола- ды, ол адамдарға не береді, оның әлеуметтік ықпалы мен мәні, соңдай-ақ билік құрудың саяси мәдениетінің әлеуметтік өмірдің эр түрлі аспектілеріне жөне тұлғаның өзіне әсері қан- дай деген сияқты мәселелер ашылмай қалады. Саяси білімдер жүйесінде билік ұғымын анықтаудың төмендегідей эр түрлі тәсілдері бар:

  1. Телеологиялық (гр.сөзі teleos — мақсат + logos -түсінік,ілім). Телеологиялық тәсіл кез келген құбылыс, процесс өзінің негізі, қозғалтқыш күші ретінде алдын ала белгіленген мақсатты ұстанатынын мойындауды білдіреді. Сондықтан адамдар қауымдастығына бірқалыпты, реттелген даму мен тұтастықты .сақтау мақсат болып табылатындықтан, биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруы осыңан келіп шығады-мыс. Мұндай тәсіл биліктің қажеттілігінің қандай да бір анық аспектісін дәйектегенімен, оның қалыптасуы мен қызмет етуінің жолдары туралы нақты сұраққа жауап бере алмайды. Маңызды элементі билік болып табылатын барлық әлеуметтік процесті тек нәтижеге, мақсатқа телу оның мағынасын және ондағы билік рөлінің мәнін түсінуді тым жұтандатып жібереді. Адамгершілікке жат мағынаға ие "Мақсатқа жетуде кез келген өрекетті қолдануға болады" деген белгілі формула өзінің әдістемелік негізі ретінде билікті түсінудің осындай тәсілін ұстанады.
  2. Инструменталдық. Ол билікті түпкілікті өлеуметтік проблемаларды шешетін құрал, аспап ретінде қарастырады. Бұл тәсіл билік құралдарын қолдану қажеттілігін аша отырып, олардың әлеуметтік процестегі мәнін анықтайды. Ол биліктік ықпалдың шынайы актілерін, биліктің ұйымдастыру құрылымдарының сәйкестігін, олардың өкілеттіктерін, түпкілікті әлеуметтік проблемаларды шешу үшін олар қолданатын әдістер мен құралдарды бағалауға, сараптауға мүмкіндік береді. Бірақ инструменталдық тәсілдің негізінде билік әрекетінің тиімділігін анықтау әдістемесін жасау мүмкін болғанымен, оның биліктік іс-әрекеттің -гуманистік аспектілерін толықтай бейнелей алмайтындығын ескеру қажет. Биліктің аса тиімді әлеуметтік құрал екені сөзсіз. Ол үстемдік етуші әлеуметтік күштердің мүдделерін іске асыруға пайдаланатын сословиелік, таптық, этникалық және басқа да құрал болуы мүмкін. Сондықтан биліктің инструменталдылығы оның әлеуметтік маңызын бар мазмұнымен аша алмайды деп айтуға болады.
  3. Функционалдық. Әлеуметтік құбылыстарды, оның ішінде билікті де зерттеудің де бірден-бір іргелі тәсілі, өйткені, тек функцияларда ғана мейлінше толық формада биліктің мәні, әлеуметтік ыкдалы мен маңыздылығы, оның іс-әрекетінің өзгешелігі көрініс табады. Билік құру адамдар қауымдастығының тұрақтылығын, олардың мүдделерінің түйісуі мен дамуының мақсаттылығын қамтамасыз ететін маңызды өлеуметтік функция болып табылатындығы сөзсіз. Функционалдық тәсіл билік пен саясаттың ажырамас бірлігінен туындайды. Билік функциялары, ең алдымен саяси тұрғыда болады. Яғни, билік формасының қажеттілігін, билік субъектісінің билік құруға құқығын, билікті жүзеге асыруда белгілі бір ұйымдасқан құрылымдарды, күштерді, құралдарды жөне әдістерді пайдалану заңдылығы мен қажеттілігін негіздейтін саяси идеология жасақталынады.
  4. Құрылымдық-функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы тәсіл билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін анықтауға мүмкіндік береді. Функционалдық және құрылымдық-функционалдық төсілдер билік пен саясаттың жалпы теориясын жасақтау үшін, билік пен саясаттың адамдар кдуымдастығындағы орны мен мәнін анықтау үшін құнды. Бірақ билікті қолдану іс-әрекетін, билік құрудың әлеуметтік-саяси тәжірибесін, оның ситуативтік және субъективтік аспектілерін анықтау мен бағалаудың нақты процесін сараптау үшін бұл тәсілдер жеткіліксіз.
  5. Билікті еріктің, жігердің көрінуі ретінде түсіну. Бұл тәсілде биліктік ықпал етудің мақсаттылығы мен қарқындылығына ерекше назар аударылады, әлеуметтік дамудың нақты процесі билік құрушының субъективтік еркінің, жігерінің іске асуының нәтижесі ретінде қарастырылады, және субъект субъектілік катынастардың объективтік негіздері еленбеуі де мүмкін. Методологиялық тұрғыдан алғанда бұл тәсіл волюнтаризмге, субъективизмге, авантюризмге ұрындырады. Билік қаншалықты күшті әрі агрессивті болғанымен, дүниеде барлығы дерлік билікке бағына бермеуі мүмкін.

 

   Аталған тәсілдердің барлығы билік, билік құру ұғымдарымен белгіленетін қоғамдық қатынастардың шынайы мазмұнын жете түсінуге, биліктің көпөлшемділігін, оның мәндік аспектілерін жете түсінудің қиындығын ашуға, билік мәнінің сарапшылар анықтаған тәсілге, позицияға жөне мүддеге тәуелділігін түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен, билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның қурылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, осы қауымдастықтық ішкі және сыртқы өзекті проблемаларын шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де сипаттауға болады. Осы жағдайда өз ықпалының тиімділігін көтеру үшін билік адамзаттың жинақтаған саяси мәдениетін, оның қандай да бір аспектілерін өз жағдайына, өзінің проблемалары мен міндеттеріне сәйкес өзектендіре отыра қолдануы қажет. Сондықтан да билік шынайы өмірде көпнұсқалы болып келеді.

 

    1. Биліктің шығу тегі мен функциялары

 

   Ең алдымен ескерер жайт, билік пен баскару белсенді, ынталы, үстемдік етуші субъект мен салыстырмалы тұрғыда белсенді емес, бағынышты субъектінің арасындағы субъект-субъектілік қатынастардың нәтижесінде пайда болады. Бағынышты тарап биліктік катынастарда билік ықпалының объектісі болады. Бірақ биліктік қатынастың қай жағы болмасын өз мұдделері мен қүқықтары бар шынайы, әрекетшіл субъектілер болып табылатындықтан олардың арасындағы биліктік қатынастар өзара келісім жағдайында ғана пайда болып, тиімді қызмет етуі мүмкін. 
 
   Биліктік қатынастардың ерекше проблемасы билік құрушы субъектінің басқару құқығына келіп тіреледі: неге осы субъект билік құру құқығына ие және неге бағыныштылар, одан келетін биліктік импульстерді әрқилы дәрежеде қабылдап, орындауға міндетті. Саяси ойлар тарихында бұл проблема әрдайым назарда болған және солай болып қала береді де. Өйткені, биліктік қатынастар субъект-субъектілік қатынас ретінде субъективті және ситуативті болғандықтан белгілі бір тұрақсыздықпен сипатталынады. Осындағы тағы бір ескеретін жайт, өркениет тарихында биліктік қатынастар әр түрлі әлеуметтік негіздерге, әр түрлі тарихи тамырларға ие. Олар мынадай жағдайлармен қалыптасты:

  1. Адамдар қауымдастығының табиғи тарихи дамуының, оның құрылымдануының, басқару функцияларының күрделенуінің нәтижесінде жолға қойылды. Афины мемлекеті мұндай дамудың классикалық мысалы бола алады. Афины демократиясының идеологы Аристотель — отбасын, адамдар қонысын, мемлекетті ең жоғарғы сатысыңда мемлекеттік билік пайда болатын әлеуметтіліктің даму сатылары деп кездейсоқ есептемеген.
  2. Соғыстың, зорлық-зомбылықтың, басып алудың нәтижесінде қалыптасқан билік бағындырудың, тікелей мәжбүрлеудің құралы болды. Бұған спартандықтар мен илоттар арасындағы биліктік қатынастар мысал бола алады. Илот қоныстарына әрдайым үрей, шабуыл қатерін төндіре отырып, оларды қырып-жою партандықтардың билік құруы ның құралы еді.
  3. Қоғамның әлеуметтік жауласушы күштерге бөлінуі және сословиелік таптық диктатураның орнауы нәтижесінде қалыптасты. Билік құрудың осы ерекшелігін мемлекетті үстем тап қолындағы сойыл ретінде қарастыратын марксизм идеологиясынан көруге болады. Саяси революңиялар таптық диктатураның уысуымен байланыстырылады. Марксисттердің көзқарасы бойынша, соңғы саяси революция адамдарды қанау және таптық үстемдіктің құралы ретіндегі мемлекет болмайтын тапсыз қоғамға жол ашатын пролетариат диктатурасының орнауына алып келеді.

   Билік пен биліктік қатынастардың шығу көздерінің әр түрлі болуына қарамастан, қауымдастықтың тұтастығын сақтау, экономикалық, әлеуметтік,саяси жөне құқықтық кеңістікті ұйымдастыру сияқты биліктің негізгі функциялары биліктік қатынастарды демократияландыра және гуманитарландыра отырып, оларды біртіндеп өзгертеді.

   Билікке кұқық соңдай-ақ басқарушылардың қолында әрқилы билік көздерінің болуымен де қамтамасыз етіледі, бұлар:

  1. Экономикалық. Билік құрушының экономикалық ресурстарға ие болу және басқару кұқьны. Бұл меншікке ие болу, оны басқару, экономикалық ресурстарды бөлу, экономикалық көтермелеу мен жазалау кұқығы. Сондықтан да, экономикалық тұрғыдан үстем сословиелер, таптар, экономикалық элита билік органдарында берік позицияларды иеленеді.
  2. Идеократтық. Идеология бұқара халыққа биліктің ыкпал етуінің құралы ретінде пайдаланылады. Бұқара санасының жанды жерлерін идеологиялық тұрғыдан өңдеу, оларға назар аудару, осы проблемаларды өз мақсатына пайдалану үшін идеялықтеориялық кестені қалыптастыру және бұқараның осыған тиісті мінез-құлқын дағдыландыру — биліктің осы көзінің қызметіне жатады. Дін мен шіркеу биліктің аса күшті идеократтық көзі болды. Осы қайнар көздің негізінде клерикалды саяси қозғалыстар, клерикалдық, теократиялық билік пайда болды. Биліктің аса күшті идеократтық көздеріне өзгеше ойлауды кудалау мен идеялық қысым көрсету тән болған фашизм, национал-социализм, коммунизм секілді тоталитарлық режимдер ие болды.
  3. Акрараттық. Қазіргі танда БАҚ-тарға ие болу және басқару бұқаралық санаға тікелей немесе жанама әсер етудің құралдарына айналуда. БАҚ саяси басымдықтарды анықтап, адамдардың әуестіктерін кзлыптастырып, оларды саяси жағдайға бағыттап бұқара санасын манипуляциялауы мүмкін. Қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, кім БАҚ-қа ие болса, сол бұқараның көңіл-күйі мен жүріс-тұрысына өте күшті әсерін тигізеді. Ақпарат виртуалдық шынайылықты қалыптастырып не бұқараны тыныштандырады, не керісінше дүрліктіреді.
  4. Авторитарлық. Билік субъектісінің беделінен туындайтын билік көзі. Бедел мәжбүрлемей, күштемей бағындырудың құралы ретінде кез келген билікке қажетті. Авторитаризм, авторитарлық — билік органдарының белгілі бір құрылымдарына, билікті жүзеге асырудың өзіндік өдістеріне ие билік құрудың ерекше формасы.
  5. Харизматикалық. Харизма (гр.сөзі charisma — құдай берген қабілет) — билік функциясын орындау үшін оны иеленуші субъектінің бойындағы ерекше икемділіктің, қабілеттің бар болуы. Харизма — бұқаралық сананың құбылысы. Бұқара халық қана лидерде харизматикалық қасиеттердің бар екенін танып, оны билік тұғырына көтереді, оған табынады әрі бағынады. Алайда биліктің бұл көзі мәңгілік емес. Уақыт өте келе билік құрушы субъектінің харизмасы көмескілене бастайды, бірақ идеологиялық көтермелеу арқылы оны ұзартуға болады.
  6. Психологиялық. Билік құру жинақталған іс-өрекет болғандықтан билеушілердің де, бағынушылардың да психологиялық қабылдауының ерекшеліктерін қалыптастыратын психологиялық негіздерге ие екендігі сөзсіз. Сондықтан қоғамдағы бір адамдарда баскдруға, лидерлікке, билік құруға деген табиғи психофизиологиялық қабілет дамыса, оған керісінше, басқаларында бағыну, бас ию сияқты касиеттер басым болады. Дегенмен, индивидтерді бұлай бөлу принципті тұрғыда дұрыс емес, себебі ол адамзат тұлғасының тұтастығына, оның өзіндік ерекшелігіне, қасиеттеріне нұқсан келтіреді. Бірақ адамның жүріс-тұрысының оның қоғамдық мәртебесіне сөйкес болмауы өте жиі кездесетін құбылыс. Адамның гендік құрылымында агрессивтілік, үстемдікке, басшылыққа ұмтылу сияқты касиеттер болуы мүмкін, ол мәселен, күнделікті өмірде ол адамның мінез-құлқындағы девиаңияға (кейінгі лат. Deviatio — нормадан ауытку) соқтырса, ал саясатта билікке ұмтылу ретінде жүзеге асады.
  7. Күштеу. Биліктің өзіне төн ерекшеліктерінің бірі — мәжбүрлеу оның қоғамда күштік көзінің бар екендігін көрсетеді. Бұл бағынушыға қатынаста күш көрсету, мәжбүрлеу акцияларының әрқилы формалары. Алайда, өркениеттің дамуымен күштеп мәжбүрлеу тек мемлекеттік биліктің атрибуттық белгісі болып саналады. Ал күштеп мәжбүрлеудің кез келген басқа тәсілі озбырлық, құқықтық емес акция, жеке адамдардың қарапайым құқықтарын бұзу ретінде қарастырылады. Мемлекеттік биліктің мәжбүрлеу функциясының өзі заңдармен белгіленген, ол тек белгілі бір құқықтық шеңберде ғана мүмкін болатын іс-әрекет.
  8. Формальды-бюрократиялық. Өркениеттің дамуымен биліктің киелілігі акральдылығы) жоғалып кетеді де, биліктік іс-әрекеттің рутинизациялануы пайда болады.

Информация о работе Басшылық пен билік