Сұраныс пен ұсыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 17:30, доклад

Описание работы

Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорны, «Қазақойл-Ембi» АҚ, «Атырау мұнай компаниясы», «Қазақстанкаспийшельф», «Каспиймұнайгаз», «Қазгермұнай» ЖАҚ-дары, т.б.

Работа содержит 1 файл

Асыгат.doc

— 141.00 Кб (Скачать)

                                                          Кіріспе

 

Қазақстанда мұнай мен  газ өндiру iсi шетел инвесторларының  қатысуымен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорны, «Қазақойл-Ембi» АҚ, «Атырау мұнай компаниясы», «Қазақстанкаспийшельф», «Каспиймұнайгаз», «Қазгермұнай» ЖАҚ-дары, т.б.

Соңғы жылдары бұл салада көрші  Қытай компанияларының үлесі  артып барады. Олар 939 миллион долларға «ҚазМұнайГаздың» 14,5 пайыз акциясын сатып алып қойды. Бір таңқаларлық  дүние «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниямыздың үлесінен Қытайдың «CNPC» компаниясының үлесі асып кетіпті. Жалпы көршінің үлесі Қазақстандағы энергетика саласының жартысына жуықтады. Қысқасы, елдің мұнай-газ саласындағы монополист компания «ҚазМұнайГаз» емес, «CNPC» болды деген сөз. Білгенге бұл жақсылық емес.

ҚР «Бәсекелестік туралы» Заңның 12-бабына сәйкес нарықтағы үлесі 35 пайыздан асқан компания үстем деп табылады. Өйткені, алғашқы жылдары елдегі кен орындарының 80 пайызға жуығы шетелдік компанияларға 24-50 жылға басқаруға берілгені белгілі. Әлемдегі қалыптасқан норма бойынша шетелдік компаниялардың басқаруына кен орындары мен кәсіпорындардың 15-20 пайыздан астамын беру – ел қауіпсіздігіне ерекше нұсқан келтіреді екен.

Ендеше, еліміздегі жетекші саланы шетелдіктердің қанжығасына байлап жіберуге болмайды. Қазірдің өзінде мұнай өндіру кәсібінің 80 пайызы шетелдік компаниялардың қолында. Қазақстан бұл саланы тұтастай өз қолына алғанда ғана шынайы тәуелсіздікке қол жеткізетін боламыз. Экономикалық тәуелділік тұрғанда, саяси тәуелсіздіктің құны жоқ.

Жалпы, мұнай саласындағы түсімді  реттейтін халықаралық стандарт бойынша қазынаға әрбір баррельден 90 доллар түсуі керек болса, бізде  бұл көрсеткіш 4-6 есе кем түседі. Яғни қазына жылына 5-6 млрд. доллардан  айырылып отыр. Осынша пайданы Қазақстан емес, шетелдік компаниялар көруде.

 

    

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның  мұнай газ саласы

 

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістердің негізінде тәуелсіз мемлекетіміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету және оның қалыптасу тетіктерін осы жұмысымыздың өзекті тақырыбы ретінде қарастыруымыздың мәні мен маңызы жайдан-жай емес. Өйткені, нарықтық экономикаға және демократиялық даму жолына түскен тәуелсіз Қазақстанның әл-ауқатын көтерудің бірден-бір жолы – мұнай-газ саласындағы ұйымдық өзгерістер мен осы бағыттағы жұмыстарды заман талабына, уақыт ағымына сайма-сай ұйымдастырудың үлкен маңызы бар. Себебі, Қазақстан халқының әлеуметтік-тұрмыстық хал-ахуалының жақсаруы мен мемлекеттің бюджетінің толығуы осы саладағы нақты жағдай мен мүмкіндікке тікелей байланысты. Сондықтан да, республикамыз егемендік алған алғашқы күннен бастап мұнай-газ секторын дамытуға, осы салаға шетелдік инвестиция мен компанияларды тартуға, олардың арасында шын мәніндегі нарықтық бәсеке болуына ерекше назар аударылған болатын. Бірақ, барлығы да, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдан бастап ойдағыдай шешілді десек, астамшылық болар. Өйткені, 1991-1995 жылдар аралығында ел экономикасын көтеру мақсатында жан-жақты бағдарламалар қабылданып, оң талпыныс болғанымен, оның барлығы бірдей күткендегідей нәтиже берген жоқ. Экономика құлдырап, инфляция өсе берді. Бұл Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібімен де тікелей байланысты. Кәсіпорындар тоқтай бастады. Төлемеушілік дағдарысы ушықты. Өзара есептеудің негізі айырбас болды.

 

    1. Қазақстанның мұнай газ саласының дамуы

 

Мұнай − біздің елдің басты бағдары, асыраушысы, мақтанышы, сонымен бірге түрлі дау-жанжал мен пәленің бастау көзі де. Биыл Қазақстанда көптеген мерейтойларды атап өтуге себеп бар: Доссор кенішінің ашылғанына 100 жыл, Маңғыстау мұнайына 50 жыл және Құмкөл кенішіне 25 жыл толды. Осы күзде жарыққа шығатын "Қазақстан мұнайы. Суреттер сыр шертеді" атты кітапта біздің республикамыздың мұнай-газ саласының дамуы туралы баяндайтын сирек кездесетін суреттер жинақталған.

1899 жылы қарашада Қарашұңғыл шатқалында 40 метр тереңдіктен құбыр арқылы алғаш рет мұнай шықты, Қазақстан мұнайының тарихы осы кезден бастау алады. 1911 жылы сәуірде ашылған Доссор кенішінен шыққан жоғары сапалы мұнай әлемдік деңгейде назарға ілінді. Екі жылдан соң Гурьев облысында Мақат кеніш орны ашылды. 1914 жылы Мақат пен Доссор екеуінен 200 мың тоннада астам мұнай өндіріледі.

1922 жылы "Ембімұнай"  тресті ашлып, Орал-Ембі ауданындағы мұнай кәсіпорындарының басқармасы құрылды. 1926 жылдан бастап Ембіде мұнай барлау ісінде айналдыра бұрғылау және геофизика әдістері қолданыла бастады. Гурьев-Доссор темір жолы іске қосылып, онымен Доссор мұнайы тасымалдана бастады.

1930 жылдары Гурьев облысы дәуірлеп дами бастады. Зертханалар пайда болып, мұнай техникумы ашылды, «Ембімұнайжоба» кеңсесі құрылды. 1932 жылдың маусымында Гурьев ‒ Ембі ‒ Орск мұнай құбырының құрылысы басталды. Байшонас, Қосшағыл, Шұбарқұдық және Құлсары сияқты жаңа кеніштер ашылды. 

1935 жылы қазақстандық мұнайшылар арасында стахановшылар қозғалысы өріс алды.

Соғыс жылдары, Майкоп пен Грозный аудандарында мұнай өндірісі уақытша тоқтап қалғандықтан, оның орнын толтыру үшін Қазақстанда мұнай өндіруді еселей ұлғайту міндеті қойылды. Орал-Ембі ауданының мұнайшылары бүкіл соғыс жылдары демалыссыз тәулігіне 12-13 сағаттан жұмыс істеп мыңдаған тонна мұнай өндіріп, Совет армиясын жанармаймен қамтамасыз етті. Фашизмді талқандап жеңіске жетуде Ембі мұнайы өлшеусіз үлес қосты.

Соғыс қиыншылығы, сапалы отынға сұраныстың үнемі артуы тұтастай алғанда мұндай өндіру және мұнайды қайта өңдеу салаларының қарқынды дамуына түрткі болды. Қазақстандық өндірушілер КСРО-де алғаш болып мұнайды қайталама әдіспен өндіруді меңгерді. Сағыз, Жақсымбай, Комсомольское, Қошқар, Тентексор кеніштерін игеру басталды. Мұнайлы, Бекбике, және Қаратон кеніштері іске қосылды. Трубиналық әдіспен бұрғылау меңгерілді. Гурьев мұнай өңдеу зауыты салына бастады. 1965 жылы Гурьев мұнай өңдеу зауыты маңғышлақ мұнайының алғашқы эшелонын жөнелтті. Қазақстанда жыл сайын өндірілетін мұнай көлемі 2 миллион тоннаға жетті.

Маңғышлақтың оңтүстігінде Өзен мен Жетібай сияқты ірі кеніштер ашылған соң барланған мұнай қоры 20 есеге, ал жылдық мұнай шығару 14 есеге көбейді. 1969 жылға қарай Қазақстанда жыл сайын шығатын мұнай көлемі 10 миллион тоннадан асты.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдарын мұнайға қатысты үлкен жаңалықтар кезеңі деп батыл түрде айтуға болады. Аз ғана мерзім ішінде Қаражамбас, Солтүстік Бозашы, Қаламқас кеніштері ашылды. 1974 жылға қарай Маңғышлақта жылына 21 миллион тоннаға дейін мұнай өндіріле бастады. Осылайша, Қазақстан Совет одағында мұнай өндіруден екінші орынға шықты.

Қазақстан-америкалық «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы «Chevron» корпорациясымен келісімге қол қойылды. 1993 жылы Алматыда алғаш рет «KIOGE» халықаралық мұнай-газ көрмесі өтті, ҚР мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі құрылды, «Мұнай туралы» заң қабылданды, «Agip», «British Gas», «Газпром» ААҚ, «Қазақгаз» және Қазақстан Республикасы арасында Қарашығанақ кенішіндегі өнімді бөлісудің принциптері туралы келісімге қол қойылды. Жылына 60 миллион тонна мұнай тасымалдайтын құбыр желісін (КТК) салу туралы Қазақстан, Ресей, Оман және Халықаралық мұнай консорциумы арасында келісім жасалып, қол қойылды. "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы құрылып, оған ірі мұнай-газ кеніштері жобаларына қатысуда Қазақстанның мүддесін таныту құқықтары берілді, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы құрылды.

1998 жылы Қазақстан мен Ресей президенттері Каспий теңізі акваториясының солтүстік бөлігінің шекарасы туралы тарихи келісімге қол қойды. Ақтау портын қайта құру жұмыстары аяқталды. 1999 жылы Қазақстан отандық мұнай саласының 100-жылдығын атап өтті, ол бастауын Қарашұңғылда алғаш рет мұнай атқылаған 1899 жылдан алады.

2000-шы жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ құрылды. Шикізат саласындағы ірі компаниялардан түскен қаражатқа болашақ ұрпақтың қажеті үшін қаржы активтерін жинақтау мақсатында Ұлттық қор құрылды.

Каспий қайраңында соңғы 30 жылда әлем бойынша өте ірі шикізат қоры анықталған Қашаған кеніші ашылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы құрылды. 

Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында Каспий түбіндегі үш елге тиесілі жерлердің тоқайласар нүктелерін анықтауға қатысты үшжақты келісім жасалып, қол қойылды.

2006 жылы Теңіз кенішінде алғашқы миллиард баррель мұнай өндірілді. Жыл сайын өндірілетін мұнай көлемі 2010 жылы 76 миллион тоннадан асты.

 

Қазақстанмен  бірлескен шетел компанияларының тарихы

 

1992 жылы мұнай шығатын Теңізден – Новороссискіге, одан әрі Қара теңіз портына дейін мұнай тасымалдау үшін жол салу және жабдықтандыру жайын жоспарлай отырып, Қазақстан мен Ресей, Оман-Каспий құбыр консорциумын құрды. Дәл осы жылы Қарашығанақ мұнайгаз шығатын кен орнын игеруге, Қазақстан Республикасымен, «Аджип» (Италия) және «Бритиш газ» (Ұлыбритания) компанияларымен келісім шартқа қол қойылды.

1993 жылы 4 ақпанда ең алғаш Республикамызда газ мұнай саласындағы кәсіпорынмен бірлесе – Қазақстан-Түрік «ҚазақТүрікМұнай» кәсіпорны құрылды.

1993 жылдың 6-сәуірінде «ғасыр келісім  шарты» жасалынды. Қазақстан Республикасы  үкіметі мен Американың «Шеврон»  компаниясының ұзақ мерзімді (40 жыл) келісім шарт осылай атанды. 1993 жылдың 3-желтоқсанында Қазақстан Каспий шельфінде геологиялық барлау жұмыстарын жасау үшін, осы жобада оператор ретінде өздерін көрсететін жеті шетел компанияларынан («Аджип», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Бритиш Газ», «Мобил», «Тоталь», «Шелл» ) және «Қазақстан-КаспийШельф» құралған. Халықаралық консорциум жасау туралы келісімге, мұнай саласы аймақтарына үш жыл қатарынан геологиялық зерттеулер туралы келіміге де қол қойылды.

1993 жылы республикада Германия қаржысының үлесімен ең үлкен компания – Қазақстан-Герман кәсіпорны «ҚазГерМұнай» құрылды.

1995 жылдың наурызында «Қарашығанақ»  атты өндіріс жерінде Қазақстан  Республикасы өзінің «Қазақгаз»  және «Аджип» (Италия), «Бритиш  Газ» (Ұлыбритания) және «Газпром»  (Ресей) арасындағы бөлісім келісім шартқа қол қойды.

1996 жылдың сәуірінде Қазақстан,  Ресей, Оман және халықаралық  мұнай компаниялар консорциуының  арасында, «Тенгиз-Тихорецк-Новороссиск»  сапарының желісі бойынша, өтімділік  қабілеттілігі 67 млн. тонна мұнай құбырының құрылысы жайында келісімге қол қойылды. Бұл келісім бойынша Ресей үлесі – 24% , Қазақстанның үлесі – 19%, Оман үлесі – 7% құрады, ал қалған бөлігін 8 мұнай компаниясының еншілігіне таратылды. 1996 жылдың 9 шілдесінде Каспий жағалауындағы мемлекеттер ынтымақтастық ұстанымдары туралы келісімге қол қойылды. 1996 жылы тамызда ҚКШ халықаралық консорциум Каспий шельфіндегі Қазақстанның мұнай шығаратын жерлеріне типографиялық түсірілім жасалынып бітті. Аймақ потенциалы 26-дан 60 млрд баррельге бағаланды.

1996 жылы Грузия жерімен өтетін, «Баку ‒ Батуми ‒ Супса» атты мұнай құбырының құрылысына келісім жасалынды. Бұл жол арқылы Каспий мұнайының жартысын Украинаға және одан әрі Еуропаға жеткізу еді.

1997 жылдың 4-наурызында Қазақстан  Республикасы мұнайгаз өндіру Министрлігін қысқартып, Қазақстанның ең ірі Ұлттық газмұнай компаниясы «ҚазақОйл» құрылды. Компания Қазақстан атынан барлық ірі мұнайгаз кәсіпорын салалар жобаларына қатысу құқығына ие болды. 1997 жылдың 2-сәуірінде мұнай тасымалдайтын «ҚазТрансОйл» Ұлттық компаниясы құрылды. 1997 жылы республикамызда газ мұнай кәсіпорындарын жекешелендіру басталды. 1997 жылы ең бірінші болып АҚ «Ақтөбемұнайгаздың» (60%) бақылау акция пакеттері Қытай Ұлттық мұнай компаниясына (ҚҰМК) сатылды.

1997 жылдың 18 қарашасында  Президент Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонда болған уақытында «Қарашығанақ» мұнайгаз кен орын жеріндегі газмұнай өнімінің бөлісуіне соңғы келісім шарт жасалды. Қазақстан Республикасының үлесі – 80% құрады. Құрамға «Интеграцияланған Қарашығанақ ұйымдары» (ИҚҰ, Karachaganak Petroleum Operating), (Италяндық) «Аджип» (32,5%), Британдық «Бритиш Газ» (32,5%), Американдық «Тексако» (20 %), ресейлік «ЛУКойл» (15%) кірді.

1997 жылдың 18 қарашасында  Каспийдің солтүстігіндегі өнімдерді,  компания «Аджип», «Бритиш Газ», «Бритиш Петролеум», «Статойл», «Мобил», «Шелл», «Тоталь», және «ҚазақстанКаспийШельфі» арасында бөлісу туралы келісімге қол қойылды. Бұл СРП шарт бойынша келісімге қол қойылғаннан бастап барлау әдісі 6 жылды құрайды, егер қажет болған жағдайда СРП өз күшін жоймаған уақытына дейін, тағы, екі жылға ұзартуға рұқсат етілген, мердігерлік учаскіні екі жылдан он жылға дейін ұзартуға, өнімді өндіру – 20 жылға дейін.

1999 жылдың маусым айында  Астрахан кәсіпорынының «Астрахан  кемесі» суға «Сұңқар» атты  жүзетін бұрғылау биржасын жіберді. 1999 жылдың 12 тамызында Қазақстан секторындағы Каспий шельфі ОКИОК бірінші «Шығыс Қашаған – 1» ұңғымана бұрғылау ісін бастады.

2001 жылдың ақпанында  Қазақстандағы Солтүстік Каспий  мұнай кен орнын өңдеуге Италяндық  топ «ЭНИ» компаниясы оператор ретінде таңдалынды.

2001 жылдың 26 наурызында  Атыраудағы КТК құбыр желісі жүйесі бойынша «Тенгиз ‒ Новосибирск» мұнай айдау ісі басталды. 1480 километрлік құбыр жүйесін толтыруға 1 млн. тонн мұнай керек. 2001 жылдың 2 мамырында Қазақстан Үкіметінің жарлығымен мұнай және газ магистарлды құбырын басқару үшін, Ұлттық «Мұнай және газ тасымалдау» компаниясы құрылды. МГТ) Жаңа компанияға ЖАҚ «ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» мемлекеттік пакет акциялары берілді. 2001 жылдың 3 тамызында Мәскеу Каспий құбырынан мұнай тасу консорцум (КТК) келісім шартын бекітті.

2002 жылдың 3 мамырында Н.Назарбаев және В.Путин тарихи құжатқа қол қойды – яғни, Каспий теңізінің солтүсті бөлігін, Ресей және Қазастан өзара ынтымақтастықта бөлу туралы протоколға қол қойылды.

2004 жылдың 9 қаңтарында қазақстан-ресей келісімімен Каспийдегі Тюб ‒ Қараған және Аташ теңіз жобалары берілді. 2004 жылдың қазанында «Атасу ‒ лашанкөл» (Қазақстан ‒ Қытай) мұнай құбырының құрылысы басталды. Осы жылы Қазақстанда мұнай сапа банкі ашылды. Бұл Қазақстандағы өнімдерді, көмірсутекті шикізат компанияларын туралы негіздік. Бұл Қазақстандағы партиялардың, өңдеудегі әртүрлі кезеңдерін, сақтауды теңестіреді.

2005 жылы наурызда АҚ  «ҚазМұнайГаз» Солтүстік-Каспий  жобасымен, Бритиш газдың жарты  үлесін 8,33 % иемденді.

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныс