Сураныс пен усыныс

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 13:47, дипломная работа

Описание работы

Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы. «Нарықтық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – сатушы мен сатып алушының өзара іс - әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдерге өндіру керек?».

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.

1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы...................................................................5

1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы......................................................................9

1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі.......................................................................13

ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі...............................................................................................................17

2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі..............23

ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.

3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі.............................................................................25

3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.....30

Қорытынды..........................................................................................................36

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................38

Работа содержит 1 файл

Сұраныс пен ұсыныс.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

           P                        S1 
 

          P0                                                           S2

                                   Q0                                Q

    23 сурет. Мүлде икемді және мүлде икемсіз ұсыныс 
 
 
 
 
 

ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.

3.1.Сұраным  мен ұсыным өндіруші  мен тұтынушы арасындағы қатынастардың нарықтық түрі.

     Сұранымның негізін адамның тұтыну  қабілеттілігі құрайды. Алдымен  бұл қалыпты өмір сүру жағдайымен  қызмет етуді қолдау қажеттілігі. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбануында, материалдық игіліктер мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.

     Сұраныс – ақшалай қамтамасыз етілген, төлем қабілеттілігі бар тұтыныс. Тауардың рыноктық бағасы мен сұраным көлемі арасында үнемі белгілі арақатынасты көрсететін сызық сұраным қисығы деп аталады.

     Сұраным заңы бойынша, әдетте тауарға баға төмендегенде, тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған сұраныс азаяды.

Сұраныс қисығы бір орында тұрмайды: әр уақыт сайын қозғалып отырады.Рыноктық сұраным көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, рынок көлемі, жинақталған мүлікпен сатып алушылар санымен және басқалармен қалыптасады.Тауарға деген сұраным мөлшері тұрғындардың ақшалай табыс деңгейіне тура пропорционалды. Баға көтеріңкі болса, тауарды сатып алушылар сұранымы төмен болады.

     Сұранымның жай – күйіне көптеген: экономикалық сипаттарға ( сиректік, бағалық, пайдалылық, жаңалықтық) ұлттық, аймақтық сипаттағы ( табиғи –климаттық жағдайға байланысты әртүрлі аймақтағы сұранымның ерекшелігі), демографиялық (әйел, еркек, балалардың өзіне тән ерекше сұранымдары),кәсіпқойлық ( атқаратын қызметіне,айналысатын тіршілігіне), дінилік, психологиялық сипаттағы факторлар әсер етеді.

Сұранымның  икемділік коэффициенті былай белгіленеді  – «Е».

Егер  «Е» көрсеткіші 1 – ден көп  болса ( Е>1), онда сұраным икемді, ал егер аз болса, айталық, 0,5 сұраным икемсіз.

Әртүрлі топтағы тауарлар үшін сұраным икемділігі біркелкі емес.

Ұсыным  – тауар өндірушілердің сатуға ұйғарған бағасы белгіленген тауар жиынтығы.

Ұсынымның мөлшері алдымен өндіріс шығындарына, қолданатын өндіріс технологиясының  сипатына, дотация мен салыққа, тауарлар бағасына, баға өзгеруін күтуге, сатушылар санына, табиғи – климаттық жағдайға байланысты.

Ұсыным  заңына сәйкес, өндірушілер өндірілген өнімнің көбін жоғарғы бағамен  сатуды ұсынады. Қалыпты жағдайда баға жоғары болса, онда сатушылар тарапынан тауарды ұсыну көбірек болады. Керісінше, тауар ұсынысы ұлғайған сайын,оларға баға төмендей түседі.

         Аталып отырған бөлім бір-бірімен  бәсекелес көптеген сатушылар  мен сатып алушылар болатын  нарықтың қызмет істеу механизмін  талдауға арналған.

         Сатылатын тауар біртектес (стандартты) және тауардың әр данасы бірдей бағамен сатылады деп жорамалдаймыз. Тауардың бағасын жеке адам белгілей алмайды, ол (баға) нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл талдау кезінде сатылатын және сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байлансықа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да, факторлардың қалай әсер ететінің қарастырамыз.

         Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі  бір өнімді таңдау және сатып  алу қабілетін айтады. Сұраныс  тауардың бағасы мен көлемінің  арасындағы тікелей байланысты  көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы  мүмкіндіктерін кесте түрінде  былай көрсетеді.Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілеті де өзгеретінін көрсетіп тұр. Тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деп неге айтамыз, мысалы, нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдауына болады, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтунышы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне қарай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады. 1-кестеге қарасақ баға неғұрлым төмендеген сайын тауарға деген сұраныс көлемі солғұрлым көбейіп отыр. Шұжықтың 1 кг-ының бағасы 900 теңге болса, онда тұтынушы айына 3,5 кг шұжық ала алады, ал егер 400 теңге болса, онда ол айына 6 кг шұжық алуға шамасы келер еді.

         Бұл сұраныс кестесі осы 9 мүмкіндіктің  қайсысы, нарықта нақты бар екенін көрсетпейді, ол сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сұраныс – бұл тұтынушының, сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына, және т.б.

         Сұраныс қөлемі – сұранысқа  әсер ететін басқа факторлар  тұрақты деп ұйғарғандағы, әр  түрлі бағамен сатып алынатын  тауардың санын көрсетеді.

Кестеде берілген көрсеткіштерді координаттар осіне түсіріп бейнелеуге де болады. Бұл қисықты D әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисығы деп атаймыз.Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600 теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап, сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады. Мысалы:

1.Күнделікте өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш – баға. Жоғары деңгейде баға сатып алушыға үлкен кедргі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.

2.Әр уақыттада тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы, сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі оңдай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген жағдайда ғана алады.

3.Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.

       Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда, тауардың бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді, сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.

       Енді ауыстыру тиімділіг деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар алуға ынталанады – бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.

        Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі). Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, шошқа және тауық етінің орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).Кейбір жағдайда тұтынушылардың табысы өскенде сұранысы азаятын тауарлар да болады. Мысалы, табысы көбйген уақытта тұтынушылар сарымай алады да, ал маргаринге деген сұраныс азаяды. Немесе табысы неғұрлым көбейген сайын тұтынушылардың аяқ киім жөндеу қызметіне деген сары май азаяды, себебі тұтынушы жөндеуге бергенше жаңа аяқ киім сатып алғанды қалайды. Бұндай тауарларды немесе қызметті төменгі сапалы тауарлар деп атайды. Бұндай тауарларға деген сұраныс табыс көбейсе де азайып, сұраныс қисығы солға қарай жылжиды. [7, 324 б] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.

     Рыноктың мәнді белгілерінің бірі – бәсеке болып табылады. Бәсеке – нарықтық қатынас субъектілері арасындағы күрестің немесе бақталастықтың қоғамдық формасы. Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекетгік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістеріннің жүйесі. [1, 107 б]  

     Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады.Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

• өндіріс  және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

• өндірісті  ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау  және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

• бәсекеге төзімді өнім өндіру;

• өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен уақыты белгіленеді;

• пайда  есебінен инвестициялық қор жасау  және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.

     Жетілген бәсеке деп, басты бақылаушысы тұтынушының мүддесі болып табылатын нары деп түсіну керек. Өндірушілер сатып алушылардың қалаған заттарын шығара отырып, сол тұтынушылардың талғамдарына сергектікпен қарайды және олар бір-бірлерімен бәсекелстікте болғандықтан тауарларын мүмкін боларлықтай ең төменгі бағамен өткізуге тырысады.

     Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі» жатады.

Бұл цикл төрт фазадан тұрады:

• жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп  орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;

• өндірістің өсуі — өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;

• кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;

• ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады. Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз ерекеттер қолданады.

Мұндай  әрекеттерді «бейниетті бәсеке»  деп атауға болады:

• бәсекелес  туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;

• тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;

• бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;

• тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін  жарнама жасау;

• бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар  қолдану;

• келісім  бойынша ездері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған шартбұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.

Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың  оңашалануына негізделеді. Өндірушілер  бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.

Жеке  фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде  нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс — бәсекелік қабілетгін, ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.

Жетілген  бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:

 •  жеке фирманың өндіріс мөлшері  елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді:

• әр өндірушілер  сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;

• сатып  алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айрылады;

• сатушылар  өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;

• өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен  шығуына жол ашық болады.    Осындай сату-сатып алу шарттарының орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат береді. Жетілген бәсеке баға белгілену механизмінің және тепе-теңдік болмысы арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі реттеуінің қалып тасу шарты болып табылады. Осының нәтижесіңде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге жол ашады. [8, 117 б]  

Информация о работе Сураныс пен усыныс