Үміт пен үрей

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:14, статья

Описание работы

ҰБТ осы 3 әріп қазіргі кезде жастардың қорқынышына айналды. Осы 3 әріп 11 жыл бойы оқыған оқушылардың дәрежесін 3 сағатта – ақ көрсетеді. Тесттен кеингі болып жатқан оқиғаларды еске алсақ жан түршігерлік. Өмірге қадам баспай жатып оз – оздеріне қол жұмсауда, қартаймай жатып жүйке ауруларына шалдығуда.
Мен 10 – шы сынып оқушысымын, ҰБТ жайлы өз пікрімді айтатын болсам ҰБТ – ға қарсымын. Себебі бұл жерде «бақ шабама, баб шабама» деген сөзді айтсам қателеспеспін. 11жыл бойы білім алып үздікке оқып жүргендер құлап жатады, түк білімі жоқтар жоғарғы бал алып қуанып жатады. Бұған әрине ешкімнің қарсылығы жоқ. Бірақ, өмірде әділдік болу

Работа содержит 1 файл

Үміт пен үрей.doc

— 54.00 Кб (Скачать)

Үміт  пен үрей

 

 

 

ҰБТ осы 3 әріп қазіргі кезде  жастардың қорқынышына айналды. Осы 3 әріп 11 жыл бойы оқыған оқушылардың  дәрежесін 3 сағатта – ақ көрсетеді. Тесттен кеингі болып жатқан оқиғаларды еске алсақ жан түршігерлік. Өмірге қадам баспай жатып оз – оздеріне қол жұмсауда, қартаймай жатып жүйке ауруларына шалдығуда.

Мен 10 – шы сынып оқушысымын, ҰБТ жайлы өз пікрімді айтатын  болсам ҰБТ – ға қарсымын. Себебі бұл жерде «бақ шабама, баб шабама»  деген сөзді айтсам қателеспеспін. 11жыл бойы білім алып үздікке оқып жүргендер құлап жатады, түк білімі жоқтар жоғарғы бал алып қуанып жатады. Бұған әрине ешкімнің қарсылығы жоқ. Бірақ, өмірде әділдік болу керек. Осы тесттердің арқасында оқушыларымыз сөйлеуді ұмытып бара жатыр. Биылғы емтиханның қандай жағдайда өткені бәрімізге мәлім. Оны қайталай берудің қажеті жоқ. Болған жайтты қанша қудаласада биліктегілер жоққа шығарды. Қаншама оқушылардың үміттері үзілді.

Қазіргі кезде мектептерде  өздерінің мәртебесін ойлайды, оқушының болашағына қатысы жоқ. Ұстаздардың  айтатыны «сенімсізсің ба? 9 – дан кейн кет», «ауылға бар, квота береді» деген сөздер барлық оқушыларға таныс. Мұғалімдер оқушыларға психологиялық тұрғыда әсер етеді. Сол себепті оқушыларда күннен күнге үрей пайда болады. Неше түрлі ойлар мазалайды. Сұрақ артынан сұрақ пайда болады. Екі сөзінің бірі «НЕГЕ?» дегеннен басталады. Бүгін мен осы сұрақтарға жауап беруге тырысамын. Бұл өмірде барлығы бір – біріне көзбояушылық жасайды. Мектептерде де дәл осылай. Оқушы оқығысы келеді бірақ ұстаздар білім бергісі келмейді, баланың сабаққа деген құлшынысын жояды. Ал «тексеру» дегенде аяқтары жерге тимей жүгіреді. Оқушылардан кенеттен тест алып, қыспаққа алады. Оқушы төмен баға алса оған ақыл айтудың орнына оны ұрсды. Ал егер оқушы мұғалімнің дұрыс білім бермейтінін айтса , оны тыңдап жатқан ешкім жоқ. Әлі жас, өмрді дұрыс түсіне білмейтін бала өз үмітінен бас тартады, себебі мұғалімдер оны төмендетеді, жоғарғы бал ал деп қыспаққа алады. Неге қыспаққа алады себебі мектептің мәртебесін ойлайды. Әрине мен көпке топырақ шашпаймын, бірақ осындай ұстаздар елімізде жеткілікті.

Өзбасым мамандық таңдаудан  қиналдым. Себебі мұғалімдер өзбастарын ойлап дайындаудан қашты, тек мен емес көп оқушылар қиналды. Әрине арсында мұғалімдер бар оқушының болашағын ойлап қалаған мамандығыңа бар, өкінбейтіндей бол деп айтқан. Ақыр соңында журналист мамандығына тоқтадым. Шынымды айтсам менде күннен – күнге үрей пайда болуда. «Егер ҰБТ – дан өте алмай қалсам» деген ойлар көп мазалайды. Әрине мен бар күшімді салып дайындалам, бірақ мені алдыңғы жылдардағы оқйғалар мазалайды.

Егер ҰБТ болмаған жағдайда оның орнында ауызша емтихан болса қандай болар еді. Жастарымыздың сөз қоры молайатын еді, білімдері уақытша жаттанды болмас еді, әділдік орнайтын еді.

Билікте отырған ағаларымызға айтарым жастарымыз мақау болмай тұрып ҰБТ – ны алып тастаңыздар. Егер ҰБТ болмаса жастар жыламайтын еді. Үміткерлердің үміт жібі үзілмес еді, ҰБТ – ның құрбанына айналмас еді, аналарымыздың көз жасы тамбас еді. Мүмкін ҰБТ болмаса халқымыздың саны Қытай елінен асар ма еді?!

Сол себепті сіздерге айтарым  жастар өз - өздеріңді томендетпеңдер, үміттеріңді үзбеңдер. Ата – аналар балаларыңызға көп көңіл бөліңіздер, күнделікті өмірінде не болып жатқанына мән беріңіздер, ұл – қыздарыңызға құрбы – құрдас болып сырласыңыздар. Ұстаздар оқушыларға қысым келтірмеңіздер, өздеріңізді ғана емес оқушылардың болашағында ойлаңыздар, оларға қол ұшын беріп көмектесіңіздер, психологиялық түрде дайындаңыздар. Еліміздің болашағын ҰБТ – ның үрейінен сақтаңыздар.

 

Тоқтарбекова Айдана


Информация о работе Үміт пен үрей