Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 06:08, курсовая работа

Описание работы

17.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
17.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
17.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
17.4. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары
17.5. Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі.doc

— 267.50 Кб (Скачать)

      Кт 1870 « Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

      Бас банкке тиесілі қаражат сомасын  банктің каршотынан ақшаны есептен  шығарған кезде:

      Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есеп шоттары»

      Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

    • «Western Union» корпорацияға тиесілі қаражат сомасына:

      Дт 2870 «Банктің өзге де транзиттік есеп шоттары»

      Кт  1870 « Банктің өзге де транзиттік есепшоттары»

      «Western Union» жүйесі «Quick Pay» жеделдетілген төлем мүмкіндігін ұсынады + қызметтің арнайы түрі, бұл бойынша кез келген жеке тұлға агенттіктің кед келген орынында  «Western Union» жүйесі арқылы ақшаны аудару жолымен заңды тұлғаларға ұсынылатын қызметтер мен қарылық жағдайлар үін заңды тұлғаға төлемдң жүргізе алады (мысалы, білім алу үшін, емделу төлемі үшін іс-сапар шығындары, еңбекақы төлеу, жеке тұтыну үшін тауарларды алу және т.б.).

        «Quick Pay» төлемін жүзеге асырк үшін клиенттер компанияның атын, төлем сомасы есептелетін шоттың өмірін білуі, соынмен қатар аударым сомасына тең болатын «Western Union» тарифінде қарастырылған стандартты төлем сомасына тең келетін қолма-қол ақшаға қоса ақшасы болуы керек.

      «Quick Pay» бойынша төлемдерді егер төлем бағытталған компаия клиенттерінің осы қызметті пайдалануы үшін «Western Union» корпорациясымен келісімшартқа отырған заңды тұлғалар қатарына жататын болса ғана жүргізуге болады. Клиент нақты, анық (ағылшын тілінде) түрде арнайы көк бланканы толтыруы қажет. Жөнелтуші қолын растайтын келесі ақпараттарды енгізуді: компанияның атауы, қала мен ел, шот деректемелері, өзінің аты мен тегін, мекен-жай, телефон, қала мен ел. Бланк қосымшасында жөнелтуші осы аударымның кәсіпкерлік, инвестициялық қызметпен қалдыру қажет.

      Кассир  тізілім негізінде ақшаны қабылдап, қолын қояды. Клиент кассаға ақша қабылдағаннан кейін  де тізілімге  қолын қоюы қажет. Егер тізілім жүргізілмесе, онда валюталық кіріс рдері толтырылады. оператор соманың сйкестігін тексергеннен кейін жүйеге аудару туралы ақпаратты енгізеді.

      Ақша  аударылса он саннан тұратын бақылау  нөмірі берілген кезде ғана жүзеге асырылған болып есептеледі. Бұл нөмірді оепартор бланкіде көрсетеді. Оператор өзінің қолын қойып, түбіртек ретінде көшірмені жөнелтушіге береді.

      Клиенттердің  ақша аудармын жіберу және алу кезінде  оператор бір күн ішінде әрбір  төлемге құжаттарды жинақтайды: күнде, жұмыс күнінің соңнда ол ударым бойынша талаптар мен міндеттеме шоттарын сальдолайды. Осы мақсатта әрбір жиынтық қайтадан тексеруден өтеді – клиенттің ақшаны жөнелту және алу бланкісінде жазылған ақша «Western Union» жүйесі экранынан басып шығарылған ақпаратпен салыстырылады.

      Оператор  «Ақша аударымы» бланкісінде  келесілерді тексереді:

    • ақша аударылған елдің аты;
    • клиенттің кассаға енгізген және оепартордық жүйеге терген аударым самасы;
    • сыйақысымен бірге;
    • клиент пен оператордың қолы.

    «Ақшаны алу» бланкісінде келесілер салыстырылады:

    • төлем сомасы;
    • алушы мен жөнелтушінің аты және тегі;
    • алушы мен жөнелтушінің елі;
    • оператор мен клиенттің қолы.

      Екі құжаттағы ақпарат сәйкес келуі  керек.

      «Western Union» жүйесі терминалының көшірмесі арқылы өз бетінше клиенттерге қызмет көрсететін оператор жұмыс күшінің соңында операциялық журналды күннің қорытындысы бойынша басып шығарады, жіберілген және төленген аударымдар бойынша барлық сомалардың операциялық күнделікке енуін тексереді. Содан екйін оны тексеру үшін банктің бас офисіне жібереді және операциялар бойынша құжаттарды бір күн бұрын бақылауды жүзеге асыратын өкілетті тұлғаға береді.  
 
 

       17.5. Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі

      Қолма-қол  шетел валютасындағы айырбс операцияларын  уәкілетті ұйымдар, оның ішінде қолма-қол  шетел валютасында айырбас операцияларын ұйымдастыруға Ұлттық банк лицензиясы берліген банктер жүзеге асыра алады. Операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті банк орналасқан жерде немесе одан тыс жерде айырбас орындарын ашуына болады. айырбас орындарын ашу кезінде Ұлттық банк филиалдарына тіркеу қажет және тіркеу куәлігі берілу қажет.

      айырбас орындары валюталық айырбас операцияларының  келесі түрлерін жүзеге асыра алады:

    • қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату;
    • шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
    • қолма-қол шетел валбтасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассолау үшін қабылдау;
    • шын екендігіне күмән тудыратын шетел мемлекеттерінің ақша белгілерін және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сараптаудан өткізу үшін қабылдау;
    • банктердегі жеке тұлғалардың шотына есептеу үшін кредиттік және дебеттік карталар бойынша есеп айырысу үшін қызмет ететін қолма-қол шетел валютасын қабылдау және оларды беру;
    • бір мемлекеттің валютасын екінші мемлекеттің валютасына айырбастау;
    • шетел мемлекетінің төлемсіз ақша белгісін сол шетел мемлекетінің төлемді ақша белгісіне айырбастау.

       Уәкілетті банк айырбас орнында валюта-айырбас  операциясының барлық немесе кейбіреуін ғана жүргізу алады.

       Айырбас орындары уәкілетті банк басқарушысының жазбаша өкімі негізінде бекітілген сатып алу, сату және кросс-бағамына сәйкес сатып алу, сату және айырбас операцияларын жүргізеді. Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын бір жолғы сатып алу тіркеу журналына тіркеледі (9-қосымш). 200 және одан жоғары АҚШ долларындағы сомадағы шетел валютасын сатып алу және сату кезінде міндетті түрде қатаң есептеме бланкісінде анықтама-сертификат (10-қосымша) толтырылады.

       анықтама-сертификат жеке тұлғаның қолма-қол шетел валютасын  және шетел валютасындағы төлем  құжаттарын сатып алғандығын растау үшін қызмет етеді, сондай-ақ жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын шетке шығару үшін негіз болып табылады.

       айырбас орнының жұмысы басталғанға дейін  банк айырбас орнының кассирін қолм-қол теңге және шетел валютасымен, сонымен бірге валюта-айырбастау операциясын рәсімдеу үшін қажетті төлем құжаттарының бланкілерімен қамтамасыз етеді. Әрбір айырбас орындарына банк бір күн ішіндегі жұмысты қамтамасыз ететін қолма-қол теңге және шетел валютасында аванс көлемін белгілейді. Аванс көлемі айырбас орнының жұмысы бойынша міндеті тұлға қолы қойылған аванстық өтінішпен белгіленеді (11-қосымша).

       Авансты қолма-қол теңге және шетел валютасында  беру шығыс кассалық ордер бойынша  жүргізіледі. Қолма-қол шетелд валютасында аванс беру, шығыс ордері авансты беру күніне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойыеша есептелген валютаның әрбір түрі бойынша атаулы сомасын көрсете отырып жазылады. Қолма-қол теңгедегі авансқа бөлек шығыс ордері толтырылады. Егер айырбас орнының кассиріне құндылықтарды беру инкасстор арқылы немесе кассирге өтініш негізінде жүргізілсе, егер ол құндылықтады банк кассасынан алатын болса шығыс ордерлері банк бухгалтериясы арқылы беріледі. Олар үш данада шығарылады, авансты берген және авансты алған банк кассирі (айырбас орнының инкассаторы немесе кассирі) толтырады.

       Шығыс ордерлерінің бірінші данасы банк кассирінде қалады. Екінші данасы авансы бергеннен  кейін есепте операцияны көрсету  үшін банк бухгалтериясына өткізіледі. Күнделікті алынған, сатылған, сатып алынған және өткізілген валюта бойынша айырбас орнының қызметкері есеп-қисап жасайды (12-қосымша).

       Қолма-қол  шетел валютасын төлем ұқжатын  сатып алу және сату бойынша операцияны жүргізу кезінде айырбас орындары салық органдарында тіркелген ресми жарнамасы бар компьютерді пайдалануы қажет.

       Егер  Ұлттық банк қандай да бір шетел  валютасын пайдалануға шек қойған жағдайдан басқа уақытта айырбас  орындары шетел алютасын олардың  құны және шығарылған жылы бойынша  сатып жаңа банкнотқа айырбастау бойынша комиссиялық сыйақы өз еркімен қойылады, бірақ айырбасқа ұсынылатын соманың екі пайызынан аспау керек.

       Ескі  разрядына олардың шын екендігіне күмән тудырмайтын өзінің толық  өлшемінің және белгісінің (олардың  атауын көрсететін жазбаша және сандық ) 70% пайызын сақтаған және шамалы банкноттар жатады, сонымен бірге келесілер де жатады:

    • бүлінген, бөлек жазулары, дақтары, мөр іздері алғашқы түсін жоғалтқан банкноттар;
    • бір банкнотқа жататын жыртылған және жабыстырылған, бұрыштары, жиектері жоғалған, тесіктері бар банкноттар;
    • тозған банкноттар.

      Айырбас орнының бухгалтерлік есебіндегі операциялар  келесі жағдайда көрініс алады:

    • Айырбас орынына теңге және шетел валютасындағы аванс ретінде берілген сомаға келесі жазба жасалады:

      Дт 1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол ақша»

      Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

    • Айырбас опеарциялардан түскен түсім сомасына:

      Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген  қарсы құны (валюталық ұзақ ұстанымының)»

      2859 «Шетел валютасының теңгемен  көрсетілген қарсы құны  (валюталық қысқа ұстанымының)»

      Кт 4530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша кірістер»

    • Банк шетел валютасын ресми бағамнан төлем бағамен сатқан кезде:

      Дт 5530 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шығыстар»

           1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

      Кт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген  қарсы құны (валюталық ұзақ ұстанымының)»

            2859 «Шетел валютасының  теңгемен көрсетілген қарсы құны   (валюталық қысқа ұстанымының)»

      * Валютаны ресми бағамнан төмен  сатып алған кезде:

      Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойыншща валюталық қысқа позициясы»

             2858 «Банктің шетел валютасы бойынша  валюталқ ұзақ позициясы».

      Жұмыс күні аяқталған бойдан қолма-қол  қаражаттардың қалдығын банк инкасслоған  кезде:

    • егер айырбас орнының қайтарған шетел валютасындағы сома есепке берілген сомадан асып түссе:

      Дт  1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

        Кт 2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталқ ұзақ позициясы».

      1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол  ақша»

      * егер есепке берілген сома  қайтарылған шетел валютасындағы  сомадан асып түссе:

      Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

      1858 «Банктің шетел валютасы бойыншща  валюталық қысқа позициясы»

      Кт 1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол  ақша»

    • Теңгеде берілген аванс сомасы теңгеде өткізілген қалдық сомасынан асып түссе:

      Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

        Кт 2859 «Шетел валютасының теңгемен  көрсетілген қарсы құны   (валюталық  қысқа ұстанымының)»

      1003 «Айырбас орнындағы қолма-қол  ақша» 

       

        

        

                

                 
 
 
 
 
 

       

        
 
 

Информация о работе Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі