Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 06:08, курсовая работа

Описание работы

17.1. Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды реттеу
17.2. Валюталық шоттарды ашу тәртібі
17.3. Валюталық операциялардың түрлері және олардың есебі
17.4. Халықаралық банктік есеп айырысу нысандары
17.5. Банктің валюта-айырбас операцияларының есебі
Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі.doc

— 267.50 Кб (Скачать)
n="justify">                        3 – клиенттің нөмірі (жеке)

      Онда  шоттың ашылған күні, клиентті атауы, нөмірі және қосымша ақпараттар жазылатын, валюталық шоттарды тіркеу кітапшасы  жүргізіледі. Сол уақытта клиенттерге папка ашылады: онда шот бойынша ақша қаражаттарымен байланысты барлық материалдар жиналатын заңды іс және дербес шот көрсетіледі.

      Жоғарыда  айтылғандай, банктер шетел валютасында  операция жүргізу үшін лицензия алулары  қажет. ҚР Ұлттық банкі лицензиялауды заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырады. Бүгінгі күні шетел валютасында қолма-қол есеп айырысу негізінде бөлшек сауда және қызмет көрсетулермен байланысты әрекет, резиденттердің мемлкет заңдылықтары бойынша құқықтарына сәйкес шетел банктерінде және қаржы институттарында шоттар ашумен байланысты қызметтерге лицензия беріледі.

      Кейбір  шетел валютасындағы операциялар  ұлттық банкке тіркелуі қажет, мысалы, 100 мың АҚШ долларынан асатын ақша пайдасына өтуін қарастыратын капитал  қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың келесі тіркеу тәртібін анықтаған:

    • 180 күннен асатын мерзімге дейнгі алынатын несие;
    • 180 күннен асатын мерзімге резидентердің экспорттық мәмілелерін бейрезиденттердің несиеленуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
    • 180 күннен асатын мерзімге резиденттердің импорттық мәмілелерін бейрезиденттедің несиелеуіне байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
    • Қазақстан Республикасындағы бейрезиденттердің инвестициясы;
    • жылжымайтын мүліктерге мүлікті және басқа да құққтар төлемдеріне аударымдар;
    • бейрезиденттердің 180 күннен асатын мерзімге резиденттердің экспорттық мәмілелерін несилеумен байланысты есеп айрысуларды жүзеге асыру.

      Валюталық операциялар бойынша есеп және есеп беру тәртібі және нысаны    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен статистикалық уәкілетті мемлекеттік органдарының келісіміне сәкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкпен бекітіледі және Қазақстанның заңды және жеке тұлғалары мінетті түрде орындауы керек.

      Республикадағы  балық заңды және жеке тұлғалар Қазақстан  Республикасы Ұлттық банк және өкілетті банктерге олардың сұрауы бойынша, валюталық реттеу заңының талаптарын орындау мақсатында қажетті ақпараттар мен қаражаттарды ұсынуға міндетті.

      Жекелеген валюталардың ұзақ немес қысқа позицияларында бірінші кезекте мүмкіндігі болатын қолма-қол өтелмеген мәмілелермен байланысты олардың қолдағы бар мүмкіндіктері жабылмаған мәмілелерімен валюталық операцияларды жүргізу кезінде банктер әр түрлі тәуекелге бел буады.

      Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы  талаптар мен міндеттернің арақатынастарын білдіреді. Олардың нақы валюта бойынша тең болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есептелінеді, ал тең келмеуі кезінде – ашық.

      Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған тоабыспен басқа сату мәмілесімен жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді.

      Валюталық бағам Банк үшін жағымсыз бағытта  өзгеруі мүмкін болғандықтан ашық валюталық  позиция банктің зиян шегу тәуекелімен  байланысты. Сонықтан да Ұлттық банк, оның мөлшерін шектеп, арнайы бөлек есептілікті тағайындайды.

      Егер  сатылған валюта бойынша міндеттемелер  оған деген талаптар.

      Ашық  валюталық позицияның шегі қатаң  валютадағы банктік жарғылық капиталының 30% құрауы керек, ал ұзақ валюталық позиция жұмсақ валюта бойынша 5% , валюталық нетто-позицияның жарғылық апиталдың 50% құрауы керек.

      Банктік валюталық операциялардың жіктелуі жалып банктік критерийлері бойынша, сондай-ақ тек валюталық операцияларға  ғана тән басқа да белгілері бойынша  жүзеге асады. Снымен, олар келесідей жіктеледі:

    • Қазақстан Республикасы аумағында жасалынатын;
    • Қазақстанның валюталық құндылықтарының шекарадан өтуіне байланысты;
    • Республикадан тыс жерде банктер жасайтын.

        
 

     17.3. Валюталық операциялардың түрлері  және олардың есебі

      Екінші  дүниежүзілік соғыстан кейін валюталық  операциялардың түрлері кеңінен  дамыды. Елуінші жылдардың аяғынан  бастап өнеркәсібі дамыған елдерде  валютаны жедел ұсыну («спот») және мерзімді (форвордтық) мәмілелер кең  қолданылады, соңғылары валюталық  реттеу объектілері болып табылады. Жетпісінші жылдардан бастап биржада фъючерстік және опционды валюталы мәмілелер дамыды. Бұлш алып-сатарлық мәмілені және валюталы тәуекелден сақтандырудың жаңа нысаны. Қолма-қол валюталы операцияларды көп банктер жүеге асырады, мерзімді операциялармен «своп» мәмілелерін негізінен ірі банктер, ал опционды операцияларды ірілендірілген банктер жүзеге асырады. Жедел ұсына («своп») валюталық операцияларды өте кең таралған және төленген мәміле көлемінің 90% құрайды. Олардың мәні мәмілені жасау кезіндеі баға бойынша мәмілеге отыру күнінен бастап екінші күні валютаны алып-сату шартына байланысты банк-контрагенттерінің оны жеткізуінде.

      «Свифт» электрондық байланыс құралының, банкаралық электронды аударымдар жүйесінің мысалы, АҚШ-та ЧИПС, Лондонда ЧАПС және т.с.с., компьютерлі өңдеудің кең таралуы «бүгіннен ертеңге дейін» немесе «ертеңнен келесі күнге дейінгі» бір күнде депозиттерді орналастыру операцияларын тез жүзеге асыру үшін қалады. Осы бағам негізінде валюталық нарықта басқа мәміле бағамдары анықталады: мерзімдікте сол сияқты валютаны жеткізудің қысқа мерзіміндегі бір ретті мәмілеге арнлаған бағам.

      Жедел ұсынмен байланысты валюталық операциялар  валюталық позицияның ең мерзімді элементі болып табылады және белгілі бір  тәуекелді өз мойнына алады. «Банктер «спот» операциясының көмегі арқылы өз клиентерінің шетел валютасындағы қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, капиталдардығ оның ішінде «қапыл» ақөшалардың бір валютадан басқаға ауыстыра отырып төрелік және алып-сатарлық операцияларды жүзеге асырады.

      Шетел валютасындағы мерзімді мәмілелер (форвардтық, фъючесртік) – шарт жасаған кезде тіркелген бағам бойынша шетел валютасының сомасын белгіленген уақыттан кейін алып келуі туралы екі жақтың келісуі арқылы жасалынатын валюталық мәміле. Осы анықтамадан мерзімдік валюталық опеарциялардың екі ерекшелігі байақалады:

    1. шарт жасау уақыты мен мәмілені орындау арасында интервал бар, яғни валтаны жеткізу. Ол мәмілені жасау күнгіне бастап кезең соңы ретінде (мерзімі 1-2 апта, 1, 2, 3, 6, 12 ай және 5 жылға дейін) немесе мерзім шегіндегі кез келген кезең.
    2. операция белгілі мерзімнен кейін жасалса да, валюта бағамы мәміле жасалған кезде тіркеледі.

      «Спот»  және «форвард» мәмілесі бойынша  валюта бағамның арасындағы айырма мерзімді мәміле бағамы төмен кезде, «спот» бағамы бойынша жеңілдік (дисконт – dis немесе депорт – D) ретінде немесе егер жоғары болған кезде сыйақы ретінде анықталады. Сыйақы мерзімі бойынша жасалған мәміледе валюта қолма-қол операцияға қарағанда қымбат айырбасталады дегенді білдіреді. Дисконт, форвард операциялары бойынша валюта бағамы қолма-қолға қарағанда төмен екендігін бідіреді. Жалпы алғанда, жеңілдік немесе сыйақы көлемі «спот» бағамына қарағанда тұрақты. Сондықтан банк аралық нарықта мерзімді мәмілелердің бағамын белгілеу кезінде көбінесе сыйақымен дисконт анықталады. Валютаны жанама белгілеу кезінде дисконт қосылады, ал сыйақы «спот» бағамынан шегеріледі. Сыйақы және дисконт әдісі бойынша емес, сандық белгіде белгіленетін мерзімді мәміле бойына валюта бағамы «аутрайт» бағамы деп аталады. 

      Шетел валютасына жасалатын мерзімді мәмілелер  елесі мақсаттарға жүргізіледі:

    • коммерциялық ақсаттағы валюта айырбасталымы, валюталық түсімдері, валюталық тәуекелді сақтандыру үшін қажет төлемдерді сатып алуы немес сатуы;
    • валюталық бағамының төмендеуіне байланысты болатын шығындардан шекарадан тыс жерде және тікелей және қоржындық капитал салымдарын сақтандыру;
    • бағам айырмасы есебінен аылп-сатарлық пайда алу.

      Валюталық опцион сатып алу-сату (лат. opito, options – таңдау) – келісілген мерзім аяқталғанға дейін мәмілені жасау кезінде белгіленген бағам бойынша белгілі бір валюта көлемін тараптардың бір жағы сатып алу-сату мәмілесі кезінде сатып алу (call мәмілесі – сатып алушы опционы) немес сату (put мәмілесі – сатушы опционы) құқығын таңдауға мүмкіндік беретін белгіленген комиссияны (сыйақы) төлеу шарты кезіндегі келісім. Опцион жағдайындағы мәмелелер банк үшін тәуекелі жоғары, сондықтан ол клиентке аз табысты бағамын белгілейді. опцион бойынша сыйақы мөлшері опциондық шарттың аяқталу күніндегі жедел мәміле бойынша валюта бағамының есебі арқылы анықталады. Опционды мәміелелер сыйақы көлемінен асып түсетін бағамдық ауытқулар кезінде тиімді болады. Негізінен валюталы опцион валюталық тәукелді сақтандыру үшін қолданылады. Опциондармен тек қана банкаралық нарықта ғана емес, сонымен қатар қор және тауар биржасына саудаласады.

      Жетпісінші  жылдардан бастап батыс елдерінде  қалқөымалы валюталық бағамға өту  барысында фъючерстер дамыды. Валюталық фъючерс – мәмілеге отыру кезінде алдын ала белгіленген бағам бойынша белгілі бір мерзімге белгілі бір валютаның стандарттық көлемін сатып ату немесе сату міндеттемесін білдіретін келісім. Стандарттық шарттарда барлық жағдайлар реттелген: сома, мерзім, кепілді депозит, есеп айырысу тәсілі. Фъючерстермен сауда жасау клирингтік үй арқылы жүзеге асырылады: ол әрбір сатып алушы үшін сатушы, ал әрбір сатушы үшін сатып алушы болып табылады.

      Қолма-қол  және мерзімді операцияларға сәйкес валюталық мәміленің әр түрлі  «своп» мәмілесі болып табылады. «Своп» «ағылшын. swap – айырбастау) – бұл белгілі бір мерзімге сол валюталармен бір шартты мәміле бойынша жедел жеткізу жағдайындағы клиент қолма-қол мәміле бойынша сатушы және сатып алушы бағамының арасындағы айырма маржадан үнемдейді. «Своп» операциялары банктер үшін өте қолайлы болып табылады: олар ашық позициясыз өтеді (сатып алу-сату жабылады), онң тәуекелсіз қажетті валютамен уақытша қамтамасыз етеді. «Своп» операциялары тек валютамен ғана емес, сонымен қатар пайызбен де жасалынады. «Своп» мәміле нысанында банктер валюталарды, несиелерді, депозиттерді, пайыздық мөлшерлемелерді, бағалы қағаздарды немесе басқа құндылықтарды айырбастау жүзеге асырады.

      Валюталық операциялармен байланысты нарықтық қызметтің  белгілі бір түрі – бұл төрелік  – пайда табу мақсатында валютаны бір нарықтан сатып алу және сол уақытта оны сату. Төреліктің айтарлықтай маңызды нысаны – олардың қамтамасыз етілу икемділігін жоғарылату үшін пайыздық мөлшерлеме мен форвардтық сыйақы немесе дисконт айырмасы арасындағы қатынастарды банктер пайдаланатын және валюталық айырбас тәуекеліне ұшырамаған пайданы алу жағдайы кезіндегі пайыздық арбитраж.

      «Спот»  немесе «форвард» жағда»йында шетел  валюталарын немесе бағалы металдарды сатып алу шартына банк қол  қоған кезде, келесідей шоттар коррепонденциясы жасалады:

      Дт 6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу – сату бойынша шартты талаптар».

      Кт 6999 «Банктің шетел валютсымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».

      Және  бір уақытта осы өткізбеден теңге  эквивалентінде келесі өткізбе жасалады:

      Дт 6999 «Банктің шетел валютасымен жасалған мәмілелер бйынша позициясы».

      Кт 6905 «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер».

      «Спот»  және «форвард» жағдайында шетел  валюталарын бағалы метелдарды сату шартына банк қол қойған кезде, мынада шоттар корреспонденциясы жасалады:

      Дт 6999 «Банктің шетел валютсымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».

      Кт 6905  «Шетел валютасын сатып алу-сату бойынша шартты міндеттемелер».

      Және  бір уақытта теңгеде:

      Дт  «Банктің шетел валютасын сатып  алу – сату бойынша шартты талаптары».

      Одан  әрі әрбір валюта бойынша дербес шот ашылады. Валюталау күні есебінде нарықтық Валюталық күні – валюталық белгілеудң өзгеруі кезінде талаптар мен міндеттемелерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалаудан пайда алу кезінде баланстан тыс шотта мынадай жазу жасалады:

      Дт  6405 «Банктің шетел валютасын сатып алу – сату бойынша шартты талаптар».

      Кт 6999 «Банктің шетел валютсымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».

      Шығын болған кезде:

      Дт 6999 «Банктің шетел валютсымен жасалған мәмілелер бойынша позициясы».

Информация о работе Шетел валютасындағы операциялар және олардың есебі