Саясаттану сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:00, лекция

Описание работы

Қоғамдық құбылыс ретінде саясат белгілі бір әмбебаптылықпен, көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі – басқаруды атқарады., яғни саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни дінмен, моральмен, өнермен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мем. билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілікдамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.

Работа содержит 1 файл

полит.ответы.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

 

2.17. Жанжалдарды зерттеудегі негізгі теориялар. 

Қақтығыс  – қарсы іс-әрекет мақсатындағы екі немесе одан да көп әр түрлі бағыттағы күштердің өздерінің мүдделерін жүзеге асыру мақсатындағы қақтығыс. Шиеленіске адамзат өте ертеден ақ көңл бөлген.  Мысалы, б.з.б. VII-VI ғғ. Қытай философтары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң(ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеген. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама қарсылықтардың күресінен туады деді. Макиавелли қоғамдық прцестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті.  Гегель қарама қарсылықтардың қайшылқтары мен күресін жщғары бағалады. Әр түрлі конфликтологиялық жолдар жанжалдың табиғатын әр түрлі түолі түсіндіруден шығады. Саяси шиеленіс теориясына көп көңіл бөлген – марксизм. Конфликтологиядағы ең ықпалды теорияларының бірі – Маркстің конфликт теориясы. Маркс пен Энгельс «Коммунистік партияның манифесінде»: «Ерікті мен құл, партия мен плебей, помещик пен крепостной, мастер мен кіші мастер, қысқасы езуші мен езілуші бірін-бірі  ылғи антогонист болып, бірде жасырын, бірде айқын трде үздіксіз күресіп келеді, бұл күрес әрқашан бүкіл қоғам тұрмысын революциялық түрде қайта құру мен немесе күресуші таптардың жалпы жойылуымен тынып отыратын» деген. Олар тап күресі таптық қоғамдардың дамуының заңдылығы және қозғаушы күші деп есептеді. Осы ғасырдың 50 жылдарында амеркандық Льюис козер әлеуметтік шиеленістерге құндлықтар, мәртебе, билік, қаржы қаражат үшін күресті жатқызды. Мұндай көзқарас батыс саясаттарында кең тараған.

Конфликтологияның дамуына үлес қосқан – Г. Зиммель көзқарасы б-ша жанжалдан құтылу мүмкін емес. Олар қарсыласушы таптардың эк-қ мүдделерінің қарама-қарсылығында, жауыздық инстинкт негізінде п.б. 60жж. немістің әлеуметтанушысы Ральф Дарендорф «Қоғамның дау-дамайлық үлгісін алға тартты». Ол «индустриялдық қоғамдағы таптар мен таптық шиеленістер» деген еңбегінде билікті бөлуге байланысты адамдар арасында теңсіздік пайда болады, олар кикілжіңге әкеледі. Соның нәтидесінде қоғамда құрылымдық өзгерістер жасалады. Капитализм біртіндеп терең өзгерістерге ұшырайды. Оларды өздері жүзеге асырады, сондықтан К. Маркс айтқан революциялық төңкеріске жол берілмейді деген. Оның ойы б-ша жанжал себептерін жою мүмкін емес, сондықтан жанжалдарды институционалды жолмен шешу керек деген. Козырь пікірінше жанжалдардың себебі матер-қ қажеттіліктердің, оның ішінде ресурстардың шектеулігі, қоғамда тағдыр жазған әлеум-к теңсіздікті, қоғам мүшелерінің әрдайым псих-қ қанағаттанбаушылығы және осыдан шыққан жеке тұлға мен топтар арасындағы шиеленісі.

Американың  әлеуметтанушысы Кеннет Баудлинг «Шиеленістің жалпы теориясын» жасады. Оның ойынша әлеуметтік шиеленістің мәні адамның қалыптық реакциясына байланысты. Қандай кикілжің болмасын, тітіркендіргіштер, қоздырғыштардың әрекеттері арқылыреакцияларды, құндылықтары және адамдардың құштарлықтарын өзгертуге болады. Соның арқасында қоғамдық құрылыс түбірімен өзгріске ұшырайды.Жалжалдар туралы ең басты теорияларды қарастыра келіп, оның қоғам өмірінде ылғи болып тұратындығын көреміз.

 

2.18. Саяси мәдениет: анықтамасы, түсінігі, факторлары. 

Саяси мәдениет саяси жүйенің  сипатын ,қазіргі саяси тәртіптің мәнін ,қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекетінің ерекшеліктерін ,саяси процестің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді.20-ғ.50-60жылдары  Г.Алмонд, Ерба ,Л.Пай деген американ зерттеушілері мен ол-ң шәкірттері мәдениетке де, саясатқа да қатысы бар өзгеше қоғамдық құбылыс ж-де бәрнеше жұмыстар шығарды.Олар кейін «саяси мәдениет» деген атпен кең таралды.С.м. тұжырымдамасын белгілеп,нег.пікірлерін жасауға  Вебер, Дюркгейм,Парсонс та елеулі үлес қосты.Жалпы ғыоымға «с.м.» ұғымын енгізуші деп 18 ғ неміс ағартушысы , философы Иоганн Гердерді санайды.С.м. құрылымы жөн.әртүрлі пікірлер бар:

-Алмонд,Верба  –с.м. –адамның психолог.бағдар-ң  жиынтығы. Басқалар-саяси қазынаның  ,нанымның ,нұсқаудың жиынтығы .

Р.Карр, Бернстейн-с.м.-ке саяси идеялар мен әлеум.тәжірибе ,адам-ң саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді.Саяси мәдениет деп-белгілі бір қоғамға не әлеум.қоғамдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттің ұқсастық жиынтығы.Қызметтері:

  1. Танымдық-қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып-білуге,субьектіні саяси салада табысты жұиыс істеуге керекті біліммен,қоғ.басқару-ң әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
  2. Реттеушілік-саяси жүйенің қалыпты жұмысын,дамуын,саналы қоғ.тәртіпті қамт. ету,әлеум-таптық ұлттық қатынасты реттеу.
  3. Тәрбиелік- әркімді қоғ-саяси қызметке,саяси белсенділікке ынталандыру,төзімділікке,қоғам алдынды жауапкершілікке баулу.
  4. Біріктірушілік-қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқ. Әлеум.топтар ,таптарды біріктіру ,бұқараны мемл.және қоғ. Жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.
  5. Қорғау-қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды сақтау.
  6. Сабақтастық-саяси тәжірибені 1 ұрпақтан 2-ұрпаққа жалғастырып,саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамт.ететін тарихи сабақтастық.

Құрылымы:

  1. Қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер.
  2. Саяси қазыналар мен құндылықтар
  3. Адамның мемл-ке,саяси ұйымдарға,партияларға қатынасы.
  4. Саяси бағдар ұстау.
  5. Әдет-ғұрып,жүріс-тұрыстың да орны зор.
  6. С.м. ерекше белгісі- саяси рәміздер.
  7. Саяси жүйенің және оның институттарының қызмет етуі кіреді.

 

2.19. Азаматтық қоғам: түсінігі, құрылымы, қызметтері.

Азаматтық қоғам деп мемл-к құрылымнан тыс  қалыптасатын әлеум-к эк-қ және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын  айтады. ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен оларға берілуін және орындалуын өздері тексереді. Азам-қ қоғам құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, кооперациялар, ассоциациялар, қоғ-қ ұйымдар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық, т.б. бірлестіктер), азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді. Азаматтық қоғамда адам-ң эк-қ, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік береді. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Адам-ң жалпы құқықтары сақталады, бұзылмайды. Саяси өмірде аазм-қ қоғам барлық азаматтарға мемл-к және қоғ-қ істерге еркін қатысуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адам-ң халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай азам-қ құқықтары жүзеге асырылады. (Ұлт-қ, этник-қ, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері б-ша қандай да болсын алалаушылыққа жол бермейді. 1. жеке тұлға мен азам-қ абыройы боп саналатын пәтер үйі мен мүліктері, мамандық таңдау еркіндігі, телефонмен сөйлескен сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді түрде қорғалады. 2. адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді. 3. азам-қ құқықтар сот органдары мен қоғ-қ ұйымдар жағынан толық қорғалады.) азаматтық қоғам матер-қ, мәдени жоғары дамыған кезде құқықтық мемл-ке айналады. Құқықтық мемл-т деп демокр-қ жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемл-к құрылысты айтады.

 

2.20. Конституцияның құқықтық жүйедегі мәртебесі.

Конституциясының  түсінігі, мәні және мазмұны.  Конституция – бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылы-сын, саяси және әлеуметтік-экономикалық  жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемле-кеттің негізгі заңы болып табылады. Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады.  Конституцияның негізгі мәні мынада: - Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегені-міз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заң-нама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәй-кес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық акті-лер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды; - сондай-ақ, Конституция – бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция – бұл заңдар үшін заң болып табылады.

Конституция – конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның келесідей белгілері оны өзге құқықтық актілерден айырады: - ерекше жолмен қабылданылуы. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақ-стан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.   - ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғала-тын акт болып табылады. Конституцияға сәйкес оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Президентке, конституциялық қадағалау органы – Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады. - қоғамның барлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъек-тілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс-тұрысын рет-тейді, т.б. - конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән. күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтыру-ларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген. Конституцияға құрылтайшылық сипат тән. Конститу-цияда басқа актілердің көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді; Конституция келесідей заңи қасиеттеріге ие: 1. Конституцияның жоғарылығы – оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемлекеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс; 2. жоғары заңи күші – мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек;  3. тікелей қолданылуы. Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді. 4. бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы – Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады; 5. базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды. Конституциясының заңи қасиеттері. Конституция келесідей заңи қасиеттеріге ие:  1. Конституцияның жоғарылығы – оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемлекеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс; 2. жоғары заңи күші – мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек;  3. тікелей қолданылуы. Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді. 4. бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы – Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады; 5. базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды.

Конституцияның  белгілері

Конституция – бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының  мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін  және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын  нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылы-сын, саяси және әлеуметтік-экономикалық  жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемле-кеттің негізгі заңы болып табылады.Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады.

Конституция – конституциялық құқықтың негізгі  қайнар көзі болып табылады. Конституцияның келесідей белгілері оны өзге құқықтық актілерден айырады:- ерекше жолмен қабылданылуы. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақ-стан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.  - ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғала-тын акт болып табылады. Конституцияға сәйкес оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Президентке, конституциялық қадағалау органы – Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады.- қоғамның барлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъек-тілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс-тұрысын рет-тейді, т.б.- конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән. күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтыру-ларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген.

 

2.21. Саясаттанудың негізгі зерттеу әдістері мен тұжырымдамалары.

Саясаттану  саяси құбылыстармен өзгерістерінің мән мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. әдіс- деп  зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға: салыстырмалы жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормотивтік және т.б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс- әртүрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымдардың құрылымдардың бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтікөмірдегі орнын, қызметін айналағы ортамен, басқа құбылыстарменбайланысты зерттейді. Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің эконом-қ , әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи әдіс  саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті , заманына қарай, бұрынғы,қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді, олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып білуді талап етеді. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс әрекетін,белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін қалай ұстауын талдауға негізделеді. Нормотивтік әдіс қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән  ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтынсаяси құрылыстың түрін іздейді.  Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтінімізсаяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге , олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Саясаттану бағалау қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс әрекеттергежәне оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялықсаяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік басқару қызметін де атқарады.  Оның ерекшелігі қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс.

Информация о работе Саясаттану сұрақтары