Саясаттану сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:00, лекция

Описание работы

Қоғамдық құбылыс ретінде саясат белгілі бір әмбебаптылықпен, көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі – басқаруды атқарады., яғни саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни дінмен, моральмен, өнермен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мем. билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілікдамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.

Работа содержит 1 файл

полит.ответы.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

      XVIII ғ. аяғы XIX ғ. бірінші жартысында Бат. Еуропада капиталистік мәдениет екі қозғаушы күш әсерімен дамыды: Ұлы Француз революциясы және өнеркәсіп өзгерістері. Бұл кездегі буржуазиялық саяси идеологияның басты бағыты либерализм болды.

 

1.14. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктері.

Мемлекет  қоғамның саяси жүйесінің басты  элементі, саяси институттарының  маңызды бөлігі. Өйткені, саяси өкіметтің  қызмет атқаруы мемлекетпен тікелей байланысты. Мемлекет дәулетті таптың саяси, экономикалық үстемдігін нығайту құралы болып келеді. Мемлекетті адамдар заңды деп таныған және оларды әлеуметтік тұтастыққа біріктіретін билікке ие ел деп атауға болады. Мемлекеттің халықаралық субьектісі болуы үшін өзіне лайықты сапасы болуы керек. Ол сапа мынадай үш элементтерден тұрады:

мемлекеттік жер аумағы;

  • мемлекеттік халық;
  • мемлекеттік өкімет;

Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі ерекшеліктеріне  оның негізгі функцияларын жатқызуға  болады:

Мәжбүрлеу функциясы – бұл жерде бірінші олрынға мемлкеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін  және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады.

Келісімдік  функция – мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі.

Ұйымдастырушылық  функциясы – мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдастырушысы ретінде қызмет атқарады. Мемлекеттің функцияналдық ерекшелігіне этатизм жатады.

Қорғау  функциясы – мемлкет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды.

Мемлекеттің негізгі белгілері: 1. Мемлекеттік билікті іске асырушы органдар мен мекемелердің ерекше жүйесінің болуы.

2. Мемлекетте  қалыптасқан белгілі бір нормалар  жүйесін нығайтатын құқықтың  болуы. 3. Сол мемлекет заңдарының  күші жүретін біртұтас жер  аумағының болуы. Әртүрлә мем-ң  маңызы оның ішкі саяси құрылысына қарай бағаланады. Ал саяси құрылысы д\з – бұл мем-к өкімет билігін жүргізу әдістерінің біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демок-қ құқы мен бостандығын іске асыру дәрежесі, өкіметтің өз қызметінің құқылық негіздеріне қатынасы, ресми конс-қ және құқылық нормалардың нақтылы саяси өмірге сәйкестігі сияқты мәселелерді қамтиды.

 

1.15. Саясаттанудағы конфликттер түсінігі мен қызметі. 

Саяси жанжалдар деп- қарсы іс- әрекет  мақсатындағы екі немесе одан да көп  әртүрлі бағыттағы күштердің өз мүдделерін іске асырудағы қақтығысы. Сонымен қатар, жанжал- әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады. Әлеуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар:

  1. Адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі, әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі;
  2. Қажеттілік, мұқтаждықтың, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады;
  3. Белгілі бір әлеуметтік , этникалық, діни, т. б. Бірлестіктердің мүшесі саналуы себебінен;Жанжалдар өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Жанжалдар қоғам өмірінде маңызды роль атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған шиеленіс адамдар, топтар арасында пайда болған дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Шиеленіс байқалған сәттен бастап, шиеленісті шешу керек. Құтылудың екі жолы болатын. Біріншісі, қоғамның таза даму қисынына сәйкес келмегенді өз арасынан аластап, сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келді. Екіншісінде, керексіз жағдайды, құрылымды тура басып- жаншып құрту, жою арқылы құтылғысы келеді. Сондықтан қазір көбінде шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар.
  4. Шиеленісті мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу
  5. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.

 

1.16. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлері.

Мемлекеттің құрылысы – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі.  Әр мемлкеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекетттерге бірдей тән органдар болады.

Мемлкет құрылысына қарай да ерекщеленеді. Мемлкет құрылысы орталық үкімет пен жергілікті биліктің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық (біртұтас) және федеративтік (заң бойынша біршаме ерікті емлекеттер одағы, республикалар, штаттар,.), конфедеративтік  (мемлекеттік құқылық) болып бөлінеді. Әр мемлкеттің маңызы оның ішкі саяси құрылысына қарай бағаланады. Саяси құрылысы дегеніміз – мемлекеттік өкімет билігін жүргізу әдістерінің біртұтас жүйесі, жеке адамдардың демократиялық құқы мен бостандығы іске асыру дәрежесі, өкіметтің өз қызметінің құқылық негіздеріне қатысты, ресми конститутциялық және құқықтық нормалардың нақты саяси өміргүе сәйкестігі. Бүгінде әлемде демократиялық, авторитарлық, диктаторлық, фашистік, т.б. саяси құрылысқа негіздерген мемлекеттер бар. Саяси бағыты тұрғысынан олар агрессияшыл, бейбітшіл, консервативтік, либералдық, бейтарап болып ажыратылады.

Мемлекеттің басқару түрі жоғарғы үкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.Монархия - мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі, жеке дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия – жоғары үкімет билігі бүтіндей, тұтас формальды түрде де шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың бұл түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конститутциялық монархия – монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Республика – мемлкет биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқару түрі.Республикалық басқару түрі: 

    • Перзиденттік
    • Парламенттік
    • Аралас болып бөлінеді.

 

1.17. Орта ғасырдың саяси көзқарастары.

      Саяси ой тарихындағы  орта ғасырдағы феодалдық қоғамның орны ерекше.Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті.Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының біртұтас христиан мәденитінің негізі болды.Орта ғасырда Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің папалық және ақсүйек феод-ң арасындақоғамдағы басқарушы роль үшін қиян-кескі болып тұрды.Бұл кездегі саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы мен дамуына орта ғасыр философиясының практикасы және схоластика деп аталған ілімдері деедәуір ықпал етті.Схоластика ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізудің заңдылығын дәлелдеуге тырысты.Схоластиканың басты мәселесі Құдайдың ақиқат екендігі мен жанның мәңгіліктігін дәлелдеуге ұмтылды.Дінге көзқарастарын қалыптастыруға көп еңбек сіңірген тұлғалар:А.Августин,Ф.Аквинский,Макиавеллиді жатқызуға болады.Августиннің ойынша,Құдай адамға еріктің еркіндігін береді,яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен  өмір сүруге мүмкіндігі бар.Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды.Сондықтан патшалық билік жоғарғы діни билікке бағынуы керек,оның түсіндіруінше,аспанда құдай,жерде рим папасы билеу керек.Осыған ұқсас көзқарас мұсылман дінінде де орын алды.Ислам саяси билік дін басыларының  қолында болуын көздеді.Құранның талабы бойынша,қай мұсылман болмасын,Аллаға,оның өкіліне және билік иесіне бағынуы керек.Әйгілі араб ойшылы Ибн Хальдун-ң ойынша,Мемлекеттің  пайда болуын , дамуын және құлауын табиғи заңдылық деп санайды.Ол мемл-к басқарудың  3 түріне тоқталып сипаттама береді.Олар «табиғи» монархия,»саяси» монархия және халифат. Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері.  Батыс Еуропада феодалдық  құрылыс 1 мың жылдан  астам уақыт  дамыды. Үш тарихи  кезеңнен  өтті. Біріншісі Y ғасырдың соңы мен ХI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық  кезең. Екінші кезең гүлдану дәуірі ХI  ғасырдың  ортасынан  ХY  ғасырдың  аяғына  дейін созылды. Ал Феодализмнің  құлдырау  дәуірі ХY  ғасырдың  соңынан ХYI  ғасырдың  аяғына  дейінгі уақытты  алды. Аталған  дәуірге  догматизм  мен схоластика  тән еді. Схоластар жарыссөзге ерекше мән қойды,  рационализмге  жол ашты. Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің  көрнекті өкілдерінің  бірі  орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский болды. (1225-1274 жылдар). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның  қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады.  Аквинский Аристотельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің  үш мынандай  элементін  енгізді: 1)    мәні.2)    формасы (шығу тегі).3)    қолданылуы.Биліктің мәнін ол құдайдан  деп түсіндірді. Алайда  қолында билік  бар адам  құдайдың өсиетін  ұмытып, зұлымдық жасауы да мүмкін дейді. Ондай тиранды халықтың тақтан түсіруі де мүмкін.Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық  құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады. Ол заңның ерекше  теориясын  жасап та шығарды. Барлық  заңдардың  негізі алла-тәңірден деген пікір айтады. Ал табиғи заңдар болса,  содан негіз  алады. Адамдық заңдар да содан  шығады. Адамдық  заңдар  туралы түсінікті енгізгенде Аквинский феодалдық заңдар туралы айтады. Оның ілімінде Інжілден негіз алатын  құдайшылдық заңдары да бар. Өйткені заңдар зұлымдықтың атаулының  баршасын бірдей жоя алмайды екен.

Бюгерлік  еретиктердің көрнекті өкілдері қатарына Оксфорд  университетінің  дін профессоры Джон Уиклиф (1324-1384), чех  теологы Ян Гус (1371-1415) жатады. Олар басшылық  еткен діни  қозғалыстар ұлт-азаттық  күреспен қабаттасып жатты. Аталған ойшылдар  «мыңжылдық патшалық» пен теңдік орнап,  ортақ істер халықтың  араласуымен  шешіледі деп ойлады. Бірақ олардың  іс-әрекеттерін  феодализмнің  рухани  және зиялы өкілдері жоққа шығарып отырды.

Араб  Шығысы мен Орта Азиядағы және  Закавказьедегі саяси  ой-пікірлер.  Бұл жерлерде феодалдық  қанаудың кесірінен азаттық  ой-пікірлер қалыптаса  бастады. Өзекті мәселесі  адам теңдігі мен бостандығы болды. «Құдайға құлшылық ету» түрінде ислам пайда  болды. Алайда исламда қайшылықтар да жоқ емес. Құран жекеменшікті қорғаудың  қажеттігін айтады. Құранның  идеологиясы -  құдайға бас ию мен бағыну. Ислам сунит пен шийт ағымына бөлінеді. Ислам саясатын  дәріптеушілердің  бірі Ибн Рушд (1126-1198) Аристотельдің  материалистік  бағытын  дамытты. Ғылыми ілімдер негізінде қоғамдық  өмірді құруға болады, биліктен діншілерді, құдайшылдарды аластатуға  болады дейді.Орта Азиялық  саяси ой-пікірлер тіпті III-Y ғасырларда алғашқы феодалдық қатынастардың дамуымен қатар қалыптаса  бастады. Y  ғасырдың  соңы мен YI  ғасырдың  басында халықтық маздакизм  қозғалысы өрістеп,  зұлымдық пен мешеулікке  қарсы игілік пен азаттықтың күресі басталды. Қозғалыс көсемі Маздак жекеменшікті зұлымдықты тудыратын  фактор деп түсіндірді. Маздакизмнің басты  әлеуметтік-саяси идеясы - әлеуметтік теңдікті орнату. Орта Азиядағы барлық антифеодалдық  қозғалыс маздакизм туы астында өтті.Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) «Тамаша қала тұрғындарының  көз-қарастары туралы» деген саяси трактатында  мемлекеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарастырылады. Мемлекет  адамдардың өз қажеттерін мүмкіндігінше жақсы құру мақсатымен бірігуі арқылы қалыптасады дейді. Қысымға, өктемдікке негізделген, сыңаржақ адам басқарған мемлекетті айыптады. Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдердің дамуы. YIII-IХ  ғасырларда Шығыс  Еуропада славян  мемлекеті құрылды. Киев Русінің  басты  кезеңі 988 жылы христиан дінін қабылдаудан бастау алды.  Жаңа діннің  енуі мемлекеттің  нығаюна себепкер болды. Бірорталыққа бағынған орыс мемлекеті тұсындағы ой-пікірлер  Спиридон-Савваның «Послание о Мономаховом венце» деген жылнамада көрініс тапқан.  Онда орыс  княздері Рим патшасы Августен  таралады деген идея бар. Ал «Послание  о князьях Владимирских» атты  шығармада орыс княздері жалпы Рим патшасынан негіз алатыны айтылады. Орыс мемлекетінің  даңқының артуына  «Москва – үшінші Рим» теориясы көп қызмет етті. Аталмыш теорияны  дәріптеген Псков  монахы Елизаров болды.  Ол тарих  тұтасымн құдайдың  құдыретімен дамиды деген пікірде болды. ХYI – ғасырда шіркеулік, әсіресе, монастырлық жериелік туралы мәселе  өткір қырымен қойылды.  Өйткені  пайдалы жердің үштен бірі шіркеудің қарамағында болған.  Патша үкіметі  шіркеуді әлсірету мақсатымен  жерді мемлекеттің қарамағына бере  бастағанымен  үкімет пен шіркеу уақытша ымыраға келеді. Феодалдық езгіге қарсы пікірлер ең алдымен ХYII ғасырдың  басындағы И.Болотников бастаған шаруалар соғысынан көрініс тапты. Ерестер қозғалысы да дамыды. Еретиктер  Матвей Башкин мен Феодосий  Косойдың  саяси  ой-пікірлері осы кезеңге жатады. Башкин холоптыққа  қарсы шықты,  мемлекеттің шіркеуге бағынбауын айтты. Осы ойлары үшін ол өртеліп жіберілді. Екінші бір еркін ойшыл Косой холоп  болған. Қуғынға ұшыраған соң шетелге қашып кеткен.  Онда монахқа  айналып, «өзінің жаңа ілімін» уағыздады. Дегенмен оның көзқарасында радикализм  көбірек. Ресми шіркеуді мойындамады, шіркеулік жериелікке қарсы болып,  «христиан қоғамын» құру идеясын насихаттады.  Жалпы ілімі плебейлік деп есептелді.

 

1.18. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптері.

      ХХғ соңғы ширегінде әлемнің көптеген елдерінде жаңа, ерекше белгілері бар мем-р қалыптаса бастады. Осы белгілер құқықты мем-ң сипатын құрады.«Құқықты мем-т» дегеніміз – демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлкеттік құрылысты  айтады. Қоғамның саяси әлеуметтік өмірінде, оның барлық аясында құқық жоғары орында тұру керек дегенге мегзейді. Бұл әрбір құқықты мем-ң басты, келелі принципі болуы керек. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы – негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болуы керек. Мәселен, 1993 ж 28 қаңтарда қабылдаған Конституциясында  Қазақстан өзінің демократиялық, құқықты мемлекет деп жариялады. Конституциялық кепілдіктерді, заңның, сонымен бірге құқық үстемдігін қамтамасыз етіп отыру Конституциялық сотқа жүктелген. Құқықты мемлекет адамдардың бостандығы мен теңдігін кісінің туа біткен қасиеті деп жариялайды. Мемлекет барлық құқылық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқын өктемдіктен қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адамның құқына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының, оның ары мен адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғап, кепілдігін қамтамасыз ету құқықты мемлекеттің  басты принципі. «Әлеуметтік мемлекет» дегеніміз – елдегі әлеуметтік өмірді ұйымдастыруы, халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысуы. Мәдени тәрбиелік салада мемлкет халыққа білім беру, оқу ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.

 

1.19. Авторитаризмнен (тоталитаризмнен) демократияға өту.                 Демократизацияның үшінші толқыны ұғымы жайында. 

      Тоталитарлық  және авторитарлық саяси тәртіптен  демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі болады. Екінші дж.соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда  буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШтың әскер күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда мынандай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық экономикалық , саяси  және моральдік,  психологиялық қолдауының, сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты.  Қазіргі шығыс еуропа елдері мен бұрынғы кеңес одағы  республикалардың демократиялық  тәртіпке өту барысында  батыстың көмегіне сенуге болады. Бірақ ол үшін бұл елдер батыстың талабына  сәйкес дамуы шарт. Демократиялыққа өтудің негізгі жолдарын атап өтсек:

Информация о работе Саясаттану сұрақтары