Саясаттану сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:00, лекция

Описание работы

Қоғамдық құбылыс ретінде саясат белгілі бір әмбебаптылықпен, көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі – басқаруды атқарады., яғни саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни дінмен, моральмен, өнермен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мем. билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілікдамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.

Работа содержит 1 файл

полит.ответы.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

Жалпы, Әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтарды мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай ел халқының жіктелуін бейнелейді. Әлеуметтік топ – бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Қазіргі қоғамдық ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшеліктік, қоныстық, тұтынкшылық, діни, біліми және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтардың үлкен, орта және кіші болып бөлінуі методологиялық мәнге ие.

1) Үлкен  әлеуметтік топтарға ел халқын  қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни  олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік  жіктер, жыныстық, жас ерекшеліктік, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси  ықпалға ие болғандықтан әр  түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.2) Орташа топтар өндірістік, территориялық бірлестіктер арқылы жасалынады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестіктің болуы мүмкін. Кіші топтарға ең бірінші мүдделерінің ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақта немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, кіші өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтардың түрлері. 3) Кіші топтар үшін адамдардың байланыстары тән, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды тұлға аралық, моральдық-психологиялық байланыс формалары реттейді. Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясаттың субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше. Субъект (лат. Сөзінен «жату») деп белсенді әс-әрекет жасаушы, санасы бар жеке адам н-е әлеу-к топты айтады. Объект(лат. Сөзінен «қою») деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеттері неге бағытталса, соны айтады. Жалпы объект зерттелген затты, мыс: саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады.  
1.30. Саяси идеология: түсінігі, құрылымы, қызметтері.

Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі  – саяси идеология. «идеология»  гректің идея-бейне және логос-білім  деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке жранцуз ғалымы, философы А.Дестют де Траси кіргізді. Идеология әртүрлі – саяси, құқықтық, этикалыұ, діни, эстетикалық, философиялық болып келеді. Сонымен қатар, қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір аадамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология – жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі – саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекеттә бағыттайды. Қоғам өмәрәнде идеология маңызды родді атқарады:

  1. Идеологияның танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді;
  2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогрес, тұлға және билік т.б негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыи бағдар көрсетеді;
  3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;
  4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекеттерді түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
  5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік, радикалдыұ, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық, т.б болып бөлінеді.
 

 

2.1. Саяси тұрақтылық пен саяси тәуекел ұғымдары.

 

2.2. Саяси мәдениет - қоғамдық-тарихи дамудың құрамды бөлігі ретінде

Саяси мәдениет- адам мінез- құлқына және әр түрлі ұйымдардың іс-қимылына, олардың  ішкі және халықаралық сасаттарының құбылысына қоғамда үстемдік ететін саяси режим мен жүйелерді бағалауға ықпал етеді, саяси процесс динамикасы мен бағытын көп жағдайда түсіндіріп отырады.

Саяси мәдениет көп қатпарлы тарихи құбылыс. Ол әрбір тарихи кезеңдерден саяси  мәдениеттің фундаментальді ерекшеліктерін қамтиды. Осы тұрғыдан саяси мәд. Құл иеленушілік кезеңдегі, орта ғасырдағы, жаңа дәуірдегі және қазіргі кезеңдегі саяси мәд.  деп құрылымдық қабаттарға бөлуге болады. Бұл қабаттар саяси мәдениеттің терең қойнауында жатқан жарамсыз, қатып қалған құрылымдар емес, әрине олардың ішінде терең қорда жатқаны және қызмет етіп саяси мәдениетке ықпалын тигізіп отырғандары да, қазіргі саяси жағдайға сай өзектендірілген және оларда белгілі бір саяси ізденістер жүзеге асатындары да бар. Саяси мәдениет қоғамдық қатынастарда жаңарып қайта құру, тарихтың саяси құндылықтарды жасау мен  саяси рухани мұраны игерудің біртұтас процесі.    Сонымен қатар, Мәдениеттің әрбір түрі әрекет пен сананың тығыз бірлігі болып табылады. Саяси мәдениет те бұл заңдылықтан тыс қала алмайды. Саяси мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаты адамдардың пайдалы білім (өкімет және саясат, мем-т құрылымы, оның принциптері, қызмет механизмі, қоғамды, мем-ті басқаруға қатынасу формасы мен әдістері т.б. туралы) алумен жетілмейді. Оның мақсаты – адамның мем-к және қоғамдық істерге саналы, мәд-ті қатынасын, алған білімін Отанына пайдасы тиетіндей етіп қолдана білуін қалыптастыру. Саяси құндылықтың нұсқаларын қалыптастыруда саяси дәстүрлер маңызды роль атқарады. Дәстүрлер арқасында біздің алдыңғы ұрпақтардың саясат саласындағы әлеуметтік тәжірибесі жетіп отырады. Ол саяси мәд-т бағалықтары мен нормаларында және оны таратуға және дамытуға арналған тарихи қалыптасқан саяси және идеологиялық мекемелерде көрінісін табады.

 

2.3. Партиялар құрамы  және электораты. 

Саяси партияларды жіктеп и жүйелеудің көптген белгілері мен өлшемдері бар.Мыс:инстуционалдық тәліс партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады,либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады,марксистер таптық белгілеріне айрықша мән береді.Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі фр.ғал.М.Дювержже 20 ғ-ң 50ж-да сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық и бұқаралық  деп 2 бөлді.Кадрлық деп саны аз партияны айтты.Бұқаралық-оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары,мүшелері болмайды.Саяси жұйедегі рөлі мен ұйымдасуына байланысты саяси партияларды 4 түрге бөледі:1 Авангардттық2 Сайлаушылар партиясы3Парламенттік партия 4Қауымдық партия Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеп жүр.Коммунистік партия,социал –демократиялық,буржуазиялық-демократиялық,консервативтік партия,фашистік партия.Партияларды басты идеологиялық бағытына қарай партиялардың жұмысы әдетте құқықпен не Конституциямен реттеледі.Себебі,олардың жұмысы саяси жүйенеің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек.Оларға жататындар:қоғамдық өмірдде партияның жұымыс істеу жағдайын белгілеу;сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы;мемлекеттік бюджетпен партиялардың қызметін қаржыландыру.Бірқатар Батыс елдерінде 60-70ж-дан бастап саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады.Кей елдерде заң бойынша партиялардың сайлау науқанына арнайы қаржы бөлінеді.Бұл конституцияда көрсетілген міндеттерді  орындау и қиянат етушілікке жол бермеу.Бірқатар елдердің заңдарында радио мен  теледидар кеңінен пайдалануға мол құққы берілген.Мұның бәрі сайлау науқанының и жұмыс бабында партияларға тең жағдай қамтамасыз етілгендігі деп саналады.

 

2.4. Қоғамның саяси мәдениеті мен субмәдениеттердің арақатынасы.

Қоғамда мәдениетпен қатар саяси субмәдениеттер де өмір сүреді. Саяси әдебиетте субмәдениет қоғамда басымдық ететін мәдени бағдарлардан өзге саяси бағдарлар жиынтығы деп қаралады. Әрбір субмәдениет өзіне қоғамда басымдық ететін саяси мәдениетті сипаттайтын жалпылықты, сол сияқты осы мәдениетті екшелейтін өзіндікті де ендіреді. Өзіндік субмәдениеттердің көтерушісі – иесі әртүрлі әлеу-к – кәсіби, ұлттық, діни, жастық, аймақтық т.б. топтар болады. Саяси мәд-ң бір тұтастығы қоғамның тұрақтылығын күшейтумен бірге көптеген саяси процестерді барынша сенімділікпен болжап отыруға көмегін тигізеді. Қоғамның әлеу-к әрқилылығы салдарынан егер де қоғам дамуының базалық құндылықтары, мұраттары, мақсаттары түбегейлі консенсустың жоқ болуымен сипатталатын болса, онда субмәдениеттер қоғамдық-саяси өмірдің тұрақсыздану көзіне айналуы мүмкін. Мұндай жағдайда қоғам сәйкестенбейтін саяси бағдарлары бар топтарға жарылады. Оның аса маңызды белгісі халықтың әр түрлі бөлектерінің жергілікті немес аймақтық мүддені ұстанатын топтар мен институттарға іші тартатындығы. Сонымен бірге жалпы мем-к институттарды мойындауы әлсіз, ия болмаса жоқ болуы мүмкін. Субм-р бір-бірінен принциптік сол сияқты маңызы төмендеу сипаттар мен бояулармен ажырасады. Мұндай азаматтардың саяси бағдарламаларында және әрекеттеріндегі маңызды емес айырмашылықтарда қалыптасады. Бірнеше саяси суб-ң болуы үйреншікті құбылыс болғандықтан қоғамды олардың бірге болуы және олардың иегерлерінің мүдделерін үйлестіру мәселесі болады. Бұл мәселені тек жаңа демократиялық саяси мәд-ң қалыптасуы ғана шеше алады.  Жұртшылықтың саяси мәдениетінің жоғары болуы үшін мемлекет ел ішіндегі және басқа елдегі  болып жатқан өзгерістер, жаңалықтар жөнінде жан-жақты хабардапр етіп отырғаны орынды.  Сонда ғана елдің азаматтығы бұл мәселелер жөнінде жетік біліп, дұрыс баға бере алады. Көлемді және сенімді мәлімет алып тұруы, дамыған хабарламалық жүйенің болуы – қоғамның саяси мәдениетінің, саяси қатынастарын қаншалықты дамығандығын көрсетеді.Мемлекет – белгілі аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі. Мемлекеттің ерекше өкімет аппараттары болады. Ол бүкіл қоғам атынан ресми істерді жүргізуге құқылы. Оның заңдарын сол елдегі адамдардың бәрі де сыйлайды ж/е орындауға тиіс. Егер орындамаса, оның ырықсыз көндіруге қақысы бар. Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.Мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсіліне ж/е құрылысына қарай басқару түрі ж/е мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді. Басқару түрінің өзі  монархиялық ж/е республикалық мемлекет болып 2ге бөлінеді. Біздің ашып көрсететін мемлекет түрі – монархия. Монархия деп – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. (Монарх  мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) ж/е конституциялық болып 2ге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды ж/е қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Арабиясы, Швеция, Жапония ж/е т.б. елдерде сақталған.   

 

2.5. Саяси жүйелердің түсінігі, құрылымы және қызметтері. 

Жүйе  ұғымын ХХғ. 20жж. ғылыми айналымға алғаш  енгізгентнеміс биологы Л. Фон Борталанфи. Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету  үшін пайдаланды. Саяси жүйе д-з – қоғамдағы билікті жүзеге асырудың және ұйымдастырудың принциптері, құқықтық және саяси нормалардың мемл-к және қоғ-қ ұйымдардың бірлестіктерінің жиынтығы. Саяси жүйе құрылымдары: 1) институционалды (мемл., қозғ-р, партия, шіркеу, т.б.); 2) функционалды(саяси қызметтерінің, бағыттарының формалары мен әдіс-тәсілдері); 3) реттеші (конституция, заң, әдет-ғұрып, т.б.); 4) коммуникативті (саяси жүйенің тұратыниэлементтерін байланыстырады). Зерттеушіле саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін айтады: 1. саяси институттар; 2.саяси қатынастар; 3. саяси ережелер; 4. саяси мәдениет. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеу-к топ-р, тап-р, ұлт-р мем-р арасындағы саяси өзара қат-ды реттейтін ұйым-р мен мекеме-ң жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызмет атқарады: 1)Белгілі бір әлеу-к топ-ң н/е көпшілік халық-ң саяси билігін қамтамасыз ету. Ол билік-ң тәртіпке келтірілген ереже-де, қалып-да бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар б/са, оларға тиісті шара қолданылады. 2) Саяси жүйе қоғ-қ қат-ды реттейді, жекелеген әлеу-к топтар н/е көпшілік халық-ң мақсат-мүддесіне сәйкес адам-ң тіршілік әрекеті-ң әр түрлі сала-н басқарады. Ол әлеу-к институт-р қызметі-ң мақсат-н айқындайды, солар-ң негізінде ол-ды орындау-ң саяси жобаларын жасайды. 3)Саяси жүйе қаоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызметтң атқарады. Ол ортақ әлеу-саяси мақсат-р мен құндылық-ң айналасында барлық әлеу-к топтар, таптар, жік-ң белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4)Экон-ң қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құрал-на меншік түрлерін құқ-қ тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді. 5)Қоғамды, оның мүше-н ішкі ж/е сыртқы бүліндіргіш әрекет-ден қорғау: ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан ж/е т.б. Саяси ж құрылымы: негізгі 4 бөлігін атайды: 1)саяси институт-р. Оларға мем, саяси партия, кәсіподақ-р, кооперативтік, діни ж/е т.б.ұйымдар мен бірлестіктер жатады; 2)саяси қат-р. Оған тап-ң, этникалық бірлестік-ң, тұлға-р мен қоғ-ң, азамат мен мем-ң арасындағы қат кіреді; 3)саяси ереже-р саяси институт-ң өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді ж/е саяси жүйе-ң ережелік негізін құрайды. ОЛарға Конституция ж/е соған сүйенетін заң-р мен басқа да нормативтік актілер жатады; 4) саяси мәдениет саяси сана мен іс-әрекетте, саяст көзқарас-да, идея-да, теория-да, саяси ереже-ге қатынаста көрініс табады. Саяси мәд-ң реттеушілік қызметі адам-ң іс-әрекетіне ж/е ол-ң ұйым-на ететін әсерінен білінеді. Саяси жүйе қоғ-қ өмір-ң барлық сала-ң дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, ол-ды басқарады. 

  2.6. Саяси сана: деңгейлері, қызметтері, формалары.

Саяси мәдениет мазмұнын толық ашу үшін, оның негізгі компоненттерін бөліп  қана қоймай, олардың мазмұнын ашу  керек. Саяси мәдениеттің айырылмас  бөлшегі, оның қалыптасуының негізі – саяси сана. Саяси сана –  әлеуметтік субъектілердің (индивид, группа, қоғам) саясат сферасын түсінуі.Ол бірін-бірі толықтырушы екі негізгі функция атқарады: танымдық (саясат туралы білімді байыта түсу) және реттеуші (әлеуметтік субъектәлердің саяси маңызды мінез-құлқына әсер ету). Саяси сана құрылысында диалектикалық байланысқан екі деңгей бөлінеді: теоретикалық және империкалық. Саяси сананың теоретикалық деңгейі қоғам өмірін реттейтін зағдарды ашуға бағытталған. Бұл деңгей идеологтарға тән. Саяси сананың империкалық  деңгейі адамдардың күнделікті практикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады. Саяси мәдениет мазмұнын ашу саяси сананың элеменнік құрамын анықтауды болжау. Бұл белгілі бір қоғамда және әртүрлі әлеуметтік топтарға үстемдік етіп тұрған қоғамның саяси өмірін әртүрлі аспектілері жайлы ойлар: саясат туралы, саяси жүйе, оның институттары мен саяси режим туралы, билік және басшылық ету механизсдері туралы.

Қарапайым саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлә нанымдар, тағы сол сияқтылар жиынтығы.

Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді.

 

2.7.Саяси модернизация ұғымдары мен тоериялары.

Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді  саяси бейімделу(модернизация)  теориясы атқарады. Бұл теория жиырма бірінші ғасырдың ортасына таман пайда болған. Саяси модернизация дегеніміз- кірігу теориясы, қоғамның барлық салаларындағы сәйкес өзгерістердің қажеттігі және психологиялық бағыттағы түрлену. Ол либерализациядан модернизацияға,ал модернизациядан демократияға өту теориясын бейнелейді. Саяси бейімделу және оны жүзеге асыру процесі ұзақ құрылымдық процесс,оның негізінде бағыттар, үлгілер және басқару принциптері бекітіледі. Саяси бейімделу және оны жүзеге асыру процесі ұзақ құрылымдық процесс,оның негізінде бағыттар, үлгілер және басқару принциптері бекітіледі. Әлеуметтік дәстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамға негіздейтін модернизация болып табылады. Ол теория дәстүрлі қоғамнан индустриалдық қоғамға, индустриалдық қоғамнан постиндустриалдыққа өту деңгейін білдіреді. Саяси модернизация теориясы даму кезеңінен өтті. Олар:

Информация о работе Саясаттану сұрақтары