Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:00, лекция
Қоғамдық құбылыс ретінде саясат белгілі бір әмбебаптылықпен, көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі – басқаруды атқарады., яғни саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни дінмен, моральмен, өнермен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мем. билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілікдамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.
Саясаттану сұрақтары.
1.1.
Саясат қоғамдық құбылыс
ретінде. Саясаттану
пәні, құрылымы.
Қоғамдық
құбылыс ретінде саясат белгілі
бір әмбебаптылықпен, көпқырлылықпен
сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық
жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі
қызметі – басқаруды атқарады., яғни
саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды
салаларында көрініс табады. Сондай-ақ
саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста,
яғни дінмен, моральмен, өнермен, идеологиямен
үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен,
мем. билікпен тығыз байланысты. Саясаттану
пәні қоғамның саяси саласын, оның даму
заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы
мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың
демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен
міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық
жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі
саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси
ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілікдамудың
қозғаушы күштері туралы түсінік береді.
Ол бір жағынан, жиналған деректерді қорытады,
екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы
бойынша болашаққа болжам жасайды. Ол
адам-ң мүддесін түйістіретін ж/е қоғам
тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмір-ң
реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы
оған жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат
береді, себебі саясат адам-ң тіршілік
әрекетінің негізгі сферал-ғы қоғ-ң барлық
құрылымдық әрекет-ң белсенділігін бақылауға
ж/е бағыт беруге міндетті. Осы негізде
саясат әлеу-к мазмұны б/ша өте кең мағынаға
ие. Саясаттану-ң пәні жөнінде алыс, жақын
шетелдік болсын, біз-ң ел-ң ғалым-ң арасында
болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған
анықтама, тоқтам жоқ. БҰҰ-ң Білім беру,
ғылым ж/е мәдениет мәселе-і жөніндегі
ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948ж Парижде
өткен саясаттанушы-ң Х/а коллоквиумында
саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын
жөн деп тапты: 1)саяси теория-р (ол-ң пайда
болуы, дамуы ж/е қазіргі кездегі қызметі);
2) саяси институт-р (конституция-р, айм-қ
ж/е жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі,
саяси институт-ды салыстырып зерттеу);
3) партия-р мен қоғ-қ ұйым-р; 4)қоғ-қ пікір;
5) х/а саясат (х/а ұйымдар, х/а құқық). Саясаттану
пәні қоғ-ң саяси саласын, оның даму заңдылықтарын,
қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды,
оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді.
Саясат дегеніміз қоғамның ішіндегі үлкен топтар, сондай-ақ билікті орнатуға, сақтауға, бөлуге бағытталған қоғамдық ұйымдарарасындағы қарым қатынастарды айтады. Саясат гректің «полис» қала деген сөзінен пайда болған. Саясат кең мағынада қоғамның саяси өмірін бейнелейді, ал тар мағынасында билік үшін күресті білдіреді. 17ғ. дейін саясатты бағыныштыларды қоғамдық басқару ретінде қарастырып келді. Ал 18ғ. бастап саясатты билік пен байланысты қатынас ретінде түсіне бастады. Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым қатынастары туралы жинақталған ғылым.
1.2. Демократияның теориялары мен модельдері. Демократиялық режим.
Демократия деген сөз гректің демос халық, кратос билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі дегенді білдіреді. Биліктің демокр.тәртібі 2-ге бөлінеді: президенттік және парламенттік басқару. Президенттік билеу кезінде атқарушы орган парламентке бағынбайды.Ал биліктің парламенттік формасы бойынша ел басшысы парламентке бағынады.Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: мемлекттің тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі; мүшелердің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастырылу түрі; қоғамдық құрылымының мұраты және соған сәйкес көзқарастар.Теориялары: антикалық теориясы, класикалық теориясы, алуантүрлілік және төбе топ теориялары. Антикалық демократия тура демократияға жатты. әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондқтан адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ. Жаңа дәуірдегі демокртиялық классикалық теориясы жеке адам мен халық оры ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Мұндай жағдайда халықа ек ақ қызмет атқаруға тура келеді: саяси серкелерді, басшыларды сайлау; оларды орнынан алу. Демократияның алуан түрлілік теорясы саяси прцеске барлық азаматтардың тікелей қатысуы теориясынан бас тартты. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси прцестердің өзін бұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайд, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Оның тағы бір ерекшелігі билктің араласуы, сіңуі, яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп кетуі. Демократияның төбе топ теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттеілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санулы аз адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, іріктелеген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады.
1.3. Саясаттанудың әдістері мен функциялары.
Саясаттану саяси құбылыстармен өзгерістерінің мән мағынасын түсініп білу үшін бірталай әдістерді пайдаланады. әдіс- деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға: салыстырмалы жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормотивтік және т.б. әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс- әртүрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымдардың құрылымдардың бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтікөмірдегі орнын, қызметін айналағы ортамен, басқа құбылыстарменбайланысты зерттейді. Социологиялық әдіс саясатты қоғам өмірінің эконом-қ , әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды. Тарихи әдіс саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті , заманына қарай, бұрынғы,қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол әртүрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді, олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып білуді талап етеді. Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс әрекетін,белгілі бір саяси жағдайларда адамдардың өздерін қалай ұстауын талдауға негізделеді. Нормотивтік әдіс қоғамдық игілікті ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтынсаяси құрылыстың түрін іздейді. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функцияларды) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жатады. Олай дейтінімізсаяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып білуге , олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді. Саясаттану бағалау қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс әрекеттергежәне оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялықсаяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеушілік басқару қызметін де атқарады. Оның ерекшелігі қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс.
1.4. Әлемдік саясат, оның құндылығы мен кемшіліктері.
Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекеттерінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүмкіндіктеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Сонымен қатар, жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар – сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан соларға түсініктеме беріп алайын.
Сыртқы
саясат – жеке мемлекеттердің дүниежүзілік
дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады.
Халықаралық саясатқа мемлекеттік не
топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған
мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы
қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық
қатынастар деп халықтар, мемлекеттер,
мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік
деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық,
құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени
байланыстар және оларды іске асырушы
әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер
мен ұйымдардың өзара қатынастарының
жиынтығын айтады.
1.5. Саясаттанудағы
негізгі парадигмалар.
Парадигма (гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20жж. ғылыми айналымға енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттушісі Г. Кун.Саясаттанудағы негізгі парадигмалар: Теологиялық парадигма (тео құдай, логос ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді. Яғни, адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни паймдар құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды., өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз уақытының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саяс. ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды. Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Нат. пар. Мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады. Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы процесс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма тапатар мен тап күресінің идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады. Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен , қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Ол екіге бөлінеді: жанжалды парадигама (конфликт) XIXғ. пайда болған. Негізін Маркс, Бентли, Зиммель, Козер т.б. қалады. Олар саяси өмірде дау жанжал, шиеленістер шешуші роль атқарады дейді. Мәмілеге келу парадигмасы (консенсус) . өкілдері: М. Вебер, Дьюи, Э. Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды.
1.6. Саясаттанудағы лоббизмнің түсінігі, мәні.
1.7. Саясаттың құрылымы мен оның арнайы элементтері.
1.8. Мемлекеттік билік және саяси билік ұғымдары мен ерекшеліктері.
Саяси
билік Саясаттың негізгі
Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406)
адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі
- ол билік үшін күреседі деген екен.Ағылшын
философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель
(1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса,
қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік
болып табылады деген.Американың әйгілі
әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 -
1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын
алса, саяси жүйеде билік те соншалықты
орын алады деп тұжырымдаған. Билік туралы
мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық,
бихевиористік, инструменталистік, структуралистік,
конфликтілік. Сонымен билік деп біреудің
екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың
іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.Алғашқы
қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық
сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды
басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл
иеленушілер және құлдар пайда болып,
теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір
тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай
билік аппараты дүниеге келді, адамдарды
еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген
мекемелер пайда болды. "Билік" сөзі
әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету
бағытына объектісіне байланысты былай
бөлуге болады:
Ата-аналар билігі. Мемлекеттік билік.
Экономикалық билік. Саяси билік. Әлеуметтік
билік. Құқықтық билік. Әскери билік. Рухани
билік, т.с.с. Бірақ биліктің толық мағынасы
мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады.
Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі
түріне жатады. Биліктің басқа түрлерімен
салыстырғанда саяси биліктің мынадай
ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты,
оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі,
басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың
мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда
билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам
өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара
құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш
қолдана алуы, т.с.с.
Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла
біреулер билеуге құқықты да, екіншілері
оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік
неден туады? Саяси биліктің қарамағында
теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары
бар. Экономикалық қор. Қандай саяси билік
болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы:
сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады.
Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат
жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер
жеке бай адамдардың бірлестіктердің
көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты
ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және
үкімет басына келушілер өз реформаларын
ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері
Ф.Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди
"Жаңа шеп", т.с.с. Экономикалық қорға
қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа
да материалдық құндылықтар, құнарлы,
шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары,
т.б. жатады.
Билік
саяси және мемлекеттік болып
екіге бөлінеді.
Саяси билік таптық, топтық және жеке адамның
саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу
мүмкіндігін білдіреді.Ал мемлекеттік
билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды
шығаруға жеке құқығы бар заңдар мен ұйымдарды
сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына
сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.Мемлекеттік
биліктің заңдылығы оның легитимділігінен
білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық,
шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз-
халықтың үстемдік етіп отырған саяси
билікті мойындауы, оның заңдылығы мен
шешімдерін растауы.Демократиялық жағдайда
мемлекеттік билік легитимді болуы үшін
мынандай екі шарт қажет.Ол халықтың қалауы
бойынша қалыптасуы және көпшіліктің
еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік
биліктің басшысын белгілі бір мезгілге
тура немесе жанама түрде халық сайлауы
керек және оның жұмысын бақылап отыруға
мүмкіндік болуы тиіс. Мемлекеттік билік
конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге
асырылуы керек. Немістің көрнекі ғалымы
Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің
үш үлгісін көрсетті:1.Әдет-ғұрыптық легитимдік
– халықтың санасына сіңген, әбден бойлары
үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге
сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.2.
Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен,
адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен
көзге түскен адамды басшы етіп жариялап,
соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед
пайғамбар, т.с.с.3. Ақыл-парасаттың, құқықтың
легитимдігі – қазіргі саяси құрылым
орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің
ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.Мемлекеттік
құқықтың тәртіптің легитимдігінің ең
биік дәрежесіне Конституция жатады. Мысалы:
1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда
Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы
саяси билікке нақтылы легитимділік берді.
Онда Қазақстан Республикасын демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы
– адам және адамның өмірі құқықтары мен
бостандықтары Қазақстан Республикасы
– призиденттік басқару нысанасындағы
біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы-халық. Республикада
мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция
мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы,
сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік
әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы,
өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес
жүзеге асырылады. Республика президенті
мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды
тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен
мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының, адам және азамат құқықтары
бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент
- заң шығару қызметін жүзеге асыратын
республиканың ең жоғарғы өкілді органы.
Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары
мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруға арналған. Конституциялық Кеңес
республиканың бүкіл аумағында Қазақстан
Республикасының Конституциясы үстінен
қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік
орган болып табылады.