Саясаттану сұрақтары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 16:00, лекция

Описание работы

Қоғамдық құбылыс ретінде саясат белгілі бір әмбебаптылықпен, көпқырлылықпен сипатталады. Ол біздің қоғамымыздың барлық жерінде көрініс тауып, өзінің негізгі қызметі – басқаруды атқарады., яғни саясат адамның тіршілік әрекетінің маңызды салаларында көрініс табады. Сондай-ақ саясат рухани өмірмен де өзара қатынаста, яғни дінмен, моральмен, өнермен, идеологиямен үйлесімді болады. Яғни, саясат мемлекетпен, мем. билікпен тығыз байланысты. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демокр. қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілікдамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді.

Работа содержит 1 файл

полит.ответы.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

 

1.9. Саясаттанудың негізгі категориялары мен ұғымдары. 

      Ғылымның  басқа салаларындағы сияқты саясаттанудың  да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы, «саясат», «саяси билік», «саяси жүйе», «саяси тәртіп», «саяси партия», «саяси мәдениет», «саяси әлеуметтану», «саяси өмір», «саяси қатынастар», «қоғамдық ұйымдар», «мемлекет», «демократия», «егемендік», «құқықытық мемлекет», «азаматтық қоғам», «ішкі саясат жатады. Категориялар заттардың шын, обьективтік адамдарға тәуелді болмайтын құбылыстары мен қатынастарын бейнелейтін идеялар, жалпы ұғымдар. Бірде бір ғылым, оның ішінде саясаттану ғылымы да тек өзіндік жеке категорияларға ғана сүйенбейді.  Оның категориялары басқа қоғамдық категорияларға қарағанда кең және көлемді болып саяси институттарды саяси процестер мен құбылыстар саласын қарастырады.

 

1.10. Саяси жүйе мен саяси режимнің байланысы.

     Жүйе  ұғымын ХХғ. 20жж. ғылыми айналымға алғаш енгізгентнеміс биологы Л. Фон Борталанфи. Ол бұл терминді клетканың сыртқы ортамен алмасу процесін көрсету үшін пайдаланды.

     Саяси жүйе д-з – қоғамдағы билікті жүзеге асырудың және ұйымдастырудың принциптері, құқықтық және саяси нормалардың мемл-к және қоғ-қ ұйымдардың бірлестіктерінің жиынтығы. Саяси жүйе құрылымдары: 1) институционалды (мемл., қозғ-р, партия, шіркеу, т.б.); 2) функционалды(саяси қызметтерінің, бағыттарының формалары мен әдіс-тәсілдері); 3) реттеші (конституция, заң, әдет-ғұрып, т.б.); 4) коммуникативті (саяси жүйенің тұратыниэлементтерін байланыстырады). Зерттеушіле саяси жүйенің мынадай негізгі төрт бөлігін айтады: 1. саяси институттар; 2.саяси қатынастар; 3. саяси ережелер; 4. саяси мәдениет. Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеу-к топ-р, тап-р, ұлт-р мем-р арасындағы саяси өзара қат-ды реттейтін ұйым-р мен мекеме-ң жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызмет атқарады: 1)Белгілі бір әлеу-к топ-ң н/е көпшілік халық-ң саяси билігін қамтамасыз ету. Ол билік-ң тәртіпке келтірілген ереже-де, қалып-да бекітілген, яғни институционалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Егер оны бұзушылар б/са, оларға тиісті шара қолданылады. 2) Саяси жүйе қоғ-қ қат-ды реттейді, жекелеген әлеу-к топтар н/е көпшілік халық-ң мақсат-мүддесіне сәйкес адам-ң тіршілік әрекеті-ң әр түрлі сала-н басқарады. Ол әлеу-к институт-р қызметі-ң мақсат-н айқындайды, солар-ң негізінде ол-ды орындау-ң саяси жобаларын жасайды. 3)Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттар мен құндылық-ң айналасында барлық әлеу-к топтар, таптар, жік-ң белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4)Экон-ң қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы, саяси жүйе өндіріс құрал-на меншік түрлерін құқ-қ тұрғыдан бекітеді, қаржы жүйесін реттейді, салық саясатын жүргізеді. 5)Қоғамды, оның мүше-н ішкі ж/е сыртқы бүліндіргіш әрекет-ден қорғау: ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан ж/е т.б. Саяси ж құрылымы: негізгі 4 бөлігін атайды: 1)саяси институт-р. Оларға мем, саяси партия, кәсіподақ-р, кооперативтік, діни ж/е т.б.ұйымдар мен бірлестіктер жатады; 2)саяси қат-р. Оған тап-ң, этникалық бірлестік-ң, тұлға-р мен қоғ-ң, азамат мен мем-ң арасындағы қат кіреді; 3)саяси ереже-р саяси институт-ң өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді ж/е саяси жүйе-ң ережелік негізін құрайды. ОЛарға Конституция ж/е соған сүйенетін заң-р мен басқа да нормативтік актілер жатады; 4) саяси мәдениет саяси сана мен іс-әрекетте, саяст көзқарас-да, идея-да, теория-да, саяси ереже-ге қатынаста көрініс табады. Саяси мәд-ң реттеушілік қызметі адам-ң іс-әрекетіне ж/е ол-ң ұйым-на ететін әсерінен білінеді. Саяси жүйе қоғ-қ өмір-ң барлық сала-ң дамуына бағыт беріп, ықпал етеді, ол-ды басқарады.

     Саяси режим түсінігі саяси жүйенің де, қоғамның да, мемлекеттің, тұлғаның мәнді сипаттамасы. Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты және оның проблемаларын түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. Сондықтан да саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы әлеуметтік – саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның құндылық бағдарларын қалыптастырады. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына , биліктік әсер еткдің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді. Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады. Негізгі типтері: авторитарлық режим, тоталитарлық режим, демократия.Қазіргі саяси режимдерді демократиялық демократияға қарсы деп екі топқа бөлуге болады. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген.  Ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік саяси құрылысы жатады.мұндай тәртіпке азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік береді., әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін көздеуші саяси партиялар, ұйымдар, мекекемелер кедергісіз жұмыс істейді. Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді. Авторитаризм – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлық режимге бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Тоталитаризм  – авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен, яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Тоталитарлық режимге жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия  оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Демократиялық режим мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады.

 

1.11. Антикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары.

     Римде философия б.з.б. II ғ. қалыптасты. Бұл кезең ертедегі грек елі мен Римде құлдық қоғамның шарықтау кезі еді. Мәдениет дамыды, гректер арасныда поэзия, драматургия, мүсіндеме, фил-ң көрнекті өкілдері: Гомер, Эсхил, Геродот, Сократ; Платон, Аристотель, Демокрит т.б дүниеге келді. Антикалық философиядағы саясат табиғаты мен мемлекет мәні жайлы адамға саяси мол мұра қалдырған ойшылдар көп. Ең көрнектілері Платон мен Аристотель. Платон мемлекеттік құрылымды 5түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Ең жақсысы аристократия болып есептелді. Аристотель ойынша мемлекет қауымның дамыған түрі, ал қауым отбасының дамыған түрі. Ол саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді.  Бат. Елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды, онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама-қарсы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқы ел болды. Саяси ұйым түрін жеке мемлекет болып  саналған қалалар құрды. Патшалық үкіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды. Билеу түрі сан алуан болатын және  жиі ауысып отырды. . Саяси өмір қызу өрбіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың санасы мифтан теорияға ауысты. Шығыс елдерінде жоғары билік шектелмеген монархтың қолында болды. Жерге мемлекет билік етті, ал мемлекет бүкіл халықтың игілігі үшін қызмет етедідеген көзқарас қалыптасты. Патша әлуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік қамқор көрсетеді, ал оның қол астындағылардың оған ешқандай талаап қоюға ешқандай құқығы жоқ, себебі билеуші халық алдында емес тек құдай алдында ғана есеп береді.

      Саяси ой тарихындағы  орта ғасырдағы феодалдық  қоғамның орны ерекше. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық қоғам көзқарасының біртұтас христиан мәденитінің негізі болды.Орта ғасырда Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік шіркеудің папалық және ақсүйек феод-ң арасындақоғамдағы басқарушы роль үшін қиян-кескі болып тұрды.Бұл кездегі саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы мен дамуына орта ғасыр философиясының практикасы және схоластика деп аталған ілімдері деедәуір ықпал етті.Схоластика ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізудің заңдылығын дәлелдеуге тырысты.Схоластиканың басты мәселесі Құдайдың ақиқат екендігі мен жанның мәңгіліктігін дәлелдеуге ұмтылды.Дінге көзқарастарын қалыптастыруға көп еңбек сіңірген тұлғалар:А.Августин,Ф.Аквинский,Макиавеллиді жатқызуға болады.Августиннің ойынша,Құдай адамға еріктің еркіндігін береді,яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен  өмір сүруге мүмкіндігі бар.Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды.Сондықтан патшалық билік жоғарғы діни билікке бағынуы керек,оның түсіндіруінше,аспанда құдай,жерде рим папасы билеу керек.Осыған ұқсас көзқарас мұсылман дінінде де орын алды.Ислам саяси билік дін басыларының  қолында болуын көздеді.Құранның талабы бойынша,қай мұсылман болмасын,Аллаға,оның өкіліне және билік иесіне бағынуы керек. Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері.  Батыс Еуропада феодалдық  құрылыс 1 мың жылдан  астам уақыт  дамыды. Үш тарихи  кезеңнен  өтті. Біріншісі Y ғасырдың соңы мен ХI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық  кезең. Екінші кезең гүлдану дәуірі ХI  ғасырдың  ортасынан  ХY  ғасырдың  аяғына  дейін созылды. Ал Феодализмнің  құлдырау  дәуірі ХY  ғасырдың  соңынан ХYI  ғасырдың  аяғына  дейінгі уақытты  алды. Аталған  дәуірге  догматизм  мен схоластика  тән еді. Схоластар жарыссөзге ерекше мән қойды,  рационализмге  жол ашты. Орта ғасырлық саяси ой-пікірдің  көрнекті өкілдерінің  бірі  орта ғасырлық діндар-философ, ғалым Фома Аквинский болды. (1225-1274 жылдар). «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның  қосындылары» деген еңбектерінде мемлекет, заң, құқық туралы мәселелерді қарастырады.  Аквинский Аристотельден адам табиғаты жағынан «қарым-қатынас жасайтын және саяси жануар» деген қағиданы алды. Ол мемлекеттік биліктің  үш мынандай  элементін  енгізді: 1)    мәні.2)    формасы (шығу тегі).3)    қолданылуы.Биліктің мәнін ол құдайдан  деп түсіндірді. Алайда  қолында билік  бар адам  құдайдың өсиетін  ұмытып, зұлымдық жасауы да мүмкін дейді. Ондай тиранды халықтың тақтан түсіруі де мүмкін.Аквинский саяси биліктің: аристократиялық, олигархиялық және демократиялық түрлерін атап көрсетеді. Сонымен қатар монархиялық  құрылымның абсолюттік және саяси түрлерін ажыратады. Ол заңның ерекше  теориясын  жасап та шығарды. Барлық  заңдардың  негізі алла-тәңірден деген пікір айтады. Ал табиғи заңдар болса,  содан негіз  алады. Адамдық заңдар да содан  шығады. Адамдық  заңдар  туралы түсінікті енгізгенде Аквинский феодалдық заңдар туралы айтады. Оның ілімінде Інжілден негіз алатын  құдайшылдық заңдары да бар. Өйткені заңдар зұлымдықтың атаулының  баршасын бірдей жоя алмайды екен.

Бюгерлік  еретиктердің көрнекті өкілдері қатарына Оксфорд  университетінің  дін профессоры Джон Уиклиф (1324-1384), чех  теологы Ян Гус (1371-1415) жатады. Олар басшылық  еткен діни  қозғалыстар ұлт-азаттық  күреспен қабаттасып жатты. Аталған ойшылдар  «мыңжылдық патшалық» пен теңдік орнап,  ортақ істер халықтың  араласуымен  шешіледі деп ойлады. Бірақ олардың  іс-әрекеттерін  феодализмнің  рухани  және зиялы өкілдері жоққа шығарып отырды.

Араб  Шығысы мен Орта Азиядағы және  Закавказьедегі саяси  ой-пікірлер.  Бұл жерлерде феодалдық  қанаудың кесірінен азаттық  ой-пікірлер қалыптаса  бастады. Өзекті мәселесі  адам теңдігі мен бостандығы болды. «Құдайға құлшылық ету» түрінде ислам пайда  болды. Алайда исламда қайшылықтар да жоқ емес. Құран жекеменшікті қорғаудың  қажеттігін айтады. Құранның  идеологиясы -  құдайға бас ию мен бағыну. Ислам сунит пен шийт ағымына бөлінеді. Ислам саясатын  дәріптеушілердің  бірі Ибн Рушд (1126-1198) Аристотельдің  материалистік  бағытын  дамытты. Ғылыми ілімдер негізінде қоғамдық  өмірді құруға болады, биліктен діншілерді, құдайшылдарды аластатуға  болады дейді.Орта Азиялық  саяси ой-пікірлер тіпті III-Y ғасырларда алғашқы феодалдық қатынастардың дамуымен қатар қалыптаса  бастады. Y  ғасырдың  соңы мен YI  ғасырдың  басында халықтық маздакизм  қозғалысы өрістеп,  зұлымдық пен мешеулікке  қарсы игілік пен азаттықтың күресі басталды. Қозғалыс көсемі Маздак жекеменшікті зұлымдықты тудыратын  фактор деп түсіндірді. Маздакизмнің басты  әлеуметтік-саяси идеясы - әлеуметтік теңдікті орнату. Орта Азиядағы барлық антифеодалдық  қозғалыс маздакизм туы астында өтті.Әбу-Насыр әл-Фараби (870-950) «Тамаша қала тұрғындарының  көз-қарастары туралы» деген саяси трактатында  мемлекеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарастырылады. Мемлекет  адамдардың өз қажеттерін мүмкіндігінше жақсы құру мақсатымен бірігуі арқылы қалыптасады дейді. Қысымға, өктемдікке негізделген, сыңаржақ адам басқарған мемлекетті айыптады. Ресейдегі саяси және құқықтық ілімдердің дамуы. YIII-IХ  ғасырларда Шығыс  Еуропада славян  мемлекеті құрылды. Киев Русінің  басты  кезеңі 988 жылы христиан дінін қабылдаудан бастау алды.  Жаңа діннің  енуі мемлекеттің  нығаюна себепкер болды. Бірорталыққа бағынған орыс мемлекеті тұсындағы ой-пікірлер  Спиридон-Савваның «Послание о Мономаховом венце» деген жылнамада көрініс тапқан.  Онда орыс  княздері Рим патшасы Августен  таралады деген идея бар. Ал «Послание  о князьях Владимирских» атты  шығармада орыс княздері жалпы Рим патшасынан негіз алатыны айтылады. Орыс мемлекетінің  даңқының артуына  «Москва – үшінші Рим» теориясы көп қызмет етті. Аталмыш теорияны  дәріптеген Псков  монахы Елизаров болды.  Ол тарих  тұтасымн құдайдың  құдыретімен дамиды деген пікірде болды. ХYI – ғасырда шіркеулік, әсіресе, монастырлық жериелік туралы мәселе  өткір қырымен қойылды.  Өйткені  пайдалы жердің үштен бірі шіркеудің қарамағында болған.  Патша үкіметі  шіркеуді әлсірету мақсатымен  жерді мемлекеттің қарамағына бере  бастағанымен  үкімет пен шіркеу уақытша ымыраға келеді. Феодалдық езгіге қарсы пікірлер ең алдымен ХYII ғасырдың  басындағы И.Болотников бастаған шаруалар соғысынан көрініс тапты. Ерестер қозғалысы да дамыды. Еретиктер  Матвей Башкин мен Феодосий  Косойдың  саяси  ой-пікірлері осы кезеңге жатады. Башкин холоптыққа  қарсы шықты,  мемлекеттің шіркеуге бағынбауын айтты. Осы ойлары үшін ол өртеліп жіберілді. Екінші бір еркін ойшыл Косой холоп  болған. Қуғынға ұшыраған соң шетелге қашып кеткен.  Онда монахқа  айналып, «өзінің жаңа ілімін» уағыздады. Дегенмен оның көзқарасында радикализм  көбірек. Ресми шіркеуді мойындамады, шіркеулік жериелікке қарсы болып,  «христиан қоғамын» құру идеясын насихаттады.  Жалпы ілімі плебейлік деп есептелді.

 

1.12. Саяси даму: түсінігі және критерийлері.

      Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отыратындығы белгілі. Соған орай саяси жүйелер  де өзгеріп, бір жәй- күйден екінші қалыпқа  келіп, жетіліп жатады.  Саяси  даму деп саяси іс- қимылдар, саяси  мәдениетте және саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процестерді айтады. Соның нәтижесінде, саяси жүйе әлеуметтік мақсат- мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді, жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады. Саяси дамуды саяси прогреспен шатастымау қажет. Себебі, соңғысы қоғамдық саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді. Ал саяси даму бейтарап ұғым, ол тек даму процесін және өзгерісті ғана бейнелейді. Саяси дамудың екі түрі бар:

  1. Эволюциялық
  2. Революциялық
 

      Эволюциялықта қоғамдық- саяси өмір біртіндеп баяу дамиды. Көбіне күнделікті өмірге тығыз  байланыста болғандықтан, олар сырт көзге  онша байқала бермейді. Революциялықта қоғамның барлық әлеуметтік – экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды. Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін. Қазіргі қоғам индустриалды, жоғары индустриалды қоғам болып есептеледі. Ол рационализмге, ақыл- парасатқа, баяандылыққа негізделеді. Саяси даму тұжырымдамасында басты ролді Саяси бейімделу(модернизация) теориясы атқарады. Ол осы ғасырдың 50 жылдарында пайда болған.батыс елдері алғашында бұл ұғымды отарлық езгіден құтылып, азаттық алған елдердің одан кейінгі жерде қалай дамуына байланысты пайдаланылған. Жалпы саяси бейімделу- кірігу теориясы болып табылады. Ол либерализациядан модернизацияға,ал модернизациядан демократияға өту теориясын бейнелейді. Саяси бейімделу және оны жүзеге асыру процесі ұзақ құрылымдық процесс,оның негізінде бағыттар, үлгілер және басқару принциптері бекітіледі. Сонымен қатар, бұл қоғамдық өмірдегі барлық саладағы өзгерістердің қажеттігін және психологиялық бағыттағы түрленудің кешенді процесі. Кейін ол өркениеттілікке өтудегі әлемдік процестің жалпы үлгісінің негізіне айналды. Оның мәні дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің сипатын және бағытын бейнелеу болатын.

 

1.13. Жаңа дәуірдің саяси теориялары. 

      XVII ғ. буржуазиялық революция феодализмге соққы беріп, капиталистік қатынастардың дамуына жол ашады, жаңа заман дәуірі басталады. Бұл дәуірдің көрнекті өкілдері: Т. Гоббс, Монтескье, Руссо, т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант т.б. Гоббс пікірінше, мемлекет қоғамдық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Ол монархиялық билікті ұнатты. Монтескье билікті атқарушы, заң шығарушы, сот билігі деп бөлді. Ол сөз, баспасөз, ұждан бостандығын жақтады.  Руссо еркіндік пен теңдікті ең жоғарғы игілік деп санады.  Ол тікелей халық билігін ұсынды. Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның құқын бұзу қаупі тумау үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Оның ойынша, адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек.  Т. Пейн халықты азаттық күреске, отаршылдардын бқлінуге шақырды. Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады, үкіметтің мақсаты – қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты – жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық республика.  Канттың көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар намысының, шексіз құндылықтың иесі; қандай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес.

Информация о работе Саясаттану сұрақтары