өнеркәсіптік ресурстардың персоналы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 09:16, реферат

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында ұйымдармен басқару қиынырақ болып келеді. Бұл құқықтар мен жауапкершіліктің кеңейтілуімен және қоршаған орта өзгерістеріне бейімделуімен шарттастырылған. Осыған байланысты туындайтын барлық мәселелерді кәсіби менеджментсіз шешу мүмкін емес.
Нарықтық қатынастар жағдайында ұйымның басты мақсаты шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да біздің көзқарасымыз бойынша менеджмент-бұл ұйым пайдалылығын қамтамасыз ету мақсатында нарықтық қатынастар жағдайында ұйым мен оның қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін басқару тәжірибесі мен ғылымы.[1]
Персонал латынның «personalis» -жеке деген сөзінен шыққан. «Персонал» термині алғаш рет ағылшын әдебиеттерінде ұйымның барлық қызметкерлері деген атпен қолданылып келді. Біздің ойымызша, персонал- жеке мақсаттары мен ұйымның белгілі міндеттерін іске асыра алатын, ұйымның нақты белгілерін игере алатын ұйымның жеке құрамы.

Содержание

Кіріспе
і. өнеркәсіптік ресурстардың персоналын басқару
1.1 Өнеркәсіптік персоналды басқару жүйесі
1.2. Персоналды басқарудың жүйелік және диагностикалық тәсілдері
1.3 Басқару қызметіне жалпы сипаттама
ІІ. АУДАНДЫҚ ЖОБАЛАУДАҒЫ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ПЕРСОНАЛЫ
2.1. Басқару жүйесін қалыптастыру мен жетілдіру
2.2 Персоналды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау және оны болашақта дамыту жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімІ

Работа содержит 1 файл

өнеркәсіптік ресурстардың персоналы.DOC

— 290.50 Кб (Скачать)

    Компанияға  негізінен неміс құрылтайшы компаниялары жетекшілік етеді, себебі инвестицияларды  немістер қаржыландырады. Осы мақсатпен  үнемі басқарушы қызметкерлер немістер жағынан тағайындалады. Қазақстандық құрылтайшылар салық  филиалынан).

    Өндірісті халықаралық кооперациялау жақтауында Қазақ және Неміс жақтары Ақшабұлақ , Нұралы Оңтүстік Торғай ойығындағы Ақсай  анықталған кен орындарының көмірсутегіленрін  зерттеу, өндіру, тасымалдау, экспорттау және өткізу үшін БК құруға шарттасты.

    Бұл шарттың негізі ретінде:

    - Қазақстан Республикасымен біріккен кәсіпорынға Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарына 30 жылға зерттеу құқығын берді;

    - Өз кезегінде немістер жағы коммерциялық өндіру басталғанға дейін зерттеу шаралары үшін алғашқы қаражатпен қамтамасыз ету және де банктік несиелер мен құрылтайшылық несиелер есебінен Қызылорда облысының инфрақұрылымын жетілдіру шараларын қаражаттауға келісім берді.

    БК  құру мақсаты Қазақстан Республикасы мен Герман Федеративті Республикасы арасындағы экономикалық ынтымақтастықты қолдау әрі дамыту;

    - ҚР мен ГФР арасындағы сауда қатынастары;

    - Экономика, өнеркәсіп және ғылым аймақтарында ынтымақтастықты жетілдіру.

    1992 жылдың 22 қыркүйек айынан бастап  БК жауапкершілігі шектеулі қоғам  түрінде 1991 жылдың 21 шілде айынан бастап ҚР шаруашылық серікткестері мен акционерлік қоғамдар жайындағы заңның 2.1 бабына сәйкес заңды тұлға болып табылады, ол ҚР өкілетті органдарымен құқылы тіркелгеннен  бастап расталған.

    1998 жылдың қазан айында игеру  және коммерциялық өндіру Ақшабұлақ кен орнында барлау бағдарламасы мен сәйкес инвестицияларды тарту анықталғанннан кейін басталды.

    2001 жылдан бастап екінші инвестициялық  кезең жоспарланды. Оның мақсаты:  өндірістік қуатты - 1,5млн.тн мұнайға жеткізу. Инвестициялар банктік және неміс мемлекеттік кепілдері есебінен қаражатталады.

    Әзірге  бұл кен орнын игерудің бірінші кезеңі, яғни старттық кезең аяқталды. Кен орнын соңғы уақытта тәжірибелік  өндірістік  зерттеу жобасы негізінде жүргізілуде «Казгермұнай» БК құрылтайшылары Бақылаушы Кеңес отырысында 2001 жылы 14 қыркүйек айында кен орнын игерудің ақырғы кезеңі ретінде өндірісті кеңейту кезеңінің басталғаны жайында шешім қабылдады.

    Нұралы  және Ақсай кен орындарында барлау жұмыстары әлі де жүріп жатыр, 2002жылғы өндірілетін мұнай қорын анықтау үшін бұл жұмыстар қосымша құрылтайшылық несиелер арқылы қаржыландырылады (100% құрылтайшыдан).

    Үлкен мәнділігі бар құнды қуат көзі болып табылатын газды өндіру «Казгермұнай» БК аймақтағы басқа мұнай өндірушілерімен және жергілікті, Қызылорда қаласының жергілікті халқы мен шаруашылық обьектілерін газбен қамтамасыз ету үшін, жылу қуаты мен электр қуатын шығару барысында тиімді пайдалану мақсатымен пайдаға асыру үшін жоспарлар жасалуда. Өндіру басталғаннан бастап жол жөнекей газдың бөлігін, Ақшабұлақ мұнай кәсіпшілігінің өз қажеттіліктері үшін жылу қуаты мен электр қуатын шығару жолдарымен іске асыруда.

    Жылына 1,9 млн тонналық ең көп деңгейдегі өндіруді арттыру жоспарын жүзеге асыру  үшін жақын жылдары келесідей  капиталды құрылыс талап етіледі.

    Жерасты құрылыс:

    - 23 мұнай өндіруші ұңғымалар;

    - 15 ППД үшін ұңғымалар.

    Жерүсті құрылыс:

    - Мұнайды дайындау және айдау Орталық станцияларының қуаттылығын кеңейту (ЦППК);

    - Қажеттілігі болған жағдайда Ақшабұлақ Құмкөл мұнай құбырының қуаттылығын көтеру;

    - Пластикалық қысымды қолдау мақсатымен өндіру, дайындау және суды айдау кешенін құру;

    - Кәсіпшіліктің инфрақұрылымын жетілдіру жүгін құру.

    Бүгінгі күнде бұл капиталдың салынымдары 105 млн.$ көлемінде бағаланады, олардың 44 млн ұңғыиалар мен тастанды желістерге жатады. Жер үсті панажайларына 31 млн$ және 28 млн жол жөнекей газды іске асыру мен басқа да инфрақұрылымдарға жоспарланған инвестициялық бағдарлама негізінде 2002-2004 жылдары жүргізілді.

    Казгермұнай кен орындарында коммерциялық өндіру басталысымен, Қызылорда қаласы мен облысының маңызды жұмыс беру орындарының біріне айналды. Бүгінгі күнде қызметкерлер саны шамамен 450 адамды құрайды. «Казгермұнай» БК жеке саясатының маңызды элементі, өз жұмысшыларының біліктілігін арттырып отыру  арқылы қамқорлық көрсету болып табылады.

    Жоспарланған  өндірісті арттырумен байланысты қызметкерлер санын арттыру қарастырылған. «Казгермұнай»  БК Қызылорда облысының жұмыспен қамсыздандыру мәселесімен жақсы  таныс, сондықтан компания ең бірінші  қазақстандық мердігерлер және жеткізушілермен жұмыс істеуге тырысады. Мысалы: 2002 жылы 2,5 млрд.теңгеге шарт жасалынды, оның 500 млн теңгесі тауар мен қондырғыларды жеткізуге, 2 млрд теңгесі жұмыстың орындалуы мен қызмет көрсетуге жұмсалынды.

    Шарт  жағдайларының бірі болып облыстағы  әлеуметтік және техникалық инфрақұрылымды  жетілдіруге маңызды салымдар жасау міндеттілігі болып табылады. Осы мақсаттарға 2000 жылы 3,1 млн АҚШ $ жіберілсе, жоба жетілуінің екінші кезеңінде тағы да 28,1$ қарастырылып отыр. Ең бірінші кезекте бұл қаражат жол жөнекей газды пайдаға асыру сұрағының шешілуіне бағытталады және бөлшектеп болса да, қалада және облыстағы қуаттың жетіспеушілігін де шешеді. Бүгінгі күнгі басты мақсаттың бірі – кен орындарында газды дайындау және оны Қызылорда қаласына газ құбырлары арқылы айдау.

    Казгермұнай БК құрылған жылдан бері облыстағы  әлеуметтік жағдайдың жетілуіне  белсенді қатынас жасауда:

    - Облыс, аудан ауруханаларын жабдықтауда ізгілікті көмек ұйымдастырылды (4млн неміс маркасы шамасында).

    - Қалалық орталық стадионын қазіргі талапқа сай ету және жаңа әуежай құрылысына көмек көрсетілді.

    - Облыстан тыс орналасқан «ҰМАЙ»  балалар үйі кеңінен белгілі және ол үйдің негізгі демеушісі болып «Казгермұнай» БК табылады.

    Сонымен бірге келесідей ұйымдарға, қорларға үнемі қолдау көрсетіп отырады:

    - Чернобыль мен Арал кесіріне ұшыраған балаларға, яғни «Чернобыль құрбандары» қоғамы.

    - Қызылорда қаласындағы мылқау балаларға арналған бала-бақша.

    - Жергілікті футбол клубы және басқа да спорттық клубтар, мектептер, балалар демалыс лагері, жергілікті театрға демеушілік.

    Осындай демеушіліктің арқасында «Казгермұнай»  БК көптеген мемлекеттік және жергілікті ұйымдар мен мекемелерден алғыс  хаттармен марапатталуда.

    «Казгермұнай»БК қазақ, неміс ынтымақтастылығымен табыстылығының шынайы үлгісі. «Казгермұнай» БК қазақ-неміс қатынастары үшін оң рөл атқаратынын 2001 жылы қазан айының басында Германияға ресми сапармен барғанда Қазақстан Республикасының Президенті атап өткен болатын.

    БК  басшылығы қажетті кәсіподақтық ұйымдармен келісім шартқа отыруы тиіс. Бұл шарт еңбек сұрақтарымен айлық төлемдерін еңбекті қорғауды, әлеуметтік қамсыздандыруды, әлеуметтік және зейнеткерлік  сақтандыруды реттеп отырады. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және еңбек шарттары негізінде жүзеге асырылады. БК жұмысқа ҚР азаматтарын және шарт негізінде шетел қызметкерлерін жалдауы мүмкін, жалдау мерзімі мен еңбек ақысы шартта көрсетілуі керек.

    Қызметкерлерді  оқыту шаралары:

    - БК  өз қызметкерлерін және  ҚР азаматтарын халықаралық стандартқа  сәйкес оқытуды мақсатты түрде  ұйымдастыруға  тырысады.

    Қазақ қызметкерлерін оқыту шаралары:

    - Батыстық стандарттағы бұрғылау  станоктарында;

    - БК мұнай мен газды өндіру, дайындау және көліктендіру кәсіпшілік  қондырғылар кешеніне қызиет  көрсету;

    -  Дербес компьютерларда бухгалтерлік  есебін ұйымдастыру;

    - Ішкі мұнайдың халықаралық сауда сұрақтары бойынша Гамбург қаласындағы “ФЕБА ойл интернешнл” фирмасы көмегімен;

    - ГФР  жоғарғы оқу орындарындағы  оқу мен сынақ мерзімін қаржыландыру.

    Қоршаған  ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы:

    БК  қызметі қоршаған орта мен кендерін сақтау жайындағы Қазақстандық  құқығына бағынады. Осыдан басқа кен, ауа, су ресурстарына және өсімдік, жануарлар әлеміне зиян келтіру немесе ластауды ең аз деген мөлшерге түсіру үшін, барлық экономикалық мүмкін шараларды жасап отыру керек. БК өз қызметін бастағаннан кейін ұңғымаларды бұрғылау және жер бетіндегі кен орындарын орналастыру және де БК жұмысы дұрыс орындалмағандық  салдарынан болған залалдар үшін ғана жауап береді. БК жауапкершілігі дәлелденуі тиіс. Іздеу, барлау және өндіру жұмыстары жекелей алғанда қоршаған ортаға зиянды болып келмейді, егер барлық жұмыстар қажетті түрде жүргізілген болса.

    Пайдаға салық салу.

    БК  20 млн $  асатын мөлшердегі жылдық пайдасы 25% мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады. Одан өзге, қосымша пайдаға  қызметші салық келісіледі.

    Жылдық  пайданың 30млн.$ көлеміне дейінгі бөлігінің  35% мөлшерлемесі салық салуға жатады.

    Жылдық  пайданың 30 млн$ асатын 40 млн $көлемінің 35%мөлшерлемесі  салық салуға жатады.

    Жылдық  пайданың 40 млн $ көлемінің 40% мөлшерлемесі салық салуға жатады.

    Пайданы бөлу.

    Пайдаға және қорларға аударылуы мүмкін азайтылған салықтан алынған пайда - бөлінуші пайда  болып табылады. Құрылтайшылар бөлінуші пайданы өздерінің жарғылық капиталына қатысуына байланысты алуларына  құқылы. Пайданы бөлу механизмі және пайда үлесін құрылтайшыларға қайтару тек қана СКВ жүргізіледі. Бөлінген пайда Қазақстан заңына сәйкес түсімге 15% көлемде салық салуға жатады.

    Қызметкерлер.

    Өз  қызметін іске асыру барысында БК жұмысқа ең алдымен ҚР азаматтарын  қабылдайды.

    Пайда көлеміне тәуелді емес салықтар мен төлемақылар.

    Немістер  жағынан жүзеге асырылатын төлемдер. Немістер жағы 3млн $ көлемінде жазылыс  бонус төлейді, олардың ішінде 1млн.$ №29 шартында көрсетілген  талаптар орындалған жағдайда төленеді және  2млн. $ жиналған өнім  1,5млн.т. көлемінде болған жағдайда төленеді.

    БК  да жүзеге асырылатын төлемдер.

    БК, келесі үдемелі мөлшерлемеуге сәйкес, сатылған мұнайдың таза табысы негізінде  есептелген роялти төлейді, яғни

  • Жылдық  өнімге 500.000 тоннаға дейінгі мөлшерді қоса алғанда - 3%;
  • Жылдық өнімнің 500.000-ден артық 1000000 тоннаға дейін мөлшерлі бөлігіне қоса алғанда - 6%;
  • Жылдық өнімнің 1000000 артық 1500000 дейінгі  мөлшерлі бөлігін қоса алғанда - 10%;
  • Жылдық өнімнің 1500000  артық бөлігіне -  15%.

    Роялти  аударымдары, мұнай сатылғаннан түскен таза түсім қандай валютамен түссе, сол валютамен жүзеге асырылады.

    ҚР  талаптары бойынша роялти БК өнімінен шикі мұнай түрінде аударылуы  мүмкін. Осымен қатар мұнай бағасы әлемдік бағалармен жүргізіледі.

    Салық  салудан  босатылу.

    БК  өз өнімі шикі мұнайды экспорттауда салықпен баждан қайтарып  алынбайтындай босатылады. БК кедендік бажы,  салықтар  мен төлемдерден қайтарып алынғысыз босатылады.

    Жыл сайын ҚР мен ГФР арасындағы жасалушы батыс Қазақстандық мұнайды Батыс  Сібірлікке айырбастау жөніндегі мемлекеттік  шарттар аумағында экспорт жүзеге асады. Жекелей алғанда, келесідей  ережелер қабылданады. БК келесі жылдың шілде айының аяғына дейін энергетика мен минералды ресурстар министрлігіне келесі жылға жобаланған мұнай экспортының айлық көмегімен хабарлап отырады. Бұл экспорттық көлемдер ерекше. Қазақстандық – Ресейлік мемлекет аралық шартқа енгізіледі. БК мен оның құрылтайшыларына бұл экспорттық мөлшердің есебін экспорттық лицензия беру жолымен министрлік мақұлдайды.

    Егер  келесі жылы экспорттық өнімге бағаны түсіру немесе қатты валютаға деген  қажеттіліктің жоғарылауымен байланысты көбеюі керек болса,онда экспортқа  лицензия үлесін көбейту керек.

Информация о работе өнеркәсіптік ресурстардың персоналы