Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 08:13, курсовая работа

Описание работы

Аймақ бойынша шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының көбірек саны Павлодар қаласында шоғырланған. Олардың үлес салмағы облыстағы шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының 72,8% құрайды. Жаппай алғанда, облыс бойынша белсенді шағын бизнестің кәсіпорындары санының 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 4,6% - ға өскені байқалады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштің Ақтоғай ауданында 62,5%, Успенде – 80%, Железин ауданында 86,7% дейін төмендегі байқалады.
Павлодар облысы бойынша 2008 жылы шағын және орта бизнестағы жұмысбастылықтың жалпы саны 4,3 % өсті, яғни 98509 адамды құрайды. Оның ішінде: заңды тұлғада – 33511 адам., жеке кәсіпкерлікте – 57300 адам, ауылшаруашылық қожалықтарында – 7698 адам.

Работа содержит 1 файл

малый средн бизнес Microsoft Word.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

     Содан басқа, кәсіпкерлерде туындайтын проблемалардың бірі - банктердің кепілдікке салынатын мүліктің бағалау құнын төмендетіп тастау болып табылады, ол нарықтың құнынан 50% - дан 85% - ға дейін құрайды.

     Бүгінгі таңда, негізгі міндет өндірістік сала кәсіпорындарымен бөлінетін қаржы-несиелік ресурстардың абсолюттік көлемін ұлғайту болып табылады. Оның оң шешілуі - шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың тиімді қаржы - несиелік жүйесін құруды көздейді. Ол үшін мынадай шаралар қажет:

     - франчайзинг, лизинг және тағы  сол сияқты ( бұдан әрі т.с.с) жаңа қаржы аспаптарының жүйесін дамыту;

     - банктік емес қаржы - несиелік ұйымдар мен мекемелерді кеңінен дамыту үшін жағдай жасау;

     - шағын және орта бизнесті қолдаудың  халық аралық, қаржы институттары мен шетелдік ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

     - қаржы институттарының кәсіпкерлерді  несиелендірген кезде кепілдендірілген  сақтандыру тәуекелдерінің жүйесін  дамыту;

     - шағын несиелендіру жүйесін дамыту;

     - несиелік ресурстарды алу кезіндегі қызмет көрсетулерді көрсететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың нарықтық инфрақұрылымын жетілдіру.

     Ұлттық  банктің банктік және банктік  емес қаржы-несиелік мекемелер қаражатының  бөлігін мақсатты түрде жаңа істі ашатын жаңа бастаған кәсіпкерлерге  жіберуі үшін шаралар қабылдағаны  орынды.

     Қаржы - несиелік саясатты іске асыру үшін,  көптеген елдердің үлгісі бойынша, шағын және орта бизнесті мақсатты несиелендіру үшін арнайыландырылған қаржы - несиелік институтты құру қажет.

     Шағын кәсіпорындардың орта санатына көшуін ынталандыру үшін, несиелендірудің нормативтері мен механизмдерін әзірлеу туралы мәселені көңіл аударуға лайықты. Оның негізі бөлінетін несиелердің, олардың өндіріс және алынатын кірістерінің көлемдерін ұлғайтуға қарай ұзақтылығының көлемдерін ұлғайту болып қалады.

     Осы механиз өзінің бизнесін жүйелі түрде ұлғайтып отыратын кәсіпкерлер үшін преференциясын саналы түрде кеңейтуді көздейді. Осындай механизмді енгізу, орта класс өкілдерін шағын және орта бизнеске тән экономикалық және әлеуметтік міндеттерді аса тиімді шешуді ынталандыруға мүмкіндік береді.

     Бүгінгі таңда, Республикалық деңгейде шағын бизнесті қаржылай қолдауды қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Жабық Акционерлік Қоғам (бұдан әрі ЖАҚ) болып табылады. Дегенмен де, тармақталған инфрақұрылымның жоқтығынан, сондай-ақ, өз қаржылай қаражатының шектелуінен Қордың шағын бизнесті толық қолдау көрсету жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ. 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қордың жарғы капиталы 18,85 млрд. теңге қарыздық қоржынмен 28 млрд. теңгеден аса құрайды. Қордың жұмысының тиімділігін арттыру үшін, министрлік облыстық маңыздағы қалаларда және аудандық орталықтарда өкілеттілік қорын құра отырып, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік Қоғамның (бұдан әрі АҚ) филиалды түрдегі өкілеттілік желісін кеңейтпекші. Қаржы желісін дамыту біздің еліміздің әр тұрғынына қордың қызмет көрсетуін шынайы түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Егер, әр Қазақстанның өңірінде, қаласында сарапшы - консультант жұмыс істейтін болса, онда алдағы уақытта тағы да несиелік офицерді тарту жоспарланады. Барлық осы іс-қимылдар шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын ішкі сыбағалы өнімге ұлғайтуға, экономиканың басымды бағыттарын дамытуға, шағын кәсіпкерлік субъектілерімен бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға әкеліп соқтырады.

     Мемлекеттік дамыту институттарының іс - қимылдарын үйлестіру үшін, соның ішінде «ФРМП» АҚ, «Қазына» АҚ орнықты дамыту қоры жұмысына кірісті. Осы басқарушылық компания бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, дамыту институттарының мемлекеттік акция пакеттерін басқаруға мүмкіндік береді.

     Шаруашылық  қызметті жүзеге асырған кезде, пайда болатын әкімшілік барьерлерді жеңу.

     Әкімшілік барьерлерді жою үшін, кәсіпкерліктің өндірістік - шаруашылық қызметінің реттейтін түрлі аспектілерінің заңнамасын сақтауға бақылау жасау мен мониторинг жүйесін әзірлеген орынды. Сонымен бірге, шағын кәсіпкерлік мәселелерін қозғайтын бағдарламалық құжаттар мен нормативтік - құқықтық актілердің жобаларын уәкілетті органмен міндетті келісуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау туралы мәселені қарау, ол қажет болған жағдайда осы жұмысқа үкіметтік емес құқық қорғайтын ұйымдардың өкілдерін тарта алады.

     Бақылау - қадағалау функцияларын орындайтын органдардың қызметін реттеу үшін мыналарды әзірлеу қажет:

     - мемлекеттік органдармен және  мекемелермен жүзеге асырылатын тексерулердің түр - түрлерін жүргізу регламентіне бірыңғай жалпы салалық басқарушылық талаптарды;

     - тіркеу, лицензиялау, стандарттау  және сертификаттау, ақпараттық  қамтамасыз ету және т.с.с. облысында  кәсіпкерлерге қызмет көрсетулерді  көрсету стандарттары мен регламентін.

     Стандарттау жүйесін жетілдіру бойынша, кәсіпкерлермен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп жатыр, Кеден кодексі әзірленіп жатыр.

     Мемлекеттік тіркеу жүйесін қайта құру «Бір терезе» қағидасы бойынша, кәсіпкерлік қызметті тіркеуге кезең - кезеңмен көшудің арнайы әзірленген бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл ретте әділет, статистика және салық қызметі органдарының өзара әсер етуі ақпаратты ведомство аралық алмасу жолымен шешілетін болады.

     Кәсіпкерлердің  қоғамдық ұйымдарының қызметін белсендіре түсу.

     Бүгінгі күнге, Қазақстанда негізгі қызметі кәсіпкерлікті қолдау болып табылатын 200 - ден астам қоғамдық ұйымдар саналады. Бірақ, олардың қызметі істеп тұрған шағын бизнес субъектілерінің жалпы санынан бар жоғы 4% - ды ғана қамтитындығын атап өту керек.

     Кәсіпкерлердің  қоғамдық қозғалысын белсендіре түсу үшін, кәсіпкерлердің мүдделерін көрсететін үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі мен құқықтарын белгілейтін, кәсіпкерлік қызметтің реттейтін түрлі аспектілерінің нормативтік - заңнамалық актілерін әзірлеу және орындалуына бақылау жасау бөлігіндегі, олардың өкілеттіктерін кеңейтуді көздейтін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Осы шаралар кәсіпкерлік шеңбердің орта классы сияқты, әлеуметтік-саяси маңыздылығын күшейте түсуге мүмкіндік береді.

     Кәсіпкерлердің  мүдделерін қозғайтын үкіметтік  емес, құқық қорғайтын ұйымдардың билікке әсер - ықпал етуінің негізгі нысандары мен әдістері ретінде мыналар қолданылатын болады:

     - бизнестің заңнамалық және атқарушы  мемлекеттік органдарда мүдделеріне өркениетті ықпал ету;

     - атқарушы органдардың қызметіне  қоғамдық бақылау жасау.

     Нормативтік - құқықтық құжаттарда кәсіпкерлердің атқарушы органдардың барлық кезеңдердегі – ақпарат жинаудан бастап шара қабылдауға дейін, үкіметтік емес құқық қорғайтын ұйымдардың тікелей қатысуымен іс -әрекеттерге шағымдарын қараудың тиімді механизмін бұқаралық ақпарат құралдарында шағымдар бойынша және оларды жария ету жөнінде, қабылданған шаралар туралы жұртшылыққа есеп беруді ұсынумен бейнелеп көрсету. Бұл ретте жоғары тұрған инстанция белгіленген мерзімдерде құқық қорғайтын ұйымдарға дәлелді жауап ұсынуға міндетті. Ол үшін, үкіметтік емес құқық қорғайтын ұйымдардың кәсіпкерлік сектордың қызметін және оның мемлекеттік органдармен өзара қарым - қатынасын реттейтін ақпаратқа қол жетімді мүмкіндігін көздеу керек.

     Заңнамалық  база жеткілікті мөлшерде қалыптасқан, қазіргі кезеңде норма түзушілік жұмысты заңға тәуелді және ведомстволық актілер деңгейінде жүргізу қажет, өз кезегінде мемлекет тарапынан да, сол сияқты кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің өздерінен де, аса кәсіби жұмысты талап етеді. Қорытындылай келе айтайын дегенім, бүгін нақты оң беталыстарға қол жеткізілді, бірақ, қол жеткізген жетістіктерге тоқталып қалмау керек. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік саясатының жазылған бағыттарын іске асырғанда ғана, Қазақстанның алдынғы қатарлы мемлекеттердің қатарына кіруі байланысты болады. Осы кезеңде бірлесіп күш жұмсай отырып, орталықтың өңірлермен өзара белсенді іс - қимыл жасау жолымен, шағын және орта бизнестің дамудың жаңа әрі сапалы кезеңіне көшеін қамтамасыз етк қажет.

     Кәсіпкерлікті дамытуды кадрлық қамтамасыз ету. Менеджерлерді, сондай-ақ, шағын және орта бизнес үшін, инженерлер персоналы мен жұмысшы мамандықтарды даярлау және қайта даярлау жөніндегі шаралар кешенін қабылдау қажет. Ол үшін, мүдделі ұйымдар мен мекемелерге тиісті кәсіптік-біліктілік деңгейдегі қызметкерлерге қажеттіліктерін зерделеу керек. Осының негізінде, жоғары оқу орындары мен колледждер үшін, шағын және орта бизнес секторында жұмыс істеу үшін түрлі мамандықтардың мамандарын даярлауға мемлекеттік мақсатты гранттарды бөлуді көздеу керек.

     Инновация. Инновациялық салада шағын және орта бизнес секторын белсендіре түсу үшін, шағын және орта кәсіпкерліктің инновациялық инфрақұрылымын дамытудың институттық- құқықтық негізін жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар қабылдау керек.

     Инновациялық  инфрақұрылым объектілерін құру және тиімді қызмет етуі үшін, тиісті инновациялық әзірлеулерге ықтимал төлемге қабілетті сұраныстың құрылымын зерделеуді жүргізу қажет, бұл құрылатын инфрақұрылымның мамандануы мен қуаттылығын анықтауға мүмкіндік береді.

     Нақты инновациялық өнімдегі нарықтың нақты  қажеттіліктерін белгілеу технопарктардың  және технологиялық бизнес - инкубаторлардың параметрлерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Олардың ішіне: материалдық-техникалық базаға, ғылыми және инженерлік - техникалық қызметкерлердің құрамына, тиісті инновациялық инфрақұрылым объектісімен клиенттерге көрсетілетін қызмет көрсетулердің ең аз жинағына талаптар.

     Шағын кәсіпкерлікті қолдау облысындағы қазыналық саясат. Шағын және орта бизнес секторындағы істердің жағдайын түбегейлі жақсарту үшін, салық ауыртпалығын төмендету қажеттілігі бар болады. Сонымен, өңдейтін өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында қызмет ететін кәсіпорындар үшін, сомаланған салық аударымдары кәсіпорынның жылдық табысының жиынтығынан 25 - 30% - дан аспауы тиіс.

     Салық каникулдарын немесе жаңа бастаған кәсіпкерлер  үшін, салықтардың бөлігін алып тастауды көздеу қажет.

     Белсенді  жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін, көптеген елдерде техникалық қаруландыруға, істеп тұрған өндірісті жаңартуға және кеңейтуге жіберілетін салық қаражатын төлеуден босату тәжірибесі бар.

     Сондай - ақ, ішкі нарықты фальсифияланған (контрафакттік) өнімің импортынан, соның ішінде, контрабандалық тәсілмен әкелінген, сонымен бірге, Республикада шығарылған өнімдерден қорғау бойынша, пәрменді шаралар қабылдаған орынды. 
 

     3.2 Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде 

     Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі –шағын және орта бизнесті дамыту. Шағын және орта бизнес экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді. Республикада шағын және орта бизнесті дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шаралар жүргізіліп басталды.

     Жалпы бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл  атқарады.Шағын және орта бизнестің  қалыптасуы мен дамуы барысында  мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі ірі кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын және орта бизнес қиын хал- жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.

     Республикада  қабылданған «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» сәйкес ел экономикасының маңызды саласының бірі – ауыл шаруашылығында бизнесті дамытуда орындалуы тиіс шараларды атап өткен қажет.

     Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі  бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметірлері, тіпті демыған нарық жағдайында да орын алатын объективті факторлармен анықталады.

     Кез – келген экономикалық жүйеде нарыққа  бағынбайтын, мемлекеттің араласуын  қажет ететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвестициялық сферада мемлекеттік реттеу мәселелері бар.

     Жалпы бизнестің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының  кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты  шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазіргі уақытта шағын және орта бизнес саласы жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Республикада шағын және орта бизнеспен бір миллионнан аса адам айналысады.

Информация о работе Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде