Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 08:13, курсовая работа

Описание работы

Аймақ бойынша шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының көбірек саны Павлодар қаласында шоғырланған. Олардың үлес салмағы облыстағы шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының 72,8% құрайды. Жаппай алғанда, облыс бойынша белсенді шағын бизнестің кәсіпорындары санының 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 4,6% - ға өскені байқалады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштің Ақтоғай ауданында 62,5%, Успенде – 80%, Железин ауданында 86,7% дейін төмендегі байқалады.
Павлодар облысы бойынша 2008 жылы шағын және орта бизнестағы жұмысбастылықтың жалпы саны 4,3 % өсті, яғни 98509 адамды құрайды. Оның ішінде: заңды тұлғада – 33511 адам., жеке кәсіпкерлікте – 57300 адам, ауылшаруашылық қожалықтарында – 7698 адам.

Работа содержит 1 файл

малый средн бизнес Microsoft Word.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

     Бірлесіп  қаржыландырылған жағдайда “Қазақстанның  инвестициялық қоры” АҚ-мен мыналар  іске асырылады:

     - тұрмыстық және офистік жиһаздарды  өндіру бойынша қолданыстағы  кәсіпорынды (“Heaven House” АҚ) дамыту. Жобаның құны – 1,6 млрд. теңге;

     - Шідерті комбинатында руда емес  материалдарды өндіруді қайта  қалпына келтіру және шығарылатын  өнімнің ассортиментін кеңейту  (“SMS Engineering” АҚ).  Жобаның құны  – 1,3 млрд. теңге. Барлық арнайы  техника сатып алынды және  қойылды;

     - “Рукан” орамалы баспаналық және суоқшаулағыштық материалдар   (“Гидроизоляция” АҚ)  өндірісін кеңейту және жаңғырту. Жобаның құны – 0,5 млрд. теңге. Жоба бойынша шығындар сметасына сәйкес шикізатты, жинақталған материалдарды және арнайы техниканы сатып алу жүргізілді. 2007 жылы өнімдері шығару мен сату жоспарға сәйкес жүріп жатыр.

     Ұлттық  инновациялық қорда қарауға мыналар  тұр:

     - Рихлокаин бірегей препаратын (“РОМАТ”  фармацевтикалық компаниясы” ЖШС)  өндіруді ұйымдастыру.  Жобаның  құны – 1,5 млрд. теңге. “Ұлттық  Инновациялық қор” АҚ директорлар кеңесі осы жобаны қаржыландыруға шешім қабылдады;

     - Туберкулезге қарсы препараттардың жаңа мерзімі ұзартылған нысандарының өндірісі (“РОМАТ” фармацевтикалық компаниясы” ЖШС) – аяқталды. Ғылым қорымен өндіріске туберкулезге қарсы препараттардың жаңа нысандарын енгізу бойынша 55 млн. теңге мөлшерінде грант бөлінді.

     Облыстың  кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментімен  өнеркәсіптік кәсіпорындардың мамандықтар  қимасындағы жұмыс кадрларына қажеттіліктерінің  мониторингісі жүзеге асырылады.

     Жұмыс кадрларына қажеттілік жылдан жылға өсіп келеді. Ең алдымен, бұл жаңа, өндірістерді салумен, қолданыстағыларын кеңейтумен байланысты болды. Неғұрлым қажет етілетіндері “Металлургиялық өндірістің кран машинисі”, “Құю машинасының машинисі”, “Ферроқорытпа балқытушы”, “От төзімділікші”, “Пішінші” және т.б. Облыста “Кадрларды даярлау және қайта даярлаудың республикалық орталығы” МКК оқу кәсіпорны бар. Ол жұмыс күші сұранысының проблемасын да шешеді.

     Ірі және орта өнеркәсіптік кәсіпорындардың  басшылығы кадрларды даярлау мен қайта даярлау мәселелерінде нақты шараларды қабылдайды. Түрлі кәсіптердің мамандықтарын оқыту тікелей жұмыс орындарында немесе арнайыландырылған оқу орталықтарында жүзеге асырылады. “Қазақстан алюминийі” АҚ, “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ, “БАК” ЖШС, “Павлодарэнерго” АҚ сияқты оқу орталықтары құрылған кәсіпорындар осы мәселеге ерекше көңіл аударады.

     Жедел деректер бойынша 2007 жылы 11 870 адам, соның ішінде 3 402 адам жастар оқудан, даярлықтан, қайта даярлықтан өтті, біліктілігін көтерді.

     Облыстың  өнеркәсіптік кәсіпорындарында 3 167 студент және ЖОО-ның, колледждердің, лицейлердің, кәсіптік мектептердің оқушылары практикадан өтті. 3727 адам жұмысқа қабылданды.

     Жас жұмысшыларды облыс кәсіпорындарының бөлімшелеріне тарту үшін КМ, лицейлердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері мен оқушыларын өндірістік және технологиялық практикаға ұйымдастыру кеңінен қолданылады. Оқушыларға кәсіпорынның жоғары білікті мамандарынан тәлімгерлер бекітіліп қойылады. Оқушыларды практикалық дайындаудың неғұрлым ірі базалары “Қазақстан алюминийі”, “Қазхром” ТҰК” филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты, “БАК” АҚ, “Павлодар машина-құрылыс зауыты” АҚ, “Кастинг” ЖШС ПФ, “ЕЭК” АҚ, “Казэнергокабель” АҚ болып табылады.

     Облыста 2007 жыл ішінде 9 475 жоспарға 12 740 (134,5 %) жаңа жұмыс орны құрылды, соның ішінде жаңа өндірістерді құру есебінен, қолданыстағы өндірістерді кеңейту есебінен – 10 003.

     Жаңа  жұмыс орындары “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ бірінші кезегін салу және енгізу және «KSP Steel» ЖШС ПФ-да құбырилек өндірісі есебінен, “ГСУ Құрылыс” ЖШС, “Дейкар” ЖШС, “БКВ топтар” ЖШС ПФ, “Қазхром” ТҰК” АҚ АФЗ кәсіпорындарында кеңейту есебінен, білім беру ұйымдарын (№ 25 ОБМ, № 10 бөбектер бақшасын); химиялық сала кәсіпорнын (“Альфа Хим” ЖШС), неке қию сарайын (“Ақ Отау”) салу және ашу есебінен құрылды.

     Өнеркәсіптік  сектордың кәсіпорындарында инновациялық үрдістерді әрі қарай дамытуға облыстың құрылған инновациялық инфрақұрылымы  септігін тигізеді.

     Аталып  өткендей, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің  өнеркәсіптік бизнестегі үлесі бар жоғы 4 - 5% - ды ғана құрайды. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін өнеркәсіптік бизнеске тарту, өнімдердің жаңа түрлерін шығаруды игеру үшін Павлодар облысының аумағында индустриалдық аймақты ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

     Осы жобаның негізгі идеясы кейін басымды инновациялық өндірістер мен технология трансфертін ұйымдастыру үшін жалға берумен дамыған инфрақұрылымы бар (инженерлік - коммуникациялық және ақпараттық қызмет көрсетулер кешені) жер телімдерін беру жолымен шаруашылық етуші субъектілер мен инвесторларды тарту болып табылады.

     Қазіргі уақытта индустриалдық аймақты  құру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр: жер телімі белгіленді, аймақты ұйымдастыруға  шығындар есебі жүргізіліп жатыр, ықтимал  қатысушыларды іздеу жүзеге асырылып жатыр.

     Облыстың  индустриалдық-инновациялық дамуының тұрақты жұмыс істейтін көрмесі  ұйымдастырылған департамент жанында  инновациялық -көрме орталығы құрылды. Біруақытта инновациялық идеялардың, тәжірибелі үлгілердің, ғылыми әзірлемелердің көрмесі мен тұсаукесерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

     Облыс кәсіпорындары мен халқын өңірдің  индустриалдық-инновациялық даму туралы ақпараттық қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлік  және өнеркәсіп департаментінің  сайты жұмыс істейді. Бұқаралық  ақпарат құралдары арқылы стандарттау  мен сертификаттаудың отандық және халықаралық тәжірибесі туралы жиі ақпарат беріп отыру ұйымдастырылған.

     Бүгінгі күнге облыстың 43 кәсіпорнында халықаралық  стандарттардың талаптарына сәйкес келетін менеджмент сапасының 58 жүйесі сертификатталды және 16-нда менеджмент сапасы жүйелерін әзірлеу мен енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

     Сонымен бірге, өңірде кәсіпорындарды сертификаттандыру  бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс  лайықты деңгейінде қалмай отыр.

     2008 жылы департамент облыс кәсіпорындарында  сапаның халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыс тобының жұмысын белсендіре түсуді жоспарлап отыр.

     Өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдары “Алтын сапа” республикалық конкурстарына  және Қазақстан Республикасы Президентінің  “Сапа облысындағы жетістіктері үшін” алу үшін белсенді қатысады. Ағымдағы жылы конкурсқа облыстың 7 кәсіпорны қатысты.

     Облыстың  индустриалдық-инновациялық дамуының 2007 жылға арналған бағдарламасы бойынша 22,984 млн. теңге мөлшерінде бюджет қаражаты бөлінді және толық көлемде игерілді.

     Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Жолдауында “Салық жүйесін Қазақстанның дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру қажет” деп аталып өтілді. Қолданылып жүрген Салық кодексі экономикалық өсімде позитивті рөл ойнады, бірақ та қазіргі уақытта оның әлеуеті іс жүзінде жойылды. Кодекс үнемі және жүйесіз өсіп келе жатқан жеңілдіктер мен преференциялардың 170 түрінен астамын есептейді.

     Үкіметке  жаңа Салық кодексін әзірлеу керек. Ол экономиканың жаңғыруы мен әртараптандырылуына, “Тасадан” бизнеске шығуға септігін тигізуі тиіс.

     Жаңа  Кодекс салық қызметтерімен оның нормаларын ерікті талқылаудан қоршайтын  тікелей іс-қимылдар заңының сипатын  алуы, әкімшілік ету сапасы мен  салық төлеушілердің мүдделерін үйлестіруі тиіс.

     Бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторлары үшін жалпы салық жүктемесін төмендетуді көздейді. Бюджеттің күтілетін шығыны өндіруші сектордан экономикалық қайтарымды ұлғайту есебінен өтемақыландырылуы тиіс.

     Осы облыста алдынғы мемлекеттік  бағдарламаларды іске асыру шағын  кәсіпкерлік саласын реттеудің  нормативтік-құқықтық негізін салуға және оның қалыптасуына әсер етуге, елде сол бәсекелестік тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығын құруға мүмкіндік берді. Бұны мейрамханалардың, кафелердің, жеке медициналық клиникалардың, құрылыстық кооперативтердің, тұрмыстық қызмет және бос уақыт кәсіпорындарының саны қалай өсіп келе жатқандығынан көруге болады.  ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің деректері бойынша қазіргі уақытта шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны республикадағы барлық кәсіпорындардың жалпы үлесімен салыстырғанда көптеген дамыған елдердің деңгейлерімен салғастырылған, онда ол 90 - 95 пайызға тең. Бізде бұл көрсеткіш 90,7 пайызды құрайды, ал кейбір салаларда, мысалға, сауда саласында қолданыстағы кәсіпорындардың жалпы санынан 98 пайыздан жоғарыны құрайды. 2006 жылы республикада 808 462 кәсіпорындар, оның ішінде 739 122 шағын тіркелген. Бұл ретте онда жұмыспен қамтылған адамдардың саны барлық экономикалық белсенді халықтан осы кезең ішінде 20,6 пайызға дейін (шамамен 1,6 миллион адам) өсті. Осыларды көңілге ала отырып, жалпы жаман емес көрсеткіштер елдің жалпы экономикалық жағдайына аса сондай үлкен емес деп тануға болады.

     Осы сектор өзіне алатын сол зор әлеуетті сезіне отырып, әлемдік тәжірибені зерделеп, Үкімет Қазақстан Республикасында  шағын және орта кәсіпкерлік дамыту мен қолдаудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама жаңа технологиялық өндіріске бағдарланған, шағын бизнес мемлекеттің экономикалық жүйесінде жетекші сектор, оның орнықты өсімінің негізі болып қалуы тиіс.

     Кәсіпкерлік ғасырлар бойы қалыптасқан, оны мемлекеттік  қолдаудың нысандары мен әдістері үнемі жетілдіріліп отырған алдынғы  қатарлы елдерден айырмашылығы Қазақстанда  шағын және орта бизнестің пайда  болуы жуырда, 90-шы жылдардың басында  басталды. Сол кездегі қолайсыз экономикалық факторларды, сондай-ақ елдің тарихи және мәдени дәстүрлерін ескере отырып, бүгінгі таңда отандық кәсіпкерлердің алдында тұрған қиындықтар мен проблемлар толық түсінікті.

     Бірінші кезекте бұрын салық саясатының жетілмеуінің қатысы бар, шағын кәсіпорындарды ерікті немесе ерікті емес түрде заңды бұзуға, “Тасадағы” секторға кетуді мәжбүр етеді. Сонымен бірге, салық саясаты шағын және орта бизнесті дамытуда оның тіршілікке қабілеттігін қамтамасыз ете отырып,  ынталандыру факторы болып қалуы тиіс. Осы мақсатпен әлемде шағын кәсіпорындарға: кәсіпорындардың мөлшерлеріне қарай шекті салық ставкаларын кезең-кезеңмен азайтудан бастап салық жеңілдіктерінің саласын кеңейтуге дейін өсу қарқынын ұлғайтуға мүмкіндік беретін салықтық реттеу шараларының үлкен арсеналын пайдаланады.

     Басқа мәселе жаңа бастаған кәсіпкерде бастапқы капиталды қалыптастыру көздерінің іс жүзінде жоқтығында жатыр. Банктік  сектормен берілетін несиелер жоғары пайыз ставкалары және қайтарудың қысқа  мерзімділігінен көбіне қолжетімсіз; Өз кезегінде, комерциялық банктер шағын және орта бизнесті несиелендіруге үлкен тәуекел мен кепілдіктердің салдарынан зауықсыз барады. Өз қаржылай ресурстарының жетіспеушілігі мен оларды сатып алу қиындығы сондай-ақ шағын және орта кәсіпорындарды, көп жағдайда өзіне тиімсіз жағдайларда тасадағы экономикамен өсіруге итермелейді.

     Барлық  осы жағдайларды ескере отырып, Елбасы соңғы Жолдауында бәсекелестікті –  “Біздің экономиканың тиімділігі мен  бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуде  ерекше миссияны Президенттің тапсырмасы бойынша қайтадан құрылған Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттікпен орындауды бұйырды.

     Сол кезде де коммерциялық банктер не сауда-саттық операцияларды несиелендіруге, не ірі тауар өндірушілерді көздеуге бағдарланғандығын атап өткен жөн.

     Шағын өндірістік бизнес көбінесе өтімді кепілдік базаның жоқтығынан қаржы және банктік институттары мүдделерінің саласынан тыс қалады. Осыған байланысты, маңызды рөлді несиелерді беру, франчайзингті дамытуды және қолдаудың басқа да дәстүрлі емес түрлерін сақтандыру түрінде шағын кәсіпкерлікті қолдауды алады.

     Кәсіпкерлік қаржылай қолдау саясаты жеңілдетілген  пайыз ставкаларын қолданумен, өңірлік  деңгейлерде кепілдік қорлар мен  несиелік серіктестіктерді құрумен  қызметтің басымды түрлерін ортамерзімді және ұзақмерзімді несиелендірудің үлесін ұлғайтуда жатыр.

     Осылайша, шағын бизнесті дамытуда әсер беретін  тетіктер қалыптасатын болады, өйткені  бастапқы капиталды алу проблемасы негізгі болып табылады.

     Ықтимал инвесторларды кеңінен тарту  мақсатында қаржылай қаражат шағын бизнесті дамытуда маңызды рөл ойнай алады, Қазақстанға тікелей инвестициялар үшін қолайлы климатты құрумен жұмыс істеуді жалғастыру көзделді.

     Тұрақтандыру  және экономикалық өсімнің мүмкіндігін  анықтайтын маңызды фактор өңірлердің және тұтастай республиканың жоғары инвестициялық белсенділігі мен қызметі болып табылады. Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформалар халық шаруашылығының-кәсіпорынның негізгі буынының құқықтық, қаржы - экономикалық және әлеуметтік жағдайын, шаруашылық және азаматтық айналымның жүйесінде оның мәртебесін айтарлықтай өзгертті. Экономиканың барлық салаларында басып алған мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорындардың орнына жеке, аралас, акционерлік меншікке негізделетін көптеген кәсіпорындар пайда болып, жұмыс істеп тұр. Бұның бәрі инвестициялық қызметті басқару және ұйымдастыру тетігін экономикалық өсімнің, ұйымның және тұтастай экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыру негізін өзгертуге әсерін тигізді.

Информация о работе Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде