Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 08:13, курсовая работа

Описание работы

Аймақ бойынша шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының көбірек саны Павлодар қаласында шоғырланған. Олардың үлес салмағы облыстағы шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының 72,8% құрайды. Жаппай алғанда, облыс бойынша белсенді шағын бизнестің кәсіпорындары санының 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 4,6% - ға өскені байқалады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштің Ақтоғай ауданында 62,5%, Успенде – 80%, Железин ауданында 86,7% дейін төмендегі байқалады.
Павлодар облысы бойынша 2008 жылы шағын және орта бизнестағы жұмысбастылықтың жалпы саны 4,3 % өсті, яғни 98509 адамды құрайды. Оның ішінде: заңды тұлғада – 33511 адам., жеке кәсіпкерлікте – 57300 адам, ауылшаруашылық қожалықтарында – 7698 адам.

Работа содержит 1 файл

малый средн бизнес Microsoft Word.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

           Шағын және орта бизнесті дамыту үшін үш факторлық жағдайды ескеру қажет. Олар:

     - бизнеспен шұғылданушылардың құқығын  қорғайтын жүйе жасау;

     - тексеруші органдардың санын  азайту;

     - рұқсат беруші құжаттардың санын  азайту.

     Шағын және орта бизнестің күрделі проблемаларының бірі несиелік ресурстарды алудың қиындағы. Бизнеспен шұғылданушылар банктен несие алудан бес түрлі себептан бас тартады:

     - пайыздық өсімнің жоғары болуы;

     - кепілдік талаптың тым қатаң  болуы;

     - ақпараттың жетіспеушілігі;

     - несие алу мүмкіндігіне сенімнің  жоқтығы;

     - банктердің бизнеспен шұғылданушылардан аймақтық алшақтығы.

     Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қодаудың негізгі қағидалары:

     - шағын және орта бизнесті дамытудың басымдылығы;

     - шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі;

     - инфроқұрылымды дамытуда шағын және орта бизнестің ұйымдастырушылық формаларын таңдауда жағдай туғызу;

     - алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені  қолдану.

     Казақстан Республикасының шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі агенттігігі Экономикалық зерттеулер институты және Кәсіпкерлер форумы кеңесімен бірлесіп, ҚР – да шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың 1999 – 2000жж арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы жүзеге асты.   

     Бағдарламада  бірқатар шараларды жүзеге асыру  белгіленген болатын:

     1 Шағын және орта бизнесті қаржы – несиелік және инвестициялық қолдау. Шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігі шектеулі. Мұндай жағдайда қаржыны пайдаланудың коммерциялық механизімдеріне көшу қажет. Қазір банкирлер сату – сатып алуды несиелейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелеуді қолайлы көреді. Шағын және орта бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты кіші және орта бизнеске лизенгтік несиелер, сақтандыру, франчайзингті дамыту қажет.

     Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау саясаты орташа және ұзақ мерзімді несиелеуді, аймақтық деңгейде кепілдік қорлар мен несие серіктестіктерін құруға бағытталуы қажет.

     2 Кеден саясаты. 

     Шағын және орта бизнесті қолдаудың басты бағыттарының бірі – кеден баждарын төлеу кезінде шағын және орта бизнеске жеңілдіктер беру. Қазақстанда өндірілмейтін шикізаттарды импорттаған кезде қосымша құн салығын салуды кейінге қалдыру керек.

     3 Салалық бағдарламаларын жетілдіру.

     Шағын және орта бизнесті дамытудың маңызды жағы салық министірліктері мен ведомстволар, сондай – ақ ірі отандық кәсіпорындар тарапынан қолдау жасау болып табылады. Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы транспорт және коммуникация салаларында, содай – ақ шағын және орта бизнес салаларында да жасалынған.

     4 Шағын және орта бизнестің қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту.

     Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын қалыптастыру үшін болашақта шағын және орта бизнесті дамыту қорының жұмысын қайта қарау қажет. Нарық инфрақұрылымын дамыту шағын және орта бизнесті дамытудың маңызды бөлігі болып келеді. Шағын және орта бизнестің тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфроқұрылымға мынадай элементтер жатады: аудиторлық, консалтингтік, бухгалтерлік және басқа қызмет түрлері, қаржы – несие институттары, сақтандыру компаниялары, әр түрлі оқу орындары жатады.  Сонымен қатар бұл нарық инфра құрылым субъектілерінің өзіндік мәселелерін шешу қажет. Қазақстанда шағын және орта бизнеспен шұғылданушылардың мүддесін қорғайтын жетілген ұйымдар бар. Олар: Қазақстан кәсіпкерлер конгресі, Кәсіпкерлер мен өндірушілер одағы.

     5 Лизинг және франчайзингті қалыптастыру.

     Бүгінгі таңда шағын және орта бизнесті дамыту саласында жедел және қаржы лизингі іс жүзінде дами алмай отыр. Мұндай жағдайда лизингтің заңдық және нормативтік базасының жоқтығы басты себеп болып табылады. Лизингтік қатынастарды тезірек ендіру мақсатында олардың дамуын қолдау жөнінде бірқатар шараларды қабылдау қажет.

     Франчайзинг шағын және орта бизнестік өкілдерінің ірі бизнеспен қарым – қатынасының тиімді үлгісі ретінре өз дамуының зор мүмкіндіктеріне ие. Қазақстанда франчайзингтің дамуы үшін: франчайзинг ассоциациясының, франчайзингтің оқу - консультациялық орталығын құру қажет.

     6 Ақпараттық қамтамасыз ету.

     Бұл орайда бағдарлама бойынша шағын және орта бизнесті ақпараттық қамтамасыз етудің ұлттық жүйесін жасау жоспарланған. Осы жүйе шеңберінде заңдық - нормативтік актілер, оқу орталықтары, заңгерлік фирмалар, адвокаттық кеңселер, инфрақұрылымның басқа да объектілері бойынша деректердің ақпараттық базасы құралады.Шағын және орта бизнестің Республикалық көрме орталығы бұл жүйені іске асыруға негіз болуы тиіс. 

    7 Шағын  және орта бизнес субъектілерін қорғау инфроқұрылымын құру.

     Бүгінгі таңда шағын және орта бизнес өзінің құқықтық мәртебесі жағынан жеткілікті қорғалған институтқа жатпайды, бұл әсіресе шағын бизнеске қатысты. Шағын бизнестің ортақ мүдделерін және әр субъектінің мүдделерін қорғау мемлекеттік емес ұйымдардың рөлін күшейту мақсатында, әр түрлі заңдарды жүзеге асыру керек. Шағын және орта бизнесті тіркеуді бастаушы бизнеспен шұғылданушыларға өз ісін бастауда үлкен кедергі келтіреді. Жаңадан құрылып жатқан шағын және орта бизнестің тағы бір мәселесі – бұл жарғылық қорды төлеу мәселесі. Жарғылық қорды төлеу заңмен бекітілмесе де, Президент Жарлығы негізінде жүргізіледі. Кейбір кәсіпкер бұл талапты орындай алмайды. Лицензия беру мәселесін де заңдық жағынан қайта қарау қажет.    

     8 Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселелері.

     Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі – ол мемлекеттің қаржы – несиелік және инвестициялық саясаты. Қолайлы инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Республикада кіші және орта бизнесті тиімді қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын алып отыр. Қаржы бойынша бірқатар мәселелер шешімін таппай тұр:

     - несие алудың шектеулілігі;

     - коммерциялық банктердің кепілдік  міндеттемені жоғары деңгейде  ұстауы;

     - берілген несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жоғары болуы және қысқа мерзімділігі;

     - шағын және орта бизнеске микро несие берудің заңдылық негізінің жоқтығы;

     - банктердің шағын және орта бизнестерді несиелеу саясатының анықсыздығы.

     Осыған  байланысты шағын және орта бизнесті қаржылай қолдаудың басты бағыты осы секторға несие мен инвестицияны кеңінен тарату. Сонымен бірге шағын жіне орта бизнеске қатысты қаржылық – несиелік саясат салалық, аймақтық  басымдылықтарға және төмен пайыздық, ұзақ мерзімдік несиелеу жүйесіне негізделуі қажет.

     Бүгінгі таңда Қазақстандағы экономикалық өзгерістер құқықтық саладағы қайта  құрулардан көп ілгері кеткен. Мұндай жағдай шағын және орта бизнес саласында да орын алған.

     2004 жылы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10195 – қаулысы әрекет етсе, оның ішінде күшін жою және өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы келісімдер де бар. Үкіметтің қолданыстағы қаулыларының ішінде 420 дербес нормативтік құқықтық кесім тікелей шағын және шағын бизнес қызметтерін реттейді.

     Бір жағынан, қолданыстағы заңнаманың заңсыз кесімдері қолданыстығы заңнама жүйесінен шығарып тастауды қамтамасыз ететін тетігі жоқ сияқты.

     Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша нормативтік құқықтық келісім қабылдау қажеттігін негіздеу кезінде шағын және орта бизнестің жекелеген проблемаларын мемлекеттік реттеудің орындылығын және кейінгі тиімділігін жан – жақты талдау жүргізілмейді.

     Бұдан басқа қазіргі уақытта нормативтік  құқықтық кесімдердің қолданылудың нәтижелілігін бақылау тетігі жоқ, сондай – ақ мұндай нәтижеліліктің көрсеткіштері мен өлшемдері анықталмаған. Әкімшілік тосқауылдары айтарлықтай жеткілікті шағын және орта бизнес субъектілерінің тіршілік әрекетін 3 кезеңге бөлуге болады:

     - тіркеу және қайта тіркеу;

     - жұмыс істеу және даму;

     - тарату.

     Жоғарыда  көрсетілген кезеңдердің әрқайсысында шағын және орта бизнес субъектілерінің икемділігіне, белсенділігі мен ұтқырлығына әсер ететін көптеген проблемалар кездеседі, олар түпкі нәтижесінде кіші және орта бизнес субъектілерінің дамуын тежеуі ықтимал.

     Тіркеу, қайта тіркеу және тарату кезеңдері. Бұл ретте рұқсат беру  жүйесінің қолданыстағы заң базасын атап өту қажет. Ол 216 заң актілерін қамтиды және бизнес жүргізу бойынша шығындар көлемінің жоғары болуына себеп болып табылады.

     Тіркеу  және қайта тіркеу рәсімдері қолданыстағы заңнамаға сәйкес әр түрлі мекен – жай бойынша орналасқан түрлі ұйымдар беретін құжаттардың белгілі бір санын талап етеді. Рынок конъюктурасына байланысты шағын және орта бизнес субъектілері жүйелі түрде қызмет түрін өзгертіп отырады. Бұл құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және тіркеу органын хабарландыруды  сондай – ақ түрлі рұқсат түрлерін алуды қажет етеді.

     Көптеген  елдерде шағын және орта бизнес субъектілеріне, олардың қызметін қолау үшін «жалғыз терезе» қағидаты бойынша тіркеу және қайта тіркеу жағдайлары жасалған. Мысалы, 2,4 млн. шағын және орта бизнес субъектілері бар Францияда тіркеу процесі 24 сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар 10 күннің ішінде «бір терезе» қағидаты бойынша тіркеледі. Бүгінгі таңда Қазақстанда да осындай жүйе енгізілген, оны бизнес қауымдастық қолдауда.

     Теориялық бөлімде жазылғандай шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы нәтижелі инфроқұрылымдарды құруды стратегиялық жоспарлау әдісімен дамытудың бағдарламасын  жасаудың көмегімен болады. Шағын және орта бизнесті оңтайландыру қағидасында мемлекет тарапынан аз мөлшерде араласу қажет, өйткені кәсіпкерлік бәсекелестік қатынас болып табылады. Павлодар облысында шағын және орта кәсіпкерлігіндегі қалыптасуындағы сараптаулар шағын кәсіперліктің белгілі сатыларынан өткенін көрсетеді.     Шағын кәсіпкерліктің алғашқы сатысында болған ол қылықтар қазіргі уақытта екінші – жоспарға кетті – заңды база қалыптасты, бизнестің рентабелді, пропорцианалды межесі анықталды, бизнестің қаржыландыру жүйесі жасалынды. Қазір бірінші орынға сапасы жаңа проблемалар көтерілуде – мемлекеттік ұйымдармен ынтымақтасу, кәсіпкерліктің мәдениетін дамыту, сапа менеджментін, жаңа технологияларды енгізу, шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа сатысына көтерудің шешімдерін жасайтын және т.б.

     Бұл үрдіс, дамудың барлық сатыларында  нақтылы талап ететінін атап өту  қажет. Шағын және орта бизнестің  инфроқұрылымдарын жетілдіруде  даму үрдісінің негізгі маңызды  барлық төрт сатысын белгілеу қажет: ағымдағы экономикалық жағдайдың сараптамасы  мен бағасы; даму үшін стратегиялық мақсатпен міндеттердің жасалуы, кедергілерді алдын-ала болжау және анықтау, кедергілерді жоюды анықтау және стратегияны орындауға жұмыс істеу.

     Павлодар  облысында шағын және орта кәсіпкерлік  секторының ағымдағы жағдайларының табысты сараптамасы үшін, статистикалық берілгендерді пайдалану ғана емес, сол сияқты ақпарат жинауда күрделірек тәсілдерін – сауалнама, интервью алу, бақылау жасау сияқтылар қажет. Бұл сараптама әдісі жеткілікті шығынды, дегенмен ол бағдарлы – мәселелі және құрылымының әлсіз тұстарын дәл анықтауға мүмкіндік береді.

     Бұл шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін негізгі барлық нәтижелі бағдарлама секторының құрылымын есепке ала  отыру болып табылады, сонымен  қоса әртүрлі топтың түрлі мұқтаждығы болады.

Информация о работе Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде