Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 08:13, курсовая работа
Аймақ бойынша шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының көбірек саны Павлодар қаласында шоғырланған. Олардың үлес салмағы облыстағы шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының 72,8% құрайды. Жаппай алғанда, облыс бойынша белсенді шағын бизнестің кәсіпорындары санының 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 4,6% - ға өскені байқалады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштің Ақтоғай ауданында 62,5%, Успенде – 80%, Железин ауданында 86,7% дейін төмендегі байқалады.
Павлодар облысы бойынша 2008 жылы шағын және орта бизнестағы жұмысбастылықтың жалпы саны 4,3 % өсті, яғни 98509 адамды құрайды. Оның ішінде: заңды тұлғада – 33511 адам., жеке кәсіпкерлікте – 57300 адам, ауылшаруашылық қожалықтарында – 7698 адам.
Бағдарлама жасау мақсатында нарықты мынадай белгілеріне қарай бөлшектерге бөлуге болады:
орта кәсіпорын);
Бұл саладағы мемлекет саясатының рөлі осы мұқтаждықтарды қанағаттандыратын, бейімділікті бағдарлама моделін жасауда және нақтылы мұқтаждықты анықтауға көмкетесу.
Аймақтардағы шағын кәсіпкерліктің сараптамасы көрсеткендей, кәсіпкерлер бірлестігі және жалпы мақсатқа жетудегі бизнес-инкубаторлардың санының жеткілікті мөлшерде болуы үкіметтік емес бірлестік, біріңғай үйлестіруші орталық құру қажеттілігін пісіріп жетілдірді. Бұл мекемелерде меншіктің және ұйымдастыру құрылымының әр түрлі нысандары бар. Олардың басты және талассыз басқарудың қағидалы жұмысы, оның өзін кәсіпкерлік бейнесінде ұстауы және жергілікті кәсіпкерлердің түрлі мұқтаждығына икемді бейімделуі.
Жұмыс
істеу және дамыту кезеңінде. Көп
жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық
деп танылатын бизнес қызметіндегі
тәртіп бұзушылықтардың басым
Осы орайда:
-
тексеру, бақылау және
-
заң актілерінде кейбір
-
тексеру, бақылау және
- бақылау – қадағалау органдары жұмысының тиімділігін бағалаудың қолданыстағы тәжірибесі анықталған тәртіп бұзушылықтар саны мен салынған айыппұдарға тікелей байланысты;
-
бизнес субъектісі қызметінде
төтенше жағдай (ғимараттың құлауы,
жаппай улану, адамдардың
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің кейбір ережелері шағын және орта бизнестің дұрыс дамуына кедергі жасайды.
Дәлірек айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың жоғары мөлшерлері, салық салу тұрғысындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды санамағанда, кіші және орта бизнес субъектілерімен қатар ірі бизнес үшін де бірдей етіліп белгіленген.
Лауазымды тұлғаның өз қалауына қарай айыппұл сомасын әрбір құқық бұзушыға қатысты белгіленген ең кіші және ең үлкен мөлшер (5 айлық есептік көрсеткіштен 2000 айлық көрсеткішке дейін) шегінде таңдап белгілеу мүмкіндігі сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына алып келеді.
Одан
қалса айыппұлдардың жоғар
Лицензиялауға, аккредитациялауға, стандарттауға, сертификаттауға жататын жұмыстар, тауарлар мен қызметтер түрініңің кең тізбесінің болуы, мемлекеттік бақылау, қадағалау қызметтері іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерлік бастаманың өсуіне кедергі келтіреді.
Мемлекеттік бақылау, қадағалау қызметі - шағын және орта бизнесті қолдауды дәлдейтін факторлардың бірі бақылау органдары тарапынан жүргізілетін тексерулерге қатысты жеңілдетілген жағдай. Шағын және орта бизнес субъектілері мемлекеттік бақылау органдарымен үш жылда бір рет қана тексерілуі тиіс. Сонымен қатар, тексерудің қысқартылған мерзімі бекітілген, олар 15 күнтізбелік күннен аспауы керек, сондай – ақ тексеруші орган шағын және орта бизнес субъектісін тексерудің түрі мен мәселесін көрсете отырып, оның басталуына дейін 158 күн бұрын ескертуі шарт. Осылайша, негізгі кемшілік әкімшілік тосқауылда ауыртпалығы болып табылады:
- тікелей қолданылмайтын, заңға бағынышты кесімдердің санының көптігі;
- керексіз статистикалық және салық есебін жүргізу;
-
кейбір мемлекеттік
Шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер ететін тағы бір фактор – бизнес әрекетін реттейтін елімізлегі заңның жетілмегендігі немесе нақты нормалардың жоқтығы, бұл әкімшілік кедергілердің артуына алып келеді.
Көптеген
аймақтарда кәсіпкерлік біліктілігі
мен оларды оқыту мәселесі шешілмей
қалуда. Инжинерлік - техникалық және жұмысшы
мамандықтар саласындағы
Алдыңғы жылдар тәжірибесі негізінде өткізілген талдау бизнесті қолдау жұмыстарын жүйелеу арқылы экономикалық, құқықтық және институционалдық құрылымдық реформаларды тереңдету қажеттігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қабылданып отырған шараларға қарамастан Қазақстандағы шағын және орта бизнес, оның дамуын тежеп, Қазақстандық қоғамды тұрақтандыру мен елдің экономикалық өсімінің негіз болуға мүмкіндік төмендегідей мәселелерге жолығуда:
-
қаржы – несие қол
-
ресурстардың жеткіліксіз
- жергілікті жерлерде шағын және орта бизнесті дамытумен қолдаудың мемлекеттік саясатын өткізу процесін үйлестіру мен басқарудың нақты басымдылықтарының болмауы;
- шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік емес институттары мен қауымдастық, шағын несие, ақпараттық консалтингтік және оқыту мекемелері, бизнес инкубаторлар, технопарктер және басқа да тиімді ақпарат алмасу тетігімен кері байланыстың жоқтығы.
Сонымен қатар, лицензиялау, мүліктік тіркеу, өнім, жұмыс, қызмет сапасын бақылау және т.с.с. мәселелерде мемлекет шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін реттеу деңгейінің жоғарылығы шағын және орта бизнестің дамуына кері әсер етеді.
Шағын және орта бизнес мәселелері бойынша кеңестік, құқықтық бухгалтерлік және әртүрлі консалтингтік қызмет ұсынуға негізделген шағын және орта бизнес субъектілеріне көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ететін шағын және орта бизнесті қолдаудың өкілетті органдарын қалыптастыру көзделуде.
Қазір елімізде шағын және орта бизнесті қолдаудың белгілі бір инфроқұрылымы әрекет етеді: қауымдастықтар, бизнесті қолдау ортадықтары, бизнес – инкубаторлар, технопарктер және басқа. Алайда, олардың басым бөлігі өзіндік қаржы құралдарының жетіспеуінен өз міндеттерін атқара алмауда. Оларды бұл жұмыстарға белгілі бір тапсырмаларды конкурстық негізде орналастыру арқылы жүзеге асыру көзделуде, оларды кіші және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізу болжануда. 2007 жылдың соңына дейін облыс орталықтарынан тыс осындай схема бойынша мұндай орталықтарды аудан орталықтарында құру көзделуде.
Көрсетілген шараларды іске асыру нәтижестінде шағын және орта бизнеске құқықтық ықпал мен көмек көрсету бойынша сапалы инфроқұрылымның әрекеттегі нысандарды шағын және орта бизнес дамуының жаңа бағыттарын іске асыруға мүдделі болады.
Салық кодексінде шағын және орта бизнес қызметін салықтық реттеу жүйесін жетілдіруге бағытталған көлемді шаралар қарастырылған. Олардың ең бастысы ұйымдастыру – құқықтық үлгісінде, кіріс деңгейіне, сондай – ақ ауылшаруашылық тауарөндірушілеріне ерекше тәртіп ұсынуды жан – жақты қарастыру болып табылады.
Мәселен, салық кодексінің жекелеген бөлігінде салық салу жүйесі едәуір төмендететін оның ішінде шағын және орта бизнеске, шаруа фермер шеруаларына, ауылшаруашылық өнім өндіретін заңды тұлғаларға қатысты арнайы салық тәртібі қарастырылады. Шағын және орта бизнес субъектілері үшін арнайы салық тәртібі бір реттік талон, патент, жеңілдетілген деклорация негізінде анықталады. 2003 – 2005 жылдар аралығында Салық кодексіне шағын және орта бизнес субъъектілеріне салықтық кедергіні одан әрі төмендетуге байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, оның ішінде:
«Қосымша құн салығы бойынша шекті мән» 10000 айлық көрсеткіштен (8,2 млн. теңге) 12000 айлық есептік көрсеткіште (10,4 млн. теңге) дейін. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сәйкес шағын және орта бизнес субъектілерінің бухгалтерлік есебі- есеп берідің жеңілдетілген тәртібі мен үлгісін қарастыратын тәртіпте ұсынылуы мүмкін. Бұл норма акцизделетін өнім өңдеу мен, өткізумен (алкогольдік және темекі өнімдерін бөлшектеп сатуды ескермегенде) айналысатын субъектілерден басқа бардық кіші және орта бизнес субъектілеріне қатысты.
Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың әділ жүйесін құрудың негізгі принціпі жалпы экономикалық мүдделердің фискалдық мүдделерден басым болуы тиіс. Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың әділ механизімі кәсіпкерлердің табысын анықтаудың байыпты тәртібінің болуын көздеуі керек. Шағын және орта бизнеспен шұғылданушылардың табысына біріңғай жеңілдікті мөлшерлеме енгізу немесе патенттік төлем бизнеспен шұғылданушылардың жұмысын жеңілдетеді. Ағымдағы және аванстық төлемдер төлеудің кәзіргі тәртібін жою керек. Өндірісті дамытуға, бәсекеге түсе алатын экспортқа бағдарланған немесе импорты ауыстыратын өнімдер шығаруға қаржы жұмсайтын шағын және орта бизнес үшін табыс салығын есептеген кезде салық салынатын табысты осы қаржыға кеміту қажет.
Экономиканың аталмыш секторын қолдау барысында біршама шаралардың жүргізіліп жатқаны баршаға аян. Атап айтқанда, олардың іс - әрекет барысында ықпал ететін нормативтік құжаттар қабылданып, жұмыс жасауда; жаңа Салық Кодексі іске қосылып, онда шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың арнайы режимі қарастырылып, банктер тарапынан әр түрлі мерзімге несиелер берілуде. Осындай қол жеткізген нәтижелерді одан әрі жетілдіру барысында жекелеген қағидаларды басшылыққа ала отырып жұмыс істеу қажет. Атап айтқанда, макроэкономикалық тұрақтылық, яғни мемлекеттік бюджет тапшылығын мүмкіндігінше төмен деңгейге жеткізу, жеңілдікпен несиелендіру, артық ақша эмиссиясын болдырмау болып табыдады. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында жедел шешуді қажетсінетін мәселелердің бірі – инфляция қарқынын төмен деңгейде ұстау. Бюджет шығысын бюджет кірісінің негізінде қалыптастыру оның негізгі институты – салық жүйесі арқылы іске асырылады. Бұл тұста салық жүйесі идиологиядан тыс және саяси бейтарап болуы шарт. Көптеген елдердің даму тәжірибесі көрсеткендей, салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға наме шектеуге, бюджет кірісін қамтамасыз етуге, қоғам мүддесін қолдауға болады. Салық ауыртпалығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым салық төлеушілердің салық төлеуге деген ынтасы мен мүмкіншілігі төмендейді. Сондықтан мемлекет салықтар, салық ставкалары мен жеңілдіктері тәрізді реттеу құралдары арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында оның экономиканы, өндіріс пен инвестицияны ынталандыруға тигізетін әсерін де басты назарда ұстау шарт.
Информация о работе Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде