Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 08:13, курсовая работа

Описание работы

Аймақ бойынша шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының көбірек саны Павлодар қаласында шоғырланған. Олардың үлес салмағы облыстағы шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының 72,8% құрайды. Жаппай алғанда, облыс бойынша белсенді шағын бизнестің кәсіпорындары санының 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 4,6% - ға өскені байқалады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштің Ақтоғай ауданында 62,5%, Успенде – 80%, Железин ауданында 86,7% дейін төмендегі байқалады.
Павлодар облысы бойынша 2008 жылы шағын және орта бизнестағы жұмысбастылықтың жалпы саны 4,3 % өсті, яғни 98509 адамды құрайды. Оның ішінде: заңды тұлғада – 33511 адам., жеке кәсіпкерлікте – 57300 адам, ауылшаруашылық қожалықтарында – 7698 адам.

Работа содержит 1 файл

малый средн бизнес Microsoft Word.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

     Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген және индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру құралы болып табылады.

     2010 жылы республикалық бюджеттен  оны іске асыруға 30 млрд. теңге  қарастырылған.

     Осы бағдарлама үш бағыттан тұрады:

     1 Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.

     2 Кәсіпкерлік  секторды жақсарту.

     3 Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

     Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру:

     - кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беру;

     - кредиттерге жартылай кепілдік беру;

     - өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

     - бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету;

     - кадрлар даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап жүзеге асырылады) арқылы жүргізіледі.

     Осы бағыт шеңберінде демеу қаржы  беру жаңа инвестициялық жобаларды  іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер  бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңартуға және кеңейтуге бағытталған, қолданыстағы кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

     Банктер сыйақы мөлшерлемесін 12%-ға дейін төмендетеді, соның 7%-ын Бағдарламаға қатысушы төлейді, ал 5% - мемлекет өтейді. Қаржыландыру тек  жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңартуға және кеңейтуге бағытталған жобалар бойынша жүзеге асырылады.

     Бағдарламаны  іске асырудың екінші бағыты кәсіпорындарды жақсартуға бағытталған, оның шеңберінде:

     Қарызгер  кәсіпорынға Банктердің бар кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беруге және жобаны мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа қарызға;

     Қарызгерге  салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша (төлем  көздерінде ұсталынатын жеке табыс салығын қоспағанда) төлемақы өсімінсіз, 3 жыл мерзімге дейін ұзартуға көмек көрсетіледі;

     ҮИИДБ шеңберінде кәсіпорындарды жақсарту бойынша  басқа іс-шаралар.

     Бағдарламаны  іске асырудың үшінші бағыты сыртқы нарыққа  өнімдерін экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. 2010 жылы Банктердің, Бағдарлама қатысушыларының сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспайтын болады. Сонымен қатар,  экспорттаушы 4%-ын төлейді, мемлекет 8% өтемақы төлейді.

     Жаппай  алғанда, Бағдарламаны іске асыру индустрияландыру үдерісінде шағын және орта бизнестің рөлін нығайтуға, өңдеуші өнеркәсіпте еңбек өнімділігін арттыруға, шикізаттық емес экспорттың үлесін арттыруға  ықпал етеді.

     Бағдарламаның қатысушылары – ҚР Заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері.

     Бағдарламаның үшінші бағытына экономиканың барлық секторында өндіретін өнімдерінің 10%-нан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса  алады, мыналардан:

     - тау-кен өнеркәсібінен;

     - минералдық шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және ҚР Үкіметінің 2008ж.31.12. № 1344 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарынан басқасы.

     Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесі:

     - агроөнеркәсіп кешені;

     - жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі;

     - құрылыс материалдарының және  басқа да металдық емес минералдық  өнімдердің өндірісі;

     - металлургия, металл өңдеу, машина  жасау;

     - өнеркәсіптің басқа да секторлары;

     - көлік және қойма;

     - туризм;

     - ақпарат және байланыс;

     - кәсіптік, ғылыми және  техникалық қызмет;

     - білім беру;

     - денсаулық сақтау және әлеуметтік  қызметтер;

     - ойын-сауық және демалыс өнері;

     - қызметтердің басқа да түрлері.

     ҚР  Экономикалық даму және сауда министрінің вице-министрі М. Құсайыновтың басшылығымен  екінші деңгейлі банктердің, «Даму» қорының, бизнес құрылымдардың,  облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасы басшыларының қатысуымен  2010 жылғы 23 сәуір сағат 15.00-де өткен кеңесте «Бизнестің жол картасы 2010» соңғы жобасының тұсаукесері өтті.

     Кеңес барысында басты екінші деңгейлі банктер басшыларына «Бизнестің жол картасы 2010» бағдарламасының талаптары мен бағыттарына сәйкесетін бизнес жобалардың тізбесін қалыптастыру тапсырмасы берілді.

     Қазіргі уақытта  облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасы екінші деңгейлі банктерге бизнес жобаларды өңірлік үйлестіру кеңесінде алда қарау үшін сомасын көрсете  отырып, олардың тізбесін ұсыну туралы сұраулар жіберді.

     ҚР  Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына  сәйкес «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілді. Бұл бағдарламаны іске асыру тетіктері, тәртібі және шарттары белгіленді.

     Осыған  байланысты, облыс әкімдігінің қаулысымен Аймақтық үйлестіру кеңесі құрылды. Облыс әкімі жетекшілік ететін консультативті - кеңестік органның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, банктердің, кәсіпкерлер бірлестіктерінің, салалық қауымдастықтардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар кіріп отыр.

     2010 жылы «Бизнестің жол картасы»  бағдарламасын іске асыруға республикалық  бюджеттен 30,0 млрд. теңге қарастырылған.

     Олардың ішінен халықтың саны есебімен Павлодар облысы үшін 657,3 млн. теңге бөлінді, соның ішінде:

     1 Жеке кәсіпкерлікті қолдауға – 431,7 млн. теңге. Оның ішінде:

     - пайыздық мөлшерлемеге демеу  қаржы беру - 206,5 млн. теңге;

     - кредиттерге кепілдік беру – 93,8 млн.теңге;

     - сервистік қызметтерге– 37,5 млн.  теңге;

     - экспортқа бағытталған өндірісті қолдауға - 93,8 млн. теңге.

     2 Индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға 225,6 млн. теңге бөлінді.

     Бұл қаражаттар жаңа жобалар бойынша  жетпейтін инфрақұрылымды қамтамасыз етуге, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға пайдаланыла алады.

     «Бизнестің  жол картасы - 2020» міндеттерді 3 бағыт  бойынша шешеді:

     1 Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.

     2 Кәсіпкерлік секторды жақсарту.

     3 Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

     Бағдарламаны  іске асырудың бірінші бағыты: кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беру; кредиттерге жартылай кепілдік беру; өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту; бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсету; кадрлар даярлау және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап) арқылы жүзеге асырылады.

     Бағдарламаның іске асырудың екінші бағыты кәсіпорындарды жақсартуға бағытталған, оның шеңберінде:

     - қарызгер кәсіпорынға Банктердің бар кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемеге демеу қаржы беруге және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа қарызға;

     - қарызгерге салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша (төлем көздерінде ұсталынатын жеке табыс салығын қоспағанда) төлемақы өсімінсіз, 3 жыл мерзімге дейін ұзартуға, көмек көрсетіледі, Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кәсіпкерлікті жақсарту бойынша басқа да іс-шаралар.

     Бағдарламаны  іске асырудың үшінші бағыты сыртқы нарыққа өнімдерін экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға өндірілетін өнімдерінің 10 пайыздан астамын экспорттаушы кәсіпкерлер қатыса алады.

     Ағымдағы  жылғы 14 мамырда Экономикалық даму және сауда министрлігі мен облыс  әкімдіктері, «Даму» қоры және екінші деңгейдегі 14 банктің арасында келесі бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды.

     Қол қойылған Келісімшарттарға сәйкес, жалпы  шарт болып кредиттің сомасы табылады, ол бойынша демеу қаржы немесе кепілдік беру – 3 млрд. теңгеге дейін. Екінші деңгейдегі банктердің сыйақы мөлшерлемесі 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, кәсіпкердің қаражатпен қатысуы жобаның жалпы сомасының 15 %-ынан кем емес немесе меншік мүлігінің 25 %-ынан кем емес.

     Бірінші бағыт бойынша демеу қаржы  берілген кезде – мөлшерлеменің 5%-ын мемлекет өтейді, 7%-ын – кәсіпкер төлейді. Үшінші бағыт бойынша демеу қаржы берілген кезде – Экспортшы 4 %-ын төлейді, ал мемлекет 8 %-ға дейін өтейді. Бұл экспортқа бағытталған өндірістердің дамуын қосымша ынталандыру болып табылады. Кредиттеу мерзімі - 10 жылға дейін ұзарту құқығымен 1 жылдан 3 жылға дейін.

     Тек бірінші бағыт бойынша ғана рұқсат етілетін кепілдік беру кезінде кепілдік көлемі кредит сомасының 50%-ынан аспауға  тиіс. Кепілдік беру бойынша мерзім – 10 жылдан аспайды.

     Екінші  бағытты жақсарту шеңберінде іске асыру  Экономикалық даму және сауда министрлігі  мен Қазақстанның қаржыгерлері қауымдастығы арасында жасалған жеке Меморандум бойынша  жүзеге асырылады. Бұл бағыт бойынша  демеу қаржы берілген кезде –  мөлшерлеменің 5%-ын мемлекет өтейді, 7%-ын – кәсіпкер төлейді. Демеу қаржы беру мерзімі 3 жылдан аспайды.

     Бағдарлама  экономикалық қызмет түрлерінің жалпы  жіктеуішіне сәйкес машина жасау, металлургия, металл өңдеу, фармация, жеңіл өнеркәсіп  және тоқыма, туризм, агроөнеркәсіптік кешен сияқты және бірқатар басқа басымдықты бағыттарға қолдау көрсетеді.

     Минералдық  шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына  сәйкес, Мониторингке жататын ірі  салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаға қатыса алмайды.

     Сондай-ақ, келесі кредиттерге демеу қаржы  беру қарастырылмаған:

     - акцизделетін тауарлар шығаруды  көздейтін жобаларға берілген;

     - кредитор болып мемлекеттік даму  институты табылатын (тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалары шеңберінде ЕДБ арқылы мемлекеттік қаржылық қолдау алатын кәсіпкерлерді қоспағанда);

     - ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге  берілген кредиттер бойынша сыйақы  мөлшерлемесіне демеу қаржы алатын кәсіпкерлер.

     «Бизнестің  жол картасы-2020» бағдарламасының  Өкілетті органы - Экономикалық даму және сауда министрлігі. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, Бағдарламаның  облыс бойынша Үйлестірушісі  – облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп  басқармасы. Қаржы Агенті – «Даму» қоры.

     Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктер  барлық қажетті материалдарды алды.

     Банктерде аталмыш бағдарлама шеңберінде іске асыруға арналған 30-дан астам  жоба қарастырылуда. Жобалардың тізімдемесін құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

     Бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар шеңберінде облыста БАҚ арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, кәсіпкерлер үшін екінші деңгейдегі банктердің, «Даму» қорының, қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен қаржыландыру шарттарын, тетіктері мен тәртібін түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастыру жоспарлануда.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 

     Осы дипломдық жұмыста Павлодар облысының  шағын және орта бизнесінің дамуына  талдау жасап, оның мәселелерімен жетілдіру  бағыттарын қарастырдым. Шағын бизнесті дамыту реттеудің тиімділігі бірінші кезекте реттеудің барлық аспектілерін іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті нақты институттық базаға байланысты болады. Нормативтік - құқықтық база сол сияқты болуға әлі жеткіліксіз. Біріншіден, осындай түрде олар шағын және орта бизнес субъектілері үшін операцияларды жасаудың шығындарын ең аз мөлшерге келтірулері үшін реттеу үрдісін әзірлеу қажет. Екіншіден, шағын және орта кәсіпорындаға тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында барлық реттеуші органдардың қызметкерлері үшін тиімді оқу бағдарламасын әзірлеу қажет.

Информация о работе Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде