Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 08:13, курсовая работа

Описание работы

Аймақ бойынша шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының көбірек саны Павлодар қаласында шоғырланған. Олардың үлес салмағы облыстағы шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының 72,8% құрайды. Жаппай алғанда, облыс бойынша белсенді шағын бизнестің кәсіпорындары санының 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 4,6% - ға өскені байқалады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштің Ақтоғай ауданында 62,5%, Успенде – 80%, Железин ауданында 86,7% дейін төмендегі байқалады.
Павлодар облысы бойынша 2008 жылы шағын және орта бизнестағы жұмысбастылықтың жалпы саны 4,3 % өсті, яғни 98509 адамды құрайды. Оның ішінде: заңды тұлғада – 33511 адам., жеке кәсіпкерлікте – 57300 адам, ауылшаруашылық қожалықтарында – 7698 адам.

Работа содержит 1 файл

малый средн бизнес Microsoft Word.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

     Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың  ең соңғы – үшінші Мемлекеттік  бағдарламасына байланысты пікірімізді  мейлінше жұмсақтап жеткізе отырып, еліміздің белгілі ғалымдарының ой-пікірлері негізінде әзірленген шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін ұсынып көрейік .

     Әлемдік дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті  дамытуды мемлекеттік қолдау саясатының басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интеллектуалды меншікті қорғаудың тиімді жүйесі; жеңілдетілген әкімшілік шаралар, салық каникулдары тағы басқалары басты нысанаға алынады.

     Салалық министрліктер мен комитеттердің өз қызметтерін шағын кәсіпкерлікке қатысты тиімді ұйымдастыруы арқасында ведомстволық қолдау көрсетуге әбден болады. Бұл шараға ірі отандық кәсіпорындар мен трансұлттық компаниялар да қатыса алады.

     Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелеудің жаңа схемаларына көшіп, инвестициялық климатты дамыту керек. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қажетті инфрақұрылымдарын құру-мағынасы терең мәселе. Айталық, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының тікелей міндеттерінің бірі-осындай құрылымдар қалыптастыру болатын. Өкінішке орай, бұл Дамыту қоры халықаралық ұйымдардың қаржыларын тартумен ғана айналысуда. Бұл Дамыту қоры кәсіпкерлердің қолы жетпейтін «Қытай қорғанына» ұқсас құрылымға айналды.

     Егер  мемлекет тікелей қаржы-қаражат  бөліп, шағын кәсіпкерлікке көмектесе алмаса, мемлекеттік тапсырысты қатыстырып, әсіресе, өндірістік саланы дамытуға сөзсіз ықпал ете алады.

     Дамыту  қоры өзінің тікелей міндеттерімен  бірге мынадай мәселелерді шұғыл  шешу керек:

     - жергілікті билік органдарымен қарым-қатынас орнату арқылы жылжымайтын мүліктер мен ғимараттар алу. Сол аймақтардан бизнес-орталықтарын ашып, кәсіпкерлерге нақты ақылы-кеңестер көрсету, бизнес-жоспарлар әзірлеуге жәрдемдесу және несиелер бөлу;

     - шағын кәсіпкерлер басқа қаржы институттарынан несиелер алғанда, оларға кепілдік беруді тәжірибеге енгізу және Дамыту қорынан несие алуға қажетті құжаттардың тізімін барынша ықшамдау қажет.

     Шетелдік  нарықтық экономиканың тәжірибелері шағын  кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда лизингтік  және франчейзингтік қарым-қатынастардың қолайлылығын да дәлелдеді. Біздіңше, шағын кәсіпорынның ірі орталық және шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-қаражаттарын, технологияларын пайдалану арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы іспетті.

     Шағын кәсіпкерлікті дамытуда лизингтік несиелендіру көмегімен өндірісті қалыпқа келтіруге болатыны шетел тәжірибелерінен белгілі. Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды. Лизинг 100% несиелеуді ұсынады, кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

     Егер, бұрын несиелер бірліктерге ғана және көбінесе, таныс арқылы үлкен пайыздық ставкамен және қысқа мерзімге берілсе, онда бүгінгі күні, бұл құбылыс әлемдегі ипотекалық дағдарыспен байланысты несиелер бойынша, үлкен пайыздық ставка бұрынғысынша жоғары болып қалса да, жаппай сипатта тұр. Сонымен, 2006 жылы екінші деңгейдегі банктермен 56,1 млрд. теңге сомаға, 2008 жылы 70,5 млрд. теңге сомаға несиелер берілді, яғни 2007 жылмен салыстырғанда өсім 25,7% - ды құрады, ал 2009 жылы 88,6 млрд. теңге сомаға несиелер беру болжанып отыр.

     Қазіргі уақытта, өңір үшін шағын және орта бизнес жобаларын несиелендірудің басымды бағыттары анықталды:

     - өнеркәсіптік өндірісті дамыту;

     - ауылшаруашылық өнімдерін қайта  өңдеу және өндіру;

     - көтерме-бөлшек сауда;

     - қызмет көрсету саласы.

     Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуы елдегі қолайлы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда  ғана мүмкін болады. Өз кезегінде ерікті қолдау мен нығайту шағын кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына жол ашады.  

5 - кесте - облыстық бюджеттен және екінші деңгейдегі банктермен шағын бизнесті несиелендіру. 

     Көрсеткіштер 2007 жыл 2008 жыл 2009 жыл
ШКС –  ны облыстық бюджет есебінен екінші дәрежелі банктермен несиеленуі (мың.теңге)      7103      10529      12445
ШКС – ға берілген екінші дәрежелі банктердің  несиелердің саны (млрд.тенге)      56,1      70,5      88,6
 

     5 - кестеден шағын және орта бизнесті несиелендіруге ақша сомасы жыл сайын өсіп келетіндігі көрініп тұр, бірақ, егер Павлодар облысының 2009 жылға арналған бюджеті 37 675 млн. теңгені (2.5 - кестесіндегі деректер) құрайтындығын ескерсек, ал кәсіпкерлікті дамытуға барлығы 1 000 млн. теңге бөлінді (оның ішінде ШКС несиелендіруге 12,445 млн. теңге), бұл облыс бюджетінен 0,00033% - ды құрайды. Егер, несиелендіру кәсіпкерлікті дамытудың негізгі тұтқаларының бірі болып табылатындығын ескерсек, онда бұл сома сендірмейтін болып көрінеді. 
 

     2.3 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы 

     Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы шеңберінде облыста индустриялық-инновациялық дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды.

     Бағдарламаның іс-шаралары инвестициялық жобаларды  іске асыруға, кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту жүргізуге бағытталған.

     Инвестициялардың салалық құрылымы облыс өнеркәсібін дамытудың басымдықты бағыттарына сәйкес келеді. 2009 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа өндірістер құруға, кәсіпорындарды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған 394,4 млрд. теңге сомасына 42 инвестициялық жоба іске асырылуда.

     Соның ішінде жалпы құны 210,4 млрд. теңгеге  3 серпінді жоба «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.

     Кәсіпорында жылына 125 мың тонна жобалық қуаттың бірінші кезегіне шығу жүзеге асырылды. Зауыттың екінші кезегінің құрылысы жүргізілуде, оны іске қосу 2010 жылдың 1-жартыжылдығына жоспарланған.

       «Мембрандық әдіспен жылына қуаты 30 мың тонна хлор мен каустикалық сода өндірісінің құрылысы және ұйымдастыру» (“Каустик” АҚ). Жобаның құны – 16,2 млрд. теңге.

     “Қазақстан  электролиз зауыты” АҚ-да бүгінгі  таңда алғашқы алюминийдің 15 мың  тоннадан астамы өндірілді. Жылына 125 мың  тонна алюминийдің қуаттылығына бірінші кезектегі шығуы 2008 жыл  ішінде болатын болады. Қазіргі уақытта зауыттың екінші кезектегі ғимараттары мен имараттары үшін іргетастарын дайындаудың жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші кезектегі шығарумен толық жобалық қуаттылыққа шығуы 2010 жылға жоспарланған. Жабдықтар толық көлемде жеткізілді. Өндірісті іске қосу 2010 жылға жоспарланған.

     «Екібастұз  ГРЭС-2 үшінші энергия блогының құрылысы», оны іске асыру «Самұрық-Қазына» АҚ-қа жүктелген. Жобаның құны – 119,7 млрд. теңге.

     Еуразия Даму Банкі және Сыртқы экономикалық банкпен жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жалғасуда.

     2009 жылы жалпы 9,1 млрд. теңге сомасына  жаңа өндірістер енгізу бойынша  9 жоба және 11,4 млрд. теңге сомасына  кәсіпорындарды техникалық қайта  жарақтандыру және  жаңарту бойынша  7 жоба іске қосылды:

     - “Қыш кірпіштер  өндірісінің  зауыты” (“Hagi Павлодар” ЖШС).

     - “Екібастұз ЖЭО қуаты 12 МВт құбырды орналастыру” (“Павлодарэнерго” АҚ).

     - “Өнімнің сапасын арттыру үшін  сутегі өндірісі қондырғысының  құрылысы” (“Павлодар мұнай-химия зауыты” АҚ).

     - Тік тігісті болатты құбырлар өндірісін ұйымдастыру” (“Паритет-ПВ” ЖШС).

     - “Екібастұз ГРЭС – 2, 3 - ші және 4 - ші блоктарын салу” жобасы бойынша № 3 энергоблоктың ТЭН әзірленді, іске қосу 2011 жылдың маусымына жоспарланып отыр. № 4 блокты монтаждауды 2010 жылдан 2014 жыл аралығындағы кезеңде жүзеге асыру көзделіп отыр.

     - «Май ауданы Көктөбе ауылында асфальт-бетондық зауытының құрылысы» (“Дорремстрой” ЖШС).

     - «Жылына қуаты 3,0 млн. дана кірпіш  болатын қыш кірпіштерін өндіретін  зауыттың құрылысы» («СМР-Павлодар» ЖШС).

     - «Метил-үш-бутил эфирі және полипропилен  өндірісі бойынша зауыт құрылысы»  («Компания Нефтехим LTD» ЖШС).

     - «Сұйық жуу құралдары өндірісін ұйымдастыру» («Ефарт» ЖШС).

     - «Қыш кірпіші зауытының құрылысы»  («Вершина» ЖШС).

     Жаңғырту  және техникалық қайта жарақтау бойынша  жобалар:

     - № 62 пешті күрделі жөндеу – «Қазхром» ҰТК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты;

     - № 61 пешті күрделі жөндеу – «Қазхром» ҰТК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты;

     - № 25  пешті күрделі жөндеу - «Қазхром» ҰТК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты;

     - № 2 ЖЭО-3 градирниді жаңғырту - «Павлодарэнерго» АҚ;

     - № 5 блокты күрделі жөндеу -  «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;

     - Теңіз контейнерлерімен тиеу алаңдарын салу - «Қазхром» ҰТК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты; 

     - Күл жинақтау қондырғысын қайта жаңғырту - «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ. 

     88,8 млрд. теңге сомасына 3 жаңа инвестициялық жоба бойынша жұмыс жалғасуда:

     - «Екібастұз қаласында «Таман»  ЖШС базасында Қазақстан Республикасындағы жүк вагондарының өндірісі бойынша қуаттар құру» (“Қамкор Менеджмент” ЖШС), өндірісті іске қосу 2011 жыл.

     - «Кальцийленген сода өндірісін  ұйымдастыру» (“Қазсода” ЖШС). Құрылыс мерзімі – 36 ай.

6 - кесте –  Павлодар облысының инвестициялық іске асырылатын жобасы 2010-2014 жж.

Инвестициялық жобаның аты Жобаның жүзеге асыратындар Жобаның басталуы Жобаның аяқталу  мерзімі Сома млрд теңге Жұмыс орындарының  саны
Республикалық Индустриализация картасы Бойынша  Жобалар
Республикалық индустрализация Картасының негізгі тобына енгізілген жобалар
Алюминий  өндіру бойынша электролиздік зауыт  құрылысы «КЭЗ»АҚ 2005ж  мамыр-маусым2010 141,7 1750
Сода  мен өндірісн ұйымдастыру мен  құру «Каустик» АҚ 2007 ж Желтоқсан 2010 16,0 420
Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергоблоктын құрылысы «Станция Экиб АҚ ГРЭС-2 2009 ж 2013 ж 118,1 238
Бозшакөлдік ГОК құрылысы «Корп. Казахмыс»  ЖШС 2010 ж 2014 ж 225  
ГРЭС-1 кеңейту   Kazakh Mys Pic! 2011 2014 ж 216,9  
 №  2 блокты қалпына келтіру ЕЭК АҚ 2007 ж 2011 ж 27,36  
10,2 теплица «Жасыл Шағын  Орман» ЖШС 2010 ж  2011 ж 4,67  
Нан өнімдерін  өндіру «Энергия Капитал» ЖШС 2008 ж 1 жарты жылдық2010 1,115  
                       8 жоба бойынша қорытынды 750,845 2408

Информация о работе Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде