Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2012 в 08:13, курсовая работа

Описание работы

Аймақ бойынша шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының көбірек саны Павлодар қаласында шоғырланған. Олардың үлес салмағы облыстағы шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының 72,8% құрайды. Жаппай алғанда, облыс бойынша белсенді шағын бизнестің кәсіпорындары санының 2008 жылдың деңгейіне қарағанда 4,6% - ға өскені байқалады. Сонымен қатар, осы көрсеткіштің Ақтоғай ауданында 62,5%, Успенде – 80%, Железин ауданында 86,7% дейін төмендегі байқалады.
Павлодар облысы бойынша 2008 жылы шағын және орта бизнестағы жұмысбастылықтың жалпы саны 4,3 % өсті, яғни 98509 адамды құрайды. Оның ішінде: заңды тұлғада – 33511 адам., жеке кәсіпкерлікте – 57300 адам, ауылшаруашылық қожалықтарында – 7698 адам.

Работа содержит 1 файл

малый средн бизнес Microsoft Word.doc

— 749.50 Кб (Скачать)

     2009 жылы облыс қалалары мен аудандары бюджеттері семинарлар, форумдар, көрмелер, қолөнер курстарын өткізуге, кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға 13, 419 млн. теңге бөлінді.

     Облыста  шағын және орта бизнес үшін, әкімшілік кедергілерді жою және бизнес ахуалды жақсарту жөніндегі комиссия жұмыс істейді, жұмыс қорытындылары бойынша, ағымдағы жылы жер учаскелерін рәсімдеу мерзімдерін 120 күннен болжамды 60 күнге дейін қысқартуын қарастырған шешім қабылданды.

     Сонымен қатар № 72/5 16 наурыз 2009 жылы қаулысы қабылданды. Кеңестің негізгі міндеті мемлекеттік - жеке әріптестік тетіктерін оңтайландыру, экономиканың бәсекелес салаларын және дағдарыс құбылыстарын еңсеруге  бағытталған кәсіпкерліктің іскер белсенділігін дамыту үшін, жағдайлар жасау болып табылады.

     Ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен семинар кәсіпкерлерді жоғары оқу орындары, ауыл шаруашылығының ғылыми - зерттеу институты ғалымдарының егін шаруашылығы және мал шаруашылығы облысында ғылыми - тәжірибелік әзірлеулерімен таныстыру, олардың іс жүзінде қолдану перспективаларын талқылау, кәсіпкерлер мен облыстың ғылыми құрылымдары арасында іскерлік ынтымақтастықты ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинардың материалдары «Ауылшаруашылық өндірісіндегі инновациялық технологиялар бойынша практикалық ұсынымдарға» келтірілді.

     Павлодар  облысында шағын және орта бизнесті дамытуды талдау (2-кесте), ол өсімге тұрақты беталыс алады деп, тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпкерліктің саласын сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер экономиканың осы секторының орнықты дамуы туралы куәландырады. Өз кезегінде, осы сектордың дамуы әлеуметтік шиеленісті төмендету және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету факторы болып табылады. 

2 - кесте – 2008-2009 жылдар аралығында облыста шағын кәсіпкерлігінің даму көрсеткіштері 

Көрсеткіштер 2008 ж 2009ж 2008 ж. 2009 ж.қарағандағы  %
Белсенді  ШКС саны (мың бірлік) 26,1 25,28 96,9
ШБ  саласында жұмыс істейтіндердің саны (мың адам) 78,8 76,7 97,3
ШКС шығарылатын тауар, жұмыс және қызметтің  көлемі (млрд.тенге) 100,9 102,6 101,7
ШКС түскен салықтар мен төлемдер (млрд. тенге) 17,2 17,9 104,1
ШКС екінші деңгейлі банктерге берілген несиесі (млрд. тенге) 70,5 29,6 42,0
 

     2 – суреттегі деректерді талдай келе, шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны ұдайы өсіп келе жатқандығын байқауға болады, 2008 жылы бұл сан 72 545 - ке дейін өсті, 2007 жылдан 112,3% - ды құрайды. 2009 жылы өткен жылдардың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда жұмыспен қамтылғандар санының өсуі жоғары болды және 82,6 мың адамды құрады немесе 2008 жылдың деректерімен салыстырғанда өсім 114%.

     Облыста іске асырылып жатқан, мемлекеттік қолдау шараларының кешені өңірде шағын және орта бизнесті түсушілік дамытуға тиімді жәрдем көрсететіндігін атап өту қажет. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бойынша, әрі қарай жұмыста акцент қаржылай қолдаудың қазіргі заманғы кредиттік-инвестициялық механизмдерді–лизингті пайдалануға, венчурлік инвестициялауға, шағын кәсіпорындармен инвестицияларды тартудың кепілдендірілген механизмдерін дамытуға, шағын кәсіпкерліктің инновациялық әлеуетін іске асыруға, жәрдемдасуге жасалуы тиіс.

     Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің  болжамдары бойынша 2008 жылы шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны төмендемейді және 86,84 мың адамды құрайды. Мемлекеттік мекемелер тарапынан тексерулерді қысқарту туралы айтылған Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес жұмыспен қамтылғандар саны аса көп өседі деп болжауға болады. 

       

     7 - сурет – Шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 

     Облыс аумағында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың  көп саны бар және шағын бизнесті дамыту, олармен тығыз бірігуде болуы мүмкін. Бұған мысал: 1999 жылы құрылған кәсіпорын - “Аспап” ЖШС бола алады. Оның қызметі болып, ауыл шаруашылығына арналған гуминді препараттарды және мұнай мен газ ұңғымаларын бұрғылау кезінде қолданатын көмірсілтілік реагенттерді шығару болды. Барлық осы өнімдер көмір өндіретін кәсіпорындардың қалдықтарынан өндірілді. Осылайша, кәсіпорын Республиканың мұнай саласын бұрын шетелден сатып алуға тура келген көмірсілтілік реагентпен жартылай қамтамасыз ете алды, осының арқасында, кәсіпорында 18 жұмыс орны ашылды.

     Барлық шикізат Екібастұз қаласы қоршап отырған, үлкен көлемдегі көмір өндірудің қалдықтары болды. Өкінішке орай, дұрыс басқара алмағандықтан кәсіпорын банкротқа ұшырады, бірақ, ол шағын бизнес ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен өзара іс - әрекет жасауда қалай дами алатындығына айқын үлгі бола алады. Әсіресе, бұл басқа қандай да бір қалаға емес, Екібастұз үшін өзекті, өйткені, қала экономикасы алып құрайтын: көмір және энергетикалық кәсіпорындардың жұмысына байланысты болады. Олардағы өндірістің көлемі тұрақты емес және болашақта ол халыққа қызмет көрсетуге (кафе, дүкендер және т.б.) бағдарланған шағын бизнес кәсіпорындарының тағдырына қауіп туғызады. Сонымен бірге, қалада бос өндірістік үй-жайлар, білікті кадрлар жеткілікті, өңір тек көмірмен ғана бай емес, сонымен бірге, басқа да шикізат ресурстарына да бай. 

3 - кесте – салалар қимасында шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар санының даму серпіні. 

     ШК - тің салалары өлшемі 2006 жыл 2007 жыл 2008 жыл       Болжам
2009 ж. 2010 ж.
ШК  те жұмыс істеп тұрған мың. адам 72,55 82,70 86,84 91,18 95,74
Соның ішінде:
Ауыл  шаруашылығы, аң аулау және ормен  өсіру - 8,983 10,241 10,753 11,290 11,855
Өнеркәсіп - 4,482 5,109 5,365 5,633 5,915
Құрылыс - 5,009 5,710 5,996 6,296 6,610
Балық аулау, балық шаруашылығы - 0,011 0,013 0,013 0,014 0,015
Сауда, көлікпен үйге қажетті заттарды жөндеу - 23,946 27,298 28,663 30,097 31,601
Мейрамханалар мен қонақ үйлер - 1,155 1,317 1,383 1,452 1,524
Басқа салалар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет, басқа әлеуметтік, жеке және коммуналды қызмет) - 26,155 29,817  
31,308
32,873 34,517
 

     Кестеден  шағын бизнестің қалыптасып отырған  жағдайы оның сауда және қоғамдық тамақтану саласында басым дамуы  туралы куәландыратындығы көрініп  тұр. Істеп тұрған 32,1 мың кәсіпорыннан бүгінгі таңда Павлодар облысы Қазақстанда ең өнеркәсібі дамығандардың бірі болып саналды және саналса да Павлодар облысының кәсіпорындарының неғұрлым көп үлесі 52% - саудамен, автомобильдер мен үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеумен; 9,3% - ауыл шаруашылығымен, аң аулаумен және орман шаруашылығымен; 3,2% - құрылыспен, 3,2 – жылжымайтын мүлікпен операциямен; 9,3% - көлік, байланыс, 0,3% - біліммен, 2% - қонақүйлер мен мейрамханалар, 0,9% - денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсетулермен, 3% - өнеркәсіппен, 16,8% - басқа қызмет түрлерімен айналысады.

     Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіптің үлесі 7,1% тармаққа республикалық деңгейден асып түсті, көлік және байланыс – 8,5 пайыздық  тармаққа. Бұл ШКС өнеркәсіптің үлесі өндірілген өнімнің жалпы көлемінде Президенттің 1.03.06 ж. Жолдауынан кейін өсе бастағандығын айтады, онда “Металлургияда, банктік салада, сақтандыруда, химиялық өнеркәсіпте және басқа да салаларда бар “Жасырын” монополияларды бұзу керек. Бұны монополияға қарсы заңнаманың реформасы арқылы, сондай-ақ экономиканың осы секторына жаңа компаниялардың – Отандық та, сол сияқты шетелдік те, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы кіруі үшін, тартымды әрі ашық жағдайларды құру арқылы жасау керек” айтылды [7].

     Өнеркәсіптік  өнім өндірісінің өсімі 2007 жылы 10,4% - ды, 2008 жылы 6,4% - ды, соның ішінде, тау - кен өндіретін өнеркәсіпте сәйкесінше – 0,85 және 13%, өңдейтін өнеркәсіпте – 15,2% және 5,2%, электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен үлестіруде 2007 жылы көлемдердің 1,2% - ға құлауы, 2008 жылы - өсім 8,3% - ға болды.

     Облыстың  өнеркәсіптік өнімінің көлемінде неғұрлым сыбағалы салмақты өңдейтін сала – 70,8%, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және үлестіру 17,7% - ды құрайды, тау-кен өңдейтін өнеркәсіп – 11,5%.

     Тұтастай  алғанда, аграрлық секторды дамытуға 2005 - 2006 жылдары 6 019,3 млн. теңге жіберілді (оның ішінде 2008 жылы – 3 244,5 млн. теңге) мемлекеттік қаржылай қолдау немесе 2007 жылдың деңгейіне 116,9%.

     Ауыл  шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2008 жылы 39,3 млрд. теңге, мал шаруашылығы – 23,5 млрд. теңге құрады.

     Автомобиль  көлігінде жүк тасымалдауларының көлемі 2008 жылы 50,76 млн тоннаны құрады, 2007 жылға 5% - ға аз, бұл қысқа ара - қашықтыққа көліктің басқа түрлері мен жүктерді тасымалдауға өседі сұраныспен байланысты болды. 2008 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 82,3% - ға өсті.

     2008 жылы – 72 545 адам, бұл жұмыспен қамтылғандардың 112,3% - ға өскендігін көрсетеді. 2009 жылы шағын және орта бизнестің кәсіпорындарында жұмыспен қамтылғандар санының 82 700 адамға дейін өсуі болды, бұл жұмыспен қамтылғандар саны өсуінің орташа көрсеткіштері болып табылады. Соңғы үш жыл ішінде, жұмыспен қамтылғандар санының өсуі орташа 13% - ды құратын фактісі қуантады, 2006 жылы шағын және орта бизнес саласындажұмыспен қамтылғандар санының өсуі бар жоғы 3,9% - ды құрады. Кестеден сондай-ақ, 2007 - 2008 жылдары бір шағын бизнес субъектісінде жұмыс істейтіндердің орташа саны 2,7 адамды құрайтындығы көрініп тұр, сонда 2005 жылы бұл сан 2,9 адамға тең келді. 2009 жылы бір кәсіпорында 2,57 адам жұмыс істейді, бұл жеке кәсіпкерлердің көп үлесімен, сондай–ақ, қызметкерлердің көп саны қажет етілмейтін саудамен айналысатын субъектілердің көп санымен түсіндіріледі. Сонымен, мысалы, салалар бойынша жұмыскерлердің орташа санын алсақ, онда өнеркәсіпте ол 4,74 адамға, ал саудада 1,09 адамға тең, сол кезде сауда 52% - ды алады. Бұл көрнекі түрде шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың орташа деңгейі қызметтің сол немесе өзге де түрлерін басым алуға байланысты болады. 

       

     8 - сурет – шағын бизнестің кірістерінің даму үрдісі 

     Суреттен  шағын кәсіпорындардың барлық кірістерінің 26% - ы ауыл шаруашылығына, 16% - дан құрылыс пен қызмет көрсету саласына, 14% құрылыс материалдары өндірісіне, 8% ағаш өңдеуге, 6% - дан ауыл шаруашылығының өнімдерін қайта өңдеу саласына және 4% - дан өнеркәсіп пен химиялық өнеркәсіпке жататындығы көрініп тұр.

     Несиелендіру шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі факторларының бірі болып табылады, өйткені жаңасын ашу немесе бар ісін кеңейту үшін көп жағдайда кәсіпкердеайналым қаражаты жетпейді. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы-несиелікресурстарға қол жеткізу проблемасы сондай – ақ, ең негізгі проблемалардың бірі болып табылады және шағын бизнес секторын дамытуға бөгет жасайтын проблемалардың тізімінде көшбасшылық орындардың бірін алып отыр [27].

     Соңғы үш жыл ішінде бизнес-жоспарларды  қараған кезде басымдылық инновациялық жобаларды ұсынушы кәсіпорындарға берілетіндігін атау өту керек. Бұл шағын бизнес өндірістің жаңа сапалы Негізінен, кәсіпкерлікті қолдауға ақшалай қаражат кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментімен, сондай-ақ, “Кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ өңірлік филиалымен игеріледі. 
 

     2.2 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау 

Информация о работе Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде