Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 8

Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26

Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44

3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67

Қорытынды ......................................................................................................... 69

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71

Работа содержит 1 файл

Мұқанова Элеонор.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Тәуелсіз сарапшылардың  пікірінше, экономикалық шпионаж жасауға  тапсырыс бергендердің бөлінуі былайша: бәсекелес компаниялар тапсырысы 39%; клиенттер - 19 %; жабдықтаушылар (поставщики) - 9%; барлау қызметтері -7%.

Енді Батыс  Еуропаға келетін болсақ, оның өкілдері қалыптасқан халықаралық жағдайдың  шынайы қалпын сақтай отырып, ұлттық экономиканы қамтамасыз етудің экономикалық тәсілдерін қолданды.

Экономикалық  барлау мәселесі аясында басты тетік  тыңдау болып саналады. Мәселен Еуропа одағында бұл жұмыс әртүрлі деңгейде жүргізіледі - сыртқы коммуникация, мемлекеттік коммуникация және азаматтық(жеке) коммуникация арқылы.

Экономикалық  барлау органдары (өзінің маңызы жағынан  мемлекеттік-қаржылық бақылаудың ұлттық жүйесінің бөлігі болып табылатын) елдегі саяси және әскери жағынан  ұлттық территорияда экономикалық белсенділікті  бақылаумен шұғылданады. Барлау әрекеті түрлерінің ішінде мыналарды ажыратып көрсету керек:

- ұлттық өндірістерге кесір келтіретін заңсыз бәсекеге; шетелдік бәсекелестердің коммерциялық ресми емес операцияларына; «стратегиялық» өндірістерді дұшпан ретінде иеленуге, ұлттық өндірістерге кесір келтіретін дезинформацияға қарсы әрекет ету;

- ұлттық экономиканың кейбір салаларының бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер ететін шетелдік технологиялық жетістіктерге; ұлттық экономиканы тұрақтандыруға қабілетті саудагерлік операциялар мен жағдайларды болжау мақсатындағы халықаралық қаржылық нарықтарға мониторинг жүргізу;

- бірігу мен жұтылу нарқын; жабдықтау барысында күтпеген жерден пайда болған іркілістерді жою мақсатында энергетикалық және стратегиялық шикізаттарды (ресурстарды) бақылау.

Макроэкономикалық барлау дегеніміз – шетел мемлекеттерінің экономикалық даму тенденциялары жөнінде, энергетикалық, шикізат ресурстары, шет елдерде жасалған технологиялар жөнінде барлау ақпараттарының жиынтығы. Бұған, сондай-ақ, салалық және аймақтық нарықтардың жайын, әлемдегі аса ірі корпорациялардың әрекеттерін, қаржы жүйесінің жұмысын зерттеу және т.б. жатады.

Мысалы АҚШ  азаматтық ведомстволарының арнайы қызметтері (бөлімдері) – Сауда, Энергетика, Қаржы, Ауыл шаруашылығы, Танспорт және еңбек министрлктері, экспорттық-импорттық банк және т.б. едәуір рөл атқарады.

Макроэкономикалық барлаудың басты ерекшелігі оның маңызды бөлігі толығымен ресми  түрде жүзеге асады және ол мазмұны  жағынан ғылыми-зерттеу жұмысына жақын келеді.

Орталық барлау басқармасы (ОББ) мамандарының пікірінше, 20 шақты дос елдердің агенттері АҚШ-тың экономикалық жоспарлары мен өндірістік құпиялары жөнінде ақпарат жинау бойынша жұмыстар жүргізіп келеді, «достық шпионажы» деңгейінде нақты әрекеттерді жүзеге асырады.

Сондай-ақ, АҚШ  фирмалары бойынша олардың одақтастарының өнеркәсіптік шпионаж жүргізу фактілері сақталуда. Бұл жерде неғұрлым үлкен белсенділік танытатын Жапония, Қытай, Франция, Ресей және Израиль арнайы қызметтері болып табылады.

Ақ үйдің  ғылым мен техника бойынша  басқармасының бағасына назар аударсақ, 1992 жылдан бастап, американ бизнесі өнеркәсіптік шпионаж нәтижесінде жыл сайын 100 млрд. доллар мөлшерінде шығынға ұшыраған және бұл шығынның көлемі 2003 жылға қарай 50%-ға дейін көтерілуі ықтимал.

Микроэкономикалық барлауды мемлекеттің барлау қызметі американ корпорациясының және олардың шет ел бәсекелестерімен күресінің мүддесі үшін жүргізеді. Қазіргі кезде бұл барлау қауымдастығы әрекетінің ерекше бағыты болып отыр.

Бәсекеге барынша  қабілетті елдер қатарына ену  және Дүниежүзілік сауда ұйымына толыққанды мүше болу үшін Қазақстанның экономикалық барлау қызметтері тиімді жұмыс жасаулары қажет.

Қазіргі кезде  экономикалық қауіпсіздік – еліміздің  экономикасын үздіксіз және тұрақты  дамыту мен жетілдіруге бағытталған, сыртқы және ішкі қатерлерге қарсы тұру механизмін міндетті етіп көрсететін жалпыхалықтық шаралар кешені.

Қазақстан мен  оның кәсіпорындары өнеркәсіп-экономикалық шпионаж және оған қарсы тұру тәжірибелері көп емес. Оған дәлел – Қостанай химия талшықтары зауытын АҚШ-ң «DuPont» компаниясына 1993-1994 жж. басқаруға беру және артынан отандық зауытты мүлдем жойып жіберу.

Бұл операцияны «бәсекелес компанияға тиесілі зауытты  жойып жіберу мақсатында иелену»  деп бағалау керек. Артынан белгілі  болғандай, әлемде мұндай зауыттар үшеу ғана болып шықты. Демек, отандық компания Қостанай химия талшықтары зауыты АҚШ-ң «DuPont» компаниясының нарықтағы бәсекелесі болып шықты.

Сондай-ақ, автор  әралуан зерттеулер жүргізу арқасында  АҚШ-ң «DuPont» компаниясының бәсеке проблемалары бойынша консультанты профессор М.Портердің болғандығын анықтады. М.Портер Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда министрліктері тарапынан Қазақстанның кластерлік даму бағдарламасының консультанты ретінде де шақырылды.

 

 

  1. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру

 

3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру

 

Қазақстан Республикасының  экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» жаңа заңында бекіту үшін құқықтық анықтама (экономикалық қауіпсіздіктің категориалдық аппараты) ұсынамын:

- Экономикалық қауіпсіздік – ұлттық экономиканың оның тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне, өкімет билігінің ұлттық мүддені жүзеге асыру механизмін жасауына, ұлттық экономиканың өз ішімізде де, елімізден тыс та  дамуына дайындық жасауы  мен қабілетіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, үдерістерден және факторлардан қорғалу жайы; 

- Экономикалық  қауіпсіздікке қатер төну –  ұлттық экономикалық мүдденің  жүзеге асырылуына кедергі келтіретін  және жеке адамның, өндіріс  пен мемлекеттің өмірлік маңызды мүддесіне қауіп төндіретін шарттар мен үдерістердің жиынтығы;

- Экономикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  қамтамасыз ететін қатынастар  – Қазақстан Республикасының  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз  ету бойынша жасалатын, жеке  адамның, өндіріс пен мемлекеттің өмірлік мәнді мүдделеріне қауіп төндіретін шаруашылық, сыртқы экономикалық, барлау жасау, диверсиялық және басқа әрекеттерді жүзеге асыруда пайда болатын, қоғамдық қатынастар;

- Экономикалық  қауіпсіздіктің объектілері –  жеке адам, оның құқықтары және бостандығы, оның экономикалық және заттық емес құндылықтары, оның конституциялық құрылымы, экономикалық тәуелсіздік, жүйе және территориялық тұтастық;

- Экономикалық  қауіпсіздіктің субъектілері -  өз  өкілдігін заң шығарушы, орындаушы  және өкіметтің, азаматтардың, өндірістің, ұйымдардың және мекемелердің сот салалары органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет;

- Экономикалық  қауіпсіздіктің талаптары - экономикалық  қауіпсіздік саласындағы нормативті-құқықтық  актілерде жинақталған,  орындалуы  экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шарт қою, тыйым салу, шектеу және басқа да міндетті талаптар;

- Экономикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  - экономикалық қауіпсіздікке қауіп  төндіретін шаруашылық, сыртқы экономикалық, барлау жасау, диверсиялық және  басқа әрекеттерді жүзеге асыруда объектілерге келтірілген зиян мен кедергілерді жоюға бағытталған іс-шаралар жүйесі;

- Экономикалық  қауіпсіздіктің көрсеткіштері (индикаторлары)  – ұлттық экономика жайының  ішкі және сыртқы қатерден  қорғалу деңгейін анықтайтын, қатердің көбеюі және төніп тұрған қатер жайлы алдынала  белгі беретін сандық сипаттамасы;

- Экономикалық  қауіпсіздіктің мониторингі –  әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді  және Қазақстан Республикасы  ұлттық экономикасы жайлы мәліметтерді  жинауға, қайта өңдеуге және талдауға бағытталған іс-шаралардың жиынтығы;

- Макроэкономикалық  барлау – шет елдердің экспорттық-импорттық  саясаты мен шет мемлекеттердің  әлеуметтік-экономикалық дамуының  тенденциялары жайлы, энергетикалық  және шикізат ресурстары жайлы,  шет елдерде жасалған технологиялар (әсіресе еселенген мағынадағы) жайлы барлау ақпаратын жинау, салалық және аймақтық нарықтың, әлемдегі аса ірі (трансұлттық) корпорациялардың әрекетін, қаржы жүйесінің қызметін зерттеу және т.т.;

- Экономикалық  қарсыбарлау – шет ел фирмаларының, дипломатиялық корпустардың және басқа мемлекеттердің арнайы қазметтерінің елдің экономикалық жоспары және өнеркәсіптік құпиялар жайлы ақпарат жинау жұмысына алып баратын Қазақстан Республикасындағы сауда-экономикалық және технологиялық құпияларды елдің өкілетті органдары арқылы алуын, сондай-ақ Қазақстан территориясында өнеркәсіптік шпионажды жүзеге асырудың алдын алу, тоқтату және жою;

- Экономикалық  қауіпсіздіктің қамтамасыз ету  механизмі – заңнамалық, ұйымдастыру-құқықтық, саяси, әскери, әлеуметтік-экономикалық, идеологиялық, ақпараттық сипаттағы, экономикалық қауіпсіздікке қатердің төнуін анықтауға, ол жайлы ескертуге және экономикалық қауіпсіздікке төнген қатерді таратпауға бағытталған, Қазақстан Республикасы заңнамасы тағайындаған өкілеттік көлемінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету субъектілері арқылы жүзеге асатын іс-шаралар жүйесі.

Демек, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмі  Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлекттік және құқықтық  тұрғыдан қамтамасыз етудің негізі болып табылады.

Қазақстанның  Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі  мен Кедендік одаққа ену бойынша  жүргізілген келіссөз үдерісін Қазақстан  Республикасының Үкіметі ұлттық бәсекелік артықшылықты анықтау  үшін және экспортты, әсіресе шикізаттық емес экспортты дамытуға көп күш жұмсау үшін толық пайдалануы керек.

Уругвай раунды қорытынды келісіміне қол қойылған соң, әлемдік сауда көлемдерінің жыл сайын 755 млрд. долларға ұлғайғаны  байқалады: кіріс өсімі әлемдік  экономика масштабында соңғы 10 жылда 235-тен 305 млрд. долларды құрады. 2005 жылы бұл сан 510 млрд. долларға өсті, 1995-2005 жылдары кірістің жалпы өсімі 5 трлн. долларға жететінін есептеп шығарды.

Тәуелсіз талдаудың  нәтижесі ДСҰ басшылары мен мамандары  жасаған Қазақстанның ДСҰ негізгі шарттарын қабылдаған жағдайдағы кірістерді бөлу мәселесі жайлы аргументтерінің қате екендігін көрсетеді: кірістер теңбе-тең және біздің пайдамызға бөлінбейді, кім капиталды, тауарларды, қызмет түрлерін, технологияларды көп экспорттаса, сол жеңіске жетеді.

Кірістер концентрациясының  ең ортасында «экономикалық үшбұрыш» - АҚШ-ЕО-Оңтүстік-Шығыс Азия - тұратыны белгілі.

Сауда операцияларының 755 млрд. доллар жыл сайынғы өсімінің 185-195 млрд. доллары Оңтүстік-Шығыс  Азияға, (70-72 млрд. доллар Жапонияға),  200-210 млрд. доллары – ЕО-қа, ал 150-170 млрд. доллары АҚШ-қа тән келеді. Қалған ӘСҰ-ның элитарлық клубқа кірмеген 110-125 қатысушыларына, оның ішінде Қазақстан да бар, қалған қалдықты - 200-220 млрд. долларды -бөлуге тура келеді.

Осылайша, қосымша  экспорт төмендегіше бөліне алады: 26% - ЕО, 21% - АҚШ, 24% - Азияның алдыңғы елдері, оның ішінде 9%-Жапония. Тариф төмендеген жағдайда кірістердің бөліну тенденциясы көңіл аударады. Кірістердің тек қана тариф төмендеген жағдайдағы бағасы еуропалық елдердің теңдесі жоқ ұтысын көрсетеді: ЕО-тың кіріс өсімі 50-55%, АҚШ-тікі – 19-22%, Жапониянікі – 13-15%. Қазақстан сияқты басқа елдер қалғандары мен шығындарды бөліседі.

Сондықтан ДСҰ-на кірудің құралдары мен шарттарын  таңдаудың нәтижесі Қазақстан осы  қалдықтар мен шығындарды бөлісетін елдердің қатарында қалмайтындай болуға тиіс.  Бұл үшін біз экономикалық шекаралар мен ерте ескертетін заңдық талаптар индикаторларын қатаң сақтауға тиістіміз.

Қазақстан Республикасында  экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік басқару жүйесінің рөлі үлкен. Ол мемлекеттік басқару механизмімен тығыз байланысты:

-біріншіден, ол  макро және микроэкономикалық  реттестірушілік ықпалы және  мемлекеттің тіршілік етуі үшін  қажетті параметрлері бар стратегиялық  және ағымдағы шешімдерді қабылдауға негіз болатын құрал;

-екіншіден,  әкімшілік және экономикалық  тұғырлардың көмегімен экономикалық  дамудың стратегиясы мен ағымдағы  бағдарламасының іс жүзінде жүзеге  асуын, сондай-ақ қол жеткен  нәтижелерді талдау мен оны  бағалауды, орындалатын шаралар мен әрекеттерге қалыптасқан жағдайларға орай корректировка жасауды қамтамасыз етеді;

-үшіншіден,  еліміздің экономикалық егемендігіне  қажетті құқықтық қорғауды басқа  елдермен өзара байланыс жүйесінде  күзету, мадақтау және тыйым салу  тәртібін қамтитын заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерді жасау мен біртіндіп өмірде қолдану негізінде  қамтамасыз ету;

 

-төртіншіден,  экономиканың жұмысының барысында  туындайтын құбылыстар мен проблемалық  жағдайларды тез және компетентті  ұғындыра алатын органдар мен  қызметтегі адамдардың құқықтарының, функциялары мен жауапкершіліктерінің тұрақты бөліну жүйесін жасайды.

Информация о работе Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы