Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа
ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.
Кіріспе................................................................................................................. 8
Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26
Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44
3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67
Қорытынды ......................................................................................................... 69
Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71
ақпарат жиналатын есептік бірліктерді (қызмет көрсетушілерді немесе оларды тұтынушыларды) анықтауды әзірлеу қажет.
Экономикалық өсу
Экономикалық өсудің ЖҰӨ нақты көлемінің өсу қарқынымен немесе осы көрсеткіштердің адам басына шаққандағы арту қарқынымен өлшенетін, шартты алынған уақыт аралығында ұлттық экономиканың дамуының жалпылама сипаттамасы ретіндегі анықтамалар неғұрлым кең тараған. Экономикалық өсуді өлшеудің қайсыбір тәсілін қолдану қажеттілігі әдетте зерттеу міндеттерімен байланысты. Экономикалық өсуді өлшеудің бірінші тәсілі, әдетте, елдің экономикалық әлуетін кеңейту қарқынын бағалауда, екіншісі – халықтың әл-ауқатын серпінді талдауы немесе түрлі елдер мен аймақтардағы өмір сүру деңгейін салыстыру кезінде пайдаланылады.
Мен өз зерттеуімізде екінші тәсілді қолдандым. Біздің пікірімізше, экономикалық өсу деп нақты ЖІӨ арту қарқыны халықтың өсу қарқынынан асатын ұлттық экономиканың дамуы деп түсіну керек. Бұл өсу қиындықтарын сырттай бақылаушы емес, қоғам қажеттіліктерін ұстаушы тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді. Елдің материалдық әл-ауқатын арттыру азаматтық қоғамның негізгі мақсаттарының санына кіреді. Бұл тұрғыда экономикалық өсу, ең алдымен, адамдардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуді көздейді. Басқа жағынан, ол осы мақсаттарға жету құралы болып табылады, яғни, төмендегілермен айқындалатын өспелі қажеттіліктер заңының әрекетін қамтамасыз ететін тетік айқындалады:
халықтың орташа жан басына
шаққандағы табысының артуы. Бұл
мақсатқа жету жан басына шаққандағы
нақты ЖІӨ–ң өсу
бос уақыттың артуы. Күнделікті уақыт өткізу өмірлік игілік бола отырып, макроэкономикалық көрсеткіштерде айқындалмайды. Сондықтан, жұмысшылар мен қызметкерлердің ай немесе жыл ішіндегі жұмыс аптасы немесе еңбек қызметінің жалпы ұзақтығы қысқарғандығын ескеру керек;
сапаны арттыру және шығарылатын тауарлар мен қызметтердің әртүрлілігінің өсуі.
Сонымен бірге, менің ойымша, экономикалық өсудің сыныптамалық белгілері мақсаттық бағытталу, басымдылық, жүйелілік. Осы белгілер бойынша экономикалық өсу түрлерінің жүйеленуі нақтыланды (кесте 3).
Кесте 3
Негізгі жүйелеушілік белгілері бойынша экономикалық өсудің түрлері мен факторларын реттеу
Экономикалық өсудің жүйелеушілік белгісі |
Экономикалық өсу түрлері |
1 |
2 |
Экономикалық өсу қарқыны |
төмен, орташа, жоғары |
Құнсыздану жағдайындағы экономикалық өсу қарқыны |
атаулы, нақты |
Экономикалық өсу қарқынының ауытқымалылығы |
тұрақты экономикалық өсу тұрақсыз экономикалық өсу |
Экономикалық өсу көздері |
экстенсивті өсу, интенсивті өсу |
Экономикалық өсу стратегиясы |
ішкі қайта құрылымдаумен анықталатын өсу, сыртқы қайта құрылымдаумен анықталатын өсу |
Құрылымдық өзгерістердің сипаты |
ішкі өсу, сыртқы өсу |
Өсу ұзақтығы |
ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді |
Өсуді қамтамасыз ететін инвестициялық белсенділік деңгейі |
қалпына келтіретін инвестициялық өсу |
Экономикалық өсуге қол жеткізу тәсілдері мен нәтижелерінің тиімділігі |
теңгермелі теңгерілмеген |
Қаржыландыру көздері бойынша |
өзіндік қаржы көздері есебінен қол жеткізілетін өсу, сыртқы қаржыландыру көздері есебінен қол жеткізілетін өсу, аралас қаржыландыру көздері негізіндегі өсу |
Негізгі өсу факторлары әсерінің әлеуетін пайдалану |
тұрақты, қол жеткізілетін, шекті |
Өнімді, қызметтерді өткізу нарығы |
Ішкі нарыққа бағдарланған Экспортқа бағдарланған |
Мақсаты бойынша |
Экономикалық жүйені қайта құру, Нарықтық қатынастарды қалыптастыру, Нарықтық қатынастарды дамыту, Сыртқы экономикалық байланыстарды қалыптастыру, Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту |
Әсер ету сипаты бойынша |
объективті, субъективті, ықтимал, |
Бағыттылығы бойынша |
Экономикалық өсуді тұрақтандыру Экономикалық өсуді жандандыру Экономикалық өсуді тұрақсыздандыру |
Атқарамдық белгісі бойынша |
саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдық, ғылыми-техникалық және т.с.с., |
Әсер ету ауқымы бойынша |
өңірлік, салалық, салааралық, экономиканың жекелеген салалары, секторлары, бөліктері, деңгейлері бойынша |
Ықпал ету дәрежесі бойынша |
негізгі, қызмет көрсететін, қамтамасыз ететін, қосалқы және т.с.с |
Экономикалық өсудің мақсаты қоғам болып табылады. Бұл адам дамуы үшін жағдай жасаумен, өмір сүру деңгейін арттырумен айқындалады. Адам ролі, оның мәні оның өндірістік күштердің факторы, өндірістік және басқа барлық қоғамдық қатынастардың субъектісі болуымен анықталады. Табыс, денсаулық, білім, бостандық әл–ауқаттың компоненттері болып табылады. Адам игілігіне қарай даму экономикалық даму әркімнің қажеттіліктерін қанағаттандыру мен барша үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге әкелу керектігін білдіреді. Экономикалық өсу халықтың барлық деңгейлерінің әлеуметтік жағдайына жағымды әсер етеді. Өсу әлсізденген кезде қоғамда жағымсыз құбылыстар көбейеді.
Экономикалық
өсуді бағалау теориясы мен тәжірибесінде
қоғамдық өндірісті мемлекеттік
реттеуі маңызды орын алады. Мемлекетті
ұлттық экономиканың экономикалық
өсуге жетіп жатқаны алаңдату
керек. Бұл міндет үкіметтің макроэкономикалық са
Теориялық тұрғыда жоғарыда аталған жаңа парадигма – тұрақты экономикалық даму тұжырымдамасын білдіреді, ал тәжірибе жүзінде – өсу қарқынын реттеудің мемлекеттік экономикалық саясатын қайта бағдарлау. Бұл төмен іскери белсенділік уақытында экономикалық өсудің жоғары қарқынын және жұмыссыздарға әлеуметтік көмекті, қоршаған ортаны қорғау аясында ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға жетуге қарама–қайшы келмейтін тиімді және әлеуметтік бағытталған экономика дамуы үшін жағымды жағдайларды жасауды білдіреді.
«Тұрақты даму» деп қазіргі кездің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне қауіп төндірмейтін экономикалық серпіннің ерекше түрі түсіну керек. Бұл елдің дамуының қажеттіліктеріне баламалы, жаңа түрдегі экономиканың макрореттеуін қайта жаңғырту қажеттілігі туралы маңызды қорытынды жасауға мүкіндік береді. Өсу теориясы «даму экономикасы» тұжырымдамасын әзірлеген шын мәнінде отандық экономистермен қабылданған және шетелдік теорияшылдары жариялайтын «тұрақты өсу» мен «тұрақты даму» тұжырымдамаларына сынмен қарау керек. Бұл ұғымдар біраз нақтылауды қажет етеді. Экономика әрқашанда даму экономикасы болып табылады – не ілгерінді, не регрессивті. Көптеген ғалымдар әлеуметтік-экономикалық дамудың үшінші жолының тұжырымдамасы ретінде келесі ұрапқтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу доктринасы болуы мүмкін деп санайды..
Біз әрине жаһандану жағдайында «тұрақты даму» тұжырымдамасының ролі мен маңыздылығын, сонымен бірге, қазіргі қаржы институттары арқылы төмендетіп отырғанымыз жоқ, дамуға белгілі дәрежедегі тұрақсыздық тән екенін қоса айтқымыз келеді: сандық өзгерістердің жинақталуы қалыпты сапалы «серпілістерге» әкеліп соғады, және диалектиканың бұл қағидасы үнемі дәлелденеді.
Кесте 4
Экономикалық өсудің факторлары
Факторлар тобы |
Факторлардың мазмұны |
1 |
2 |
Тура (ұсыныс-факторлар) |
- еңбек ресурстарының санын ұлғайту және сапасын жоғарылату; - негізгі капиталдың көлемін ұлғайту және сапалық құрамын жақсарту; - технологияларды
жетілдіру және өндірісті - шаруашылық айналымға енгізілетін табиғи ресурстардың мөлшерін көбейту және сапасын жоғарылату; - қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетті арттыру. |
Жанама (сұраныс және бөлу факторлары) |
- нарықтардың
монополиялану дәрежесін - экономикадағы салықтық ахуал; - несие-банктік жүйенің тиімділігі; - өндірістік ресурстарға бағаның төмендеуі; - тұтыну, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың артуы; - экспортқа шығарылатын тауарлардың кеңеюі; - экономикадағы өндірістік ресурстарды қайта бөлу мүмкіндігі; - кірістерді бөлудің қолданыстағы жүйесі. |
Ішкі |
елдің өндіріс факторлары (фабрика ғимараттары және олардың құрал-жабдықтары бар кеңселер, тауар қорлары) |
Сыртқы |
шетелдік ресурстар |
Аралас |
елдің өндіріс факторлары және шетелдік ресурстар (аралас инвестициялар) |
Экономикалық өсудің экстенсивті типінің факторлары |
жұмыс күшін көп мөлшерде пайдалану;жаңа кәсіпорындар салу; құрал-жабдықтарды көп мөлшерде пайдалану; шаруашылық айналымға қосымша жерлерді тарту; жаңа кен орындарын ашу және пайдалы қазбаларды өндіру көлемін ұлғайту; ресурстардың мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік беретін сыртқы сауда және т.с.с. Алайда бұл кезде жұмысшылардың біліктілігі және олардың еңбек өнімділігі, құрал-жабдықтардың сапасы және технология өзгеріссіз қалады. Сондықтан еңбек және капитал бірлігіне шаққандағы өнімнің қайтарымы және кіріс бұрынғы деңгейде сақталады. |
Экономикалық өсудің интенсивті типінің факторлары |
жұмыс күшінің біліктік және кәсіби даярлық деңгейінің жоғарылауы; жетілдірілген құрал-жабдықтарды; озық (бірінші кезекте, ресурс үнемдейтін) технологияларды пайдалану; еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыру; экономиканы мемлекеттік реттеудің аса тиімді әдістерін пайдалану. |
Жоғарыда аталған факторлардың барлығы экономикалық өсудің қозғаушы күші болып табылады, сонымен бірге, біздің пікірімізше, олар жеткіліксіз, себебі тарих көрсетіп отырғандай, экономикалық өсу жоғарыда аталған факторлары жоқ елдерде бақыланып, осы факторлардың бірқатары болған елдерде байқалмады. Келесі мысалдарды қарастырайық.
Кесте 5
Өсу факторларының ел экономикасына ықпалы
Факторлар |
Өсу байқалмаған,
бірақ қарамағында мынадай |
Өсу байқалған,
бірақ қарамағында мынадай |
Капитал |
Бұрынғы КСРО |
Германия, Жапония 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін |
Білікті жұмысшылар |
Ресей, ТМД-ның бірқатар мемлекеттері, Үндістан |
Оңтүстік Африка |
Табиғи байлықтар |
Қазақстан, Бразилия, Африка |
Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Швейцария |
Мәдени жұмыстар |
Жапония, Германия 19-ғасырдың соңындағы мысалдар |
Франция |
Ғылыми жаңалықтар |
Англия, Израиль 1945 ж. кейін |
Жапония 1945 ж. |
Техникалық үкіметтік жоспарлау |
КСРО, Үндістан |
Гонконг, АҚШ, Англия (1930-1945 жж.) |
Меншік құқығын қорғау және сақтау жөніндегі қолданыстағы заңдар немесе институционалдық факторлар |
Мысалға келтіретін дерек жоқ |
Мысалға келтіретін дерек жоқ |
Тұрақты демократия |
Мысалға келтіретін дерек жоқ |
Мысалға келтіретін дерек жоқ |
Біздің пікірімізше, егер елдің азаматтарының меншік құқығын қорғайтын заңдары болмаса және сақталмаса және тұрақты демократия болмаса, жоғарыда аталған факторлардың кез-келген елде әсері тұрақты экономикалық өсуге әкелмейді.
Қазіргі кезде демократиялық тәжірибені тереңдету мақсатында демократизация үрдістерін үкіметпен марапаттау беталысы бақыланып отыр. Жаһандану мәселелерін шешу үшін жаңа институттарды құру керек, жеке алғанда: ғаламдық экологиялық ұйым; ғаламдық банкроттық тетігі; халықаралық салық ұйымы мен қаржылық реттеу органы. Шешімдер азаматтық қоғам институттарының кең қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес, себебі, құзыреттілік пен қорларды бейорталықтандыру да басқарудың бүкіл үрдісінің тиімділігін арттыруға мардымды үлес қосады, оның демократиялық құрамдасын күшейтеді. Қазақстан өзінің стратегиялық мақсаты ретінде мемлекетте демократиялық үрдістердің келешек дамуын мақсат тұтып, әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің құрамына енуді жариялады.