Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 8

Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26

Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44

3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67

Қорытынды ......................................................................................................... 69

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71

Работа содержит 1 файл

Мұқанова Элеонор.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Қаржы секторын нығайту.

Орта мерзімді перспективада Қазақстанның қаржы  жүйесін дамыту ғаламдық дағдарыстың тәжірибесін ескере отырып белгіленеді және тұрақтылықты, қаржы секторының ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

Ауқымды мемлекетттік қолдаудан бас тарту бірте–бірте  жеке бастамаларды жылжытумен жүзеге асырылады.

Қаржы секторы  дағдарыстан кейінгі кезеңде контрциклді реттеуге акцентпен макропруденциалдық жағынан реттеу және қаржы мен нақты активтер нарығындағы теңгерімдікті сақтауға ерекше көңіл бөле отырып, күшейтіледі.

Қаржы секторына  сенімділікті қалпына келтіру, қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқығын қорғау тетіктерін ұлғайту және заңды мүдделері, қаржы ұйымдарында тиімді ішкі бақылау жүйесін және тәуекел–менеджментті енгізу, сонымен қатар олардың қызметінің ашықтығын арттыру жұмыстары жалғастырылады [49].

Мемлекеттік – жеке серіктестік және исламдық қаржыландырумен күшейтілген қор нарығы одан әрі қарай дамитын болады. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту және құнды қағаздар айналымының барабар көлемін қамтамасыз ететін құнды қағаздар нарығын дамыту да қор нарығының ұлғаюына септігін тигізеді.

Жалпы еліміздің  қаржы секторын дамыту Қазақстан  Республикасының дағдарыстан кейінгі  кезеңдегі қаржы секторының даму тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Фискалдық саясат. Фискалдық саясат құрылымдық және ақша–-кредит саясаты шараларымен бірге экономиканы қалпына келтіруге және оның әрі қарай өсуін ынталандыруға жағдай жасауға бағытталады.

Экономиканы қалпына  келтіру және әртараптандыруға қолайлы  жағдай жасау, оның «қызып кетпеуіне» жол бермеу мақсатында экономиканың өсу кезеңінде мемлекет шығыстарын ұстап тұру және оның экономикалық құлдырау кезеңінде ұлғаюын көздейтін антициклдық фискалдық саясат жүргізіледі.

Экономиканың  дамуын ынталандыру макроэкономикалық  тұрақтылыққа зиян келтірмеуді ескерумен  жүзеге асырылады.

Фискалдық саясат шеңберіндегі қолдау бір жағынан жиынтық сұраныстың деңгейін, мемлекеттік инвестициялар деңгейін, басқа жағынан – экономиканың өсуін қалпына келтіру есебінен инвестициялық белсенділіктің деңгейін қамтамасыз ететін мемлекеттік шығындардың деңгейін қолдау көзделіп отыр.

Мұнайдан алынған  кірістерді тәртіпті және тиімді басқару  жүзеге асырылатын болады.

Құрылымдық  саясат. Елдің кұрылымдық саясатының өзегі үдемелі индустрияландыру жолымен экономиканы әртараптандыру болады. Индустрияландыру негізінде мемлекеттік және жеке секторлардың тиімді өзара іс–қимылы, отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қазақстандық қамтуды ұлғайту дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларды дамыту арқылы, басымды шикізаттық емес секторларды дамыту принциптері алынған. Индустрияландырудың нәтижесі барлық секторларда экономиканың өнімділігін арттыру болады.

Орта мерзімді перспективада индустриялдық–инновациялық бағдардың негізгі тетігі ірі  инвестициялық жобаларды экономиканың дәстүрлі мамандандыру секторларында іске асыру үдерісі болады, бұл жобалар шикізаттық емес салаларды, шағын және орта бизнесті дамыту және озық технологияларды тарту катализаторлары болады.

Дәйекті индустрияландыру Қазақстан үшін шикізаттық сектордың  дәстүрлі салаларын кейіннен мыналарды дамытуға өту үшін:

жерқойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттің  сұранысына негізделген секторлар;

экспортқа басым  бағдарланған шикізаттық емес секторлар;

ақпараттық  және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетиканы қамтитын «болашақ экономикасының» секторларын қамтитын болады.

Экономиканы әртараптандырудың  макроэкономикалық негізі айырбастау бағамын реттеу және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының функцияларын жетілдіру  бөлігінде күшейтілетін болады.

Қолайлы экономикалық ортаны қалыптастыруға, отандық өндірушілерге сыртқы ңарықтарға шығуға мүмкіндік беру және жосықсыз бәсекені жоюға шоғырланған тиімді сауда саясаты ықпал ететін болады. Қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және инвестицияларды тарту мақсатындағы платформа болып Қазақстан, Ресей және Белорусь арасында құрылған Кеден одағы және Еуропалық экономикалық кеңістік қалыптастыру табылады.

Экономикалық  саясаттың келесі құрамы ұлттық инновациялық жүйені құру болады, ол ҒЗТКЖ қаржыландыру саласындағы едәуір мемлекеттік қолдау, әлемдік деңгейдегі университеттер құру және қаржыландыру үдересінің транспаренттігін арттыруды қамтиды. Осылайша, экономика өнімділігін кешенді арттыру мақсатына қазақстандық экономика жағдайында тиімді жұмыс істейтін жоғары технологияларды қолдану арқылы қол жеткізіледі.

Құрылымдық  саясат, бұдан басқа экономиканы  әртараптандыруды өңірлік дамыту және экономикалық өсу орталықтарын қалыптастырумен  біріктіретін болады.

Салалық саясат Салалық саясат әртараптандыру және оның бәсекеге қабiлеттiлігiн арттыру арқылы экономиканың тұрақты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз етуге бағытталады.

Салаларды дамытудағы мемлекеттік саясат қолайлы макроортаны  құру, басымды секторлар мен жобаларды  қаржылық және қаржылық емес шаралар  кешенін, сондай–ақ озық технологиялар мен импортты алмастырушы өндiрiстi дамыту бойынша шағын және орта бизнес бастамаларын қолдауды қамтитын болады.

Экономиканың  дәстүрлі экспортқа бағдарланған салаларында (мұнай–газ секторы, тау–металлургия  кешені, атом және химия өнеркәсібі) ірі инвестициялық жобаларды іске асыру шикізат өндірісінің кейіннен неғұрлым жоғары қайта бөлулерге ауысуы шағын және орта бизнеске зор мүмкіншілік береді. Келешекте дәстүрлі секторлар агроөнеркәсiптiк кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм сияқты шикізаттік емес өндірісті дамыту қозғауыштары болады. Түпкі нәтижесінде саясат «болашақ экономикасының» секторларын: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика және ғарыш қызметін дамытуға бағытталатын болады.

Iрi жобаларды iлгерiлетуді «Самұрық–Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры, экономиканың отын-энергетика және металлургия секторларының жүйе құраушы компаниялары, сондай–ақ стратегиялық шетелдiк инвесторлар қамтамасыз етеді.

Экономиканы табысты  әртараптандыру тұрақты дамудың негізі болады және қазіргі заманғы технологияларды енгізу жаңартылатын негізіндегі ресурстар мен энергия көздері, төмен көмiрсутекті экономиканың «жасыл» саясатын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

Сонымен қатар, iшкi, ал кейiннен өңiрлiк нарықтарғада (Кеден одағы, Орталық Азия елдерi) бағдарланған шикiзаттық емес секторларды күшейту жалғастырылатын болады.

Инвестициялық саясат. 2010 жылы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілген, онда инвестициялық саясаттың негізгі бағыттары анықталған.

Мемлекет озық технологиялар трансфертiне, жаңа жоғары технологиялық өндіріс құруға, әсіресе  тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған, қазақстандық шағын және орта бизнес бастамаларын қолдайды.

Жалпы қолайлы  инвестициялық ахуал жасау шаралармен қатар Қазақстан Республикасы аумағында  жобаларды іске асыру үшін трансұлттық  компанияларға жағдай жасалатын  болады.

Ол үшін, тікелей  инвестицияларды тарту бойынша  тұтас жүйе құру көзделеді, бүл жүйе ынталандыру шаралар кешенімен  бірге шетелдік инвесторлармен жұмыстың институционалдық тетігінде қамтиды.

 

   Елдің 2011–2015 жылдарға арналған әлеуметтік–экономикалық дамуының болжамы. Орта мерзімді кезеңдегі теңгерімді экономикалық өсудің негізі инвестициялық үдеріспен қатар, тұтыну белсенділігін ынталандыру болып табылады [5].

2011–2015 жылдары инвестициялардың өсу қарқыны орташа есеппен бір жылда 2,4% құрайды. Ол белсенді технологиялық жаңғырту жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі капитал жинағын өсуін қамтамасыз етеді.

2011–2015 жылдары тұтынудың өсуі орташа есеппен бір жылда        4,3% құрайды. Бұл ретте үй шаруашылығындағы тұтыну мемлекеттік тұтыну мен салыстырғанда неғұрлым жоғары қарқында өсетін болады. Үкімет жалпы алғанда ЖІӨ компонентері өсуінің мына параметрлерін қамтамасыз етеді.

 

Кесте 7

2011–2015 жылдардағы экономиканың өсу параметрлері, алдыңғы жылға қарағанда, %–бен

Көрсеткіштер

2011

2012

2013

2014

2015

Тұтыну

103,6

103,6

103,9

104,7

105,8

жеке оның ішінде:

104,0

104,1

104,4

105,3

106,8

мемлекеттік

102,0

101,9

102,1

102,1

102,0

Инвестициялар

102,0

102,2

102,6

102,5

102,7

Тауарлар және қызметтер экспорты

102,1

101,6

102,4

102,2

108,7

Тауарлар және қызметтер импорты

103,0

103,2

103,6

104,2

104,0


 

Тиісінше, алдағы орта мерзімді кезеңге арналған фискалдық  саясат инвестициялар және мемлекеттік  тұтынудың көрсетілген параметрлерін  қамтамасыз ету қажеттілігінен құрылатын  болады.

2011–2015 жылдары нақты ЖІӨ өсу қарқыны 2011 жылғы 3,1%–дан бірте-бірте 2015 жылға 6,9%–ға дейін өседі деп болжануда.

2011–2015 жылдары ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің орташа жылдық өсуі 4,3%–ды құрайды.

2011–2015 жылдары өнеркәсіп өнімінің көлемі орташа есеппен бір жылда 5,0%–ға өседі.

Өнеркәсіп өндірісі көлемдерінің өсуіне тау-кен және өңдеу  секторларындағы өндіріс көлемдерінің артуы ықпал етеді.

2010 жылы мұнай  және газ конденсатының көлемін  2010 жылғы          80,0 млн. тоннадан 2015 жылы 97,6 млн. тоннаға  дейін көбейту болжамдануда (сурет 4.6).

Өнеркәсіп өнімінің артуы құрылыс және көлік қызметтері көлемінің өсуіне ықпал етеді. Құрылыс  көлемінің өсу қарқыны 2015 жылы 3,0%–ға  дейін, сәйкесінше көлік пен қойма  қызметтері 8,4%–ға дейін өседі  деп болжанады.

Ақпарат және байланыс қызметтерінің көлемі, болжам бойынша, жылына орташа есеппен 6,7% деңгейіне өсетін болады.

Сауда көлемінің  өсу қарқыны болжам бойынша 2011 жылы 4,0%–дан 2015 жылы 9,5%–ға дейін артады.

Орта мерзімді кезеңде әлемдік тауар нарығындағы  бағалардың көтерілуі және өндіріс көлемінің артуы аясында экспорт көлемдері өсетін болады. Экономика кірістерінің өсуі импорттың ұлғаюына мүмкіндік туғызады.

2011 жылы ЖІӨ-ге  қатысты ағымдағы шот сальдосы  профицитпен 1,0%, 2015 жылы 1,7%–ға дейін  өсумен тиісті деңгейде болады  деп болжануда.

 

 

Сурет 3   2011–2015 жылдарға арналған төлем балансының болжамы

 

 

 

3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру.

 

Қазақстан Республикасының  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі  мемлекеттік басқару жүйесінің ролі алуан түрлі. Ол мемлекеттік басқару механизмімен тығыз байланысты, және ол өз кезігінде:

- біріншіден, макро  және микроэкономикалық реттеу  құралдары және мемлекеттің қызмет  ету параметрлерін қамтитын стратегиялық және ағымдық шешімдер қабылдауға және оны негіздеу құралы болып табылады.

- екіншіден,  әкімшілік және экономикалық  тұтқалар арқылы экономикалық  дамудың стратегиясын және ағымдық  бағдарламаларын әс жүзінде жүзеге  асырылуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар қол жеткізілген нәтижелерді талдап оған баға береді, қалыптасқан жағдайларға қарай жүзеге асырылып жатқан шаралар мен іс әрекеттерді дурыс жолға салып отыруға мүмкіндік береді.

- үшіншіден,  басқа елдермен арақатынастар  жүйесіндегі қорғаныстық, көтерлемеушілік және тиым салушылық режимдерді қарастыратын, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер жасақтау және оны  жүзеге асыру негізінде елдің экономикалық егемендігіне қажетті құқықтық қорғанысын қамтамасыз етуге бағытталған;

- төртіншіден,  экономиканың әрекет етуіндегі пайда болатын барлық құбылыстар мен проблемалық жағдайларға дереу әрі құзырлы назар аударуға мүмкіндік беретін органдар мен жауапты тұлғалардың өзара арақатынасын, жауапкершілін және қызметіне құқық бөлушулік жүйені қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының  экономикалық қауіпсіздігін қамтамсыз  ету тұрғысынан алғандағы көзқарас бойынша жоғарыда айтылған қызметтерді  орындауға жоғары сапалы деңгейде және ешкедергісіз мемлекеттік басқару  жүйесі әр сәт сайын жағдай жасап  отыруы тиіс.Мемлекеттік басқару жүйесінің жоғары сапалы болуы – бұл төрт негізгі элементтің оптималды деңгейі: ұйымдық құрылымның; тұтастай коммуникация және өзарабайланыстар жүйесі, пайданып отырған ақпараттың; жан жақты дайындалған басқарушы кадрлардың.

Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жасалған шешімдерді жасақтау және жүзеге асыру мемлекеттік басқару органдарының қызметімен және құрылымымен тікелей байланысты. Бұл жерде ең бастысы, олар Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ағымдық және ұзақмерзімді мақсаттарға сай болуы қажет.

Экономикалық  қауіпсіздік мүдделерін ұстану бұл  талаптардың әрқайсысының негізнде бар. Бұл мүдделерді атқарушы билік  органдарының барлық субъектілерінің  қызметінде, олардың мемлекеттік басқару органдарының қай сферасында болмасын  қызмет етуіне байланыссыз ескеріліп отырылуы тиіс.

Экономикалық  қауіпсіздікті қамтамасыз етумен атқарушы биліктің жұмысының сапасын арттыру, республикалық және аймақтық деңгейдегі мемлекеттік ведомстволардың жұмысының ұйысдастырылуын жақсарту сияқты жұмыстармен тікелей байланысты. Атқарушы биліктің қызметкерлерінің қорғалуын және статусын арттыру шараларын жүргізумен қатар органдар арасын жұмыстарды анық бөлу үшін оны рационалды түрде қалыптастыруды тамадау керек.

Қазіргі уақытта  қалыптасқан экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік  басқаруды ұйымдастыру әлі де болса мақсатты экономикалық саясатты жүргізуге қажетті деңгейде бейімделмеген. Осындай жағдайдың қалыптасуының  негізгі себептерінің бірі ол басқарудың түрлі министрліктермен ведомстваларарасында экономикалық саясаттың белгілі бір бағытына сәйкес бөлінуінде, және бұл жағдай жұмыстың және өкілділіктің қайтануына әкеліп соғады, және сонымен бірге жауапкершілік деңгейіде төмендеуіне әкеледі.

Информация о работе Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы