Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 8

Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26

Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44

3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67

Қорытынды ......................................................................................................... 69

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71

Работа содержит 1 файл

Мұқанова Элеонор.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Жоғарыда айтылғандармен байланысты, өндірістің өсуін және жаңа жұмысшы орындардың, бюджетке түсімдердің көбеюін, ҒТП енгізуін қамтамасыз ететін өндіріс инвестицияларының көлемінің дамуына ғана назар аудармай, сонымен қатар, экономикалық тиімді мамандану моделінің қалыптасуына да ықпал етуіміз қажет.

Бұл процеске, жаңа индустриялық елдер дамуы тәжірибесі бойынша мемлекеттік реттеусіз  болмайтындығы айқын көрінеді. Бұл  жерде шетел инвесторлары ең алдымен  қаражаттарын жоғары тиімділігі бар  салаларға салады, ал төмендеу табысты салалар, қалыптасып келе жатқан жергілікті меншік, капиталға және мемлекетке ауыртпашылығын артады.

Осы жағдайлардың алдын алу үшін, ең бастысы, республика халық шаруашылығының негізгі салалар  қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Ресми көмек көрсете отырып, дамыған елдер үкіметінің іс-әрекеті дамушы елдер мүддесін қанағаттандыруды емес, өздерінің саяси және экономикалық мақсаттарын іске асыруды көздейтіндігін ұмытпауымыз керек. Бұл туралы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц мынадай ой білдірді: шетелге көмек ету программасы болашақта Америка елінің шеттегі мүдделерін қорғауға қызмет етеді, бұндай қатерлі іске бел байлау болашақта туындайтын проблемалардың аз шығынмен шешілуіне және алдын алуға мүмкіндік ашады.

Дамушы елдің  экономикасында сыртқы қарыздар үлкен үлес алады. Шетел капиталын орналастырудың нақты концепциясының болмауы, яғни табыс қарқынының өсуінің жеткіліксіздігі және қарызды төлеу есебінен өсіп жатқан сомаларды өтеу қажеттілігі қайтадан қарыз алуға мәжбүр етеді. Бұл жағдай төлем қабілеттілігінің дағдарыеына және қаржы қиындықтарының ұзаққа созылуына әкеліп соқтырады. Несие беруші банктер қарыз елдер экономикасына араласа отырып, экономикаға "шипалы" құралдарды ұсынады. Осылайша, есебін тауып, ол елді тәуекелділікке әкеледі, басқаша айтқанда ,ұлттық экономикалардың дамуын ол ел территориясынан тыс елдегі орталықтар реттейтін болады. Басқару функциясының қарапайым түрде әдейі ауыстыру оқиғасы айқын көрінеді. Осы орайда, Д. Соростың Венгрия банктеріне қатысты 1997 жылы үлесті 25%-ке азайту ұсынысын қабыл алмауын еске түсірсек жеткілікті деп ойлаймыз, бұндай әрекет Венгрия елінде болып жатқан жекешелендіру процесін қиындатты. Демек, халықаралық қарыз капитал нарығының резиденті түрінде шетел кредиттерін қолдану жөніндегі несие берушінің "ойларын", "кеңестерін" елемеуге мүмкіндіктің болмауы Қазақстан үшін теріс нәтижеге әкеліп соқтырмайтын және ұлттық мүдделердің құрбан болмауын қамтамасыз ететін қабылдау стратегиясын ұйымдастыруды қажет етеді. Бұл жағдайда донор елі саясатының негізгі бағыттарына шектеулі түрде әсер етуге іс-әрекет қолданылады. Мынадай жағдайды ескеру қажет: қарыз алушы қарыз берушінің бұйрығы бойынша алған несие сомасын тауарлардың тек қана белгілі бір түрлеріне және белгілі бір нарықта ғана қолдану құқығына ие болады. Тәжірибе көрсеткендей, бұндай құралдар бірінші қатардағы қажеттілікке бағытталуы мүмкін. Осылайша тауарлар бағасы әлемдік нарықтан жоғары және талдау мүмкіндігі кемітілген болуы мүмкін. Шетел мемлекеттерінің көмегі саяси жағдайда қысым білдіруі ықтималдығында ойдан шығармауға тиіс.

Аталған фактор қауіпсіздіктің сыртқы және ішкі факторларының  өзара шарттылығының айқын дәлелі.

Республикадағы  қалыптасқан экономиканың дамуы, мемлекеттік  бюджеттің тапшылығы, халықтың өмір сүру деңгейі, т.б. жағдайлар қолдағы  күшті тиімсіз көп бағыттарға назар аудара отырып, ұлттық өндірушілердің мүдделерін шетке ығыстыруға болмайтындығын көрсетеді. Сонымен, шетелдік қаржы көмегі тек өз бетімен экономикалық дамуды толық түрде қамтамасыз етпейтіндігі айқын көрінеді.

Экономикалық  қауіпсіздікке жұмысшы күшінің миграциясы және аса дарынды ғалымдардың шет мемлекеттерге кетуі қауіп төндіреді. Бүндай жағдайда жоғары мамандандырылған жүмысшы күшінің және ғалымдардың шетке кетуі өнеркәсіп өндірісінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. Ұлт азаматтарының әлеуметтік құрылымының өзгеруі, не олардың ауылды жерлерден және кіші қалалардан жұмыс іздеу мақсатымен көшіп кетуі себеп. Экономикалық қауіпсіздік мәселесін шиеленістіруде, сонымен қатар тәуекелділік мүмкіндіктері тек қана импорт, экспорт және қаржы сферасында ғана емес, тағы да бір өте маңызды техникалық тәуекелділікті де туындатуға негіз болады. Бұның маңызына нақты және материалдық формадағы импорт жатады. Бұл жерде технология, патент, лицензия, ноухау және экспортер, мамандар, кеңесшілер, оқытушылар туралы айтып отырмыз. Тәуекелділіктің бұл түрі қазіргі уақытта даму дәрежесіне жетті. Қорыта айтқанда, тікелей инвестиция қабылдаушы елге бірқатар салалардың қысқартылу қаупі төнеді. Өндірістің салалық құрылымы шетел мемлекеттерінің өкілдеріне және ТҰКға жағымды түрде қалыптасады да, жоғары маманданған және жұмысшы күшінің болмауы шығынға және кемістікке ұшыратады.

Қазақстан тәуелді  ел ретінде тікелей және жанама экономикалық шығындарға душар болуы мүмкін. Тәуелділіктің  бұл формасының негізін мыналар  құрайды: біріншіден, бағасы жоғары техника мен дамыған импорттық машиналарды қолдана білетін мамандандырылған жұмысшы күшінің болмауы қиындықтар туғызады; екіншіден, сол техника, технологиялардың қажетті жұмыс істеулеріне жарамды режимді қалыптастыру үшін шетелден маман қажеттілігі. Алжир елінің тәжірибесін еске алсақ, техникалық мамандардың 70%і шетел өкілдерінен тұрады. Олар кәсіпорынның стратегия таңдауында жетекші рөл атқарған. Осымен ғана шектелмей, мемлекеттік деңгейдегі экономикалық сұрақтардың бірқатарын кадрлар емес, шетел мамандары шешкен. Бұл техникалық персонал мен әлеуметтік, рухани және басқа да құрылымдардың өзара қайшылықтарын күшейтеді. Бүгінгі таңда экономикалық қауіпсіздік қатеріне мыналар жатады: дәрігерлер, мұғалімдер, оқытушылар жалақысы деңгейінің күрт төмендеуі, бұл "ақыл-ойдың ағылып кетуімен" мемлекет қауіпсіздігін әлсіретеді.

Экономикалық  қылмыстардың қазіргідей өсу жағдайында реформалардың ойдағыдай және табысты  жүзеге асырылуына мүмкіндік болмайды. Сондықтан, өкімет функцияларын атқару бөлімі берілген күшті меншікті мақсаттарда қолдануы экономикалық қауіпсіздіктің бірден-бір қатері болып табылады. Басқарушылар қолда бар күшін, өзіндік мүдделерін және беделін сақтау үшін қолданылады, бұл жеке азамат үшін және жалпы қоғамға қауіп-қатер келтіреді.

Адамдарды себепсіз жұмыстан босату, әр түрлі даудамай туындату, парақорлық және басқа да үкімет мүлкін иеленіщ жеделдетілген  кредиттерді, квота, лицензияларды  іске асыру мақсатында қолдану, елдің  ресурстарын шетке алып шығу, т. б., мемлекет қуатын әлсіздендіретін бағыттардың тізімі. Төмендегідей жағдайлар көп таралған құбылысқа айналды:

• жекешелендіруге  арналған объектілердің бағасын  әдейі төмендетіп жіберу;

• құрамдарды мақсаттылыққа  қолдану;

• жеңілдетілген  несиелерді үлестіру;

•шетел клиенттерімен  ұлттық экономикаға тиімсіз келісімдерге отыру;

• коммерциялық құрылымдарға өз өкіметтігімен салық  салу, т.б.

Қазіргі танда, аталған жағымсыз құбылыстар жанама зиян әкелуі мүмкін, дәлірек айтқанда, жағдайдың нашарлауы, әділеттілікке  сенбеушіліктің туындауы, т.б.

Бұлардың барлығы  экономикалық қылмыспен жедел түрде  күресу мәселесін талап етеді. Бұл  құбылысты жою үшін кешенді және өзара тығыз байланысты шаралар  жүйесін құру қажет.

Біздіңше, азаматтарды  жұмысқа алуда оңтайлы саясат жүргізуді жемқорлықтың дамуына бірден-бір шектеу ретінде қолдану керек, бұл мәселені қысқа мерзімде қолға алмау белгілі бір күштердің бірігуіне әкеледі, яғни мұның ақыры күш қолданылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Өкіметтік саясаттың барлық деңгейін принципті, жоғары мамандандырылған, прогрессивті көзқарасқа бейімделген кадрлар құрамымен қамтамасыз ету қажет. Бұл мемлекеттік стратегия саясатының негізгі бағыттарының тізіміне кіруі тиіс.

Қылмыс, әкімшілік  және сот істерін жүргізу зандарының экономикалық қылмысқа қатынасты бөлігін  толықтыру қажет және де экономикалық қылмыстарды тергеу жөніндегі іс-әрекеттерді топтау қажет.

КСРО-ның тарауы нәтижесінде Қазақстан тәуелсіз және егеменді ел болды. Бірақ бұл  республика тәуелділіктің барлық формаларынан құтылғандығы емес, өйткені экономикалық және әлеуметтік құрылым әлі де тәуелділікке негіз болуда және оның сақталуына мүмкіндік туғызып отыр, яғни тәуелділікке жағдайлар жасалуда.

Ұзақ мерзімдік  бағыт ең болмаса экспорт құрылымын  экономикалық құрылымға жақындатуы керек. Экспорт құрылымында қайта  қалпына келтіруші ресурстар, отынэнергетикалық және агроөнеркәсіптік өндіріс, машиналар, құрал-жабдықтар, тұрмыс техникасы және тағы басқалар лайықты орын алуы

 

 

1.3 Экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етудегі стратегиялық  жоспарлау және  болжамдаудың  мәні.

 

Инновациялық  қызметті жоспарлау – сыртқы орта факторлары мен жағдайлар бойынша  талдау жұмыстарының кешенді мақсатқа жету үшін баламаны таңдау мен оңтайландырудың  жақсы  нұсқауын  таңдаудағы  басқару  функциясы.

Жоспарлау инновациялық басқару функциясы ретінде нарықта белгілі бір сұранысқа ие қамтамасыз ету мүмкіндіктеріне, қалыптасқан мақсатта дамуға сәйкес инновациялық қызмет пропорциясы мен негізгі бағыттарды қалыптастыруға негізделеді.  Инновациялық жоспарлау мәні: инновациялық кәсіпкерлік мақсатымен және оны орындаушылар мен звено құрылымдарына жеткізу; жүзеге асырылатын жобалар құрамын бекіту; инновациялық жобаға қатысушылар міндетін бөлу; қажетті ресурстар құрамын анықтау; уақыттың әрбір кезеңінде бекітілген міндеттерді орындау ұзақтылығымен келісу. Инновацияның мақсаты жоспарлаудың бұл инновациялық қызметтегі  мақсаттардың қалыптасуы және ол мақсаттарды жекелеген құрылымдық буындармен жүзеге асырушыларға жеткізу. Инновациялық жобалаудағы қатысушыларға міндеттемелерді бөліп беру, қажетті ресурстардың құрамын анықтау, жекелеген жұмыстардың мерзімін, кезектерін анықтау және міндеттердің уақытына сай  орындалуына қажетті жағдайлар жасау.

Инновациялық  қызметті жоспарлаудағы негізгі  ерекшеліктер:

жаңалыққа байланысты үлкен анықталмағандық, оларды ендіру мен жасап шығарудағы ұзақ мерзімді сипатталуы, қатысушылар санына  байланысты жүйені жоспарлаудағы қиындақтар, жұмысшылар біліктілігі  болатын тәуекелділіктер;

инновациялық  қызметке инфрақұрылымның және инновациялық менеджмент жүйелерінің сыңарларымен, персоналдың дайын болмауы;

зерттеу обьектісінің әрқашан ауысып отыруы;

инновациялық  менеджменттегі сыңарлардың стандартизация және бірыңғайлау деңгейлерінің  төмен болуы;

инновациялық  қызметтердің оңтайлы нәтижеге ие болғандағы бәсеке қабілеттілігінің артықшылығы.

Инновациялық  қызметті жоспарлаудағы негізгі  міндеттер:

стратегиялық  маркетингтің баламаларының болжауға негізделген фирманың оңтайлы стратегияны  таңдауы;

фирманың дамуын және тұрақты функционалдануын қамтамасыз ету;

оңтайлы ғылыми талдауды жаңалықтар және инновациялар портфелін қалыптастыруда қолдануда;

инновациялық  қызметтін құрылу мақсаты және оны  жүзеге асырушыларға жеткізу;

жоспарлардың  жүзеге асуын кешенді қамтамасыз етуі;

жоспарлардың  жүзеге асуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық–  техникалық және әлеуметтік экономикалық шаралардың қалыптасуы;

инновациялық  қызметті жүзеге асыру үшін қажетті  материалдық, еңбектік және қаржылай ресурстарды  бағалау;

жоспарлаудың  жүзеге асуындағы міндеттер, орындаушылар, ресурстар, мерзімі, орны және жұмыс  сапасы туралы үйлесімнің;

жоспарлаудың  жүзеге асуын ынталандыру.

Инновациялық  қызметті жүзеге асырудағы негізгі  қағидаларға мыналар жатады:

ағымдағы және стратегиялық жоспардың сабақтасуы;

жоспардың әлеуметтік бағыттары;

жоспарлау обьектілерінің маңыздылығы бойынша сараптау;

жоспар көрсеткіштерінің сәйкестілігі;

менеджмент  жүйесінің сыртқы орта параметрлермен жоспарлардың бірлігі;

жоспар нұсқалығы;

жоспардың экономикалық негіздемесі;

жоспарлау жүйесінің  автоматтандырылуы;

жоспарлау жүйесінің  кері байланысын қаматмасыз ету.

 «Стратегия»  термині, гректердің «Strategos» сөзінен  туындаған және «генерал өнері»  немесе «адамдарды басқару өнері»  деген түсініктерді беріп, болашақта  мақсатты бағытталған және шешуші  іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді.

Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс–қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі.

Стратегиялық  жоспарлау тек макродеңгейдегі  басты реттеу құралдары болып  қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты  басқару, реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі.

Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауына, даму тенденцияларының эксперттік бағалануына, болжамдық  есептеулерге негізделіне отырып төмендегідей жағдайларды анықтауға міндетті:

болашақ даму мақсаттар  мен міндеттер жүйесін;

халық шаруашылығының маңызды басым бағыттары мен  олардың іске асырылу кезеңдерін;

экономика өсуінің  мүмкін қарқынын және негізгі макроэкономикалық  пропорцияларды;

экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;

Информация о работе Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы