Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 8

Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26

Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44

3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67

Қорытынды ......................................................................................................... 69

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71

Работа содержит 1 файл

Мұқанова Элеонор.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

 

Э. де Сотоның  институтционалдық нұсқасына сәйкес ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің негізгі  қауіп-қатерлері әкімшілік тосқауылдар  табылады – «жаман» заңдар немесе «жақсы» заңдардың нашар орындалуы. Сәйкесінше, мазмұны экономикалық демократияның нормаларына сай келетін және осы заңдардың орындалуын бақылайтын жаңа заңдардың қабылдануы осы қауіп-қатерлерді тоқтату шаралары болуы тиіс.

Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің үш негізгі парадигмалары – камералисттік, кейнсиандық және институтционалдық – бір-бірін өзара толықтырады. Әрбір елдің ұлттық экономикасына нақты немесе потенциалды қауіп-қатерлер шетелдік бәсекелестерден де (Ф. Лист осыған көңіл бөлген), «нарық құлдырауымен» де (Дж. М. Кейнс осы туралы жазған), және «мемлекет құлдырауымен» де (Э. де Сотоның ойы бойынша)  болуы мүмкін. Ұлттық саясаттың мақсаты – барлық қауіп-қатерларге қарсы әсер ету үшін шектелген ресурстарды үнемді пайдалана отырып, неғұрлым қауіпті қатерлерді объективті түрде сипаттау.

«Экономикалық қауіпсіздік» түсінігінің дәстүрлі теориялық-тұжырымдамалық әзірлемесі жетекші ғылыми шетелдік мектептер  аясында жүзеге асырылған. Осы тақырып  бойынша отандық зерттеулердің  жеткіліксіздігі және іс жүзінде жоқтығы мына жайтпен түсіндіріледі, яғни ұлттық қауіпсіздіктің тарихи мәселесі ұлттық, соның ішінде экономикалық мүдделердің қалыптасуы мен әзірленуі жүзеге асырылатын тәуелсіздікке қол жеткізу мен мемлекеттің қалыптасуы кезеңдерінде туындайды.

«Экономикалық қауіпсіздік» мазмұны, оны құраушы  элементтер, сондай-ақ қамтамасыз ету  механизмдері әр түрлі интерпретацияланады, ол әр алуан теориялық-әдістемелік  тәсілдемелер аясында мәселені зерттеумен байланысқан. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, ұлттық экономикалық қауіпсіздік – бұл экономиканың және билік институттарының жай-күйі, ол ішкі және сыртқы процестердің дамуының өте қолайсыз нұсқалары кезінде де ұлттық мүдделердің кепілдікті қорғанысын, елдің үйлесімділігін, әлеуметтік бағытта дамуын қаматамасыз етеді.

Ғылыми әдебиеттерде экономикалық қауіпсіздік келесі ретте  қарастырылады:

1. Ұлттық қауіпсіздіктің  біртұтас, бөлінбейтін қатаңдығы.

2. Ұлттық қауіпсіздік  аясында дербес, автономды жүйе. Осы орайда бұл мәселе екі  аспектіде қарастырылады:

– экономикалық қауіпсіздік экономиканың әр түрлі  факторлар мен қауіптерден қорғалуы ретінде. Қауіпсіздік экономика  саласындағы мемлекеттік-ұлттық мүдделердің  барлық қажетті құралдармен және мүдделермен сенімді қорғалуын, яғни ішкі және сыртқы қауіптерден, экономикалық және материалдық залалдардан қорғалуын түсіндіреді;

– жай-күй ретіндегі  экономикалық қауіпсіздік жағдайында оның белгіленген шекті мәндері  сақталады. «Экономикалық қауіпсіздік  дегеніміз –қоғамның, мемлекеттің  әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси тұрақтылығын және заң талаптарын орындайтын қоғамның әрбір мүшесінің экономикалық және құқықтық жағдайын қамтамасыз етуге экономиканың дайындығы мен мүмкіндік жағдайы».

Экономикалық  қауіпсіздіктің әр алуан зерттеушілік тәсілдемелерін талдау негізінде, біздің пікірімізше, экономикалық жүйенің  тұрақты дамуы сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалуды әрі шоғырлануды қамтамасыз етеді, ал мұндай жағдай қоғамдық-мемлекеттік дамуға арналған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың тиісті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен, жүйелік  білім ретіндегі экономикалық қауіпсіздік  төмендегі негізгі компоненттерден  тұрады: технологиялық, азық-түлік, қаржы-несиелік, өнеркәсіптік, сыртқы экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-коммуникациялық, әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық).

Экономикалық  қауіпсіздіктің мәні индикатор-көрсеткіштер жүйесінде жүзеге асырылады. Экономикалық қауіпсіздіктің индикатор-көрсеткіштерінің жиынтығы – бұл экономикалық қауіпсіздіктің мәнін айқындайтын маңызды процестер тұрғысынан экономиканың жай-күйін бағалау. Индикатор-көрсеткіштер жүйесі төніп тұрған қауіп жөнінде алдын-ала ескертіп, оны болдырмау шараларын қабылдауға м.мкіндік береді. 

Осылайша, әлемдік  экономикалық ілімде экономикалық қауіпсіздік  дәстүрлі түрде экономикалық жүйенің маңызды сапалық сипаттамасы ретінде қарастырлады және ол оның қабілетін анықтайды:

  • халықтың қалыпты өмір сүру жағдайын қолдау;
  • халық шаруашылығының дамуын тұрақты түрде ресурстармен қамтамасыз ету;
  • ақырындап ұлттық-мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыру.

Экономикалық  қауіпсіздікті ақырғы және тиісті түрде  бағалау үшін көрсеткіштердің өзі  емес, шекті шамаларды көрсететін олардың шекті мәндері маңызды  болады. 

Экономикалық  қауіпсіздік – бұл экономиканың ұлттық және халықаралық деңгейлердегі қоғамдық сұраныстарды тиімді қанағаттандыру қабілеті. Басқаша айтқанда, экономикалық қауіпсіздік дегеніміз – ұлттық экономиканың тиімді қарқынды дамуына қоғамның, мемлекеттің, жеке тұлғаның сұраныстарын қанағаттандыру қабілетіне қолайлы жағдай жасайтын, әр түрлі қауіптер мен шығындардан кепілдендіретін ішкі және сыртқы талаптар жиынтығы.  Одан екі қорытындыны шығаруға болады:

Бірінші. Елдің  экономикалық қауіпсіздігі, ең алдымен  экономиканың өзінің тиімділігімен  қамтамасыз етілуі тиіс, яғни мемлекет жүзеге асыратын қорғаныс шараларымен қатар, ол еңбектің жоғары өнімділігі мен өнімнің сапасы негізінде өзін-өзі қорғауы тиіс және т.б.

Екінші. Елдің  экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қандай да бір жалғыз ғана мемлекеттік  ведомствоның, қызметтің басымдығы болып табылмайды. Оны мемлекеттік органдардың бүкіл жүйесі, экономиканың бүкіл звенолары және құрылымдары қолдауы тиіс.

Алғашқы басталуы кезіндегі экономикалық қауіпсіздікті  сандық бағалаудың екі аспектісі  бар: 1) масштабты өлшеу;  2) экономикалық бағалау.

Әр алуан  әлеуметтік-экономикалық нәтижелердің салыстырмалы көрсеткіштерін салыстыруға  болады, ал қажетті жағдайда оларды қосуға да болады. Мұндай жағдайда индексті әдісі пайдаланылады.

Тиімділігі  тұрғысынан қауіп индикаторларын саралау  үшін сараптамалық бағалаулардың  танымал әдістері (сауалнама, «Дельфи» әдісі және т.б) қолданылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

Салыстырмалы  әдіс, ол шекті көрсеткіштерді іс жүзіндегі  көрсеткіштермен салыстыруды жүзеге асырады және шекті көрсеткіштер мен қолданыстағы көрсеткіштердің айырмасын ескере отырып, экономикалық қауіпсіздікке бағалау жасалады.

Экономикалық  қауіпсіздіктің шекті мәндерін іс жүзінде  пайдалану аймақ атауын бөлетін  шекаралық нүктелерді есептеу мен  бағалауға негізделеді.

Өз қауіпсіздігін  ішкі және сыртқы саясаттың шешуші звеносы ретінде қарастыратын көптеген елдерде ұлттық қауіпсіздікті, соның  ішінде экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз етуші стратегиялық және тұжырымдамалық құжаттар қолданылады. 

Қазақстан тәжірибесіне қарай отырып, экономикалық реформалардың тізбекті қадамдарын жасауды атап өтуге болады. Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігі қазіргі таңда ұзақ мерзімді дамудың мемлекеттік стратегияларының механизмдері, сондай-ақ салалық бағдарламалар, тұжырымдамалар мен стратегиялар аясында қамтамасыз етілген.

 



 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 


 


 

 


 

 

 



 

 

 

 

 

Сурет 1 - Қазақстан  Республикасының экономикалық қауіпсіздігін  стратегиялық қамтамасыз ету жүйесі

 

Бірақ та, менің  пікірімше, ел экономикасын, сәйкесінше оның экономикалық өсуін өндіру өнеркәсібіне  «бекіту» болашақта мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін төмендетеді.  Қазіргі таңда экономиканың әртараптандырылуы, сондай-ақ аймақтық дамудың біркелкі болмау мәселесі өткір болып тұр. Көршілес елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді, ұзаққа созылған әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлығы, жоғары әлеуметтік жікке бөліну, айқын көрініс тапқан аймақтық әртараптандыру саяси шиеленістің ғана емес, сондай-ақ күштер қақтығысы ошағының себептері болды.

Осылайша, әлемдік тәжірибені және Қазақстан экономикасының әрекет ету ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық қауіпсіздікті айқындайтын келесі компоненттерді атап көрсету тиімді болады: 1. Құрылымдық. 2. Техно-логиялық. 3. Институционалды. 4. Қаржылық.

Мұнай компанияларының Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуін бағалау. Зерттелген ғылыми жұмыста Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін стратегиялық қамтамасыз ету жүйесінің схемасы берілген. Онда экономикалық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері немесе елдің экономикалық қауіпсіздігі бағаланатын субъектілер, объектілер, нормативті-құқықтық база, қауіптер мен көрсеткіштер суреттелген.

Республикалық және аймақтық деңгейде жасалатын және жүзеге асырылатын экономикалық саясаттың  шаралары мен механизмдері Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігінің ішкі және сыртқы қауіптерін жоюға бағытталған. 

1998-2010жж. отандық экономиканың даму көрсеткіштерінің, оның құрамындағы мұнайгаз кешенінің даму қарқының жоғары екендігін 2 кестенің мәліметтерінен көруге болады. Талдап отырған кезеңдегі ЖІӨ индексі 12,6 есеге, өнеркәсіптік өнімдер – 15 есеге, мұнайгаз кешенінің өнімдері – 49 есеге өскенін көре аламыз (кесте 2).

 

Кесте 2 

Қазақстан Республикасы дамуының экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлік

1998

2000

2002

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Өзгеруі 2010 1998

Жалпы ішкі өнім

млрд.тг.

1733,3

 600,0

3747,0

5870,1

7590,6

10213,7

12849,8

16052,9

17007

21815,5

12,6 есе

Өнеркәсіптік  өнімдер

млрд.тг.

808

1798,3

2336,7

3867,9

5253,0

6509,9

7815,9

10196,2

9121,5

12105,5

15 есе

МГК өнімдері (шикі мұнай мен табиғи газ өнімдері)

млрд.

тг.

129,6

 692,6

932,1

1878,6

2885,1

3487,0

4077,2

5715,5

5432,3

6345,7

49,0 есе

ЖІӨ-ге шикі мұнай  мен табиғи газды өндіру, %-бен

%

7,5

26,6

24,9

31,0

37,1

33,4

31,0

34,7

31,9

29,1

 

Өнеркәсіптік  өнімдерге  шикі мұнай мен табиғи газды өндіру, %-бен

%

16,0

38,5

39,8

47,1

53,5

52,4

51,0

54,5

59,5

52,4

 

 

ҚР-ның мұнай  өндіру саласында бүгінде 300-ден  астам компания жұмыс істейді. Дегенмен, қазіргі уақытта әлемдік айналым мен ішкі қажеттілік үшін Қазақстанда бар көмірсутекті шикізат қоры бірнеше жағымсыз факторлармен шектелген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар:

– республиканың  мұнай транспортының дамымағандығы, қалыптасқан құбырлар, айлақтар және терминалдар жүйесін Каспий мұнайын игеруге мүмкіндігінше таңып қойып отыр;

– қазіргі құбырлар транспортының жағдайы сыртқы және ішкі нарыққа көмірсутекті жеткізіп беруді жеткілікті көлемде қамтамасыз етпейді;

– республиканың  терең субконтинентальды орналасуы  және едәуір әлемдік мұнай нарығына дейінгі алшақтық.

Осыған байланысты, бар ресурстар қорын, көмірсутекті шикізат экспортының өсімін тиімді пайдалану мақсатында,  тек өндіру көлемін ғана  өсіріп қоймай, біріншіден, кедергісіз мұнай мен газ экспортын, екіншіден, ішкі нарықты энергоресурсымен толтыруды қамтамасыз ететін сенімді және экономикалық жағынан тиімді мұнай транспорты инфрақұрылымын құру қажет.

Дағдарыс кезінде  аймақтың тұрақсыз экономикалық өсімі  байқалады және табиғи ресурстарды  жылдам әрі үстіртін пайдалану жағдайлары орын алады. Кезек кезегімен бір немесе бірнеше ресурстар барған сайын тапшы немесе артық болып, экономиканың ұдайы өндіріс циклының өзара тәуелді және өзара байланысты  элементтері бұзылады, аймақтық әлеуметтік-экономикалық, қаржылық және саяси конъюнктурадан тыс өзгерістерге өткір реакция пайда болады, сол территорияда халықтың өмір сүру деңгейі нашарлайды.

Экономикалық  қауіпсіздік дәрежесі ауытқи бастайды, ал территорияның экологиялық қауіпсіздігі географиялық ресурстар мен климат жағдайларының нашарлауымен, қоршаған ортаның ластануының күшеюімен,  халықтың өмір-сүруі мен денсаулық жағдайының төмендеуімен сипатталады.

Дипломдық жұмысымда еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сипаттайтын көрсеткіштер төрт негізгі топқа біріктірілді (сурет 2).

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 -  Қазақстан  Республикасының экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету

 

Әрбір топтың өзіндік даму индексі  бар. Олар ішкі көрсеткіштер сомаларын  олардың санына бөлу арқылы ортақ  арифметикалық көрсеткіштер ретінде есептелінді. Негізгі төрт топ бойынша шектік көрсеткіштерді еліміздің индикаторларына салыстырмалы талдау жасалды және төрт төмендегідей топтарға топтастырылды:

  1. ұлттық экономиканың индустриальды-инновациялық және тұрақты экономикалық даму қабілеті индексі;
  2. тұрақты қаржы жүйесі индексі;
  3. сыртқы экономикалық қызмет индексі;
  4. әлеуметтік және демографиялық даму индексі.

Информация о работе Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы