Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 08:02, дипломная работа

Описание работы

ХХI ғасырдың басында Қазақстан Республикасында болып жатқан күрделі саяси, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық үрдістерден туындайтын әралуан қайшылықтардың мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның жан-жақты дамуына кедергі жасайды.
Осы орайда, экономикалық қауіпсіздік мәселесі әлем бойынша ХХ ғасырдың екінші жартысындағы «постиндустриалдық қоғам» кезеңінде пайда болды. Ол үш бірдей ғылыми бағыттың – «экономика», «қауіпсіздік теориясы» және «саясаттану» - түйіскен жерінде (триада) орналасқан.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 8

Әлемдік экономикалық жахандану жағдайындағы Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қаммтамасыз етудің теориялық аспектілері. ..........................................................................................10
Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері..................................10
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік мәселелері........19
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі стратегиялық жоспарлау және болжамдаудың мәні.......................................................................................26

Тұрақты экономикалық өсу – экономикалық қауіпсіздік кепілі.......33
Экономиқалық өсуді басқарудың ұйымдық экономикалық аспектілері..33
ҚР–да экономикалық өсуді жүзеге асырудың негізгі тетіктері..................41
2.3 Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі...................................................................................................................44

3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру....................................................................................50
3.1 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін мемлкеттік және құқықтық жағынан реттеуді қамтамасыз етуді жетілдіру.....................................51
3.2 Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған
әлеуметтік–экономикалық даму болжамы..............................................................53
3.3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқару және бақылауды жетілдіру............................................................................................... 67

Қорытынды ......................................................................................................... 69

Пайдаланылған әдебиеттер .............................................................................. 71

Работа содержит 1 файл

Мұқанова Элеонор.doc

— 566.00 Кб (Скачать)

Эксперттердің болжамдауынша, Қазақстан жақын  болашақта мұнай өндіруші елдердің Кувейтпен қатар деңгейде тұрып, алдыңғы «ондыққа» кіруі ықтимал. 

Қазақстандық  мұнай өндіру көлемінің өсімі  екі фактормен байланысты. Біріншіден, шетелдік капитал ағымының айтарлықтай  көбеюі, әсіресе тікелей инвестицияның  мұнай өндіру саласына салынуы. Екіншіден, Қазақстан экономикасының мұнай  секторындағы жағдайға айтарлықтай әсер ету көмірсутегі шикізатының әлемдік нарығының конъюнктурасына қолайлы әсерін тигізуде.

Бүгінде Қазақстанда  барлық мұнай және газ көздері  іс жүзінде шетелдік тәжірибе мен  қаржыны  пайдаланумен барланып, өңделуде. Шетелдік капитал кен орындарын дайындаумен, іздеу-барлау жұмыстарымен, өңдеуші кәсіпорындарды қайта құрумен, мұнай мен газды тасымалдаумен байланысты 27  ірі жобаларға тартылған.

Мұнай саласының  дамуымен мемлекеттің энергетикалық  тәуелсіздігі, тұрақты ішкі экономикалық кеңістікті ұйымдастырумен бағыттас салалардың интенсивті дамуы байланыстырылады. Олар бірнеше аспектілерде қарастырылады:

Біріншіден, мұнай  кешені Қазақстан үшін тек маңызды  өндіріс саласы ғана емес, ол – еліміздің  тәуелсіздігінің, экономикалық қауіпсіздігінің, ішкі саяси тұрақтылығының негізгі құраушыларының бірі.

Екіншіден,  Қазақстан кең әлемдік шаруашылық байланыстарына қосылған әрі жаһанданудың масштабты процестеріне енген. Мұнай  мен газ ертеден бері халықаралық  сауда мен ынтымақтастықтың әрі  бәсекелестіктің тақырыбы мен объектісі болып табылады, яғни экономикалық мүдделерді қанағаттандырумен қатар саяси мақсаттарды да жүзеге асырады. Кейде бұл мақсаттар басты мәнді иеленеді.

Теңіз, «Королевское»  және Қарашығанақ сияқты ірі мұнай  кен орындарының болуы батыс компанияларының коммерциялық қызығушылығын туғызды. Алдағы уақытта жыл сайын мұнайды өндіру артатын болады. Әлемдік нарықтағы ағымдық жағдай энергетика мен энергетикалық ресурстардың дамыған және дамушы елдердегі азаматтардың өмір сүру деңгейін, әл-ауқатын үнемі жоғарылатуда қандай маңызды рөл алатындығын көрсетеді.

Зерттеліп отырған  диплодық жұмыстың мақсаты экономикалық қауіпсіздікке әсер ететін факторларды анықтаумен қатар, олардың арасындағы байланысты сипаттайтын эконометрикалық моделді құру.

Қазақстанда неғұрлым басымды салалардың бірі мұнай өнеркәсібі болып табылатындықтан, мемлекет басшысы  Қазақстан халқына жолдауында «өзекті  міндеттердің қатарына отандық көмірсутекті шикізаттан қосылған  құнды алу» екенін атап өтті. Энергетикалық ресурстардың мүмкіндігін барынша жоғары қолдану және жоғары қосылған құнмен мұнай-химия өнімдерін шығаруды қамтамасыз ететін өзара байланысты өндірістерді құру жоспарланған алдыңғы қатарлы инвестициялық жобаларда қарастырылған. Бұл жобаларды іске асыру Қазақстанның бәсекеге қабілетті экономикасының дамуын қамтамасыз етеді және оның экономикалық қауіпсіздігін жоғарлатады.

 
1.2   Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздік    мәселелері

 

Қазақстан Республикасының  халықаралық қатынастар жүйесінде  толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, жаңа экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің ұлттық, мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазақстан Республикасының мүдделері, ең алдымен мынадай саяси және экономикалық факторлармен байланысты: соғыс объектілерінің және ядролық қару-жарақтың бар болуы, космостық база, ішкі саяси жағдайдың белгілі мөлшерде тұрақсыз болу қаупі, халық санының арту қарқынының биіктігі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық артта қалуы, КСРО-ның тарауы салдарынан пайда болған республикалардың әлемдік аренадағы қызметін реттейтін халықаралық құқық механизмдерінің болмауы, республиканың "нативизацияға" бейімделуі.

Бұндай жағдайда Республиканың алдына шетелдермен  және таяу шетелдермен қарым-қатынастардың  ұтымды жағын табу және күштердің  қазіргі кездегі балансына байланысты Азия мен Орта Шығыс кеңістігіндегі Қазақстанның ғаламдық рөлін белгілеу мәселесі қойылады. Ұлттық мүдделер мен басымдық таңдауды мемлекеттің саяси, әлеуметтік және қорғану салаларындағы қызметінен іздеу керек. Қазіргі кезде көрініс алып отырған Қазақстанның Ұлттық позицияларының белгілену тенденциясы, болашақта бұрынғы КСРО шеңберіндегі мемлекеттер арасындағы күш балансына әсер етуі мүмкін.

Қазақстанға әсер етуші күштер мыналармен анықталады: Ресей мемлекетінің қарым-қатынасы (Шығысқа әуестенуі); Қытайдың мақсаттары (өзінің экономикалық және саяси әсерін күшейтуде); Иран, Түркия, және тағы басқа мемлекеттердің өзіндік мүдделері. Осыған байланысты Қазақстанның мүддесіне ең бастысы мыналар жатады: Қазақстанның егемендігін және таңдаған даму моделін құрметтеу, шекара қауіпсіздігі, экономикада, мәдениетте өзара тиімді ынтымақтастық. Сонымен, республиканың мүдделері сыртқы факторлармен тығыз байланысты және ол ішкі саясаттың макро және микро деңгейдегі бағыттарына әсер етеді.

Қазақстан Республикасының болашақпен байланысты проблемакарына кең ауқымда қарағанда, олар мына факторларға байланысты болады:

• коммуникация құралдарымен жоғары деңгейде қамтамасыз етілгеніне қарамастан, ашық теңізге  шығу жолдарының болмағандығы белгілі  мөлшерде Қазақстанның дамуын шектейді. Қазақстан көп мемлекеттермен шекаралас болып келеді, соған сәйкес шекаралас мемлекеттердің тұрақтылығы қайта ұйымдастыру үлгісі жобасының дамуын қамтамасыз етпеді;

• жобалық мүдделерде Қазақстан Батыс үшін Ресеймен салыстырғанда екінші дәрежеге лайық;

• ТМД елдерінің  ішінде ешқайсысы, солармен қатар Ресей  Федерациясы да авуар ретінде  көрініс ала алмайды, яғни ондай  авуарға қол жеткізу мемлекет үшін әлемде биік деңгейдегі бәсекелестікті туындатуына мүмкіндік берген болар  еді. Бірақ ТМД елдерінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының ондай мүмкіншілігі жоқ.

• Республиканың  мүмкіндігі бейбітшілікті күшейтумен сипатталады. Қазақстан ТМД шеңберінде де және шетелге қатысты саясатында да көптеген ынтымақтастық шараларының  қолдаушысы болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасы соғыс қаупін білдіруден аулақ.

• шетел эксперттерінің бағалауы бойынша Республика ғаламдық маңыздылығы жағынан ұзақ және қысқа  мерзімдік болашақта халықаралық  бәсекеге қауіп төндіру мүмкіндігіне ие емес, мұның себебі қолда бар өндірістердің өзін қалпына келтіруге қаражаты жоқ, яғни Қазақстан перифериялық мемлекет күйінде қала бермек.

• дамыған орта класы болмағандықтан Қазақстанның әлемдік даму үлгісіне бет қоюға  мүмкіндігі жоқ.

Бұндай жағдайда біздің көзқарасымыз бойынша, мемлекет саясаты экономикалық дамуға бағыт алуы қажет. Экономикалық факторларды дұрыс бағаламау саясат және соғыс сферасында қауіптің шиеленісуіне әкеліп соғуы ықтимал. Бұндай қауіп ішкі және сыртқы сипат түрінде туындайтындығына көзіміз жетеді. Дамыған экономика, елдің өмір сүру деңгейінің төмендігі, мамандар біліктілігінің төмендігі және ең бастысы олардың макро, микро деңгейдегі экономикалық және саяси билікті қолдана отырып жемқорлыққа жақындығы Қазақстанның қауіпсіздігін құрайтын факторлар болып табылады. Сондықтан экономикалық дамудағы ішкі қайшылықтарға ерекше ықылас аудару керек.

Сол сияқты, қауіпсіздік  әр түрлі формаларда көрініс алуы мүмкін, соғыс, саяси факторлардан бастап әлеуметтік, қаржы, сауда ақпарат  факторларына дейін; бұлардың әрқайсысы өз бетінше іске асырылып отырады. Бұндай автономды режимнің болуы, біздің ойымыз бойынша, экономикалық тәуелділіктің негізі сауда, қаржы, техника сияқты факторларын, сонымен қатар, азық-түлік дағдарысы, экология, қылмыскерліктің өсуімен байланысты экономикалық қауіптерді қарастыру қажеттілігі туындайды.

Сауда тәуелділігі  екі вектордың нәтижесі болып  табылады: бір жағынан сауданың өнеркәсібі дамыған елдерге тәуелділігі, ал екінші жағынан әлемдік нарықтағы  циклдық өзгерістерге тәуелділігі. Дамушы елдердің тәжірибесі бойынша, шетел капиталы қатаң мемлекеттік реттеу жағдайында да сыртқы сауданы өзіне жағымды бағытта жүргізудің жолдарын табады.

Жүзеге асыру  құралдары ретінде несиелік саясат және банктік бақылау қолданылуы мүмкін. Тәуелділік модельдері әр түрлі болуы мүмкін:

• инвестицияланған тауарларға арналған негізгі фондтар (қорлар) тек солардың фирмалары  арқылы алынады;

• өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және басқа да салалардың құрылымын реттеу, яғни саясаттың негізгі инвестор елдерінің  ұлттық мүдделерінен және олардың нарық көлемінен тұрады.

Бұндай экономикалық саясаттың арам ниетке істелген әрекет екендігіне талас болуы сөзсіз. Шетел  мемлекеттерінің сыртқы экономикалық шараларының өзіндік ішкі мақсаттары болғанымен, бірақ оған қол жеткізген  тиімділік біркелкі емес.

Мысалы, Қазақстан  үшін белгілі бір келісім тек  қана бір стратегиялық мақсатқа қызмет етуі мүмкін. Мысалы, сауда балансын жақсарту және шетел валютасының  ағымын көбейту, ал экономикалық дамыған  ел бірнеше мақсаттарын іске асырады.

Әлемдік шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей, көптеген акциялардың әдейі қолданылатындығы айқын көрінеді. Дәлірек айтқанда, экспорт пен импортты көбейту немесе азайту (эмбарго, импорт тарифтері, квоталар, несиелерді қысқарту және тағы басқа) арқылы экономикасы дамыған ел нашар дамыған елге өздерінің мақсатына сәйкес іс-әрекет жасауына мәжбүр етеді.

Сонымен қатар, серіктес елдегі дағдарыс немесе құлдырау нашар дамыған елдің экономикасына  кері әсер етеді. Бұндай сауда тәуелділігінің себептері сыртқы сауда үлесінің басым болуы және оның құрылымының деформациялануы.

Нарықтарға  преференциалдық жол ашықтығы қарама-қарсы  елде бақылау жүргізуге мүмкіндік  береді. Сонымен қатар, серіктес ел жағдайының белгілі мөлшерде нашарлауы  және оған экономикасы дамыған ел өзінің мүдделерін мәжбүр ету және зорлап міндеттеу преференциалдық жол ашықтығының нәтижесі болуы мүмкін.

Қазақстан ішкі затты экспорттаушы мемлекеттерге  жататындығы бәрімізге мәлім. Шикізатты  қазып шығаруға мамандану ең тәуелді  қызметтердің бірі. Бұндай экспортқа  арқа сүйеген мемлекет әлемдік нарықтағы циклдылықтан әрдайым аса ірі валюталық шығынға түседі. Әлемдік нарықта шикізат материалдарына сұраныс азаюда, бұл жағдай мынадай мәселелермен байланысты: өндіріске материалдарды үнемдейтін технологияларды енгізу және оларды дамыту, жаңа жасанды материалдарды жасап шығару. Бір мезгілде шикізат бағасы төмендеп, ал импортталып отырған тауарлардың бағасының өсу құбылысы байқалады. Бұндай айырбас шынайы ұлттық табыс мөлшерін азайтады, капитал қорлануына кедергі болады.

Сонымен, дамушы елдердің бұл экспорттық салаларға  арқа сүйеуге мүмкіңдігі жоқ; өнеркәсіпте  өзгерістер жүргізе алмайды; ауыл шаруашылығын дамытып, өндіруші өнеркәсіп және инфрақұрылымның  деңгейін көтеруге база жоқ. Қазақстанда  машина жасау, құрал-жабдық жасау және басқа да өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін, ішкі нарық шеңберінде кеңейтілген ұдайы өндіріс потенциалын қалыптастыратын салалардың дамымағандығы жағдайды одан әрі шиеленістіреді. Соңында, Қазақстанның тағдыры  Шығыстан, Батыстан және ТМД елдерінің бір қатарынан бір жақты күдіктілігі. Мысалы, 1993 жылы импорт құрамының 20%і машина, көлік және құрал-жабдықтардан тұрды. Бұл процент ішінде республикаға өте қажетті және әр сәтте өндірістің тоқтауы қаупін төндіретін 140 жұмыс құралдарының тізімі келтірілген.

Сонымен, экспорт  пен импорттың құрамы сауда күдіктілігінің жоғары деңгейіне әкеп соғады, бұның  себебі, индустрияны анықтайтын негізгі  өңдеуші өнеркәсіптердің КСРО кезінде  қалыптасуы бойынша, Қазақстанда емес ТМД мемлекеттерінде орналасуы.

Сауда осалдылығымен қатар, Қазақстан үшін қаржы-экономикалық байланыстар да қауіпсіздік үшін қатер болуы мүмкін және оның салдары көпжақты болып келеді.

Капиталдың  және еңбектің төмен деңгейдегі өнімділігі ең кемінде жай үдайы өндірісті  де қамтамасыз ете алмағандығы және технологиялық, өнеркәсіптік потенциалдың деградациялық құрамы негізгі өңдеуші бөліктердің алдына аман қалу мәселесін қойып отыр. Шаруашылық жабдықтарының барлығы қазіргі кездегі талаптарға сәйкес емес, ал көбісі тез уақытта жаңа ресурсты үнемдейтін жабдықтарға ауыстыруды талап етеді. Бірақ республиканың осалсыздығын қамтамасыз ету тек қана халық шаруашылығының салаларында негізгі қорларды жаңартумен ғана шектелмейді. Ұлттық нарық шеңберінде капиталды шынайы қорландыру процесі өте қиындатылған және оның күрделі де жаңа ыңғайын табуды талап етеді. Индустрияның жаңа кезеңі өнімнің капиталды көп қажет ететіндігімен байланысты.

Егер бұл  инвестициялық шектеуді жойсақ ең тәуір  дегенде біз өндіріс барысын  бұрынғы көлемінде және бұрынғы  техникалық базада қайталаймыз, ол болса капиталист өндіріс тәсілінің алдындағы деңгейге тән. Сондықтан, қорландырудың көлемін көбейту үшін сырттан көмек қажет.

Шетел инвестицияларының  артықшылықтарымен қатар, олардың  кемшіліктерін де айта кетуіміз керек. Жаңадан салынып жатқан зауыттар көбіне өндіру циклін дайын өнім шығаруға дейін толық қамтымайды. Сонымен қатар, стандарттық құралдарды, моторларды, қажет бөлшектерді жеткізу оларды екінші дәрежедегі шетел фирмаларының көмекші кәсіпорындары қатарына кіргізеді. Бұл объективтік құбылыс және халықаралық бірлесу формуласы осыны талап етеді. Шетел капиталы өнеркәсіптік, агроөнеркәсіптік өндірісті қолдай отырып, донор ел үшін қажет өнімді өндіру арқылы (біз ұлттық нарықтан тауарлардың өңдеуі жасанды түрде қысқартылған өнімдерді импорттауға мәжбүрміз) республиканы тәуекелділікке әкеліп соқтыруы мүмкін.

Бұндай жағдай Қазақстанның бірқатар шетел нарықтарына  шығуды шектейді, сол себепті елдің  белгілі бір нарықты бағдар тұтуы  күрделі мәселеге айналуда. Жұмысшы  күшінің шектен тыс көптігін және капиталдың тапшылығын шіркеу етіп, шетел инвесторлары Қазақстанда жұмысшы күшін көп қажет ететін өндірісті қалыптастырумен ғана шектелмей, қоршаған ортаға кері әсер ететін кейбір өндірістерді енгізуге әрекет етуі мүмкін. Бірқатар жағдайда республикаға артта қалған технологиялар ағымдауы ықтимал немесе шетелден орнықты жағдайға сәйкес емес технологиялары келетін болады. Мысалы, голландиялық картопты жинауға арналған технологиясын қолдану тәжірибесі немесе қызылшаны өндеу технологиясы, т.б.

Информация о работе Ұлттық экономикалық қауіпсіздік және қазіргі жағдайдағы Қазақстанның шаруашылық стратегиясы