Кәсіпкерлік бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 16:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2-3бет

І Бөлім. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары. Кәсіпкерлік мәдениеттің мағынасы.
1.1. Экономикада кәсіпкерліктің алатын орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері......................................................................................................4-13бет
1.2. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті.....................................................13-18бет

ІІ Бөлім. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің мәні мен көздері.
2.1. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық....................................................................18-21бет
2.2. Тәуекелділікті тудыратын факторлар..............................................21-22бет
2.3. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері..................................................22-23бет

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестігі.
3.1. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі..............................................23-27бет
3.2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту....27-29бет

Қорытынды..................................................................................30-32бет
Қолданылған әдебиеттер................................................................33бет

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік бизнес.doc

— 270.00 Кб (Скачать)

      Келісім дегеніміз бәсекелестік шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылық алуға бағытталған тараптардың кез келген шарттық қатынасы (тіке, көлденең немесе конгломераттық).

      Нарыққа шығу мүмкіндігін шектейтін келісілген әрекеттер – сауда жасау үшін орын бермеу, тауарлардың бір аймақтан екінші аймақта айналым жасауына дәлелсіз тыйым салу, т.б. түрінде болуы мүмкін.

      Экономикалық  қызметтің басқа субъектілерін  нарықтан шығару – тауарларды жою  немесе бүлдіру, тауардың кейбір түрін  өндіруге тыйым салу, т.б. түрінде  болады.

      Қылмыстың бұл қарастырылып отырған құрамы материалдық болып табылады. Қылмыстық жауапқа тарту үшін азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіргендік түріндегі салдар туындауы және іс-әрекет пен салдардың арасындағы себептік байланыстың болуы қажет.

      Қызмет  бабы пайдаланылғанда монопольдік әрекеттің қоғамдық қауіптілігі артады. Қазақстан Республикасының «Теріс пиғылды бәсеке туралы» Заңы өкілетті органдардың тиісті ақпарат талап етіп, оны алуына кең құқық берген,  арам ниеттік фактілерін қарауға қажетті ақпаратты олар заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен  жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, олардың лауазымды адамдарынан талап етуге құқылы.

           Меншікке экономикалық және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті  рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.

      Буржуазиялық саяси экономияда «кәсіпкерлік» түсінігі 18ғасырда пайда болды да, «меншік иесі» деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Кез-келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек жарғылық қорына ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.

     Несиенің дамуымен байланысты  капитал иесінің қызмет етуші  капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке  ірі қозғалыс берді. Сондықтан  18ғасырдың аяғы мен 19ғасырдың  басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. Карл Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.

        Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар  мен олар құрған бірлестіктердің  белсенді, дербес шаруашылық қызметі.  Оның көмегімен адамдар тәуекелге  бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық дамытуға, ғылыми-техниалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмсын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтермелі сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. Коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

      Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан Республикасы президентінің 1997жылғы 6 наурызындағы «шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту» шаралары жайлы жарлығы ерекше роль атқарды. Құжат өзінің мазмұны жағынан өтпелі экономика кезіндегі шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

      Өтпелі экономика кезінде орта және ірі кәсіпкерліктің дамуын көбінесе мемлекеттен алу және мемлекеттік меншікте болады. Тек жекешелендіру ғана оларды тәуелсіз, өз бетінше жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады.

      Өтпелі экономика жағдайында орта және ірі кәсіпкерліктің қалыптасуы өте қиын әрі өзекті мәселе болып қала береді. Себебі оның тууы қоғамдық сана стереотипін өзгертумен тікелей байланысты. Барлық кәсіпорындар 1985жылдан қайта құру басталғанда толық шаруашылық есепте болады. Яғни, өзін-өзі басқаруды және өзін-өзі қаржыландыруды, бірақ біркелкі жоспарын халық шаруашылығы кешенінде қалыптастырып, жоспарды орындау үшін ғана күресті өнімді бір жаққа өткізу мәселесі, өзіне керекті сатып алушының іздеу кәсіпорындарға жүктелген емес. Бірнеше замандастар өмірмен қатысты қалыптасқан мұндай бағалы бағыт-бағдар тез өзгере қоймайды және құндылықтарға трансформоцияланбайды, сонымен бірге рыноктық сипатқа ие де болмайды.

      Республикада  кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, әсіресе шағын және орта бизнес бойынша  кең ауқымды шаралар қолданылады. Кәсіпкерліктің дамуы ҚР-да 1998жылы 223.415 қосымша жұмыс орындарын, оның ішінде 79681 жеке жұмыс орындарын алуға мүмкіндік туғызды. Жалпы алғанда кәсіпорын кәсіпкерлерінің қызметінен түскен табыс 1998жылы 1997жылғымен салыстырғанда 40%-ке көбейді. Оның ішінде жалақы мөлшері – 41,5%. Аталған кәсіпорындардың кәсіпкерліктегі өндірісінің жалпы көлемі 81%-ке өсіп, 17.696.603мың теңгені құрады.

     Ірі кәсіпорындар шағын кәсіпорындарға  қарағанда кәсіпкерлік табысқа  ие болады. Оларға келесілерді  жатқызуға болады: үлкен капиталдың  болуы; жаңа қымбат тұратын  жоғары сапалы өндірістік құралдарды пайдалану мүмкіндігі; кең ауқымды маркетингтік зерттеу жүргізу; ішкі мамандандыруды пайдалану. Бұл жерде кәсіпкерлік ғылыми негізге құрылды және бұл бағыттағы кең ауқымды жұмыстар ашыла түсті.

     Мемлекеттік реттеудің субьектілері  болып шаруашылық мүддені орындаушылар табылады.     Мемлекеттік реттеудің обьектілері болып аймақтар, салалар, аудандар, сонымен қатар жағдайлар, оқиғалар және елдің әлеуметтік экономикалық өңірінің шарттары болып табылады.

     Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы  мен дамуының негізі кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік жоспарында айтылған. Ең алғашқы бұл мәселелер «Қазақ ССР-ғы шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы» Қ.Р-ң 90жылы желтоқсанда қабылданған заңында көрініс тапқан.

     1992 жылдың шілде айында «жеке кәсіпкерлікті қорғау немесе қолдау туралы» Заң қабылданды. Мұнда жеке кәсіпкерлік бұл – мешік түрлеріне қарамастан, азаматтардың тауарларға, сұранымға қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке негізделген, өз атынан, өз тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

     Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті  қолдау және дамыту бойынша  мемлекеттік саясатқа басты бастамашы  1997 жылы мамыр айларында құрылған  ҚР-сы экономика және сауда министрліктерінің шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті болып табылады. Оның құрамында 2 сараптама кеңесі бар.

     Біріншісі – нормативтік және  заңды актілерінің жобаларын  меңгеру үшін шағын бизнесті  қолдау бойынша кәсіпкерлік қызметінің  өкілдерінен.

     Екіншісі – ведомствоаралық,  кәсіпкерлік қызметтің белсенділігін  арттыру бойынша Президент жарлығының  жүзеге асырылуымен айналысатын  мүдделі министірліктер мен ведомстволардың  өкілдерінен.

      Зерттеу көрсеткендей, кәсіпкерліктің  дамуы Республикадағы экономикалық жағдайлардың өзгеруімен байланысты. Алғашқы толқын кооператив және жеке кәсіпорын түріндегі берілген жіңілдіктерді қолдана отырып, жеткілікті негізде атқара алды. Сол кезеңдерде макроэкономикалық стабилизация, инфлияциялық төмендеу және жекешелендіруді жүргізу тенденциялары қадағалап отырды.

      Кәсіпкерліктің  проблемалары көп қырлы және көлемді. Оның экономикалық және құқықтық негіздері  біздің елде жаңа қалыптасып келе жатыр. Үкімет нарықтық реформаларды өңдеу үшін негізгі этаптарды өтеді. Бұған мыналар кіреді: мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржы және несие саясаты, нарықта құнды қағаздарды шығару, нарықтық инфраструктураларды қалыптастыру. Осының ішінде кәсіпкерлік іс-әрекетті қолдау және шағын, орта бизнесті дамыту кіреді.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер 

  1. Андронов  В.В.Корпоративное предпринимательство: менеджмент,финансы и государственное регулирование. – Москва: Экономика,2003 г.
  2. Бусыгин А.В. Предпринимательство М.,Дело 2003 г.
  3. Горфинкель В.Я. Предпринимательство М. ЮНИТИ, 2004
  4. Основы  предпринимательства.Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. и др.,Алматы,Экономика,1997 г.
  5. Предпринимательство  в Республике Казахстан.Под ред., Окаев К.О.Алматы,Экономика,200 г.
  6. Грибов В.Д. Основы бизнеса.-Москва: Финансы и статистика 2001 г.
  7. Внешнеэкономическая  деятельность предприятия.Учебное пособие для вузов.Ред Стровский Л.Е. М.ЮНИТИ.,2002 г.
  8. Бизне-планирование.Учебник \ Под ред. В.М.Попова и С.И.Ляпунова. – М.: Финансы и статистика, 2003 г.
  9. Бизне-планирование: создание успешного бизнес-плана на предприятии. – Москва,2004 г.
  10. Предпринимательство. Учебник \ Под ред. М.Г.Лапусты. – М.:ИНФРА-М,2002 г.
  11. Шейнин Э.Я. Предпринимательство и бизнес. – Ростов-на-дону, Феникс, 2002 г.
  12. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік. Заңдылық құжаттар мен ақпараттар 2004 ж.
  13. Қазақстан Республикасындағы жеке бизнес 2004 ж., Алматы Заңдылық құжаттар мен ақпараттар 2004 ж.
  14. Қазақстан Республикасындағы жеке бизнес 2004 ж., Алматы ЛЕМ
  15. Смагулова Н.Т. Планирование иорганизация предпринимательства. Алматы 2002 ж

Информация о работе Кәсіпкерлік бизнес