Кәсіпкерлік бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 16:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2-3бет

І Бөлім. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары. Кәсіпкерлік мәдениеттің мағынасы.
1.1. Экономикада кәсіпкерліктің алатын орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері......................................................................................................4-13бет
1.2. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті.....................................................13-18бет

ІІ Бөлім. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің мәні мен көздері.
2.1. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық....................................................................18-21бет
2.2. Тәуекелділікті тудыратын факторлар..............................................21-22бет
2.3. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері..................................................22-23бет

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестігі.
3.1. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі..............................................23-27бет
3.2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту....27-29бет

Қорытынды..................................................................................30-32бет
Қолданылған әдебиеттер................................................................33бет

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік бизнес.doc

— 270.00 Кб (Скачать)

        Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан туратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды іктеу үшін әр турлі көрсетктері қолданылады, олардың, маңыздысына менніктің формалары және фирманың көлемі жатады.

        Тиімділік сөзі келесі мағынаны береді – қатысты нәтиженің, үрдістің операцияның жобаның нәтижелі болуы.

Шағын кәсіпкерліктің нарықтық ортадаға қызмет ету тиімділігі – қызмет етудің барлық деңгейіндегі маңызды сапаның мінездемесі.

         Экономикалық қызмет ету тиімділігі өндірістік потенциалдың пайдалану дәрежесін көрсетеді, бұл нәтиженің өндірістік шығынға  қатынасы арқылы анықталады. Сол шығынмен нәтиже жоғарылған сайын қажетті еңбектің 1 теңгеге жұмсаған шығының есебінен тез өскен сайын, немесе пайдалы нәтиженің бір бірлігіне шығын аз болған сайын, қызмет ету тиімділігі жоғарылай түседі.

         Қызмет ету тиімділігі- тауар өндіру мақсатында ресурстарды  бөлу және қайта өңдеу бойынша қызмет тиімділігінің көрсеткіші. Тиімділікті мына коэффициент бойынша өлшеуге болады- шығудағы ресурстарға кірудегі немесе өнім шығару көлеміне, оның номенклатурасына нәтиженің қатынасы.

         Адамзат қызметі  тиімділікпен тікелей  немесе жанама байланысты. Бұл сөздің негізінде ресурс шектеулігі, уақыты үнемеу, қолда бар ресурсан барынша көп өнім алу жатыр.

         Тиімділік мәселесі – бұл әрқашан таңдау мәселесі. Таңдау нені, қандай өнім түрлерін, қалай  өндіру қажет, оларды қалай бөлу керек, ағымда және болашақта ресурстардың қандай қөлемін тұтыну керек.

         Тиімділіктің деңгейі  экономикалық өсу, өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, инфляция деңгейінің төмендеуі, жұмыс істеу және демалыс жағдайының жақсаруы сияқты әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешіуге әсер етеді.

Тиімділік латынның “effectus” сөзінен – орындалу, жүзеге асыру, ықпал ету  дегенді білдіреді. Бұрын тиімділік сөзі техника мен технологияға жатқызылатын. Мысалы: бу двигателі дизельдіге қарағанда тиімдірек болып есептеледі. Өйткені, біріншісінде энергияның көп пайызы бекер жұмсалады. Бірақ, физикалық көзқарас тұрғысынан қарағанда энергия да біреуге қажетті жұмысты атқарады.  Бұл, тиімділік тек қана технологиялық қасиет деген сөз, яғни баға беруге тәуелді және бағалау категориясы болып табылады.

      Экономикалық қызмет тиімділігін жоғарылату мәселесі келесі, әрбір еңбек, материал және қаржы ресурстарының бірілігіне өнім өндіру көлемінің едәуір өсуін жүзеге асыру. Бұл, нәтижесінде, еңбек өнімділігінің жоғарылауын көрсетеді, яғни қызмет ету тиімділігін жоғарылатудың критериі болып табылады.

     Шағын кәсіпкерліктің қызмет ету тиімділігін  жоғарылату қажеттігі мен мүмкіндігі үнемі әсер ететін факторлармен және Қазақстанның экономикалық дамуы кезеңінің  қазіргі заманғы ерекшелігімен  ескертіледі. Жалпы тиімділік мәселесі жаңа емес, ол материалдық өндіріс кезеңінің интерпретациясынан бері бар және белгілі-бір өндіріс түрінің өндірістік қатынастарын көрсетеді. Нарық қатынастарының қалыптасу жағдайында, бір нарық субъектісінің жұмысының нәтижесі, басқа субъектілерінің жұмысының нақтылығына және жинақылығына байланысты, мұндағы тиімділік мәселесі анықтаушы болады.

     Өндірісті басқару жүйесінде кәсіпорынның қызметінің тиімділігін объективті анықтай алу үлкен мағынаға ие.

     Экономикалық  тиімділік басты әлеуметтік-экономикалық санат, оған динамикалық және тарихи қасиеттер тән. Өндірістік қызметтің тиімділік әрбір әлеуметтік құрылымның өндірістік қуатының әртүрлі деңгейінде дамуы мүмкін. Қоғамның тарихи дамуының барлық кезеңінде келесі сұрақ қойылады: қанша шығын мен ресурстарды жұмсау арқылы соңғы өндірістік нәтижеге қол жеткізіледі. Сонымен, тиімділікті бағалаудың сандық мөделі экономикалық нәтиже мен шығынның, ресурстың арасындағы қатынас арқылы анықталады. Шығыны мен ресурстың бірлігінен соңғы нәтижені максималдау немесе соңғы нәтиженің бірлігіне шығындар мен ресурстарды минималдау қоғамның еңбек қауымының жеке адамның алғашқы мақсаты. Бұл мақсат, оған жету әдісі, экономикалық тиімділікті жоғарылату жолдары мен резервтері (олардың классификациясы мен сандық бағалануы) экономикалық ғылымның және экономикалық пәндердің мазмұны болып табылады (салалық және функционалдық).

     Өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерліктің қызмет ету  тиімділігін өлшеудің бастапқы принциптері  қоғамдық формациялардың барлығына  бірдей. Әрине, айырмашылықтар да бар, олар жермен, уақытпен және бағалау әдісін тәжірибелі нақты белгілеумен, ең соңында экономикалық қатынастардың сипатымен, сондай-ақ экономиканы басқару ұйымдастырумен анықталады.

     Нарық экономиканың және кәсіпкерліктің негізі табыс болып табылатындықтан, экономикалық тиімділіктің алғашқы критерийі негізінде шығын мен ресурстың бірлігіне өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапалылығымен сақтай отырып, олардың бәсекеқабіліттілігін қамтамасыз ете отырып табысты максималдау алға қойылады. Жаңа жағдайда тиімділіктің жалпыұлттық критерийі де сақталады: шығын мен ресурстың бірлігіне халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарта отырып ұлттық табысты, жалпы ұлттық өнімді максаималдау.

     Тиімділіктің  критерийлерінің мұндай иерархиясы қисынды және нарық экономикасындағы жағдайды көрсетеді, яғни қызмет етудің жалпыұлттық тиімділігі, қызмет етудің алғашқы ұяшығының қызметінің тиімділігіне тәуелді (кәсіпорының акционерлік қоғамның). Алғашқы буының  қызмет ету тиімділігі жоғары болған сайын бүкіл жалпыұлттық экономиканың тиімділігі жоғарылай түседі, қоғамда, мемлекетте әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге ресурс көп болады.

     Тиімділік жалпы (абсолюттік) және салыстырмалы (қатысты) болып ажыратылады. Жалпы  тиімділік жалпыэкономикалық нәтижелер  мен белгілі-бір кезеңдегі экономикалық әртүрлі деңгейіндегі (макро-микро) қызмет ету тиімділігін және кәсіпорындар мен аудандар бойынша тиімділік деңгейінің динамикасын салыстыру үшін, бағалау үшін және талдау үшін қажет.

     Салыстырмалы  тиімділік альтернативті ең ұтымды (оптималды) баламаны таңдау үшін өндірістік-шаруашылық, техникалық және ұйымдық шешімдерді қабылдағанда есептеледі және талданады. Мұндай таңдау технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесінің баламаларын салыстыру негізінде, өтелу мерзімін есептеу немесе қосымша капитал салымдарының тиімділігі, экономикалық тиімділіктің көлемінің коэффициентінің негізінде жүзеге асырылады.

         Еңбек ақының мәнін  қарастырған кезде оның жалдамалы  жұмыскерлерге, яғни өз еңбегі үшін ақы  алатын адамдарға қатысты екенін ескеру қажет. Ал экономикалық категория ретінде еңбек ақы деген не? сұрағы тууы мүмкін.

         Еңбек ақы - бұл жалдамалы  жұмысшының табыс алу элементі, өзіне  қатысты еңбек ресурсын экономикалық жүзеге асыру нысанының құқығы. Сонымен бірге жұмыс берушіге, яғни еңбек ресурсын өндіріс факторларының бірінің сапасын жақсарту үшін, сатып алушыға жалдамалы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу өндіріс шығындарының элементтерінің бірі болады.

         Нарықтық экономика  жағдайында еңбек ақы көлеміне нарықтық және нарықтық емес бірқатар факторлар  әсер етеді.

         Нарыққа өткеннен кейін еңбек ақыға қатысты жаңа қатынастар пайда болады. Яғни, нарық ресурсы болатын еңбек нарығы пайда болады. Оның субъектілері ретінде мыналар болады: жұмыс беруші (жеке кәсіпкер, біріккен кәсіпкерлер). Олар белгілі еңбек ресурсы санына сұраныс білдіреді. Сонымен бірге жалдамалы жұмысшылар – еңбек ресурсының меншіктері. Олар еңбек нарығындағы еңбек ресурсының сапалы санын ұсынады. Ал объекті, ол белгілі бір уақыт аралығында сапалы еңбек ресурсы санын қолдану құқығы болады [3].

         Еңбек бірлігінде нарықтық баға - уақыт бірлігіне нақты кәсіби сипаттамасы бар келісім шартқа негізделген және ақы мөлшерлемесі. Маркс бойынша жалақы мөлшерлемесі жұмысшы күшінің құнымен анықталады,яғни жұмыс күнін жақсы өндіру үшін қажетті тұтылу тауарлары, қызметтері және өмір қаражаттары. Бірақта қазір нарықтық экономикасы дамыған елдерде жалақы мөлшерлемесі өндіруші минимумынан асып кетеді және ол сол елде, салада нақты сападағы еңбек ақы деңгейінен құрылады. Одан басқа жалақы мөлшерлемесін кейде «теңестіру айырмашылығы» деп айтуға болады – төлемдер, жұмыс орнын ауыстырғандағы айырмашылақтарды көрсетеді.

         Жалақының негізгі  элементі – жалақы мөлшерлемесі. Бірақта  ол еңбек нәтижесіне әсер ететін жұмысшылардың  мүмкіншіліктерін, физикалық күнін, реакциясын ескермейді. Сондықтан жалақы құрылымында тағы бір элементті бөліп айтуға болады, ол өтпелі бөлігі. Ол еңбек қызметінің жеке нәтижесінің өзгешелігін көрсетеді: (сыйақы, қосымша төлем және т. б.) Сонымен бірге табыстың басқа түрлері де бар. Ол жұмысшының нақты кәсіпорында алатын мүмкіншілігі (материалды көмек, бағалы сыйлық, зейнетақы сақтандыруы).

         Жұмысшы үшін жалақы жоғарыдағыға қосымша айтсақ отбасының  жақсы тұрмысын жақсартатын табыс.

         Жұмыс берушіге өз жұмысшыларына  еңбекақы төлеу ол жұмысшы күшін  жалдау үшін кеткен шығындар. Осыған қоса жұмыс беруші өнім бірлігіне жұмыс күшінің шығындарын қысқартуға ұмтылады.

         Еңбек ақы деңгейі  еңбек нарығындағы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың үнемі  өзгеруіне байланысты жұмысшы мен  жұмыс берушілердің іс-әрекетіне  салмақты әсер етеді.

         Жалақының нақты көлемі нарықта, әлеуметтік қатынастарда, өндірісте пайда болатын әр түрлі  факторларға байланысты.

         Адамның өз еңбегі үшін алатын ақша саны негізінде жұмыс  күшінің құны көлеміне байланысты. Әр топ үшін бұл құнның жоғарғы және төменгі деңгейі болады.

         Төменгі деңгейге өмір сүруге қажетті қаражат сомасы  жатады. Олар отбасын асырау, кәсіби білім алу үшін, жұмысшының жұмыс  қабілетін арттыру үшін жұмсалады. Көптеген елдерде әдейі өмір сүру минимумы деген көрсеткіш саналады. Ол кедейшілік шегін – жұмысшылардың төменгі квалификациясымен  жұмыс қызметін ұстайтын қаражат мөлшері.

         Жоғарғы жұмысшы  күші шегі ол кейбір елдерде әдет-ғұрыпты  болатын әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді  өтейтін қосымша шығындар.

         Жалақының мәнін  функциялардан айқын көре аламыз. Функция өз қызметін қоғамдық өндірісте: өндірісте, тұтынуда жүзеге асырылады. Жалақының өзінің бес функциясы болады:

  1. Қайта өндіру
  2. Ынталандырушы
  3. Өлшеу- бөлу
  4. Ресурстік-шығарушы
  5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын  қалыптастыру

   1. Қайта өндіру функциясы. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақта қайта өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін қайта өндіруді қамтамасыз ететін заңмен бекітілген оның минималды көлеміне байланысты.

   Номиналды және нақты еңбек ақы түсініктерін ажырату.

   2. Ынталандырушы функция. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеуге, кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.

   3. Өлшеу-бөлу функциясы. Бұл функция өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.

   4. Ресурстік-шығарушы функция. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндегі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.

   5. Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастыру функциясы. Бұл функцияның мәні – төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді.

        Жоғарыда айтылған функцияларды іске асыру үшін келесі маңызды қағидаларды қолдану керек:

Информация о работе Кәсіпкерлік бизнес