Кәсіпкерлік бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 16:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2-3бет

І Бөлім. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары. Кәсіпкерлік мәдениеттің мағынасы.
1.1. Экономикада кәсіпкерліктің алатын орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері......................................................................................................4-13бет
1.2. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті.....................................................13-18бет

ІІ Бөлім. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің мәні мен көздері.
2.1. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық....................................................................18-21бет
2.2. Тәуекелділікті тудыратын факторлар..............................................21-22бет
2.3. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері..................................................22-23бет

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестігі.
3.1. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі..............................................23-27бет
3.2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту....27-29бет

Қорытынды..................................................................................30-32бет
Қолданылған әдебиеттер................................................................33бет

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік бизнес.doc

— 270.00 Кб (Скачать)

     Кәсіпкерлік қызметті жүзеге  асыру кезінде қандай-да бір  шамада тәуекелдің болатыны анық. Алайда тәуекелді талдау мен  оны төмендету әдістерін анықтауға,  тәуекелді басқару жүйесін әзірлеуге баса назар аударылуы тиіс. Тәуекелді талдау кезінде бір-бірін өзара толықтырып тұратын екі түрін бөліп көрсетуге болады. Олар сандық және сапалық талдау әдістері.

   Сапалық талдау тәуекелдің әлеуетті (потенциалды) облысын және факторларын анықтауға, оның мүмкін болатын түрлерін айқындауға мүмкіндік береді. Сандық талдау тәуекелдің нақты мөлшерін сандық түрде көрсетуге, оларды талдау, сараптау және салыстыруға бағытталған.  Тәуекелді сандық талдау кезінде әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Олардың ішінде едәуір кеңінен тарағандары келесілер:

    • статистикалық әдіс;
    • сараптамалық (эксперттік) бағалау әдісі;
    • талдамалық (аналитикалық) әдіс;
    • кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау және оның төлем қабілеттілігін бағалау.

    1.  Меншікке экономикалық және  заңдық категория ретінде ғылыми  тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті  рыноктық шаруашылықтың ажырамас  элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.

      Буржуазиялық саяси экономияда «кәсіпкерлік» түсінігі 18ғасырда пайда болды да, «меншік иесі» деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Кез-келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды. Меншік иесінің үлесі тек жарғылық қорына ғана таралады, ал оның көлемі салыстырмалы алғанда шағын, әрі шектеулі.

      Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан 18ғасырдың аяғы мен 19ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. Карл Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды.

2. Кәсіпкерлік  дегеніміз – адамдар мен олар  құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның  көмегімен адамдар тәуекелге  бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық дамытуға, ғылыми-техниалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмсын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтермелі сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

    

    ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестігі. 

      Қазіргі әр түрлі бәсекелестікке толы нарықтық экономикада кәсіпкерлік қызметтің және бизнестің жүргізілуі түрлі формада жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ, заңды және заңды емес, біз бүгінгі күні бұл әрекеттердің, мәжбүр болған, куәсі болып отырмыз. Нарықта кәсіпорындар мен фирмалар санының өсуіменен  қатар, олардың бәсекеге қабілеттілік «эволюциясының» түрленгенін де байқауға болады. Өкінішке орай, кейбір субъектілер пайда табу мақсатында, өзінің фирмасының қамы үшін заңсыз «бағыт-бағдар» таңдайды. Кейде бұл әрекеттер, заң органдарының қарауынсыз қалмайды, бірақ мұндай жағдайлар бірең-сараң. Өйткені, ешкімге жаңалық емес, бүгінгі таңда жемқорлық көптеген мәселелердің шешімі бола алады.

      Бәсекелестік  нарықта жаңа фирманың пайда болуы  мен қалыптасуы үлкен оқиға. Бүгінгі  таңда мемлекет экономикасында заңды  кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау  мен бәсекені шектеу мәселелері басты орынды алып отыр. Себебі елдің экономикасын дамыту үшін жаңа кәсіпорындар мен фирмалар қажет, ал қысымға шыдамаған жаңа фирмалар ашылмай жатып белгісіз себептерден жабылып қалып жатыр. Бұл қарап отырсақ, мемлекеттік маңызы бар мәселе. Нарық демократиялық заңдарға сәйкес жұмыс жасауы қажет және бұл заңдарды бұзғандар міндетті түрде қылмыстық жауапқа тартылуы керек. 

      Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасаудың қауіптілігі сонда – бұл арқылы  әрбір адамның кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүмкіндіктері мен мүлкін еркін пайдалану құқығын шектейді, сондай-ақ экономикалық қызметті реттеу міндеті жүктелген мемлекеттік билік және жергілікті өзін өзі басқару органдарының беделін түсіреді. Бұл қылмыс жасалғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке еркіндік беретін кепілдігі бұзылады.

     Бұл қылмыста екі объектіге қол сұғылады. Бұл талданып отырған қылмыстың  негізгі тікелей объектілері  экономикалық қызметті реттеумен  байланысты қоғамдық қатынастарды құрайды, ал қосымша  объектісі – кәсіпкерлікпен және басқа да заң тыйым салмаған қызметпен айналысу құқығы. Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған кәсіпкерлік қызмет түрлерін қарастыратын бірқатар заңдар мен заңдық актілер бар. Атап айтқанда, олар – 1990 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақ ССР-інде шаруашылық қызметтің бостандығын және кәсіпкерлікті дамыту туралы», 1992 жылғы 4 шілдедегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды ттұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы», 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктері туралы», 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 1991 жылғы 11 маусымдағы «Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы» заңдар.

      Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау  объективтік жаққа жатады, ол мынадай нысандарда болады:

  1. Жеке кәсіпкердің құқығы мен заңды мүдделерін шектеу;
  2. Ұйымдастыру-құқықтық нысанына немесе меншік нысанына байланысты коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу;
  3. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігін шектеу;
  4. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне басқадай да заңсыз араласу.

      Мұндай  іс-әрекеттерді жасағанда лауазымды  адам кәсіпкердің (жеке немесе заңды  тұлғаның) қызметіне толықтай кедергі  жасайды немесе ол іс-әрекет заңда белгіленген тәртіпте және шекте жартылай жүзеге асырылады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызмет аясын заңдар негізінде ғана шектеуге жол беріледі.

        Кәсіпкерлік – меншік  түрлеріне  қарамастан, азаматтар мен заңды  тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлікке) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Коммерциялық ұйым мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив түріндегі заңды тұлғаны құра алады.

      Жеке  кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның  құқықтары мен заңды мүдделерін шектегенде лауазымды адам тиісті шешім  қабылдайды немесе заңды кәсіпкерлік қызметке талап қою, нұсқау беру, тыйым салу, т.б. жолдармен араласады, олардың еркін іс-әрекет  жасауына қиындық тудырады. Мұндай кедергілерге тіркеуден заңсыз бас тарту, тіркеуден жалтару, белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) беруден заңсыз бас тарту, лицензия беруден жалтару жатады. Мысалы, заңды тұлғаның еншілес коммерциялық кәсіпорындар ашуына лауазымды адамның тыйым салуы, коммерциялық ұйымды тіркегенде заңда тыйым салынбаған кейбір қызметтерді жарғыдан алып тастауды талап етуі кедергі жасағандық деп санауға болады.

      Шешімді өзі қабылдап, істі өзі жүргізу  құқығы кәсіпкердің негізгі экономикалық құқығы болып табылады. Жеке кәсіпкердің  немесе коммерциялық ұйымның еркіндігіне  шек келтіргенде осы құқықтарға елеулі нұқсан келеді. Еркіндікті шектеу коммерциялық ұйымды бірлесіп құруға мәжбүрлеу, бірлесіп құрғандар тізімінен нақты адамды шығарып тастауды талап ету, банкке аманат бермей несие алатын клиенттерді жүктеу, тауардың белгілі бір түрін өндіруге нұсқау беру, заңда тыйым салынбаған белгілі бір қызметпен айналысуға дәлелсіз тыйым салу нысанында да болуы мүмкін. Еркіндікті шектеуге жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өкілеттігін басқа дамға заңсыз беру, жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өзінің заңдық қабілетін және әрекет жасау қабілетін толық көлемде жүзеге асыруына кедергі келтіру де жатады.

      Нарықтық  қатынастың болуының міндетті шарттарының  бірі – бәсекелестік күрес, ол тиісті экономикалық, технологиялық  және әлеуметтік алғышарттардың болуын талап  етеді.

      Қазіргі нарық өте күрделі құрылым, оны  жаңа орында құру үшін ұзақ уақыт, көп  күш керек. Тауар өндірушілердің Қазақстанда өркениетті болу үшін мемлекеттің  экономикалық саясатын түбірімен өзгерту  қажет, себебі ол соңғы кезге дейін  мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында өктем монополист болып келді.

      Алғашқы мүмкіндіктің, меншіктің барлық нысандарының тең болуы, капиталдың бір саладан  екіншісіне еркін ауысуымен байланысты экономикалық бәсекенің қалыптасқан  механизмі болуы бәсекелестіктің  шарты. Нарықтық қатынасқа қатысушылардың экономикалық  бостандықта болуы міндетті. Нарық жағдайында экономикалық нәтиже тез жеміс береді, ал жаза  банкрот түрінде келеді.

      Өнеркәсіптік  меншікті қорғау жөніндегі 1988 жылғы 20 наурыздағы Париж Конвенциясы өнеркәсіптік және сауда ісіндегі әділ дәстүрге қайшы келетін кез-келген бәсекелестік актіні арам ниеттілік деп санайды.

      Атап  айтқанда, мыналарға тыйым салынуы  керек:

    • Бәсекелестің кәсіпорнының, өнімдерінің немесе өнеркәсіптік не сауда  қызметінің қандай да бір тәсілдермен бұзылуына әкеп соғатын барлық іс-әрекеттер;
    • Бәсекелестің кәсіпорынның, өнімдерінің немесе өнеркәсіптік не сауда қызметінің беделін түсіре алатын коммерциялық қызметті жүзеге асырғанда жалған айту;
    • Коммерциялық қызметті жүзеге асыру барысында пайдалану тауарлардың сипаты, дайындалу тәсілі, қасиеті, пайдалануға жарамдылығы немесе саны жөнінде қоғамды шатастыратын сілтемелер немесе анықтамалар.

      Арам  ниетті бәсекелестік дегеніміз заңды  және жеке тұлғаның, сондай-ақ мемлекеттік  органдардың, және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бәсекелестікті жою немесе шектеу арқылы кәсіпкерлік қызметте басымдыққа ие болуға бағытталған кез келген әрекеті (әрекетсіздігі).

      Қазақ КСР-інің 1991 жылғы 11 маусымдағы «Бәсекені  дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заңына сәйкес бәсеке шаруашылық жүргізетін субъектілердің жарысы ретінде анықталған, ол  белгілі бір нарықтағы тауарлардың айналымына әр субъектінің жеке ықпал жасауын шектейді, тұтынушыға қажет тауардың өндірілуіне жағдай тударады.

      Қазіргі уақытта батыстың және жапон фирмалары тек табыс үшін ғана емес, нарықтағы өз үлесін көбейту үшін, яғни нарықты жайлау үшін де күреседі. Бәсекелестік қазір өз бетімен туындамайды, онда ұйымдасқандық немесе тіптен әкімшіліктік сипат бар. Өзара бірлескен әрекеттер «контрактік қатынастармен», стратегиялық жоспарлаумен реттеледі. Бұл кеңес өкіметі кезіндегі директивалық жоспарлау емес, бұл жоспар – тапсырыс, жоспар-шарт.

      Қарастырылып  отырған қылмыстың тікелей объектісі  – шаруашылықпен айналысатын  субъектілердің әділ бәсекесін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың объективтік жағы мынада:

  1. Монопольді жоғары немесе монопольді төмен бағаны, бірыңғай бағаны белгілеу немесе қолдау. Тауардың монопольді жоғары бағасы дегеніміз тауар нарығында басымдылық көрсетуші, шаруашылықпен айналысатын субъект белгілеген баға, ол өндірістік шығындармен, тауардың сапасымен және нарық конъюктурасымен байланысты объективтік факторлар әрекетімен анықталмайды. Монопольдік төменгі бағаны нарықта сатушы ретінде басымдық көрсетуші, шаруашылықпен айналысатын субъект әдейі белгілейді, тауарларды ондай бағамен сату зиян шектіреді, бірақ ол бәсекелестерді нарықтан ығыстырып шығаруды мақсат тұтады. Басымдық көрсету дегеніміз – шаруашылықпен айналысатын субъектінің тауар нарығындағы ерекше жағдайы, бұл жағдай оған тиісті тауар нарығында тауар айналымының жалпы шартына шешуші ықпал жасау мүмкіндігін береді.
  2. Нарықты  бөлу арқылы бәсекені шектеу, нарыққа шығу мүмкіндігін шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа субъектілерін шеттеті. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы «Теріс пиғылды бәсеке туралы» Заңында  баға, нарықты бөлу, басқа кәсіпкерлерді ығыстыру туралы және бәсекелестікті жоюға немесе елеулі шектеуге бағытталған қызметтің басқа да жағдайлары жайында бәсекелестер арасында қандай да бір келісім жасалуына және оны орындауға тыйым салған. Нарықтық қатынастың бір деңгейдегі (көлденең) субъектілерінің бірігуіне жол берілмейді, себебі мұндай әрекет бәсекені жояды немесе елеулі шектейді.

Информация о работе Кәсіпкерлік бизнес