Кәсіпкерлік бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 16:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2-3бет

І Бөлім. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары. Кәсіпкерлік мәдениеттің мағынасы.
1.1. Экономикада кәсіпкерліктің алатын орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері......................................................................................................4-13бет
1.2. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті.....................................................13-18бет

ІІ Бөлім. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің мәні мен көздері.
2.1. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық....................................................................18-21бет
2.2. Тәуекелділікті тудыратын факторлар..............................................21-22бет
2.3. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері..................................................22-23бет

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестігі.
3.1. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі..............................................23-27бет
3.2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту....27-29бет

Қорытынды..................................................................................30-32бет
Қолданылған әдебиеттер................................................................33бет

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік бизнес.doc

— 270.00 Кб (Скачать)

Мазмұны 

    Кіріспе................................................................................................2-3бет  

      І Бөлім. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары. Кәсіпкерлік мәдениеттің мағынасы.

    1. Экономикада кәсіпкерліктің алатын орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері......................................................................................................4-13бет
    2. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті.....................................................13-18бет
 

    ІІ  Бөлім. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі.   Кәсіпкерлік тәуекелдіктің мәні  мен көздері.

    2.1. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық....................................................................18-21бет

    2.2. Тәуекелділікті  тудыратын факторлар..............................................21-22бет

    2.3. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері..................................................22-23бет 

    ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестігі.

    3.1. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі..............................................23-27бет

    3.2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту....27-29бет 

    Қорытынды..................................................................................30-32бет

    Қолданылған әдебиеттер................................................................33бет 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кіріспе 

           Нарықтық қатынастардың  дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді. Кәсіпкерлік қызметте тәуекел факторы несиелердің қымбаттауы, инфляциялық үрдістердің туындау мүмкіндігі, экономиканың тұрақсыздығы немесе дағдарысқа ұшырау қаупі жағдайында арта түседі. Тәуекел – бұл жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды немесе мүлікті жоғалтудың туындау қаупі. Ал, кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген іс-шара іске аспаған, сондай-ақ, басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз. Ол белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың айқынсыздығы түсінігімен тығыз байланысты. 

      Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық дамытуға, ғылыми-техниалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмсын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтермелі сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б. Коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.

      Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының негізі кәсіпкерлікті қолдау мен  дамытудың мемлекеттік жоспарында айтылған. Ең алғашқы бұл мәселелер «Қазақ ССР-ғы шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы» Қ.Р-ң 90жылы желтоқсанда қабылданған заңында көрініс тапқан.

      1992 жылдың шілде айында «жеке кәсіпкерлікті қорғау немесе қолдау туралы» Заң қабылданды. Мұнда жеке кәсіпкерлік бұл – мешік түрлеріне қарамастан, азаматтардың тауарларға, сұранымға қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған жеке меншікке негізделген, өз атынан, өз тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

      Қазақстандағы кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бойынша мемлекеттік саясатқа басты бастамашы 1997 жылы мамыр айларында құрылған ҚР-сы экономика және сауда министрліктерінің  шағын кәсіпкерлікті қолдау департаменті болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І бөлім. Кәсіпкерлік: түсінігі,оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары.

           Қазақстан Республикасы өзінің ұлттық экономикалық даму стратегиясын қалыптастыру, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі бойынша ТМД елдерінің ішінде жетекші орындардың бірін иеленеді. Бірақ, еліміз алдағы 10 жылдың ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін қойып отыр. Мұндай міндеттің оң шешімін табуына еліміздің ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпкерлік қызметті қолдау мен дамытуға, отандық кәсіпорындардың жоғары сапалы өнімдер өндіруіне және бәсеке қабілеттілігі мен қызмет тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет.

         Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» деп аталатын дәстүрлі жолдауында да бұл мәселеге арнайы тоқталып, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдауды іске асыру, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту қажеттілігі айтылған. Әрине, бұл жағдай қазіргі кезге дейін де назардан тыс қалған емес және бүгінгі таңдағы өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі, экономикамызды диверсификациялау және шикізаттық бағыттан шыға отырып, өңдеуші өнеркәсіптің үлесін арттыруға, жоғары қосылған құнды дайын өнімдер өндіруге кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру негізінде отандық кәсіпорындардың, әсіресе, шағын және орта кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.

           Кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне Президентіміздің 2005 жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында да айрықша көңіл бөлген. Біздің басты міндетіміз – ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда жеке бизнеске біз жетекші орын береміз. Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттың әлеуетін ұлғайтатын басты көз де дәл солар болуға тиіс деген болатын. Ал Елбасының үстіміздегі жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономиканың әртараптандырылуын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап көрсетілген. Осы міндетті шешуге шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы айтарлықтай септігін тигізетіндігі айтылған. Сондықтан еліміздегі шағын кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру, олардың қалыптасуы мен дамуын талдау және тиімділігін арттыру бойынша кеңінен зерттеулер жүргізуді қажет етеді. Қазіргі біздің экономикалық даму стратегиямыз өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, экономика салаларын диверсификациялау болғандықтан экономиканы дамытудың қозғаушы күштерінің бірі ретінде шағын кәсіпорындардың өндіріс сферасындағы қызмет тиімділігін арттыруға және дамытуға ерекше мән берілу керек.  Міне, сол себепті шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі жөнінде зерттеулер жүргізу  тақырыптың өзектілігін нақтылай түседі.

           Кәсіпкерлік - ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, каблеті Ол оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнер қызметкерлері Кәсіпкерліктің алғашкы дамуында кәсіпкер құрал -жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында қолдап жұмыс ітеген. 16 ғасырды ортасынан бастап акционерлік капитал пайда бөлды, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Мысалы: 1554 жылы Англия сауда компаниясы, 1660 жылы Ост - Индия сауда компаниясы, 17 ғасырдың аяғында акционерлік банктер іске қосылды.

           Кәсіпкерлік бұл - табысты алу мақсатымен өндірстің барлық факторларын қозғалысқа келтірілген және толық экономикалық жауапкершілкке негізделген, кауіптің және белгіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізүші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін-өзі ұйымдастыру процесі. Ал кәсіпкер - бұл табысты алу мақсатымен кауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс icтeйтін, ендірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие адам. Өз көзегінде кәсіпкерлік табыс-бұл кәсіпкердің пайдасы (таза табысы) және үстеме пайдасы».

           Ресейде, Қазақстанда  кәсәпкерлік ерте заманнан келеді Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік еркін дамыған жоқ. Ресейде Петр 1 патшалық, ету көзінде кәсіпкерлік ерте дамыды, бipaқ крепостной қоғам тежеді. Капитализмнің дамуымен кәсіпкерлікте дамыды. 1861 жылпы революциядан кейін Қазакастанда темір жол құрылысы, ауыр енеркәсіп салалары орын алды. Кәсіпкерліктің субъектісі бөлып -жеке адамдар сонымен бipгe заңды тулғалар, бірқкен серіктестер, арендалық ұжым, ашылық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялар, әр түрлі бірлестіктер және қорпорациялар бөлады.

        Кәсіпкерлік дегеніміз - белгілі бір icтi істей білу. Ic icтey адамның белсенділігі. Белсенділік және іскерлік адамдардың мінөз - кұлқы типтерімен байланысты бөлады. Олар адамның еркін өмір сүру түpi болып табылады. Кәсіпкерлік кабілеттік адамдардың ерекше таланттылығы.

Оны түсіну үшін кәсіпкердің 2 функциясын түсіну керек.

  1. Кәсіпкер барлық, ресурстарды: жер, капитал және    еңбекті өнім 
    өндіріу процесіне қосу ынтасын өз жауапкершігіне алады, яғни 
    енірістің қозғаушы күші, ceбeбi icтeгeн ici пайда беретініне сенеді
  2. Кәсіпкер өндipic процесіне барлық нeгізгi шешімдерді өз қолына алады және кәсіпорынның ic бағытын айқындайды.

   Елдің бөлашақ тағдырын кәсіпкерлер шешеді және олар өз елі гүлденуіне аянбай жұмыс ітейтін, өзніңщ де пайдасын табатын, білікті де іскеp азаматтар бөлуы керек. Аш - жалаңаш елде кәсіпкер де, халық та болмайды. Нарықтық экономикада кәсіпкердің басты міндеті барлық экономикалық ресурстарды жұмысқа қосу және тиімді пайдалану. Осы арқылы жұмыссыздық жойылады, инфляция тежеледі, баға тұрақтанады.

         Кәсіпкерлік — бұл пайда  табуға бағытталған  қызмет. Оның мазмұны енімге, жұмысқа қызметке сұранысты табу немесе калыптастырудан және сәйкесінше тауарлар, жұмыстар, қызметтерді тауар ретінде сату арқылы қанағаттандырудан турады. Кәсіпкерлік бұл пайда табуға бағытталған өзіндік шаруашылық қызметтің ендірістік немесе коммерциялық нeгізгi түpi- оны өз атынан турақты, яғни жүйелі негізде өзін тәуекелге тiге кәсіпкерлер деп аталатын заңды және жеке тулғалар жүзеге асырады.Бизнес кәсіпкерліктен гөpi кеңірек ұғым бөлып табылады. Ceбeбi көз - келген сферадағы бip көзектің коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыратын, пайда табуға бағытталған қызмет бизнеске жатады. Кәсіпкерлік қызмет - жаңа идеяларды іске асырумен байланысты тәуекелді өз еркімен мойнына алуға дайын бөлу. Кәсіпкердің пайдасын акциялардан алынатын девидент, депозиттер бойынша пайыз, жер үшін жалгерлік төлемнен туратын меннік иесінің табысынан айырып білу қажет.

        Кәсіпкер ол өз жауапкершілігімен  басын қayiп пен қатерге және тәуекелге тiгe отырып, қызмет ететін нарықтың дербес агенті. Kәciпкep бөлу үшін капиталдың иeci бөлу шарт емес, кәсіпкердің басты капиталы ақша, еңбек қаруы және еңбек заты емес, ол оның интөллектісі мен тутынүшы психологиясын білуі. Сонымен бipгe кәсікерлікті менеджменттен, ал кәсіпкерді менеджерден айырып білу қажет. Менеджер - бұл кәсіпкердің алдына қойған міндеттерді шешуді ұйымдастыратын жалдамалы жұмыскер. Ол өз әрекеті үшін мүліктік жауапкершілікке ие бөлмайды.

         Белгілі американдық экономист Роберт Хизрач кәсіпкерліктің мәнін былай анықтайды: «Кәсіпкерлік - бұл кұны бар қандай да бip жаңа нәрсені құру үpдici, ал кәсіпкер - бұл осыған бар уақыты мен күшін жұмсайтын, өзінің мойнына барлық қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәукелділікті алатын және сыйлықка ақша және қол жеткізгенше қанағаттану алатын адам». Ал Питер Друкер кәсіпкерлік қызметтің теоретикалық негізгі Иозеф Шумпетердің линамикалық теңсіздігінің экономикалық теориясы табылады деп санайды. И.Шумпетер адамның қызметін мынадай мотивтерін атап көрсетеді.

♦ Кеңшілік пен билікті сөзіну мүмкіндігін  беретін өзіндік және меннік империяны негздеу арманы

♦ Жеңіске жетемін деген сенім

шығармашылық куанышы.

     Бұл қоғам үшін ең пайдалы мотив Сонымен кәсіпкердің негізгі сипаттамалары мыналар бөлып табылады:

     Кәсіпкер  өзі құратын немесе сатып алатын кәсіпорынға өзінің меннікті құралдары мен уақытын салады. Кәсіпкер жаңалық енгізүші бөлып табылады, ол техникада, ендіс үрдісінде, немесе өткізу әдістерінде жаңа бip нәрсені жасайды. Ол әрдайым өз iciн кеңейтуге және пайданы кебейтуге ұмтылады. Кәсіпкер ұйымдастырушылық каблетке ие және icтi тиімді жүргізудің алғашқы нeгiзгi ерекше және іске жақсы асырылған идея бөлып табылатынын басқарудан гөpi жақсы түсінеді. Кәсіпкер бұл ең, алдымен өзінің кәсіпкерлк қызметін ұйымдастырушы. Ұйымдастыру - бұл мақсатты анықтау, ресурстарды бөлу және оларды мақсатка жету үшін пайдалана білу. Ұйымдастыру - бұл міндетті калыптастыра білу, оны тікелей орындаүшыға жеткізу және орындалуын бакыылау. Ұйымдастыру ол шешімді кабылдай білу, міндеттемелер мен жауапкерілікті бөлістіре білу және жоспарлау, басқару, талдау бөлып табылады. Кез - келген бизнестің сәтті болуы кәсіпкерлік сферасын сәтті таңдауға, нарықтық, стратегияны және оны жүзеге асырудың тиімді тактикасын дұрыс анықтауға байланысты. Бұл басқа фирмалардағыдай старттық капитал мен күш жұмсауы жағдайында фирма жоғары іскерлік деңгейге шығаруға және нарықта алға басуға мүмкіндік береді.

Информация о работе Кәсіпкерлік бизнес