Кәсіпкерлік бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 16:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2-3бет

І Бөлім. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары. Кәсіпкерлік мәдениеттің мағынасы.
1.1. Экономикада кәсіпкерліктің алатын орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері......................................................................................................4-13бет
1.2. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті.....................................................13-18бет

ІІ Бөлім. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің мәні мен көздері.
2.1. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық....................................................................18-21бет
2.2. Тәуекелділікті тудыратын факторлар..............................................21-22бет
2.3. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері..................................................22-23бет

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестігі.
3.1. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі..............................................23-27бет
3.2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту....27-29бет

Қорытынды..................................................................................30-32бет
Қолданылған әдебиеттер................................................................33бет

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік бизнес.doc

— 270.00 Кб (Скачать)
  • клиенттермен қаржылық есептесу,несие туралы мәліметтер;
  • табыс өнімінің өзіндік құны мен қызмет көрсетуі туралы мәліметтер.Олардың көлемі мен өту бағалары;
  • кәсіпорынды дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары,тауардың бар жоқтығы мен тапсырыстар көлемі;
  • ішкі және сыртқы саудадағы өнім мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін талдау;
  • жарнама қызметінің жоспары;
  • бәсекелестер мен делдалдар туралы мәліметтер.Олардың қаржылық жағдайы мен қызметкерлер құрамы туралы тізімдер,басқа да мәліметтер;
  • жасалған және жоспарланған келісімдер мен олардың шарттары,көлемі,сипаты туралы мәліметтер.

       Кәсіпорын басшылығы коммерциялық  құпияға жататын мәліметтердің  сипаты мен көлемін өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды.Құпия мәліметті білетін адамдардың тізімін белгілейді.Мемлекет үкімет органдары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауда заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды.Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі мыналарды белгілейді:

    1.Мәліметтің  коммерциялық құпияға жату ережесін.

    2.Коммерциялық  құпияны білетін адамдардың тізімін.

    3.Құпиялық  режимін,коммерциялық құпия істерді  жүргізу тәртібін,оның есебін,құпиялылығын  сақтау,көбейту,жою мерзімі мен тәртібін.

    4.Құпия  мәліметті қорғаудың техникалық  шарттарын.

     Арнайы бұйрықпен басшы кәсіпорынның  коммерциялық құпия мәліметтің  тізімін бекітеді.Коммерциялық құпияға  қатысы бар адамдар қолхат  беру арқылы бұйрық пен және  оның қосымшаларымен таныса алады.Кәсіпорынның құпия мәліметтері туралы ереже жасалуы да мүмкін.Құпия мәліметтердің үлгі тізімі мынадай түрде рәсімделуі мүмкін.Кез келген ұйымның комерциялық құпиялығын құрайтын мәліметтердің тізімі:

  • несиелердің мөлшері,тауар өндіру мен қызмет көрсетудің көлемі,әріптес фирмалардың атауы,табыстың мөлшері оның бөлінуі,келіссөз құжаттары,коммерциялық келісім,төлем,қызмет көрсету шаралары;
  • қызметкерлердің еңбек жалақысы,кәсіпорын қызметкерлері туралы мәлімет,өткізу жүйесі,өткізу ауданы;
  • Содан соң директордың қолы,тегі,есімі,әкесінің аты-жөні жазылады.

      Әріптестер мен қызметкерлер  мен келісім шарттарда коммерциялық  құпияны білудің тәртібі және  оның сақталуына жауапкершілік  ескеріледі.Құпия мәліметтері бар  құжаттарды есепке алу жеке  журналдарында тіркеледі және олда құпия жүргізіледі.

      Қазіргі жағдайда бәсекелестің  дамуына байланысты кәсіпорындарда  кәсіпкерлік құпия жүйесі жүргізіледі. Кәсіпкерлік құпия кәсіпорынның заңды құқығын,кәсіпкердің фирма қызметінің құпиялығын сақтайды.Кәсіпорын және кәсіпкерлер өзінің қызметі жағдайында мәліметтерді бәсекелестерден және нарықтық жағдайға байланысты өздерінің мәліметтерін құпия түрінде сақтауға құқығы бар.Кәсіпкерлік құпия – ең алдымен өндірістік құпия,ғылыми-зерттеу нәтижелері,техникалық зерттеулер.Бұл техникалық мәлімет технологиялық өндіріс,жаңа өнімдерді жобаландыру және дайындау.Сонымен қатар,бұл арнайы технологиялық шешім,нақты өндірілген процесті басқару әдісі.Ірі фирмаларда кәсіпкерлік құпияны іске асыру үшін арнайы шара қолданылады,яғни мәліметтің сыртқа шығып кетпеуінің алдын алады.Бұл бәсекелестерге қандай да бір артықшылық,коммерциялық,өндірістік қызмет және кірістің көзі.Сол уақытта фирмалар тұтынушыларға ақпарат құралы арқылы қызметтерінің нәтижесін хабарлау коммерциялық және өндірістің нақты процесін айтпайды.

      Заң шығарушы органдарға сәйкес,кәсіпкерлер  мемлекеттік органдарға кәсіпкерлік  құпияға байланысты мәліметтерді  бермеуге құқығы бар.Бірақта мемлекеттік  органдарға және салық салушыларға  қажетті мәліметтерді ұсынуға  міндетті және жалпы мемлекеттік жүйені жүргізу үшін экономикалық мәліметті өңдеу үшін өз қызметінің жылдық балансы жайында жария етеді.

      Ақпарат нарықтық экономиканың  тауары болып отыр,сол себепті  оны алу,сақтау,жіберу,қолданылуы  нарықтық экономика заңдылықтарына тәуелді болуы керек.

      Коммерциялық құпия кәсіпорынның  меншігі болып табылады.Онын мақсаты-  кәсіпорынға бәсекелестік күрес  жағдайында экономикалық артықшылықтарды  қамтамасыз ету.

      Коммерциялық құпияны құрайтын  ақпарат,төмендегі талаптарға жауап беруі тиіс:

      1.Ақпаратты ашық түрде қолдану  кәсіпорынға зиян келтіруімен  байланысты.

      2.Заңдық негізде ақпарат жалпыға  белгілі немесе жалпыға тиімді  болмайды.

      3.Ақпарат қорғалуды қажет етеді,ол  себебі мемлекеттік секрет болып  табылмайды және авторлық және патенттік құқықпен қорғалмаған.

      4.Кәсіпорын экономикалық немесе  басқа пайда бойынша.

      5.Бұл мәліметтердің жасырылуы  қоғамға зиян келтірмейді.

      Төмендегі ақпараттар коммерциялық  құпияны құрайды:

           -Фирманың сауда қатынастары;

           -Ұйымдар мен қаражат айналымының  өлшемі;

           -Өткізу нарығының жағдайы;

           -Банк операциялары;

           -Жеткізушілер мен тұтынушылар;

           -Патенттер мазмұны;

           -Капитал құрылымы;

           -Инвестициялар жоспары;

           -Келісім шарттары;

           -Тауарт бағасының құрылуы;

           -Пайда көлемі мен өндіріс көлемі;

      Өндірістік құпия мына ақпараттарды  қорғайды:

           -Өндіріс тәсілі мен технологиясын;

           -Еңбек ұйымын;

           -Техникалық ашылулар мен өнертабуларды;

           -Зерттеу жұмыстарының сипаты  мен мақсатын.

      Іскерлік ақпараттар мыналарға  қатысты:

           -Кәсіпорын қаржысына (қаржылық  есептілік,клиенттермен есептесу  жағдайы,берешектер,несие,төлемқабілеттілігі,пайда,тауардың өзіндік құны);

           -Кәсіпорын дамуының стратегиялық  және тактикалық жоспарына,соның  ішінде,жаңа технологиялардың қолданылуы,ойлап  табулар,ноу-хау;

           -Тауар көлемі мен жоспарларды  жүзеге асырылуына (маркетингтік жоспар,сауда опеарацияларының көлемі мен мазмұны,баға деңгейі,қоймалық қорлар);

           -Өз тауарларының бәсекелік қабілеттілігінің  анализіне,экспорт пен импорттың  тиімділігіне,нарыққа шығу үшін  болжамдалған уақытына.

           -Жарнама қызметінің жоспарына;

           -Сауда және басқа да клиенттер,делдалдар,бәсекелестер  тізімі,олармен өзара қарым-қатынастары,қаржылық  жағдайлары,келісім шарттарына;

           -Әдістемелер мен ұйымды басқаруға; 

           -Жеке сипаттамаларды бағалау  мен кәсіпорын қызметкерлерінің беделіне;   

           -Ұйымның еңбек жүйесіне.

      Коммерциялық құпияны қорғау  механизмі 2-ші кестеде көрсетілген.

      Коммерциялық құпияға кіретін  ақпаратты қорғау кезінде кәсіпорын  екіжақты мәселені шешу қажет:бір  жағынан,кәсіпорын өзінің қызметі туралы жарнамалап,тұтынушылар мен жеткізушілерді ақпараттандыру керек болса,екінші жағынан,кәсіпорынның қызметінің көптеген аспектілерін ашатын нақты ақпараттарсыз жарнамалау,яғни,кәсіпорын осы жерде коммерциялық құпияның ашылу проблемасымен соқтығысады.

      Кейбір жағдайларда қорғау әдістеріне  қарамастан,ақпараттың таралуы мүмкін,сондықтан  да,кәсіпорын коммерциялық құпия  заңдылықтарын бұзған кінәлі  адамдарға ықпал ететін «күшті  қару-жарақ қоймасымен»қамтамасыз  етілуі тиіс.

     Нарықтық  қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді. Кәсіпкерлік қызметте тәуекел факторы несиелердің қымбаттауы, инфляциялық үрдістердің туындау мүмкіндігі, экономиканың тұрақсыздығы немесе дағдарысқа ұшырау қаупі жағдайында арта түседі. Тәуекел – бұл жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдылығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды немесе мүлікті жоғалтудың туындау қаупі. Ал, кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген іс-шара іске аспаған, сондай-ақ, басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз. Ол белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың айқынсыздығы түсінігімен тығыз байланысты. 

      Кәсіпкерлік тәуекелдер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды. Кәсіпкерлік тәуекелдердің пайда болуына алып келетін мынадай себептерді атап көрсетуге болады: экономикалық дағдарыс, инфляцияның жоғары қарқыны, саяси тұрақсыздық, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапсыздығы, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және нормативтік – құқықтық актілердің жиі өзгеруі, кәсіпкерлердің бір бөлігінің өз қызметіне деген жеке жауапкершілігінің болмауы, салық заңнамаларының жетілмеуі, жат пиғылды (әділетсіз) бәсекенің орын алуы және т.б.

         Кәсіпкерлік тәуекелге  әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі факторларға  басшының немесе қызметкерлердің жіберген қателіктері, дұрыс шешім қабылдай алмауы, тәжірибесіздігі, өзгермелі жағдайға тез бейімделе алмауы, кәсіпкердің білімі мен біліктілігі, нақты жағдайды талдау және болашақты болжау мүмкіншілігі және т.б. жатқызылады. Ал, сыртқы факторларға келесілер жатады: инфляция, банктің пайыздық ставкалары мен несиелеу шарттарының өзгеруі, салық ставкалары және кедендік рәсімдеу жүйесінің өзгеруі, нормативтік – құқықтық актілер мен заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар, бәсекелік орта, саяси жағдайлар, елдегі экономикалық  жағдай және т.б.

     Экономикалық  және өзге де ғылыми әдебиеттерде тәуекелді, соның ішінде кәсіпкерлік тәуекелді жіктеудің бірыңғай әдістемесі жоқ. Сондықтан тәуекелді әртүрлі белгілері бойынша жіктейді. Мысалы, масштабы бойынша : жергілікті және жаһанды; әсер ету ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді; күтілетін нәтиже бойынша: таза және спекулятивті.

         Кәсіпкерлік тәуекелді  көбінесе өндірістік, қаржылық және инвестициялық деп үшке бөліп қарастырады. Өндірістік тәуекел өнім өндіру кезінде немесе өндірістік қызмет үрдісінде туындайды. Өндірістік тәуекелдің себептеріне жоспарланған өндіріс көлемінің төмендеуін, кәсіпкердің тапсырыс берушілермен жасалған келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдылығын, материалдық, еңбек шығындарының өсімін, баға саясатындағы қателіктер т.б. жатқызуға болады. Коммерциялық тәуекел өнімді (қызметті, жұмысты) сатумен, шикізаттар  мен материалдарды сатып алумен т.б. байланысты орын алады. Оның негізгі себептеріне логистика жүйесіндегі кемшіліктер, шикізат тапшылығы немесе шикізаттар мен материалдармен өз уақытында және қажетті көлемде қамтамасыз ете алмау т.б жатады. Қаржылық тәуекел кәсіпкердің қаржы инситуттарымен қарым – қатынасы кезінде туындауы мүмкін. Ол ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді. Қаржылық тәуекел инфляциялық факторлар, банк ставкаларының өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі т.б. себептерге байланысты пайда болады.

Информация о работе Кәсіпкерлік бизнес