Кәсіпкерлік бизнес

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2011 в 16:11, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез-келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдарлары үшін жауап береді.

Содержание

Кіріспе................................................................................................2-3бет

І Бөлім. Кәсіпкерлік: түсінігі, оның негізгі түрлері және ұйымдастырушылық нысандары. Кәсіпкерлік мәдениеттің мағынасы.
1.1. Экономикада кәсіпкерліктің алатын орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері......................................................................................................4-13бет
1.2. Кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениеті.....................................................13-18бет

ІІ Бөлім. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің мәні мен көздері.
2.1. Кәсіпкерлік құпияның түрлері: өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық, технологиялық, коммерциялық....................................................................18-21бет
2.2. Тәуекелділікті тудыратын факторлар..............................................21-22бет
2.3. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің түрлері..................................................22-23бет

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту. Кәсіпкерлік қызметтің бәсекелестігі.
3.1. Кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі..............................................23-27бет
3.2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен мемлекеттік қолдауды күшейту....27-29бет

Қорытынды..................................................................................30-32бет
Қолданылған әдебиеттер................................................................33бет

Работа содержит 1 файл

Кәсіпкерлік бизнес.doc

— 270.00 Кб (Скачать)

         Б.Карлоф кәсіпорын  қызметін ұйымдастыру мәдениетінің негізгі 10 белгілерін атап көрсетті:

  • Әлеуметтік, себебі оның құрылуына фирма қызметкерлерінің барлығы немесе көбісі әсер етеді;
  • Ұжымның қызметінің мінез-құлқын реттейді;
  • Адамдар арқылы құрылады;
  • Шешімдер жұмысшылардың қатысуымен қабылданады;
  • Дәстүрлердің сақталуына негізделген;
  • Танымды;
  • Өзгеруге қабілетті;
  • Көпжақты, яғни оған кез келген бір ықпал арқылы қол жеткізуге болмайды;
  • Әрқашан даму үстінде;
  • Ұғындырылған және ұғындырылмаған.

         Кез келген кәсіпорынның мәдениетін құрмас бұрын алдымен  оның құндылықтар және сендірулер жүйесін  нақты анықтап алу керек.

         Солай, «Форд Мотор» компаниясында құндылықтар жүйесі 3 түсініктен тұрады: халық, тауарлар және пайда. Кәсіпорын қалай құрылу керек екенін, қалай жетістікке қол жеткізу керек екендігіне қорытынды жасауға мүмкіндік беретін құндылықтар мыналар:

    •   Ең бастысы – бұл сапа;
    • Әрқашан жаңартулар – жетістіктің көзі;
    • Сатушылар мен жеткізушілер – кәсіпорынның серіктестері;
    • Қызметкерлердің пайда түсіруге деген қызығушылығы (қатысуы);
    • Біздің ортақ әлеуметтік және қоғамдық ісімізде дау-жанжал жоқ.

         Сонымен қатар, кәсіпорын  мәдениетіне айла-шарғы жасау  дегенді ойламау керек. Ол жылдар бойы жинақталады, әрқашан кемелденеді, динамикалы.

         Кәсіпкерлік мәдениеттің  құрылуы мен дамуы біріншіден, өзіндік жолмен жүзеге асырылады. Яғни, кәсіпорын өткен және нақты уақыттағы  тәжірибелерді зерттеу негізінде, қойылған мақсатқа жетуде тиімді болған дәстүрлі мәдениеттерді ұстанады.

         Екіншіден, арнайы мінез-құлық  жиынтығының күшпен енгізілу мақсатымен бағытталып құрылуы мүмкін.

         Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің кемелденуі үшін, дара элементтердің  өзара әрекет механизмін, олардың  арасындағы өзара байланысын, бір-біріне ықпал-әсерін зерттеп алу керек.

         Осымен қатар, кәсіпорынға  жетістік әкелген құндылықтар туралы ойлардың ескіргендігін, оларды ауыстыру немесе ауыстырмау, жаңарту не жаңартпау  керек пе соны анализдеу маңызды. Кәсіпкерлік мәдениеттің өзгеруі құндылықтар туралы жаңа ойлардың пайда болуымен байланысты.

         Өткізілген зерттеу  жұмыстары бұрын қабылданған  құндылықтар өз мағынасын жоғалтқанын  көрсетеді. Оларға: тәртіп,  айтқанды тыңдау, билік, мансап, сатылы лауазым, жеткіліктілік, орталықтандыру.

         Осымен бірге мына құндылықтардың мағынасы өседі: ұжым, творчество,  жеке тұлғаның ашылуы, ымыраға келу қабілеті, сенімділік, тұрақтылық, кәсіпкерлік қабілеттілік, орталықсыздандыру, қарым-қатынас, өзін-өзі  билеу.

         АҚШ -та өткізілген зерттеулер, гүлденетін және тез өсетін фирмалардың  мәдениеті жоғары  және стильдері ерекше  екенін көрсетті,  соның нәтижесінде әлемдік нарықта жүргізілген позицияның сақталуына және қол жеткізілуіне мүмкіндік береді деген қорытынды жасауға болады.  Мұндай фирмалардың қызметтері нақты құндылықтар жүйесін және оларға қол жеткізуде нық ойлар мен мақсаттарын иеленеді; мұндай фирмаларда  барлық деңгейдегі серіктестік қарым-қатынастар бар; кәсіпкерлік біліктілік және іске беріктілік, жоғары сапалы еңбекке талпыну жоғары бағаланады; қызмет  бойынша көтерілу еңбектену нәтижесіне тәуелді; өзіне жауапкершілікті ала білу; жеке жетістіктер мен кәсіпкердің жетістіктері мақтаныш етіледі; ұстанымды қатайту және кеңейтуді армандау; нарықта бірінші болу. Мұндай кәсіпорынға бүкіл қызметкерлермен қабылданған және мақұлданған құндылықтар жүйесі тән.

         Сонымен қатар, кәсіпкерлік  мәдениетке мінез-құлық деңгейінде өтетін жағдайлар негізгі болып  табылатынын ескеру керек. Егер де құндылықтардың және мінез-құлықтардың деңгейі  сәйкес келмесе, онда ол теріс нәтиже. Бұл, мысалы мына жағдайда болуы мүмкін: егер серіктестік қатынастар насихатталса, ал тәжірибеде байланыстары бар қызметкерлер жоғарыласа. Отандық кәсіпорындарда құжаттарда жазылғандардың тәжірибеде өтіп жатқаннан айырмашылықтар болатын  жағдайлары аз емес.

         АҚШ-та  мінез-құлық  үлгілері және құндылықтар жүйесі туралы ойларды үндестіруге мүмкіндік беретін, программалар өңделген.

         Кәсіпорын мәдениетін мына жағдайда әлсіз деп санауға  болады:

  • құндылықтар жүйесі мен мақсаттарға жету әдістері туралы нақты ойлардың ұсыныстардың болмауы;
  • стратегиялық мақсаттың болмауы;
  • тактикалық мақсаттың болмауы (нәтижесінде қақтығыстар пайда болады);
  • әр түрлі көзқарастар болғандықтан, ұйымның жеке бөліктері келісімге келе алмайды;
  • құндылықтардың жалпы түсінігіне, жалпы сендірулердің дамуына басшылар ештеңе істемейді.

         Мәдениет үнемі шектелулерді, құндылықтарды және салт – дәстүрлерді айқындаушы ретінде қарастырылады. Хофстед мәдениетті бір әлеуметтік топ мүшелерін басқа топтың мүшелерінен ерекшелейтін сананың ұйымдық бағдарламасы ретінде қарастырады. Сонымен қатар ол 3 негізгі мезетті атады:

      А) мәдениет – ол нақты бір тұлғаны  мінездеуші емес, яғни ұйымдық түсінік  болып табылады.

      Б) мәдениет санада қалыптасқан, ол көзге  көрінбейді және адамның жүріс –  тұрысынан білінеді.

      В) мәдениет адамдар категорияларын айыруға  мүмкіндік береді.

      Мәдениет  қоғам қайраткерлерінен, белгілерінен және құндылықтарынан көрінеді. Құндылықтар  адамдар жүріс – тұрысының  негізгі критериясы болып табылады. Олар адамдардың «жаман мен жақсысы», «дұрыс пен бұрысты»,  рационалды мен иррационалды түсінуімен айқындалады.

      «Мәдениет»  термині қоғамдық, ұлттық дәрежеде айқындалса, «субмәдениет» термині  ұйымдық, кәсіби және қоғам ішілік дәрежемен  айқындалады.

     Әлеуметтік  тұрғыдан қарасақ, кәсіп ұйымдасқан топты құрайды, ол:

  • Қоғаммен үздіксіз өзара қарым-қатынаста болады.
  • Формальді және формальді емес қатынастар жүйесінің көмегімен әлеуметтік мәні бар функцияларды атқарады.
  • Өзінің субмәдениетін құрады.

      Гринвуд әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерін  жалпылай келе, барлық кәсіпке қатысты 5 қасиетті атап көрсетті:

А) теориялық  білім        Б) бедел     В) қоғамның қолдауы

Г) этикалық тәртіп кодексі        Д) мәдениет

     Кәсіп практикада дағдыларды дамытуға көмектесетін теориялық базасы бар білімге  сүйенеді. Теория нақты жағдайларда  практикалық жұмыстарда әдіс–тәсілдерді  жүзеге асыратын негіз болып табылады. Осылайша кәсіби дәрежеге жету интеллектуалдық және практикалық тәжірибені жетілдіруге, ал жоғарғы оқу орындарындағы білім тәжірибе базасын құруға және мамандар қатарына қосылуға мүмкіндік береді.

     Теориялық кәсіби дайындық кәсіби адамды кәсіби емес адамнан ерекшелейтін біліммен қамтамасыз етеді. Тапсырыскер маманның тәжірибесі мен көзқарасына сүйене отырып, оның беделін нығайтып, пікірлерінің «монополиясын» дәлелдей түсіп оған бет бұрары  анық. Солайша, кәсіптің беделі екі жақты нығаяды. Кәсіптің өзі арқылы және тапсырыскер мен қолданушылар арқылы.

     Кәсіпке көптеген құқықтар мен артықшылықтар  берілгендіктен, әрқашанда монополияға  зиян келтіру, өз қызығушылығын қорғау мақсатында билікті және артықшылықтарды  қолдану қауіпі болады. Тапсырыскер – маман, маман – маман, маман – қоғам қатынастарын реттей отырып, өз мүшелерінің тәртіп этикасын анықтайтын, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін әрбір кәсіп кодекс құруы қажет. Кодекс кәсіби ұйым мүшелеріне айқындалған тәртіпті айта отырып, сынайды, тексереді және тәртіп бұзушыларды шеттетуге көмектеседі. Қорытындысында бұның барлығы кәсіби имиджді нығайтуға бағытталған.

         Кәсіби имидж мамандық мәдениетінің  талаптарынан    қолдау   табады.

 Кез  – келген мамандық айқындалған  әлеуметтік құндылықтары, символдары бар, яғни кәсіби мәдениетті құраушы формальді және формальді емес топтардың өзара байланысы арқылы қызмет етеді. Құндылықтар – кәсіптің негізі. Символодар, мысалы, логотиптер және эмблемалар – айқындалған мағынасы бар белгілер. Кәсіби мәдениеттің элементі болып мансап тұжырымдамасы табылады, сәйкесінше, ұйым мүшелері кәсіби мансапты өздерінің атағы ретінде санап, осылайша, өздерін берілген жұмысқа толығымен арнайды. Кәсіби өсуінің мақсаты – пайда табуға ұмтылу емес, тапсырыскерлер мен қоғамға адал қызмет ету болып табылады.

     Бернс пен Хагтің ойларынша, кәсіп белгілеріне  қатысты екі негізгі жаңылысқандық  бар.

     Біріншіден, көптеген белгілердің мамандық ретінде  қарастырылмайтын істерге де қатысы бар. Екіншіден, берілген тізімдеме  я істі кәсіп ретінде мойындау критерийін анықтауға, я бар кәсіптің мәртебесін жоғарылатуға мүмкіндік бермейді.

     Гринвуд бұл пікірді қолдай отырып, барлық қажетті белгілері бар нақты  айқындалған кәсіп класстары  жоқ деп санайды.

     Адамды  маман ететін оның жаны, яғни жұмысқа  салатын жаны.

     Маманданудың  мақсаты – шеберлік, ол шынайылықпен, ақылдылықпен, біліммен, түсіністікпен  және тәжірибелікпен тығыз байланысты. Барлығы адамның жеке қасиеттеріне байланысты және ең бастысы оның жұмысқа, іске деген қатынасымен анықталады.

     Бизнес  мәдениетінің институционалды аспектісінің кең түрдегі мазмұны «кәсіпкерлік мәдениеттің сыртқы ортасы» деген түсінікпен сәйкес. «Институционалдық»   дегенді кәсіпкерлік прцеске тікелей және жанама әсер ететін функционалдық қоғамның фундаментальды принциптері сияқты түсінеміз. Бизнестің сыртқы институционалдық ортасының маңыздыларына мыналар жатады:

  1. Бір фактордың өзгеруі басқа факторға ықпал ететін сыртқы ортаның факторларының өзара байланыстылығы;
  2. Сыртқы ортаның күрделілігі  - яғни әрекет етуге тиісті факторлар саны.
  3. Ортаның әрекеттілігі – бұл айналаның өзгеру жылдамдығы
  4. Сыртқы ортаның белгісіздігі – бұл кәсіпкердің нақты фактордың  ақпараттық сандық функциясын айқындауы.

     Кәсіпкерлік мәдениеттің жекелік аспектісі  – бұл жеке адамның өзінің қызығушылығы, мақсат арманы, өзінің таңдауы.

     Кәсіпкердік жекелік мінездері  бизнеспен  айналысатын, кез келген адамға қажетті  іскерлік қатынастарды қалыптастырады. Сонымен қатар, батыс елдері кәсіпкерлік  қызметке кедергі келтіретін келесі адамдардың қырларын көрсетеді:

  1. «Флюгер» - өзінің бағытын дұрыс анықтайды, бірақ ісін аяғына дейін жеткізбейді.
  2. «Простак» - бәрін қысқартуға шебер, екі есеппен бәріне қол жеткіземін деп ойлайды.
  3. «Недотрога» - өзінің идеясына ғашықтығы сонша, басқалары оны ұрлап алатындай көрінеді, сол себепті ол басқалардың сенімінен шығып, дұрыс қарым-қатынас орната алмайды.
  4. «Знайка» - теорилық жағынан барлығын жақсы біледі, бірақ тәжірибелік жағынан әлсіз.
  5. «Аккуратист» - тәртіпке әбден үйреніп қалған, қиындық сәттер туған кезде сасқалақтап не істерін білмей қалады.
  6. «Философ» - идеясын жүзеге асыруға, кемелденуге онша ұмтылмайды, оған даму үшін жақсы ұжым қажет.
  7. «Иноплонетянин» - өзінің жеке ісінің дамуында нақты мақсаттарды және ынталандыруларды иеленбейді.
  8. «Изобретатель» - көбіне өзінің шығарғанына көңіл бөліп, кәсіпорнының құрылуына мән бермейді.
 

      ІІ бөлім.  Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша шаралар жүйесі.   Кәсіпкерлік тәуекелдіктің мәні  мен көздері. 

       Бүгінгі бәсекелестік жағдайында жеке кәсіпорынның коммерциялық құпиялығын құрайтын мәліметтерді анықтау қажеттілігі туады.Оған идеялар өнер табулар,жаңа техналогиялар,фирманың табысы,тауар жеткізуші,тауар өткізу жүйесі,байланыстар туралы мәліметтер жатады.Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі коммерциялық құпияға жатқызылуы мүмкін мәліметтердің тізімін көрсетеді.Іс жүргізу туралы мәліметтер құпияға жатуы мүмкін.Оларға мыналар енеді:

Информация о работе Кәсіпкерлік бизнес