Каржы нарыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:44, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады.

Работа содержит 1 файл

курсовая Каржы нарыгы.docx

— 463.76 Кб (Скачать)

 АӨҚО-ның бәсекелестікке қабілеттілігін ірі азиялық қаржы орталықтарымен салыстырмалы талдау.

АӨҚО ҚРА болжамы бойынша  Алматы қаласының өңірлік қаржы  орталығы 2015 жылы Азияның жетекші  қаржы орталықтарының 10 қатарына енеді. Осыған байланысты салыстырмалы талдау іске асырылып, соның нәтижесінде  АӨҚО-ң артықшылықтары мен әлсіз  жақтары анықталып, стратегиялық даму бағыттары нақтыланды.

АӨҚО ҚРА қызметінің стратегиялық бағыттары айқындалды:

  1. Бағалы қағаздар рыногына қатысушыларына жағымды жағдайлар жасау;

Бәсекелестікке қабілетті  қор рыногын  дамыту; Мақсаттық  топтарды АӨҚО қызметімен таныстыру; АӨҚО ҚРА көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру; Қазақстанда жаңа қаржы  аспаптарын  дамыту; Мемлекеттік  органдарды, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды басқару шешімдерін қабылдауға қажетті  талдаушылық  ақпаратпен қамтамасыз ету.

  1. Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатын арттыру; 2009-2011 жылдары АӨҚО ҚРА қызметі рынок  инфрақұрылымын әрі қарай жетілдіруге, жаңа қаржы аспаптарын енгізуге, отандық жеке инвесторларды оқыту мен шетелден ірі инвесторлар тартуға бағытталатын болады.

АӨҚО ҚРА көздеген нәтижелерге  қол жеткізіп, қызметін жақсарту мақсатында алдына бірқатар мақсаттар қойды:

Біріншіден, АӨҚО ҚРА басқару  жүйесін арттыру: Нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесін енгізу; Басқару  үрдістерін ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандарттарының жүйесі арқылы стандарттау; Мекеме құрылымын оңтайландыру және кадрлар құрамының кәсіби сапасының  деңгейін көтеру. АӨҚО ҚРА жоғары кәсіби қызметкерлерінің командасын құру, кадрлар  ағымын азайту үшін АӨҚО ҚРА бірыңғай негізде кадрлық құрамын іске асыруды, жұмысшыларға әлеуметтік қолдау көрсету және мотивациясын жоғарылатуды жоспарлайды. АӨҚО ҚРА бағалы қағаздар рыногын дамыту саласында ақпараттық- талдаушылық  зерттеулерді жүргізуді, қор  рыногының инфрақұрылымын арттыруды  жоспарлайды. АӨҚО ҚРА сарапшылар топтарының  талдаушылық зерттеулері нәтижелері мемлекеттік басқару (ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті және т.б.) мекемелеріне немесе  рынокқа  қатысушылар үшін қажет болуы  мүмкін.

Екіншіден, маркетингтік қызметтің  дамуы: Кең танымалы және беделді  болатын АӨҚО-ң брендін жасау; Ақпараттық қамтамасыз ету, АӨҚО дамыту мен орнын белгілеу. Негізгі мақсаттық  топтардың ақпаратпен қамту және ниеттестік деңгейін жоғарылату мақсатында АӨҚО ҚРА PR қызметін жүзеге асыруды  жоспарлайды. Сол себептен, АӨҚО ҚРА  эмитенттер мен инвесторларды тартуға  бағытталған маркетингтік стратегияны  әзірледі және іске асыруды.

Үшіншіден, қаржылық басқару  және бақылау тиімділігін жоғарылату: Бюджет құралдарын тиімді пайдалану  бойынша мониторинг; Бюджеттік заңнамаларды сақтау және ішкі аудит жүйесін қалыптастыру бойынша бақылау сапасын жоғарылату. АӨҚО ҚРА келесі қауіп-қатерлерді талдап, мониторинг жүргізеді: Әлемдік қаржы  рыногының тұрақсыздығы; Қазақстандық іскерлік белсенділіктің төмендеуі .

Бағалы қағаздар рыногын  дамыту үшін халықаралық тәжірибелерден алынған төрт түрлі фактор болып  табылады. Олар:

  1. Инфрақұрылым және репутация  ортасы
  2. Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану;
  3. Ынталандыру
  4. Қолдану

Инфрақұрылым және бедел  ортасы. Жоғарыдағы көрсетілген ақпараттарға байланысты Қазақстанға инвестиция тарту үшін көптеген жағдайлар жасау  керек. Жаңа заманға сай инфрақұрылымдар  ондағы телекоммуникация мен офистерді  орнату, тұрақтылық пен шетел инвесторларының  қауіпсіздігі мен ағылшын тіліне мамандандырылаған мамандарды қолдау керек.

Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстан Республикасында минералды  шикізаттар (уран, мұнай-газ, металдар) мен астық ең басты өтімді өнімдер  болып саналып жатыр. Қазақстанда  эмитенттер мен инвесторлар тарту  үшін өз аймағы индексін өсіру мен  осында бағалы қағаздарды көптеп шығару аспаптарын жетілдіру. Қазақстан Республикасы әлемдегі ең жас қаржы орталықтары  Дубай, Сингапур, Дублин қалаларының  қаржы орталықтарын   үлгі ретінде  алған.

Ынталандыру. Ынталандыру  тетіктері арқылы әлемдегі және ең үлкен инвесторларды Қазақстандағы  бағалы қағаздар рыногына тартуға мүмкіндіктер бар. Ынталандырудың бірде-бір жолы болып салық мөлшерін төмендету  немесе босату болып саналады. Шетелдік инвесторларға кез-келген кәсіпорында  иемденуіне шектеу болмауы шетелдіктердің қызығушылықтар тудырады. Ол әлемдегі үлкен қаржы орталықтарынан алынған  тәжірибелерде белгіленген.

Қолдану. Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан халықты қаржы  орталықтарына тарту мен шетелдік инвесторларды шақыру үшін қаржылық реформалар мен заңдарды халықаралық  стандарттарға сай қалыптастыру. Қазақстан Республикасында шетелден келген немесе отандық кәсіпорындар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және оған кепілдік беру. Әлемдік деңгейдегі технологияларды дамыту, қор биржалары  мен бағалы қағаздардың операцияларын  компьютеризациялау керек. Қазақстанда  қор биржасын дамыту үшін ағылшын  тілді кадрларды көбейту. Қазақстандағы  бағалы қағаздардың және қаржы орталығының  тиімді факторлары (21 кесте):

Қазақстандағы бағалы қағаздардың  және қаржы орталығының тиімді факторлары:

  • Қоршаған орта, инфрақұрылымдар мен бедел бойынша:
    • Еркін саясат пен Қазақстандағы тұрақтылық
    • Шетелдік азаматтарға виза мәселесінің жеңілдіктері мен шетелдік азаматтарға қонақжайлылық көрсету
    • Әуежайдағы қызметтің сапалығы.
    • Арзан кәсіби мамандар
    • Шетедіктер үшін жемқорлықтың болмауы мен криминалдарға жол бермеу
    • Алматы қаласы қор биржасын халыққа және шетелдіктерге жарнамалап дұрыс ақпараттарды жетілдіру жолдары.
    • Ағылшын тілінің қолданылу аясын кеңейту
  • Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану бойынша:
    • ТМД және Орта Азия мен Кавказда өңірлік көшбасшы болуға ұмтылу  және сол мемлекеттердің эмитенттері мен инвесторларын деңгейін арнайы отандық бағалы қағаздар қатарына жатқызу, Қазақстанға тарту үшін ақпараттандыру қажет.
    • ТМД –дағы ең үлкен ислам қаржы орталығына айналдыру жолдары.
    • Бағалы қағаздарға қатысты және қор биржадағы операциялардың барлық салық түрлерін алып тастау.

Алматыдағы қаржы орталығы тұрақты дамыса, ол барлық Қазақстанда  қаржы секторының дамуына алып келеді. Алматы қаласы бас қаржы орталығы болғандықтан бас мультипликатор болуы қажет.

 

 

3.3 Ұлттық қаржы нарығының болашақтағы  перспективалары

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің миссиясы –  қаржы нарығының жəне  қаржы  ұйымдарының  қаржылық  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету жəне жалпы  қаржы жүйесіне  деген  сенімділікті  қолдау,  қаржылық  қызмет  көрсетулерді  тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың  тиісті  деңгейін  қамтамасыз  ету,  қаржы  нарығында  адал  бəсекелестікті  қолдауға  бағытталған  қаржы ұйымдарының қызметі үшін бірдей жағдай жасау болып табылады. 

Агенттіктің  пайымдауы –  қаржы  институттарының  жəне  қаржы  нарығының  тəуекелдердің  барынша  төменгі деңгейімен жəне 2015 жылға  қаржы  ұйымдарының  капиталдануы  деңгейін  Еуропа Одағының  дамушы жəне  дамыған елдерінің деңгейіне дейін жеткізумен тұрақты жəне орнықты дамуы перспективасы.

Жоғарыда атап көрсетілген ҚҚА-нің миссиясы мен болашақты пайымдауы. Менің ойымша, Агенттіктің дәл осылайша алдына мақсат, қойып, болашақты пайымдауынан елдің экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және болашақты нық сеніммен болжай алатынымызды байқауға болады. Бұл, әрине, Агенттіктің дұрыс бағытта қызмет атқарғандығының нәтижесі. Агенттіктің осындай қызметтерінің нақты дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014, 2011-2015 жылдарға арналған  стратегиялық жоспарларын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың  2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын айтуға болады. Бұл тұжырымдамалар негізінде ұлттық қаржы нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары көрсетіліп отыр.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған  стратегиялық жоспары бойынша 5 стратегиялық бағыт бар. Олардың әрқайсысы қаржы нарығының әр секторын қамтиды.

1-стратегиялық бағыт. Институционалдық нағаю мен даму арқылы халықаралық стандарттарға сəйкес қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың тиімділігін арттыру

2-стратегиялық бағыт. Банк секторының қаржылық тұрақтылығын жəне бəсекелестік қабілеттілігін нығайту, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпы əлемдік қадағалау стандарттарына жақындату

3-стратегиялық  бағыт.  Сақтандыру  нарығының  дамуы  жəне  ең  озық  халықаралық  тəжірибенің  негізінде сақтандыру қадағалауды жетілдіру

4-стратегиялық бағыт. Бағалы қағаздар нарығын дамыту

5-стратегиялық бағыт. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту

2011-2015 жылдарға арналған жоспарларда Агенттікті институционалды күшейту аясында Агенттіктің құрылымын жəне еңбектің соңғы нəтижесіне бағытталған қызметкерлерді уəждеу жүйесін əрі қарай жетілдіру көзделеді. Бұл ретте, Агенттіктің  кадр  саясатының  негізгі  бағыты  қызметкерлерді  қайта  дайындау  жəне  біліктілігін  арттыру  жəне  уəждеу арқылы қадағалау органының кадр құрамының кəсіби деңгейін көтеру болып қалады. 

Бизнес  үдерістерді  оңтайландыру  жəне  Агенттіктің  қызметінде  ақпараттық  технологияларды  қолдану  деңгейін көтеру (бизнес-үдерістерді оңтайландыру) жөніндегі міндеттерді  іске асыру мақсатында 2015 жылға дейін мемлекеттік қызметтерді  автоматтандыру  бойынша  жұмыс  жүргізілетін  болады.  Агенттік  əкімшілік  тосқауылдарды  төмендету бойынша жүргізілетін жұмыс аясында жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілген  қызмет  көрсетулер  тізбесін  жасады. Мемлекеттік  қызмет  көрсету,  оның  ішінде  электронды  түрде  көрсету стандарттарды, регламенттерді əзірлеу жəне қызметін бағалау жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.

Стратегиялық жоспарлар көмегімен қаржы нарығының осал тұстары мен оларды жетілдіру жолдары ғана көрсетілмей қаржы секторының болашақтағы даму деңгейі де көрсетілген. Соған мысал ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған  стратегиялық жоспарларындағы қаржы нарығының функционалдық мүмкіндіктерін көрсетуге болады.

Агенттіктің қызметін жетілдіру тиімді қамтамасыз ету мақсатында мынадай ұйымдық құрылым бекітілді:

 

Еліміздің қаржы нарығының жетер белестері мен мүмкіндіктеріне келетін болсақ, Қазақстан сияқты елі де, жері бай, экономикасы тұрақты даму үстіндегі елге, әсіресе, қаржы нарығының болашағы жоқ деп айта алмаймыз. Егер осындай мүмкіндік дұрыс пайдалана біліп, яғни қаржылық жоспарлауды дұрыс жүзеге асыра білсек экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарынан көрінуімізге зор мүмкіндік бар.

Қаржы нарығының жекелей секторларына келетін болсақ, депозит және несие нарықтарында банк клиенттеріне де, банктерге де тиімді шарттар жасауға және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында шағын несиелендіру жүйесін дамытудың, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздардың айналысын арттырып, сол арқылы ел экономикасын көтерудің, сақтандыру нарығында шетел тәжірибесін пайдаланып, елдің сақтандыру және зейнетақы жүйесін қанағаттанарлықтай деңгейге жеткізіп, қаржыландырудың бір көзі ретінде қалыптастырудың мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, ҚҚА-нің статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, елемізідің қаржы нарығының келер 5 жылға болжам жасалынған.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін институционалды дамыту арқылы реттеу мен қадағалау жүйесін  күшейту мақсаты бойынша, тұрақты кадрлар санын алдағы 5 жыл ішінде жыл сайын 20%-ға арттырып отыру, ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін жыл сайын 6,5-9%-ға арттырып отыру, басқару қызметінде гендерлік теңдік деңгейін 5 жыл көлемінде 35%-ға дейін көтеру, дағдарыстық жағдайларды болдырмауға ықпалын тигізетін тəуекелдерді бағалау негізіндегі банктердің қаржылық тұрақтылығына толыққанды мониторингке негізделген қадағалау үдерісін жетілдіру мақсаты бойынша депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 35%-дан кем емес болуына, пайыздық ставка спрэді 11%-дан кем емес болуын, ЖІӨ-де сақтандыру сыйақыларының үлесінің жыл сайын арттыру (0,69-0,83), Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жинақталған сақтандыру сыйлықақылардың үлесі жыл сайын 8,6%-дан 10,6% аралығында арттырудың және тағы басқа да көптеген мүмкіндіктер жетерлік.

Информация о работе Каржы нарыгы