Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:44, курсовая работа
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады.
Орта Азия және ТМД елдерінің арасында Қазақстан ерекше орын алады. Шетелдік инвесторлар осында көп орналасқандықтан Алматы қаласы орталық болып таңдап алынды.Онда Ұлттық банк және 32-33 екінші деңгейдегі банк, 17 жинақтаушы зейнетақы қоры, 24 сақтандыру ұйымы, Қаржылық қадағалау агенттігі мен жақында құрылған Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі бар. Алматы қаласы қор орталығы мен мәдени, рухани орталық, Қазақстандағы өте үлкен қала және екінші астана ретінде мәртебесі бар. Алматы қаласы- бір жарым миллион тұрғын тұратын үлкен мегаполис. Алматы қаласы дамуының макроэкономикалық жағдайын талдау, оң тенденциялардың басым екенін көрсетті, инвестициялық рейтингтің деңгейі айтарлықтай жоғары «ВВ+ жоғары» деңгейінде тұр, бірақ күзде ағылшындық Fitch Ratings агенттігі қазақстандық коммерциялық банктерді соңғы кездегі дағдарыстарға сәйкес бір балға төмендеткен болатын. Қазақстан қор биржасы ТМД елдерінің ішінде тұрақты және инвестициялық климаты жайлы болғандықтан көшбасшы болуға мүмкіндік бар. Қазақстанда «KASE» («Қазақстан қор биржасы» АҚ) 1996 жылы құрылған және қор биржасын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасы Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі құрылды. Сөйтіп Алматы өңірлік қаржы орталығында арнайы сауда алаңы (бұдан әрі АӨҚО АСА) құрылды. Биржаның коммерциялық емес мәртебесі жойылып, орнына қызығушы тұлғаларға акциясын сатып алуға мүмкіндіктер берілді.
Қазақстандық қор биржасы Дубай мен Сингапур сияқты биржалармен бәсекелесе алмайды. Алматыда орналасқан АӨҚО арнайы сауда алаңы ТМД және Орта Азия мемлекеттерінің арасында аймақтық көшбасшы. Қазақстан қор биржасы аймақтағы көрші ел Қырғыз қор биржасының жарғылық капиталының 10% үлесін иемденген және бұл көрсеткіш болашақта өсуі мүмкін.Себебі Қырғызстан Республикасында Ыстықкөл туристік орталығы бар және ол су қорларына, энергетикаға бай болғанмен, экономикасы әлсіз мемлекет. Бірақ, Қазақстан Республикасымен экономикалық одақтас ел. Ал, Тәжікстан болса онда қазір экономикалық жағдай төмен. Аймақта, Қазақстан Республикасын қызықтырып отырған мемлекеттер Өзбекстан мен Түркменстан. Оларда халық көп тұрады, экономикасы мықты, пайдалы қазбалары (мұнай, газ, алтын) көп, ауыл шаруашылығы дамушы мемлекет. Бірақ, саяси мәселелерге байланысты бұл мемлекеттердің Қазақстанмен экономикалық байланысы өте төмен.Ешқандай экономикалық одақтастығымыз жоқ. Қазақстанның Кавказ мемлекеттерімен (Әзірбайжан, Армения, Грузия) экономикалық байланысы жақсы. Қазақстан Республикасы Кавказ елдеріне көптеген инвестициялар құйған. АӨҚО үшін ең болашағы зор эмитенттер Қырғызстан мен Әзірбайжан болып табылады. Басымдығы жағынан екінші орындағы топқа Ресей, Украина және Өзбекстан жатқызылса, үшінші топқа Тәжікстан, Қытай, Грузия, Түркменстан және Белоруссия мемлекеттері жатқызылады. Қазақстан рыногына шығуына біраз кедергілер бар. Қырғызстанның бұл тұрғыдағы басты қиындығы - елдегі кредиттік рейтингтің жоқтығы, ал Әзірбайжан компаниялары шетелде эмитент атану үшін мемлекеттік органдардан рұқсат алуы керек. Ресейде , Ресейден тыс жерде құнды қағаз орналастыруды жоспарлап отырған эмитенттерге мемлекеттік органның - Қаржы рыноктары жөніндегі федералдық қызметтің рұқсаты қажет.Сондай-ақ кем дегенде бір ресейлік қор биржасының баға белгіленімі тізіміне қосылған құнды қағаз шығарылымының мемлекеттік тіркеуінде болуы тиіс. Бірақ эмитент орналасқан 30% Ресей аймағында орналасуы тиіс.
Отандық ірі кәсіпорындар өз бағалы қағаздарын шетелдік биржаларда орналастырып келеді. Мысалы: Қазақстан Алюминийі, Қазақмыс, Қазхром, Соколов-Сарыбай, Қазцинк компаниялары және Қазақстанда өте ірі кәсіпорын «ENRC» өз бағалы қағаздарын Лондон қор биржасында орналастырған. Болашақта «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Қазатомпром» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазтеңізтрансфлот» АҚ, «Майқайын алтын» АҚ, «Эйр Астана» АҚ және т.б. компаниялардың өз бағалы қағаздарын АӨҚО арнайы сауда алаңына орналастыруына Үкімет қолғабыс жасап жатыр. Осындай өте үлкен ұлттық деңгейдегі компаниялармен «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі өз операцияларын қазақстандық қор биржасында жүргізу туралы көпжақты меморандумдар арқылы келісімдерге келді. Дегенмен, ірі кәсіпорындар өз акцияларын шетелдік рынокта орналастырып сатуды немесе сатып алуды тиімді санайды. Жеке меншік компаниялар пайда табу мақсатында заңнамалық ережелерді бұзбай, кез-келген операцияларды жүргізу арқылы пайда табады. Мысалы: Оңтүстік Корея Республикасында бағалы қағаздар операциясын шетелдік биржаларға шығару қажет болса, онда отандық биржаға да сондай мөлшерде бағалы қағаздарды орналастыруды міндеттейтін заңнамалық ережелер бар. Қазіргі уақытта қор рыногының дамуында тепе-теңдіктің жоқтығы сақталып отыр: инвесторлардың жоғары сұраныстары эмитенттердің ұсыныстарымен қанағаттандырылмай отыр. Соған қоса шетел эмитенттері үшін тартымды болмай отыр. Қазақстан 2006 жылдары ірі отандық компаниялар мен банктердің шет елдерде өз акцияларын жариялы түрде орналастыру динамикасы орын алды. Осылайша, Kazakhmys PLK, «Разведка Добыча» ҚазМұнайГаз» АҚ, «Казахголд»АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ бастапқы акцияларын орналастыруды жүзеге асырды. Аталған орналастыру шарасы сәтті болып, шет ел капиталының Қазақстан активтеріне қызығушылығын тудырды. АӨҚО Қазақстанның қор рыногына халықаралық стандарттар енгізуде, соған байланысты оның инфрақұрылымын жетілдірумен айналысуда.
Акциялардың орташа күндік сатылымы бойынша Қазақстан қор биржасы ТМД елдері арасында екінші орынды иеленгенімен, ол Мәскеу банкаралық валюта биржасымен салыстырғанда 164 есе кем. Бүгінгі күні Қазақстан -өте дамып келе жатқан жас мемлекет. Қазақстан Республикасы Алматы қаласы қаржы орталығын дамыту үшін әлемдегі өте жас және жылдам дамып келе жатқан қалалардың, олардың ішінде Азия континентіндегі Дубай қаласы (Біріккен Араб Әмірлігі); Сингапур қаласы (Сингапур мемлекеті) және Лабуан қаласының(Малайзия Федерациясы) тәжірибелерін үлгіге алды.
Дағдарысты сылтауратып бағалы қағаздар операциясының тоқтап қалуына жол бермеу керек, Қазақстан Республикасы Қаржылық тұрақтандыру бағдарламасын қабылдап, бес бағытқа қаржы бөлді: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік рыногындағы кейбір мәселелерді шешу; шағын және орта бизнесті қолдау; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; индустриалдық, инновациялық, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту. Осыған байланысты эмитенттерді ынталандыру шаралары жасалды:
Қол жеткізген жетістіктерге
қарамастан қор рыногында объективті
сипатқа ие бірқатар мәселелер бар.
Біріншіден, қор рыногы инфрақұрылымы
дамуының төмен деңгейі. Қазақстан
қор рыногының бәсекелестікке қабілетсіздігі,
орталық депозитарийдің капитализациясы
мен автоматизация деңгейінің төмендігі,
клиринг палатасының жоқтығы, телекоммуникация
қызметтерінің қымбаттығы, отандық
кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы
органдарға рейтинг бағаларын берудің
тиімді жүйесінің жоқтығы. Екіншіден,
эмитенттер мен инвесторлардың қор
рыногына шығарда кездестіретін
кедергілері. Корпоративтік басқарудың
төмен деңгейі, компания іс-әрекетінің
ашық болмауы (ақпаратты жеткіліксіз
көлемде беру), институционалдық инвесторлар
үшін инвестициялау бойынша
Халықтың бағалы қағаздар
рыногына сенімінің төмен деңгейі,
халықтың инвестициялық мәдениеті
мен қаржылық сауатының төмендігі
жинақтауларды қаржы рыногына инвестициялау
артықшылықтарын пайдалануға
3.2 Қазақстан қаржы орталығының бүгінгі жағдайы және мүмкіндіктері
Қазақстанның қаржы-
«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы («АӨҚО» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 65 Қаулысымен құрылды.
Қоғамның мұраты еліміздің ішкі нарығының да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың да барлық қатысушылары үшін тартымды қаржы орталығын құрып, жұмысын табысты жүргізу арқылы Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуі үшін қажетті жағдайлар мен пәрменді механизм жсасу болып табылады.
«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары:
* Қазақстанда халықаралық стандарттарға
сай келетін бағалы қағаздар нарығын дамыту
* Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының
халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін
қамтамасыз ету, оның капиталдандырылуы
мен өтелімдігін жоғарылату
* Қазақстанның экономикасына инвестициялар
тарту, соның ішінде бағалы қағаздар нарығында
жұмыс істейтін инвесторлар ретінде жеке
тұлғаларды тарту
«АӨҚО» АҚ-ның негізгі
* халықаралық стандарттарға сай келетін
және шетелдік қатысушыларды тартуға
ықпалдасатын қаржы орталығын институционалдық
жағынан дамыту
* брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге
асыратын ұйымдарды, және институционалдық
инвесторларды қаржы орталығында жұмыс
істеу үшін эмитенттер мен кәсіпқой қатысушылар
ретінде тарту
* халықтың ішкі жинақ қаражатын қор нарығы
арқылы бағалы қағаздарға және басқа да
қаржылық құралдарға тарту
* жаңа қаржылық құралдар мен қор технологияларын
дамыту мен ендіру
* Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын
жоғарылату және шетелдерде Қазақстан
Республикасының жағымды инвестициялық
бет-бейнесін қалыптастыру
* қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру-техникалық
жағынан қамтамасыз ету
* халықтың инвестициялық мәдениеті мен
қаржылық сауаттылығын жоғарылату бағдарламасын
іске асыруға ат салысу
«АӨҚО» АҚ жұмысының қағидалары:
* кәсіпқойлық - қызметтің барлық салаларында
тәжірибені пайдалану
* транспаренттік - компаниялардың қызметінің
жариялылығы
* тұрақтылық - үздіксіз жоғары сапалы
қызметтер көрсету жолымен АӨҚО-ның өзара
әрекеттесуі мен жұмыс істеуі үшін оңды
ортаны қамтамасыз ету және сақтау
* қол жету мүмкіндігі - географиялық орналасуынан,
мәртебесінен және т.с.с. тәуелсіз, серіктестердың
(customer) өзара жалпы әрекеттестігі үшін
және қатысуына кедергі болмауы үшін қолайлы
жағдай жасау
* теңдік - барлық институттардың тең құқылы
қатысуы арқылы жұмыс істеу
* жаңашылдық - жұмыстың жаңартпалық және
үнемі жетілдіру әдістерін қолдану, оңды
өзгерістерді көтермелеу және осы өзгерістер
жасайтын мүмкіндіктерді анықтау
* табысқа ұмтылу - АӨҚО қызметтерін үнемі
жоғары деңгейде көрсету үшін барлық күші-қуатын
салу