Каржы нарыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:44, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады.

Работа содержит 1 файл

курсовая Каржы нарыгы.docx

— 463.76 Кб (Скачать)




ЕСКЕРТУ: Кесте ҚҚА мәліметтерінен алынған

 

"Өмірді  сақтандыру" саласы. 2011 жылғы 1 ақпандағы  жағдай бойынша "өмірді сақтандыру" саласында жиналған сақтандыру  сыйлықақыларының көлемі 1 621,8 млн.  теңге болды, бұл өткен жылдың  осындай күніне қарағанда 99,8 % көп. Жиынтық сыйлықақылардағы "өмірді  сақтандыру" саласы бойынша жиналған  сақтандыру сыйлықақыларының үлесі  есепті күні 2010 жылғы 1 ақпандағы  7,2%-ға қарсы 7,8% болды.

"Жалпы  сақтандыру" саласы. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша 2011 жылдың қаңтарда  жиналған сақтандыру сыйлықақыларының  көлемі 19 042,4 млн. теңге болды,  бұл 2010 жылғы осындай кезеңге  қарағанда 55,5%-ға көп.

ЕСКЕРТУ: ҚҚА-нің есебі

 

2011  жылғы  бір   ай  ішінде  жасалған сақтандыру  төлемдерінің  жалпы  көлемі  өткен  жылдағы  осындай   кезеңмен салыстырғанда 53,8 ға  өсіп, 2 153,82 млн. теңге  болды.  Бұл  ретте,  қайта  сақтандыру  ұйымдарынан  қайта  сақтандыру  бойынша өтеу  есебінен  сақтандыру  төлемдерінің үлесі 6,0% (129,0 млн.  теңге) болып отыр.

  2011  жылғы 1  ақпандағы   жағдай  бойынша  Қазақстан   Республикасының  сақтандыру  нарығында 38  сақтандыру  ұйымы  (оның  ішінде: 7 –  өмірді  сақтандыру  бойынша), 14 сақтандыру брокері жəне 70 актуарий өз қызметтерін лицензия негізінде жүзеге асырды.  Ол 14-суретте  көрсетілген.

 

Сурет 14 – Институционалдық құрылым.

 

Бұдан басқа, Қазақстан аймағында  ресейлік 3 сақтандыру ұйымдарының  өкілдері бар– ОСАО «Ингострах», ОАО  «Российское страховое народное общество «Росно»  және ОАО «Страховое общество газовой промышленности».  Сақтандыру брокерлерінен Аоn Казахстан, Марш  және TOS RISQ Казахстан халықаралық  сақтандыру брокерлерінің құрамына кіреді.

Бүгінгі таңда Қазақстан  Республикасында қабылданған коммерциялық сақтандырудың дәстүрлі түрі тұрғындардың барлық талаптары мен мұқтаждықтарын өтей алмайды. Сонымен бірге, Қазақстан  халқының көп бөлігі дәстүрлі түрде  ислам дінін қабылдаған болса, онда ислам сақтандыруының өнімдері мұсылман халқының тарапынан үлкен сұранысқа  ие.

2009 жылдың ақпан айында  Қазақстан Республикасында «Қазақстан  Республикасының кейбір ұйымдар  мен ислам банкі саласы және  ислам қаржыландыру ұйымдары  бойынша заңды актілеріне  өзгерістер  мен толықтырулар енгізу жайында»  заң қабылданды. Осының нәтижесінде  Қазақстанның қаржы жүйесі аясында  толыққанда ислам қаржы жүйесін  құру қолға алынды. Ислам банкінің, ислам қаржыландыруының басқа  да элементтерінің дамуы ислам  сақтандыру жүйесінсіз мүмкін  емес.

Такафул немесе исламдық сақтандыру-бұл, қайтарымды көмек принциптеріне  және ерікті түрдегі салымға негізделген, тәуекелді ерікті түрде  бөлетін  жүйе болып табылады.

 

2.4 Зейнетақы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы

 

2011 жылғы 1 ақпанда 13 жинақтаушы  зейнетақы қоры (бұдан əрі –  қорлар) өз қызметін жүзеге асырды. Қаңтар айында заңды тұлғаларға  зейнетақы жарналарын тарту жəне  зейнетақы төлемдерін жүзеге  асыру жөніндегі қызметке лицензия  берілген жоқ. 

16  заңды  тұлғаның  қорлардың  зейнетақы  активтерін  инвестициялық  басқаруға лицензиясы  бар,  оның  ішінде 13  қор   зейнетақы  активтерін  дербес  басқару лицензиясына ие.

Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды. Сонымен  бірге, 6  екінші  деңгейдегі  банк  қорларға  кастодиандық  қызмет  көрсетті: «HSBC  Банк  Қазақстан»  АҚ  еншілес  банкі, «Банк  Центр  Кредит»  АҚ, «Қазақстан Халық  Жинақ  Банкі»  АҚ, «Еуразиялық  Банк»  АҚ, «АТФ  Банк»  АҚ, «Ситибанк  Қазақстан» АҚ.

Міндетті зейнетақы жарналары  бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2011  жылғы 1  ақпандағы  жағдай  бойынша 2 270,1  млрд.  теңге  жинақталған  зейнетақы  қаражатының  жалпы  сомасымен  7 986 822  болды.  Міндетті  зейнетақы жарналарын  аударатын  салымшылар шоттарының  саны  қаңтар  айында 2 960 (0,04%) азайды, ал жинақталған  зейнетақы қаражаты 17,6 млрд. теңге (0,8%) ұлғайды.

2011  жылғы 1  ақпанда   міндетті  зейнетақы  жарналары   бойынша  салымшылар (алушылар)  шоттарының  ең  көп  саны  бұрынғыша 4  қорда  жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі» –  25,8%, «ГНПФ» – 22,3%, «Ұлар Үміт»  – 13,9% жəне «БТА Қазақстан»  – 9,6%  немесе  олардың  үлесіне   барлық  қорлар  салымшыларының  жалпы  санының   71,6%-ы келеді. 

Ерікті  зейнетақы  жарналары  бойынша  салымшылар (алушылар)  шоттарының саны 2011 жылғы 1  ақпанда  жинақталған  зейнетақы  қаражатының жалпы  сомасы 1,2 млрд.  теңгемен 39 397  болды.  Ерікті  зейнетақы  жарналарын  аударатын  салымшылар шоттарының саны қаңтар айында 137 бірлікке (0,4%) азайды.

Ерікті  кəсіби  зейнетақы  жарналары  бойынша  салымшылар  шоттарының  саны 2011 жылғы 1 ақпандағы  жағдай бойынша жинақталған зейнетақы  қаражатының жалпы сомасы 104,6  млн.  теңгемен 4 048  болды.  Ерікті  кəсіби  зейнетақы  жарналарын аударатын  салымшылар (алушылар) шоттарының саны қаңтар айында 3 бірлікке (0,1%) азайды.

 Салымшылардың (алушылардың)  жинақталған  зейнетақы  қаражаты  ағымдағы жылы  қаңтар  айында 17,6 млрд.  теңге (0,8%)  ұлғайып, 2011 жылғы 1  ақпанда 2 275,7 млрд. теңге  болды. 

Зейнетақы жарналарының жалпы  түсуі қаңтар айында 29,2 млрд. теңгеге (1,6%) ұлғайып, 2011 жылғы 1 ақпанда 1 850,9 млрд. теңге болды.

Зейнетақы  активтерін  инвестициялаудан  түскен,  салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық  сыйақыны шегергенде) 2011  жылғы 1  ақпандағы  жағдай  бойынша 569,0  млрд.  теңге болды. Қаңтар айында «таза» инвестициялық кіріс 2,4 млрд. теңгеге (0,4%) азайды.

Салымшылардың (алушылардың) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 ақпанға  дейінгі  кезеңде  жинақталған  зейнетақы  қаражатының  көлемі  мынадай көрсеткіштермен сипатталды:

 

Кесте 7 – Жинақталған  зейнетақы қаражатының көлемі

Күні

 млрд. теңге

1.01.10

1.01.11

1.02.11

1.01.11 салыстырғандағы  өсім 

1.01.11 салыстырғандағы  өсім, %

Жинақталған зейнетақы қаражаты

1 860,5

2 258,2

2 275,7

17,5

0,8

Зейнетақы жарналары 

1 488,8

1 821,7

1 850,9

29,2

1,6

«Таза» инвестициялық  кіріс 

481,7

571,4

569,0

-2,4

-0,4

«Таза» инвестициялық  кірістің жинақталған зейнетақы  қаражаты сомасындағы үлесі 

25,9

25,3

25,0

-

-0,3%-дық  тармақ 


ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері  негізінде

 

2011 жылғы 1 ақпанда жинақталған  зейнетақы қаражатының ең көп  сомасы 6 қорда жинақталды: «Қазақстан  Халық Банкі» – 725,5 млрд. теңге  (31,9%), «МЖЗҚ» – 380,5 млрд. теңге  (16,7%), «Ұлар Үміт» – 321,9 млрд. теңге  (14,2%) жəне «БТА Қазақстан» –  163,7 млрд. теңге (7,2%), «Грантум» - 152,3 (6,7%), «Капитал» - 112,5 (4,9%) бұл 6 қордың  үлесіне барлық қорлардағы жинақталған  зейнетақы қаражаты көлемінің  немесе жиынтығының 81,6%-ы келді.

 

ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері  негізінде

Сурет 15 – Зейнетақы жарналарының, «таза» инвестициялық кірістің жəне жинақталған зейнетақы қаражатының  өзгеру динамикасы

Міндетті  зейнетақы жарналарын уақтылы аудармау, жинақталған зейнетақы қаражатын  аударым жасауды уақтылы жүзеге асырмау жəне зейнетақы активтерін тиісінше басқармау үшін өсімпұл  сомасы қаңтар айында 0,1 млрд. теңгеге (0,7%) өсіп, 2011 жылғы 1 ақпанда 13,3 млрд. теңге  болды.

Зейнетақы төлемдері жəне қорлардан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2011 жылғы 1 ақпандағы  жағдай бойынша 194,4 млрд. теңге болды  немесе қаңтар айында 7,5 млрд. теңгеге (4,0%) өсті.

2011 жылдың  басынан бастап зейнетақы аннуитет  шарттарына сəйкес сақтандыру  ұйымдарына алушылардың жинақталған  зейнетақы қаражатын аударым  жасау жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге  633 алушыға жүзеге асырылды. Зейнетақы  аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру  ұйымдарына алушылардың жинақталған  зейнетақы қаражатын аударым  жасаудың жалпы сомасы 2011 жылғы  1 ақпанда 16,8 млрд. теңгені құрады.

Жинақтаушы  зейнетақы жүйесі жөніндегі ақпаратты  Агенттіктің сайтында орналастыру, сондай-ақ қорлардың ақпаратты бұқаралық  ақпарат құралдарында жариялауы  салымшыларға (алушыларға) қорды дербес таңдауға жəне зейнетақы заңнамасы  бойынша берілген жинақталған зейнетақы  қаражатын бір қордан екінші қорға  аудару құқығын пайдалануға мүмкіндік  береді.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай  бойынша жинақталған зейнетақы  қаражатын бір қордан екінші қорға аудару қаңтар айында 33,8 млрд. теңгеге (3,1%) ұлғайып, 1 141,5 млрд. теңгені құрады.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай  бойынша ЗАИБЖАҰ-да инвестициялық  басқаруда болған зейнетақы активтерінің  жиынтық көлемі ағымдағы жылы  қаңтар айында 16,1 млрд. теңгеге немесе 0,7%-ға өсіп, 2 276,2 млрд. теңге болды.

2010 жылғы 1 ақпаннан бастап 2011 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде  зейнетақы активтерінің орташа  айлық өсуі 31,8 млрд. теңге болды.

 

ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері  негізінде

Сурет 15 - Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің өзгеру динамикасы

 

Қорлардың жиынтық капиталы 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 82,9 млрд. теңге болды, оның ішінде жарғылық капитал – 44,2 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың жалпы көлемінің 53,3%-ы болды. Қорлар бойынша активтердің  жалпы сомасы 2011 жылғы 1 ақпандағы  жағдай бойынша 89,4 млрд. теңге болды.

2011 жылғы қаңтар айында 5 қор («Ұлар Үміт», «АМАНАТ  Қазақстан», «Атамекен», «БТА Қазақстан», жəне «Отан») жалпы сомасы 2,6 млрд. теңге шығынға ұшырады, бұл  ретте 8 қор жалпы сомасы 2,5 млрд. теңге пайда алды. Қорлардың таза  кірісінің жалпы сомасы 2011 жылғы  1 ақпанда 0,1 млрд. теңге болды.

Қорлардың меншікті активтері  есебінен қаржы инвестициялары 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 72,1 млрд. теңге немесе қорлардың жиынтық  активтерінің 80,6%-ы болды.

Қорлар меншікті активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік  бағалы қағаздарына – 61,9%, Қазақстан  Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік  емес бағалы қағаздарына – 13,7%, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға – 18,8%, шетел эмитенттерінің мемлекеттік  емес бағалы қағаздарына – инвестициялардың жалпы көлемінің 3,2 %-ын орналастырды.

 

Кесте 8 – Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі

Республика  экономикасындағы зейнетақы секторының ролін сипаттайтын қатысты көрсеткіштердің  динамикасы

1.01.06

1.01.07

1.01.08

1.01.09

1.01.10

1.01.11

1.02.11

ЖІӨ млрд.теңге 

7453,0

10139,5

12849,8

16052,9

17007,6

19303,6

21213,3

Жинақталған зейнетақы қаражатының  ЖІӨ-ге

қатынасы, %-бен 

8,7

9,0

9,4

8,8

10,9

11,7

10,7

Зейнетақы жарналарының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен 

6,9

6,7

7,1

7,4

8,8

9,4

8,7

«Таза» инвестициялық кірістің ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен 

2,1

2,5

2,6

1,9

2,8

3,0

2,7

Қорлардың жиынтық капиталының  ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

0,2

0,2

0,2

0,3

0,4

0,4

0,4


ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері  негізінде

 

 

3 ҰЛТТЫҚ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕЛІ  ӨЗГЕРТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ  МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ 

 

3.1 Қаржы нарығының негізі ретіндегі қор нарығының инвестициялық мәселелері және оларды шешу жолдары

 

Қазақстан Республикасында  бағалы қағаздар нарығының қызметіне  арналған нормативтік құқықтық база құрылған және қор биржасы, орталық  дипозитарий және басқа да кәсіпқой қатысушылар ретіндегі қатысушылар  айқындалған. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының элементтерінің және нормативтік құқықтық база өңірлік қаржы орталығын  одан әрі дамытуда негізгі орын алады. Әлемде Нью-Йорк, Токио, Лондон, Франкфурт, Гонконг және т.б. қалаларының қаржы  орталықтарында орналасқан өте ірі NYSE Euronext; Токио қор биржасы; NASDAQ; Лондон қор биржасы; Гонконг қор биржасы; Торонто қор биржасы; Франкфурт қор  биржасы (Deutsche Börse); Шанхай қор  биржасы; Мадрид қор биржасы (BME Spanish Exchanges); Австралия қор  биржасы; SWX Швейцария қор биржасы және т.б. қор биржалары бар.

Информация о работе Каржы нарыгы