Каржы нарыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:44, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады.

Работа содержит 1 файл

курсовая Каржы нарыгы.docx

— 463.76 Кб (Скачать)

Депозиттік сертификат салымшының мерзімі біткенда салым ақшаның  сомасын немесе ол бойынша пайызды  алу құқығын айғақтайтын ақша қаражаттарының салымы туралы эмитент-банктің  жазбаша куәлігін білдіреді.

Депозиттік қызметтің  ең маңызды түрлерінің біріне мерзімді және талап етілгенге дейінгіге  бөлінетін банктік қаржы институттары ұсынатын банкаралық депозиттер жатады. Мұндай операциялар, әдетте, баланстың  өтімділік деңгейін және есеп айрысуларды  реттеу мақсатында жүзеге асырылады. Басқа  банктің салым ақшасын ұстап  отырған банк оларды «лоро»  (осы  банктің корреспонденттікшотындағы  қалдық) шоты бойынша өз балансында берешек ретінде ескеріледі.

Басқа банкте мұндай депозиттері  бар оларды «ностро» (корреспондент-банктің) шоты бойынша активтер ретінде ескеріледі.

Несие саясатын жүзеге асыру  шеңберінде Қазақтан  Республикасының  Ұлттық  банкі өзінің ақша-депозиттерін олардың таратылу деңгейі бойыншаа аудармалы және аударылмайтын етіп жіктейді.

Аудармалы депозит – мұны кез келген сәтте айыппұлсыз және шектеусіз номинал бойынша ақшаға айналдыруға болады. Аударылмалы  депозиттер аз ақша массаның бір бөлігі болып табылады, ал аударылмайтын  немесе  мерзімді депозиттер қордың негізгі үлесін құрады.

Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру арқылы заңды және жеке түлғаларға әр түрлі мақсаттарға арналған несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

 Несие нарығы – механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасындағы қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асады.

Несие нарығы арқылы өндіріс  пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысы, капитал  салымындағыжинақтың түрленуі, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі  капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асады.

Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге  болады:

  • Несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;
  • Шаруашылық жүргізуші субьектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;
  • Ақша қорларын тікелей ссудалық капиталда шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану,
  • Мемлекеттік және тұтыну шығындарын  өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ аса қуатты қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасуына ықпал ету.

Несие нарығы – әр түрлі  қорлардың несие ресурстары мен  бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан  және пайдаланылған құн қозқалысының ақшалай формасымен органикалық  байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін  ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері  және бағыты өлшеніп, анықталады.

Несие нарығының негізгі  қатысушылары – несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші несие  мәмілесінің ссуда беретін жағы. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі  бір қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттардың көздеріне  оның өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде  ұдайы өндіріс процесінің басқа  субьектілерінен қайтару негізінде  қарызға алынатын қаражат алынуы мүмкін.

Қарыз алушы – несие  қатынастарында несие алатын және алған  алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндеті жақ. Ссудалық мәміледі несие берушіге қарағанда  қарыз алушының мынадай ереушеліктері  болды:

  • Ол ссудалық қаражаттың түпкілікті иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі бола алады, әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс істейді;
  • Қарыз алушы ссудалық қаражатты айналыс саласында да, өндіріс саласын да да пайдалана алады. Несие беруші ссуданы өндіріске тікелей шықпай, ауысу фазасында береді;
  • Қарыз алушы ссудалық ресурсты өз шаруашылығында пайдаланғаннан кейін қайтарады. Қарыз алушы ссуданы қайтару үшін ұдайы өндірістік процесті несие берушіменесеп айрысуға жеткілікті қаражатты босатып алатындай етіп ұйымдастырылуы керек;
  • Қарыз алушы уақытша пайдалануға алған құнды ғана қайтарып қоймайды, сонымен бірге оның ссудалық пайызын да төлейді. Бұл арада өз шарттарын алға тартатын  несие берушіге қарыз алушының тәуелді болатынын естен шығармауымыз керек.

Несие нарығы құралы – несие, ол айырбас сәтінде пайда болып, құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына  енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының өзегі болып табылады.

Нарықтық шаруашылық жағдайындағы негізгі формаға банк несиесі  жатады. Бұл жағдайда кәсіпорын, ұйым, халық, мемлекет және банктің өздері де несие қатынастарының субьектілері ретінде алға шығады. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне түрлі белгілері  бойынша жіктеуге болатын әр түрлі  несие түрлерін ұсынады. Ең алдымен  қарыз алушылардың негізгі топтары  болып табылатын шаруашылыққа, халыққа, мемлекеттік органдарға несие беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Бағалы қағаздар  нарығы – қаржы нарығының құрамдас  бөлігі

 

Бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы – қаржы нарығының құрамдас бөлігі, бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс және баға анықталатын экономикалық қатынастар жүйесі.

Бағалы қағаздар нарығы –  капитал нарығының Нарықтық экономикада  БҚН ақша жинақтарын қайта таратудың  негізгі механизмі болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының  жіктелуі бағалы қағаз түрдерінің жіктелуіне ұқсайды және былайша ажыратылады:

  1. халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
  2. ұлттық және аймақтық (аумақтық) нарықтар;
  3. нақты бағалы қағаз түрлерінің нарықтары (акция, облигация және т.б.);
  4. мемлекеттік және корпоративтік  (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
  5. алғашқы және туынды бағалы қағаздар нарығы.

Бағалы қағаздар нарығының  функциясын шартты түрде екі топқа  бөлуге болады: жалпы нарықтық және өзіндік ерекшелігі бар функция.

Функцияның бірінші тобына мыналарды жатқызуға болады:

  • коммерциялық - осы нарықтағы операциялардан пайда табу функциясы;
  • мақсатты – нарықтық бағаны қалыптастыратын процесті, олардың ұдайы қозғалысын және т.б. қамтамасыз етеді.
  • ақпараттық - яғни, нарық өз қатысушыларына сауда нысандары мен оның қатысушылары туралы нарықтық ақпараттарды жеткізеді;
  • реттеуші - ондағы нарық сауда және оған қатысудың ережесін, қатысушылардың арасындағы дау-таласты шешудің тәртібін жасайтын болса, артықшылықтарды, бақылау органын немесе басқару органын және т.б. белгілейді.

Өзіндік ерекшелігі бар бағалы қағаздар нарығының функциясына  мыналарды жатқызуға болады:

  • қайта бөліну;
  • баға және қаржы тәуекелдіктерін сақтандыратын функция.
  • Қайта бөліну функциясы қосалқы үш функцияға бөлінеді:
  • нарық қызметінің салаларына ақша қаражаттарын қайта бөлу;
  • ең алдымен халықтың жинақтарын өнімсіз формадан өнімді формаға ауыстыру;
  • инфляциялық емес негізде, яғни айналысқа қосымша ақша қаражаттарын шығармай, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру.

Ал, баға және қаржы тәуекелдерін сақтандырушы функцияға немесе хеджирлеуге келетін болсақ, ол туынды бағалы қағаздар фьючерстік және опциондық келісімшарттар пайда болғаннан кейін қолданысқа ене бастады.

Бағалы қағаздар нарығындағы  сауда тәсілдерінің ұстанымы тұрғысынан мыналарды бөліп көрсету қажет:

  • алғашқы және қайталамалы;
  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;
  • биржалық және биржадан тыс;
  • дәстүрлі және компьютерлендірілген;
  • кассалық және мерзімді нарықтар.

Жалпы теориялық тұрғыдан алғанда, бағалы қағаздар нарығын бірқатар үлгілерге жіктейді. Көбінесе келесідей  үлгілері кездеседі:

  • банктік үлгі;
  • банктік емес үлгі;
  • аралас үлгі.

Банктік үлгі –БҚН механизмі  арқылы қаржылық ресурстарды қайта  тарату бойынша негізгі оператор банк болып табылатын үлгі. Мұнда  бантер экономиканы инвестициялау  мен бюджет дефицитін жабуды мойнына  алады.

Банктік емес үлгі – БҚН  механизмі арқылы қаржылық ресурстарды  қайта тарату бойынша негізгі  оператор банктік емес мекемелер  болып табылатын үлгі. Мұнда БҚН  неғұрлым демократиялы және онда үлес салмақ жеке инвестицияларға жатады. Бұл – банк ақшаларына қарағанда  неғұрлым «арзан» ақшалар.

Аралас үлгі – делдалдар  ретінде банктер де, банктік емес компаниялар да болады.

Бағалы қағаздар нарығы сауда-саттық және өсімқорлық операциялардың іс-тәжірибесімен байланысты пайда болды. Олар алғашқы бағалы қағаздар - вексельдер мен коносаменттердің пайда болуына себепкер болды. Ал олар одан әрі мемлекеттің эмиссиялық қызметі мен акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты дамыды. Капиталдың бағалы қағаздарға кең ауқымды инвестициялануы XIX ғасырдың ортасында басталды. Бұл уақыт аралағында бағалы қағаздардың нарығы айтарлықтай дамыған болатын. Оның қатысушы топтары да анықталып үлгерді. Оның алғашқы қатысушылары - банк иелері мен жеке трейдерлер ретінде алға шыққан жеке тұлғалар, содан кейінгісі заңды тұлғалар. Бүгінгі таңда бір мезгілде эмитент және трейдер болып табылатын бағалы қағаздар нарығының қатысушыларын бірнеше негізгі топқа бөлуге болады:

  1. БҚН-на негізгі қатысушылар, оған мемлекет, жергілікті әкімшілік органдары, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар жатады. Бұл компаниялардың бағалы қағаздары аз пайда әкелгенімен, сенімді болып келеді. Сол себепті де олардың бағалы қағаздары қанша көп шығарылса да, жоғарғы сұранысқа ие. АҚШ-та мұндай бағалы қағаздарды «көк түбірлі» («голубые корешки») деп атайды.
  2. Инвестициялық институттар немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Оларға:
  • коммерциялық және инвестициялық банктер;
  • сақтандыру қорлары;
  • зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.

Бұл институттар заңды  және жеке тұлғалардың қаржысын жинақтап, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсауға, акциялардың бақылау пакетін  иемденуге және қаржысынан айырылып қалу қаупін төмендету үшін өз капиталдарын әртүрлі өндіріс саласына жұмсауға ұмтылады.

  1. Жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, олардың ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан сенімсіз. Статистика көрсетіп отырғандай, мұндай шағын кәсіпорындардың 75%-ы ашылмай жатып жабылып қалады екен, тек қана жоғарғы сапалы қызмет көрсетіп, жоғары сапалы өнім шығаратын 25%-ы ғана табысқа қол жеткізеді екен. Олардың кейбіреуі экспортпен айналысып жоғары табысқа қол жеткізеді. Сондықтан да халықтың көпшілігі жоғарғы дивидендтен үміттеніп, осындай кәсіпорындардың акцияларын тәуекелге бел буып, сатып алады.
  2. БҚН-ның делдалдары: брокерлер мен дилерлер. Дилерлер қолында өз капиталдары болғандықтан олар бағалы қағаздармен көптеген операциялар жүргізеді. Негізінен олардың іс-әрекеті – алыпсатушылық, яғни олар бағалы қағаздарды сатып алып, оларды нарықта қолайлы жағдай орнаған сәтте сатып жібереді.
  3. Бағалы қағаздар нарығын бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар. Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын елдің экономикалық жағдайын ескере отырып мелекет заң актілері арқылы реттеп отырады.

Бағалы қағаздар нарығында  негізгі сауда-саттық жұмысын қамтамасыз етіп огтыратын делделдарды бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары  деп атайды. Бағалы қағаздар нарығының  кәсіби мамандарына брокерлер, дилерлер, джобберлер жатады.

Брокерлер – делдал ретінде  келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір  жақты табыстыруды көздейді. Ол өкіл емес, ешбір жақтың шарттықт қатынастарына  қатыспайды, жекеленген тапсырмалар  негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға  арнайы өкілеттілік беріледі. Ол тек  өкілеттілік шегінде жұмыс істеуге  міндетті.

БҚН-дағы брокерлер заңды  тұлға ретінде тіркелген маманданған  брокерлік фирма қызметкерлері. Брокерлік фирмалар тмендегідей  қызметтер атқарады:

  1. Консалтинг (кеңес беру);
  2. Бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру және екінші нарықта айналысқа түсіру;
  3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с. міндеттер.

Информация о работе Каржы нарыгы