Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:44, курсовая работа
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады.
КІРІСПЕ
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.
Қаржы нарығы - бұл капиталға
деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру
шеңберінде делдалдардың көмегімен
несие берушілер мен қарыз
алушылар арасындағы капиталды қайта
бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде
ол ақша қаражаттары ағымын меншік
иелерінен қарыз алушыларға және
олардан кері бағыттайтын қаржы-несие
институттарының жиынтығын білдіреді.
Қаржы нарығының негізгі
Қаржы нарығы – қаржы активтері мен осы активтердің сатып алушысы және сатушысы арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынас аясы.
Актив – шаруашылық субъект пен азаматқа тиесілі мүліктік құқықтар жиынтығы.
Қаржы активі – ол қаржы нарығының тауары. Оларға: ақша, бағалы қағаздар, зейнетақы полистері, медициналық полис, сақтандыру куәлігі, құймадағы аса құнды металдар (зергерлік және тұрмыстағы заттардан басқа).
Курстық жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар. Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңдағы даму деңгейі және болашақтағы перспективалары курстық жұмыстың зерттеу объектілері болып табылады.
Американ әдебиетшісі Уилл Роджерс (1879-1935) – ықылым заманнан бері әлемде үш әйгілі өнертабыс: отты пайдалану, дөңгелек және орталық банк жүйесі болды деп санаған. Бұл пікірге келіспеу мүмкін емес, себебі, қаржылық түнініксіздіктер мен ретсіздіктерді банкілер рет пен тәртіпке келтірудің ерекше жүйесін енгізеді. Алайда, банкілердің рөлін дұрыс ескеру қажет. Кейбір қаржылық емес салада, бұл институттар қаражаттарды табыстаған (аударған) кезде бар болғаны делдал ғана болады деген пікір қалыптасқан. Банкілердің қызмет ету аясымен олардың атқартын нақты қызметі әлдеқайда күрделі болатындықтан, бұл – біршама үстірт пікір. Нарық қатынастарына көшкеннен бастап олардың рөлі де арта түсті, міндеттері де өзгерді.
Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының ерекше маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Себебі, қаржы нарығындағы қатынастар тікелей бағалы қағаздармен байланысты және елдегі бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі елдің қаржы нарығының даму деңгейін көрсете алады.
Сақтандыру нарығы қаржы нарығың маңызды сегменті болып табылады. Сақтандыру - бұл тәуекелді бөлу туралы келісім. Қаржы нарығы әрқашанда тәуекелге бейім болғандықтан, сақтандыру нарығы да қаржы нарығының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады.
Жоғарыда аталған себептерді ескере отырып, курстық жұмысты жазуда мынандай міндеттер қойылады:
- қаржы нарығының құрамдас
бөліктері ретінде банктік
- банктік жүйенің дамуына
әсер ететін факторларды
- валютан нарығының
- сақтандыру нарығының
дамуына кедергі болатын
- зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру механизмін зерттеу;
- ұлттық қаржы нарығының даму болашағын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы үш негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығының, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру нарығы мен зейнетақы нарығының қызмет ету ерекшеліктерін қарастырылды. Екінші бөлімде Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдауы жасалынды. Үшінші бөлімде Ұлттық қаржы нарығының негізгі мәселелері мен даму болашағы қарастырылды.
Курстық жұмыстың теоретикалық-әдістемелік негізі ретінде аталған мәселе бойынша отандық және шетелдік авторлардың еңбектері, Қаржылық қадағалау агенттігінің, Ұлттық банктің, Статистикалық агенттіктің, Қаржы Министрлігінің, Алматы Өңірлік Қаржы Орталығының ресми сайттарының, бұқаралық ақпарат құралдарында басып шығарылған мәліметтері мен статитстикалық көрсеткіштер қолданылды.
1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
1.1 Банк секторының: ақша, валюта, депозит және несие нарықтарының қызмет ету ерекшеліктері
Қазақстандық қаржы нарығы банк жүйесін, ақша нарығын, валюта нарығын, депозиттер нарығын, несие нарығын және сақтандыру нарығын, зейнетақы нарығын, бағалы қағаздар нарығын қамтитындықтан, мұның барлығын жеке-жеке талдау мүмкін емес. Сондықтан Қазақстандық қаржы нарығын төмендегідей етіп жіктеп алған дұрыс деп таптым:
ЕСКЕРТУ: Сызба қарастырылған әдебиеттер негізінде автормен құрастырылған
Сурет 1 – Қазақстандық қаржы нарығының құрылымы
Сонымен банк секторына қаржы нарығының ақша, валюта, депозит және несие нарықтарын жатқызылды. Себебі, бұл нарықтарда жүзеге асырылатын операциялар тікелей банктермен байланысты.
Ақша нарығы. Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады.Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция
процесінде олар ұдайы өзгеріп
отырады және олардың бүгінгі
күні жағдайын толық аяқталған
кезеңге жатқызуға болмайды.
ҚР аумағында ақша нарығының
қаржылық құралдарымен мынадай
операциялар айналымда
Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын рөлі жоғары.
Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл механизмнің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнап, мынадай негіздегі мәмілелерді орындауға мүмкіндік туады:
Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының
негізгі мақсаты – өздері үшін
«сәтті» операцияларды жүзеге асыру.Олар
негізінен мынадай: валюта айырбастау(конверциялық)
алыпсатарлық және арбитражды,шетелдік
инвестициялау,көлемдердің
Депозит нарығы. Хадықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
Бүгіндері коммерциялық банктер
әр түрлі депозиттің түрін ұсынады.
Талап етілгенге дейінгі депозитке мыналар жатады:
Бүгінгі таңда қазақстандық
банктер ұсынып отырған жинақтаушы
депозиттердің негізгі
Қазақстандық депозит нарығында жинақтаушы депозиттің мынадай түрлері ұсынылады: