Каржы нарыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2012 в 21:44, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді атқарады.

Работа содержит 1 файл

курсовая Каржы нарыгы.docx

— 463.76 Кб (Скачать)

Дилерлер – өз капиталымен  келісім жасайтын делдалдар. Олардың  брокерлерден негізгі айымашылығы  да осы.

БҚН-на маманданған дилерді  жауапкершілігі шектеулі дилер деп  атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудағы тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз. Себебі, сатып алу- сату аз уақыт аралығында жүреді.

Дилерлердің атқаратын қызметтері:

  1. Бағалы қағаздардың шығарылымы, олардың бағамы және сапасы туралы хабар тарату;
  2. Клиенттердің тапсырмасын орындау;
  3. БҚН-дағы өзгерістерді бақылап отыру;
  4. Катализатор қызметі, яғни сатып алушылар мен сатушыларды бір-бірімен кездестіріп, БҚН-ның жұмысына себепші болады.

Джобберлер – БҚН-дағы конъюктура (өзгерістерді сипаттайтын  белгілер) мәселелері жөнінен кеңес  берушілер. Алғаш рет олар Лондон Сити нарығында пайда болды. Олардың  қызметі БҚН-ның құрылымы кең  көлемде болғанда және үнемі өзгеріп  отырғанда қажет.

Атқаратын қызметтеріне қарай  БҚН-ға қатысушылар төмендегідей жіктеледі:

  • эмитенттер;
  • инвесторлар;
  • бағалы қағаздар нарығына қызмет етуші ұйымдар;
  • бақылау және реттеу органдары.

Қор нарығының инфрақұрылымына  кіретін ұйымдар. Оған мыналар жатады:

1) депозитарий - клирингтің, номинал ұстаушының, төлем агенттігінің  және т.б. функцияларын жүзеге  асыратын қаржы нарығының кәсіби  қатысушысы. Қазақстанда 1997 жылдың 16 мамыр айында құрылтай шешімімен  құрылтан, әрі 1997 жылдың 18 шілдесіндегі N12301-1910-АО номерімен Алматы қаласының  Әділет басқармасында заңды тұлға  ретінде тіркелген "Бағалы  қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы бар. Қоғам  ҚР "Акционерлік қоғам туралы" Заңына сәйкес 1999 жылдың 28 қазанында  және 2002 жылдың 9 сәуірінде қайта  тіркелді. Коммерциялық емес ұйымдар орталық депозитарий болып табылады және олар мынадай негізгі функцияларды орындайды:

  • номинал ұстаушыны жүзеге асыру;
  • эмиссиялық бағалы қағаздар мен басқа да қаржылық
  • құралдар бойынша құқықтарды ескеру және мәмілелерді тіркеу;
  • номинал ұстаушыға қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша және оның табыс төлемі бойынша төлем агенттігінің функциясы;
  • қаржылық құралдар мен мәмілелер бойынша клиринг;
  • ҚР заңдарына қайшы келмейтін кеңес беру, ақпараттық және басқа да қызмет түрлері.

2) тіркеушілер - ҚР заңдарына  сәйкес құрылған әрбір акционерлік  қоғам бағалы қағаздар эмиссиясы  мемлекеттік тіркеуден өткен  сәттен бастап, бір ай ішінде  бағалы қағаздар ұстаушыларының  тізілімін енгізуді және сақтауды  қамтамасыз етуі керек.

Бағалы қағаз ұстаушыларының мүліктік құқығын және мүдделерін қорғау мақсатында бағалы қағаздар ұстаушыларының тізімін дербес жүргізетін бағалы қағаздармен, сондай-ақ АҚ-мен мәмілелерді тіркейтін  бағалы қағаздар нарығының қатысушылары (тіркеушілер мен номинал ұстаушылары) бағалы қағаздар құқығының бірінші тұлғадан екіншісіне өтуіне байланысты мәмілелерді орындаудың фактілерін бекітуге міндетті.

Номинал ұстаушылар клиенттердің бағалы қағаздарымен болатын мәмілелерді  және олардың ауыртпашылық түсірген фактілерін тіркеу бойынша функцияларды орындайды. Олардың иелік ету  құқығын растайды, клиенттерде бағалы қағаздардың болуын және олармен  мәміле жасаудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, төлем агенттігінің функциясын орындайды, клиенттерді бағалы қағаздардың  номинал ұстаушыларына берілгені  жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сондай-ак номинал ұстаушыларымен жасасқан келісімшартқа сәйкес басқа да функцияларды орындайды. Номинал ұстаушылардың  қызметі ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөніндегі агенттігі берген лицензияның  негізінде жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздармен байланысты меншік иелерінің құқығын жүзеге асыру үшін тіркеушілердің талап  етуі бойынша номинал ұстаушылар тіркелген бағалы қағаз иелерінің  тізімін нақты бір күнде беруте міндетті. Номинал ұстаушыларға аталған ақпаратты ашу құқығын бермеген бағалы қағаз иелері кірмейді.

Тіркеушінің функциялық міндеттемесі мыналарда:

  • бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу арқылы меншік құқығын тіркеу және аталған тіркеуді растайтын жазбаша немесе электрондық құжаттарды ресімдеу;
  • бағалы қағаз иелерінің тізілімін енгізу және сақтау;
  • тізілімнен көшірме беру жолымен бағалы қағаз иелерінің құқығын растау;
  • бағалы қағаздардың меншік құқығының өзгеру фактісін тізілімдегі тиісті жазуды өзгерту жолымен тіркеу;
  • дауыс құқығын және бағалы қағаздар меншігі құқығының ауыртпашылық түсірген фактісін тіркеу;
  • эмиссияланған бағалы қағаздардың мөлшерін және оның тіркелген мөлшерге сәйкес келуін бақылау;
  • құжаттамалық формада шығарылған бағалы қағаздардың сертификаттарын сақтау, беру және өтеу;
  • корпорациялық әрекеттерді тіркеуді жүзеге асыру;
  • тіркеуші эмитентке оны жалпы жиналысқа дайындау, сондай-ақ дивидендтік есеп айырысу бойынша кеңес беру қызметін көрсетуге құқылы.

Тіркеуші заңмен белгіленген  жағдайларды ескермегенде тізімді  немесе оның бөлігін жүргізу бойынша  өз өкілеттілігін басқа тұлғаға  жүктей алмайды. Оның тізімін өзі  жүргізсе де эмитенттерге тиесілі бағалы қағаздардың меншік құқығын тіркеушінің  сатып алуға құқығы болмайды;

3) клирингтік ұйымдар  - қаржылық құралдармен мәмілелерді  орындауға қатысатын тараптардың  талаптары мен міндеттемелерін  өзара есепке жатқызатын қаржы  нарығының кәсіби қатысушылары;

4) кастодиандар - клиенттердің  қаржылық құралдары мен ақшасын  сақтайтын, әрі олардың есебін  жүргізетін, оларды сақтау міндеттемесін  өз мойындарына алумен қаржы  құралдары мен ақшаға байланысты  олардың құқығын растайтын қаржы  нарығының кәсіби қатысушылары. ҚР-да кастодиандық қызметпен және сейфтік операциялармен айналысуға лицензиясы бар банктер ғана кастодиан бола алады;

5) бағалы қағаздар портфелін  басқарушы - клиент есебінен және  оның мүддесі тұрғысынан азаматтық  құқықтың объектілерін басқару  жөніндегі қызметті өз атынан  жүзеге асыратын қаржы нарығының  кәсіби қатысушылары. Олардың негізгі функциялары:

  • ақшаны қаржылық құралдарға инвестициялау;
  • қаржылық құралдармен орындалатын мәмілелердің есебін жүргізу;
  • өздеріне жүктелген қаржылық құралдарды пайдалану, әрі оған иелік ету.

Бағалы қағаздар нарығыңдағы  кәсіби қызметтің қандай да бір басқа  түрлерімен қатар қолданылмайтын айырықша түрлеріне мыналар жатады:

  • бағалы қағаз иелерінің тізімін жүргізу;
  • депозиттік қызмет - тек клирингтік қызметпен ғана қатар қолданыла алады;
  • инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфелін басқару;
  • қор биржалары;
  • биржадан тыс нарықтың баға белгілеу жүйесі.

Айрықша қызмет түрлерін есепке алмағанда, кез келген басқа қызмет түрлерімен кастодиандық қызмет қатар  жүргізіле береді, ал бағалы қағаздар портфелін басқару брокерлік, дилерлік және кастодиандық қызмет түрлерімен қатар қолданыла алады.

Бағалы қағаздар нарығындағы  кез келген қызметтің міндетті шартына  заңды тұлғалар үшін мемлекеттік  лицензияны алуы жатса, жеке тұлғалар үшін - ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  жөніндегі агенттіктің біліктілік куәлігі қажет.

Қазақстан Республикасының  бағалы қағаздар нарығының 2011 жылғы 1 қаңтарындағы ағымдағы жағдайы бойынша Қазақстан  Республикасының  бағалы  қағаздар  нарығында барлығы 76 брокерлер және дилерлер, 10 тіркеуші, 10 кастодиандық банк, 15 зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы ұйымдар және 39 инвестициялық портфельді басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдар қатысады.

БҚН-ның қатысушыларынның бір-бірімен байланысын Сурет 2-ден  көруге болады.

 

 

 

 

 



 


 






 


 




 





 

 



 

 

Ескерту: кесте 15-әдебиеттен алынған

Сурет 2 – Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Қазақстанда сақтандыру жүйесінің қалыптасуы

 

Қаржы нарығының ең маңызды  салаларының бірі – сақтандыру нарығы. Сақтандыру дегеніміз – екі жақ  тәуекелгебара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісім береді. Сақтандыру адамдарды әр түрлі қауіп  қатерлер мен апаттардың залалдарынан қорғацдың бұрыннан келе жатқан әдісі.

Сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына  тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың  нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың  жиынтығын қамтиды.

Сақтандырудың келесідей  негізгі функциялары бар:

  1. реттеуші – нарық, басқалар сияқты мемлекет тарапынан реттеліп отырады;
  2. коммерциялық – сақтандыру операцияларын жүзеге асырудан түсетін табыстарды қамтамасыз етеді;
  3. бағалық – компанияның сақтандыру қызметінің бағасын белгілеуді қамтамасыз етеді;
  4. сенімділік функциясы – сақтандыру операциялары қолайсыз, т.б жағдайлар тцындағанда сенімділікті қамтамасыз етеді.

Міндетті түрде – заңдық актілердің талап ету күшіне сай  жүзеге асырылатын сақтандыру.

Ерікті түрде – екі  жақ бірдей ерік білдірген жағдайда жасалатын сақтандыру.

Жеке сақтандыру. Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы  жеке сақтандырудың обьектілері  болып табылады. Мүліктік сақтандыруды өздеріне тиесілі немесе жалға алған  меншіктеріне тікелей немесе жанамалай  зиян келтірмеу мақсатымен жекелеген  адамдар мен шаруашылық субьектілері жүргізеді. Мүліктік сақтандырудың  обьектілері болып жер бетіндегі, әуедегі және су көлігі, жүктер мен  басқа да мүліктер, сондай-ақ қаржылық тәуелділік саналады.

Мемлекеттік сақтандыру жағдайында сақтандырушы мемлекеттік ұйым болып  есептелінеді де, ол заңдар арқылы реттелініп отырады.

Акционерлік сақтандыру –  жеке байлығы аз құрылтайшыларға  ақшалай ресурстарды өздеріне тарту  арқылы сақтандыру операцияларын жүргізуді  тездетуге мүмкіндік беретін  акциялар бойынша өзінің жарғылық капиталын  құрайтын акционерлік қоғамдар сақтандыру қызметінің сақтандырушылары ретінде  танылатын түрі.

Өзара сақтандыру – өзара  көмек беруді қамтамасыз етуге бастайтын  қауіпсіздікті сақтаудың түрі.

ҚР «Сақтандыру қызметі  туралы» заңында сақтандырудың  трансшегаралық деп аталатын түрі де қарастырылған. Трансшегаралық сақтандыруда сақтандыру сыйақысы республикада да, одан тыс жерлерде де жүргізіле береді. Сақтандырудың мұндай түрін жүргізудің шарттары мен тәртібі ҚР заңымен  және республикамызда бекітілген халықаралық  келісімдермен анықталады.

Қр «Сақтандыру қызметі  туралы» Заңына сәйкес сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері, сақтандыру агенті, сақтандырушы, сақтандырылған, табыс  табушы, актуарий, өкілеттілігі бар  аудиторлық ұйым, өзара сақтандырушыға байланысты басқа да жеке және заңды  тұлғалар сақтандыру нарығына қатысушыоар  болып саналады.

ҚР-дың сақтандыру нарығында  қарым-қатынасының мына төмендегідей қатысушылары бөлініп шығады:

  • сақтандыру нарығының қызметіне сұранысты жасаушы сақтандырушылар;
  • осы сұранысты қанағаттандырушы тікелей сақтандыру компаниялары;
  • келтірілген зиянды сақтандыру операцияларына таратып отыруды, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығын жалпы түрде қамтамасыз етуші қайта сақтандыру компаниялары;
  • сақтандыру қызметтерін сақтандырушы мен сақтандырушыларының арасында ретке келтіріп отыратын сақтандыру сарапшылары;
  • сақтандыру инфрақұрылымынң ұйымдары.

Сақтандыруға бақылау  жүргізуші өкілетті мемлекеттік  орган ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттікреттеу және қадағалау агенттігі болып табылады. Оның сақтандыруды реттеп отыру саласындағы  негізгі міндеттері:

Информация о работе Каржы нарыгы