Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 13:01, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың міндеті бюджеттік саясатты жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік бюджеттің шығыстарының ұлғаюы, олардың нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды талдау арқылы бюджеттік үдерісті одан әрі жетілдіру, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру әдісін жүзеге асыру.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін қаржылық –бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізу.

Содержание

Кіріспе
3

1
Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері


1.1Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеудің мақсаттары, қағидаттары және қызметтері

6

1.2Экономиканы қаржылық- бюджеттік реттеу әдістемесі
16

1.3 Қаржылық - бюджеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
22
2
Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістерінің ұйымдастырылуының тиімділігін талдау


2.1 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бюджет үрдісін іске асырудағы негізгі міндеттері мен бағыттарын талдау
30

2.2 Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістерін талдау
38

2.3 Қазақстан Республикасы бюджетінің шығыстарын талдау
45
3
Қазақстан Республикасының экономиканы қаржылық– бюджеттік реттеу әдіснамасын жетілдіру


3.1Экономиканы бюджеттік - қаржылық реттеу механизмдерін жетілдіру жолдары
66

3.2Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудегі кейбір мәселелер және оларды шешу жолдары
76


Қорытынды
86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
88

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ (Восстановлен).docx

— 4.94 Мб (Скачать)

 Республикалық бюджеттен  өңірлерге бөлінген нысаналытрансферттер  толығымен игерілмеген. Бұл ретте  бірқатар өңірде игерілмегентрансферт  қаражаты жергілікті бюджетке  бос қалдық ретінде есептеліп,  бюджетқаражатының атаулылық және  нысаналы сипаты принципіне қайшы  келуде. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері нысаналы трансферттерді игерубарысына тиісті бақылауды жүзеге асырмаған, ал жергілікті атқарушы органдароларды тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етпеген. Сөйтіп,инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістік, әлеуметтік және мәденибағыттағы объектілерді іске қосу мерзімдері кешіктірілген.

2011 жылы республикалық бюджет тапшылығын өтеу елеулі дәрежеде ішкі қарыз есебінен жүзеге асырылған. Осы орайда Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарын, негізінен, мемлекеттік қаржы институттары, жинақтаушы зейнеткерлік қорлар сатып алған. Бұған қоса, елеулі активтер шетелдердің мемлекеттік және корпоративтікбағалы қағаздарына орналастырылған. Бұл отандық қор рыногының, еңалдымен – бағалы қағаздардың қайталама рыногының дамуына теріс ықпалынтигізген. Қазіргі кезде қаржы институттары көбінесе отандық тауарөндірушілерді қолдауға емес, сыйақы алуға бағытталған.

 Мемлекет активтері  мен мүліктерінің бірыңғай есебіқалыптастырылмаған.  Мемлекеттік мүлік тізілімі және  қаржылық есептілікдепозитарийі  квазимемлекеттік сектор субъектілерінің  және олардыңаффилиирленген тұлғаларының  қаржы–шаруашылық қызметі нәтижелерініңбіртұтас жағдайын көрсетпейді.

Холдингілерде және басқа  да даму институттарында көптеген еншілесжәне өзге де бөлімшелер құру тәжірибесі көп сатылылыққа, функциялардың қосарланушылығына, бюрократизмге, шығындардың көбеюіне, мемлекет активтерін пайдаланудың ашық болмауына алып келді.

Мемлекетпен бизнестің өзара іс–қимылының тетіктеріжетілдірілмегендіктен, квазимемлекеттік сектор субъектілері жүзеге асыратынжекелеген индустриялық–инновациялық жобалар тиісті деңгейде іскеасырылмаған. Бұған қоса, жауапты мемлекеттік органдар тарапынан олардыңорындалуына пәрменді бақылау және мониторинг жүзеге асырылмаған.

Атқарушы мемлекеттік  органдарда «электрондық үкімет» аясындаақпараттық жүйелерді одан әрі іске асыру тетігінің, сондай–ақ ҚазақстанРеспубликасы нормативтік құқықтық актілерінің болмауы оларды пайдалануғаберу үшін басты кедергі болып табылады.Халыққа қызмет көрсету орталықтарын құруға және дамытуға, оларды дамыту тұжырымдамасына, штат санының және олардың орналасқаналаңдарының нормативтеріне уәкілетті орталық және жергілікті атқарушыоргандар тарапынан тиісті бақылаудың болмауы олардың қызметініңтиімсіздігіне алып келген.

Республикалық бюджетті атқару кезінде көптеген кемшіліктерге  жолберілу бюджет процесіне қатысушылардың, соның ішінде түпкіліктінәтижелерге  қол жеткізуге жергілікті атқарушы органдар басшыларыныңжауаптылығы  нормаларының заңнамалық тұрғыдан тиісінше бекітілмеуінентуындап отыр[17].

Республикалық бюджеттің  кірістері мен шығыстарын талдау, бақылау, бағалау барысында туындаған  мәселелерге қатысты ұсыныстар:

  • республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде экономиканы дамытудың ішкі және сыртқы факторларын, атап айтқанда: әлем нарықтарының конъюнктурасын, Кеден одағының мүмкіндіктерін, экономиканың дағдарыстан кейінгі кезеңдегі дамуын және басқаларды ескере отырып, нақты макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану;
  • бюджетті нақтылау және түзету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қатаң сақтау; бюджеттің негізгі көрсеткіштерін «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы ғана түзету;
  • салық төлеушілерді есепке қою, салықтық тексерудің нәтижелерінешағымдану рәсімі және салықтарды бюджетке мәжбүрлеп өндіріп алу мәселелері бойынша салықтық әкімшілік ету тетігін оңайлату; заңды тұлғалардың банкротқа ұшырауына байланысты, салықтарды есептен шығару сомасын қысқарту мақсатында мемлекеттің қатысуымен құрылған рентабельді емес ұйымдарды сауықтырудың тиімді тетіктерін әзірлеу; оларды оңалту жүйесін жетілдіру;
  • отандық бизнесті және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды қолдаудың және дамытудың, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне дайындықтың пәрменді тетіктерін әзірлеу үшін Кеден одағының аясында экономикалық шарттарға терең талдау жүргізу; ҚҚС қайтару рәсімін кеңінен пайдаланудың негізінде Кеден одағының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеу;
  • декларацияланған тауарлар құнының төмендеуін, олардың тауарлықкодтарының бұрмалануын және бюджет кірісіне түсетін түсімдердің азаюынаықпалын тигізетін басқа да бұрмалаушылықтарды болдырмау үшін транзиттік жүктердің орын ауыстыруын бақылау тетігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының және басқа елдердің арасындағы өзара сауда  көрсеткіштерінде статистикалық алшақтықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
  • қаражат алушыларға есепті жылдың аяғында республикалық бюджеттен қаражат бөлудің және республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі қаржылық есептілікте оларды игерілген ретінде көрсетудің қалыптасқан тәжірибесін жою;
  • кредит берудің қол жетімді жүйесін қалыптастыру, кредиттердің түпкілікті қарыз алушыға уақтылы жетуі жөніндегі мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру; бюджеттік кредиттерді, атап айтқанда, ауыл шаруашылығын және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылықты дамытуға бағытталған кредиттерді бөлу шарттарын жұмсарту;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына инвестициялық жобаларға (экономикалық, экологиялық, санитарлық– эпидемиологиялық және басқа) салалық сараптама жүргізуді бірыңғай кешенді мемлекеттік сараптамаға біріктіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер енгізу тәжірибесін жою;
  • мемлекеттік және салалық бағдарламаларды мониторингілеу мен бақылаудың айқын жүйесін енгізу мақсатында бағдарламалық құжаттарды іске асыруға бағытталған қаражатты жоспарлаудың және пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс бөлінетін бюджеттік бағдарламаны жауапты мемлекеттік органдарда қарау;
  • мемлекеттік мүлік тізілімінде және қаржылық есептілік депозитарийінде мемлекет активтері мен мүліктерінің толыққанды есебін және мониторингін қамтамасыз ету,холдингілердің және квазимемлекеттік сектордың басқа да субъектілерінің қызметтерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшінолардың ұйымдастырушылық құрылымына талдау жүргіз және көп сатылылық пен функцияларының қосарланушылығын жою,  индустриялық–инновациялық жобаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай–ақ мемлекеттік–жекеменшік серіктестік аясында өзара іс–қимылдарының тетігін жетілдіру;
  • «Электрондық үкімет» аясында әзірленген және әзірленіп жатқан барлық ақпараттық жүйелерге кешенді түгендеу жүргізу және соның нәтижелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге қажеттіөзгерістер мен толықтыруларды енгізе отырып, «электрондық үкімет» құрудың тұжырымдамалық негіздерін пысықтау;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтарына бөлініп жатқан бюджетқаражатының тиімсіз пайдаланылуын болдырмау үшін оларды дамытудыңтұжырымдамасын әзірлеу, филиалдарының үлгі құрылымдарын, көрсететінқызметтерінің көлемін негізге ала отырып тиісті нормативтерін бекіту ұсынылады.

Қорытындылай келе, бюджеттік үдерісті басқару кезіндемемлекеттік органдардың  ішкі міндеттерін шешуге ғана емес, тұтастай елдің және қоғамның міндеттерін шешуге  көңіл бөлгені дұрыс деп ойлаймын.

 

 

 

Қорытынды

 

Экономиканы мемлекеттік  қаржылық–бюджеттік реттеу – бұл макроэкономикалық тепе–теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде  оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай–ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық  өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.Қаржылық–бюджеттік реттеудің көмегімен мемлекет халықтың  төлем қабілеттілігінің сұранымына,  қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.

Мемлекеттік бюджеттің сан  қырлы маңызын ескере отырып, оны  тек экономикалық категория және мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы  жоспары,  әлеуметтік – экономикалық үдерістерді реттеу механизмінің жиынтық   ұғымы ретінде қарау керек.

Реттеудің екі негізгі түрін атап өтуге болады, ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) және әкімшілік реттеу.Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік–кредиттік, кедендік–тарифтік, валюталық–қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішіндегі, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте – қаржыландыру (субвенциялар, субсидиялар, трансферттер),  салықта – тура және жанама салық салу, валюта – қаржыда – сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар – қаржылық реттеудің негізгі нысандары.

Экономиканы қаржылық–бюджеттік реттеудің әдістеріне бюджет тапшылығын қаржыландыру, шығындарды мөлшерлеу, қаражатты пайыздық аудару жатады. Бюджеттік реттеудің әдісі ретінде қолданылуына байланысты салықтар бекітілген және реттеуші болып бөлінеді. Сонымен қатар нәтижеге бағдарланған бюджеттің қалыптасуы – бюджеттік ресурстарды басқару мен күтілетін түпкілікті (қорытынды) және тікелей нәтижелердің қоғамдық мәнділігі арасындағы тікелей өзара байланысты қамтамасыз ететін бюджеттік реттеу мен жоспарлаудың әдісі ретінде қолданысқа енгізілуде.

2011 жылғы республикалық  бюджеттің атқарылуына талдау жасау бюджетжүйесі принциптерінің сәйкестігіне, салықтық және кедендік әкімшілік етушараларының тиімділігіне, сондай–ақ мемлекеттік бағдарламаларды іскеасырудың, бюджеттік бағдарламаларға әкімшілік етудің тиімділігіне жәнемемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының орындалуынажүргізілген бақылау және талдау іс–шараларының қорытындысы негізінде жүзеге асырылды. Республикалық бюджет кірістері ЖІӨ–нің 2011 жылы іс жүзінде қалыптасқан номиналдық көрсеткішінаурыздағы нақтыланған көрсеткіштен 4113,4 млрд.теңгеге (ЖІӨ–ге шаққанда19,6%), қыркүйектегі нақтыланған көрсеткіштен 2344,1 млрд.теңгеге (ЖІӨ–гешаққанда 10,8%) ауытқыған. Мұның бәрі республикалық бюджет кірісінің қалыптасуына әсер етіп,оның мөлшері жоспардағы 3 413,7 млрд.теңгенің орнына 3 626,2 млрд.теңгеніқұрады.

2011 жылы республикалық  бюджеттің шығыстары, 2010 жылмен салыстырғанда, 28,5%–ға өсіп, 4574,1 млрд.теңгені немесе төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының 99,2%–ын құраған. Есепті кезеңнің қорытындысында шығындар бойынша 36,7 млрд.теңге игерілмеген.2011 жылы дебиторлық берешек, 2010 жылмен салыстырғанда, 1,6 есегеөскен.

Қорыта келгенде соңғы жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу болып табылды, бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюын және қатаң монетарлық және кредиттік саясатты іске асыруды білдірді.1997 жылы қабылданған «Қазақстан–2030» ұзақ мерзімді Стратегиясында мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіруді реформалардың басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған болатын.Бюджеттік үдерісті басқару кезінде мемлекеттік органдардың  тұтастай елдің және қоғамның міндеттерін шешуге емес, ішкі міндеттерін шешуге көп көңіл бөлетіндігін байқауға болады.

Осы жағдайды жою үшін біз  келесі шараларды жүзеге асыруды  ұсынып отырмыз:

  • бюджеттік ресурстарды мемлекеттік басқарудың ережелері, нормалары мен нормативтері формальды түрде емес, нақты қызметтік түрде болуы және қатаң түрде қадағалануы қажет;
  • бюджеттен бөлінетін қаржы ресурстарын бөлу кезінде сәйкес әкімшіліктерден осы қаражаттардың объективті қажеттілігі туралы негіздемені жоғарғы деңгейде жасауын және оны игеруді жүзеге асыру барысында алынатын нәтиженің тиімділігін бағалауды талап ету;
  • осы нәтижеге жетуді жеке дара мемлекеттік органға  жауапкершілікті жүктеуді күшейту;
  • бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын игеру жөніндегі есепті тиісті мемлекеттік органдарға белгіленген уақыт аралығында өткізулері және осының негізінде талдау жасаудың әдістемесін күшейту қажет;
  • халықтың әлеуметтік ахуалымен байланыссыз барлық шығындарды мүмкіншілігінше қысқартуды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік бюджетті жоспарлауда шығындарды емес, осы шығындарды жұмсау нәтижесін жоспарлауға мүмкіндігінше көшу қажет;
  • бюджеттен бөлінетін қаржы ресурстарын дұрыс игермеген мекемелерге мемлекет тарапынан айыппұл салу жүйесін енгізу қажет деп ойлаймыз.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті–Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»2012 жылғы 27 қаңтар
  2. Құлпыбаев С., Ынтықбаеа С.Ж., Мельников В.Д.Қаржы: оқулық/ – Алматы. Экономика, 2011–540 бет
  3. Искакова У.М., Бохаева Д.Т., Рузиева Э.А.,Финансовые рынки и посредники: Учебник. - Алматы: Экономика, 2005.-298с
  4. Қазақстан Республикасы Бюджеттік  кодексі. 4 желтоқсан 2008ж  № 95–IV;
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. Өзгертулер мен толықтырулар негізінде;
  6. Әбішев Ә.Ә., СидоровичА.В. Ұлттық экономика: оқулық/–Алматы: Экономика, 2010.–528 бет
  7. Бибатырова І.А., Кекілов  Б.Ж. ,Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу: оқу құралы/– Алматы–2006
  8. Худяков А.И. «Финансовое право Республики Казахстан»/ Алматы– 2001.
  9. «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама»2007 жылдың 26 желтоқсанында Үкімет Қаулысымен №1297
  10. Финансово – кредитные проблемы зарубежных стран. Рудый К.В. Учеб. Пособие.–М.: Новое знание, 2010
  11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігітуралы ереже. Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  2008 жылғы 24 сәуірдегі  N 387 қаулысымен  бекітілген    
  12. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы ереже», ҚР Үкiметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1127 қаулысы;   
  13. «ҚР Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi туралы ереже», ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1129 Қаулысы
  14. «ҚР Қаржы министрлiгiнiң Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi туралы ереже», ҚРҮкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1134 Қаулысы;
  15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2304 Қаулысы
  16. Қаржы – Қаражат - Финансы Казахстана. Научно–практический журнал.// Алматы:ТОО «Финэк» 2012 жылы №1 с. 5–10
  17. www.esep.kzҚазақстан  Республикасы Есеп комитетінің ресми сайты
  18. www.minfin.kz  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми сайты
  19. www.stat.kz  Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми сайты
  20. www.minplan.kz  Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және Сауда министрлігінің ресми сайты
  21. www.egov.kz Қазақстан Республикасының электрондық  үкіметінің ресми сайты
  22. www.government.kzҚазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты
  23. www.mz.gov.kzҚазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты
  24. www.edu.gov.kzҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайты
  25. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген
  26. «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді Стратегиясы
  27. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер»  Қазақстан Республикасы Заңы
  28. Қазақстан Республикасының Заңы «2010–2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»
  29. «ҚР Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi туралыереже», ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1133 қаулысы;

Информация о работе Экономиканы қаржылық - бюджеттік реттеудің теориялық–әдіснамалық негіздері