Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 17:08, курсовая работа
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез – келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана алады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛЬДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ ....................................................................................................................5
Бағалы қағаздардың инвестициялық сапасы және инвестициялық портфель ....................................................................................................................5
1.2 Бағалы қағаздарды банк аясында инвестициялау ..........................................12
II. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ МЕН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬДЕРІН БАСҚАРУ ..........................................16
2.1 Инвестицялық портфельдің табыстылығын бағалау ......................................16
2.2 Кәсіпорынның инвестициялық портфелін басқару .........................................18
2.3 «Казпочта» АҚ-ның инвестициялық портфельі және акцияларды шығару проспектісі .................................................................................................................23
Қорытынды ...............................................................................................................30
Қолданған әдебиеттер............
КІРІСПЕ......................
1.2 Бағалы қағаздарды
банк аясында инвестициялау ..............................
II. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ МЕН
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛЬДЕРІН
2.1 Инвестицялық
портфельдің табыстылығын
2.2 Кәсіпорынның
инвестициялық портфелін
2.3 «Казпочта»
АҚ-ның инвестициялық
Қорытынды ..............................
Қолданған әдебиеттер....................
КІРІСПЕ
Қазақстан орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.
Нарық – күрделі, әрі жан – жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез – келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.
Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттің меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы итституттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.
Жұмыстың
мақсаты Қазақстандағы бағалы қағаздар
түрлері мен жіктелуін
Қазақстан Республикасының
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуде қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Бағалы қағаздар нарығы барлық мемлекеттерде, көптеген қарым-қатынастарда экономикалық өсуді қаржыландырудың өте жақсы және тиімді механизімі болып табылады.
Қазіргі
кезде бағалы қағаздар нарығы - әлемдік
экономика мен халықаралық
Бүгінгі бағалы қағаздар нарығы тиімді инфрақұрылыммен экономикалық қарым-қатынастағы дамыған елдердегі инвестицияны жинақтауды түрлендіруде ең негізгі рольді атқаратын, ақша қаражаттарын қайта бөлудегі ең негізгі механизм болып қатысады.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды.
Қорыта
айтқанда, Қазақстан Республикасында
қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар
нарығындағы үлгісіне нақты бірыңғай
көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар
нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз
өзгерістер енгізілуі мүмкін.
1
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
ПОРТФЕЛЬДІК ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ
ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1
Бағалы қағаздардың
инвестициялық сапасы
және инвестициялық
портфель
Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар – бұлар бағалы қағаздар алып – сатумен айналысатын не оның айналымы мен есебіне қызмет көрсететін жеке тұлғалар не мекемелер; бұлар бағалы қағаздар айналымына қатысты өз араларында белгілі бір экономикалық қатынастармен айналысатын тұлғалар.
Функционалдық қызметтеріне байланысты қатысушылардың төмендегідей негізгі топтары да бар (7 сурет):
Эмитенттер – бұлар бағалы қағаздарды айналымға жіберетіндер.
Инвесторлар – бұлар айналымға жіберілген бағалы қағаздарды сатып алушылар.
Қорлық делдалдар – бұлар бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттер мен инвесторлар арсындағы байланысты қамтамасыз ететін саудагерлер.
Бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін мекемелер – бұлар бағалы қағаздар нарығындағы бағалы қағаздарды алып – сату ісінен басқа барлық қызметтерді орындаушы мекмелер.
Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуіне бола қызмет ететін мекмелерге төмендегілер жатады:
Cурет 1 - Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
Бағалы қағаздар нарығының жұмыс
істеуіне бола қызмет ететін мекмелерге
төмендегілер жатады:
Инвестициялық портфель – бұл капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни меншікті компаниялардың және мемлекеттің шығаратын акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Сурет-2 – Портфельді қалыптастыру мақсаты
Инвестициялық портфельді қалыптастырудың басты мақсаты – не ол, не бұл капиталды салу формасына байланысты, сөйтіп, салымның сенімділігін және ең үлкен кепілдік табысты қамтамасыз ететін, мүмкіншілігі барынша бірін-бірі өтеу тәуекелділігі болып табылады.
Құнды қағаздар портфелін
Портфельдің мұндай тұрпаты
Инвестициялық қаржыдан
Қағида бойынша, портфельдерді басқару екі тәсілге бөлінеді – активтік және пассивтік.
Активтік басқару – инвестициялық портфельден алынған табыс мөлшерінің болжайтындығын сипаттайды.
Пассивтік басқарудың мәні – күні бұрын тәуекелдік деңгейі анықталған және портфельді өзгеріссіз жағдайда ұзаққа ұстап қалатын жақсы әртараптандырылған портфельдерді жасаудан тұрады.
XX ғасырдың 60 жылдың ортасына дейін шет мемлекеттерінде портфелді бақаруда активтік әдісті қолданған. Бұл әдісті қолданған менеджерлер тәуекелге және күтілетін табыстылыққа болжамдарын қарастырған. Егер, бұл болжамдар оңтайлы болса, онда портфель жоғарғы табыстылық әкеледі деген ой қалыптасқан.
Информация о работе Инвестицялық портфельдің табыстылығын бағалау