Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары

Автор: F*********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 09:05, курсовая работа

Описание работы

Өндірісті тиімді ұйымдастыру қағидасы, әрине маңызды бірақ, басқарудың жаңа тәсілдеріне негізделген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыру адамдарға, олардың біліміне, біліктілігіне, мамандығына, тәртібіне, ынтасына, кәсібилігіне, шығармашылық қабілеттеріне тәуелді болды. Және еңбек нарығының осы келтірілген сапалары кәсіпорын қызметі нәтижесінің жоғары болуы мен оның нарықтағы бәсеке қабілеттілігіне бірден – бір ықпал етуші фактор болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты еліміздің көптеген өндіріс орындарының алдында еңбек нарығын мейлінше тиімді пайдаланып, олардың еңбек потенциалын пайдалануды арттыру мәселесі тұр.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................4
1-бөлім. Еңбек нарығының теориялық негіздері ...............................................6
1.1. Еңбек нарығының мәні, мағынасы және мазмұны.......................................6
1.2. Еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктері мен шарттары................................................................................................................13
1.3. Еңбек нарығын кешенді бағалаудың теориялық негіздері..................................................................................................................18
2-бөлім.. Еңбек нарығында кәсіпорынның жағдайын талдау ..........................24
2.1. Кәсіпорынның негізгі қызметінің сипаттамасы..........................................24
2.2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы............................................................27
2.3. Кәсіпорынның оқыту үрдісі бойынша сипаттамасы...................................30
2.4. Персоналды құрамы және ұйымның әлеуметтік дамуына талдау......................................................................................................................35
3-бөлім. Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары ...37
3.1. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының стратегиялық
жоспары .............................................................................................................37
3.2. Тілдерді оқыту орталығының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бағыттары...............................................................................................39
3.3. Экономикалық жүйеде еңбек нарығын тиімді
пайдалану жолдары ..............................................................................................40

Қорытынды.............................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....

Работа содержит 1 файл

еңбек.docx

— 276.62 Кб (Скачать)

           Эқ,- қолайсыз еңбек жағдайын жоюға жұмсалатын энергия шығыны.

   Психофизиологиялық  әдіс бұл әдісті пайдалану кезінде келесідей көрсеткіштер қолданылады: еңбек ету кезіндегі қанның минуттық көлемі, жүрек соғуының жиілігі, ағзаның рефлекторлы реакциясының деңгейі, еңбек ету кезіндегі минуттық дем алу көлемі, ауаны минуттық пайдалануы, жұмысты орындау кезіндегі жалпы энергиялық шығындар және т.б. Бұл көрсеткіштер жұмыс үдерісіндегі ағзаның жүйке – психологиялық және физиологиялық функцияларын сипаттайды.

   Еңбек қарқындылығын өлшеудің  психофизиологиялық әдісі көп  еңбек етуді, арнайы білім мен  осы әдіспен жұмыс істеуге  қажет құрал – жабдықтың болғанын  талап етеді. Психофизиологиялық  зерттеулерді жүргізу үшін белгілі  бір уақыт бөліп адамдарды  жұмыстан босату керек болады.

   Әлеуметтік әдіс Бұл әдіс жұмыскердің шаршау және жұмысқа деген қабілетінің деңгейі жөнінде сауалнама жүргізіп, интервью алу арқылы ақпараттар топтастырып, жұмыскердің жұмысқа деген қабілетін қалыптастыру және өндірістік шаршау деңгейінің мөлшерін анықтау мақсатында қолданылады.[25]

   Жұмыскерлер еңбегінің ауырлығын  және қарқындылығын зерттеу үшін  бірқатар жеке және жалпыланған  коэффициенттер есептелінеді.Жеке  коэффициенттер екі топқа бөлінеді.

  Бірінші топ – кешкі шаршаудың жеке коэффициенті. Оған жататындар:

  1. Ауырлықтың жеке коэффициенті, ол келесідей формуламен есептеледі:

АЖК = Cтш /Cз,                                               (13)

Мұнда Cтш – қатты шаршаған жұмыскерлер саны;

     Cз – зерттелген жұмыскерлердің жалпы саны; 

  1. Бір қалыпты  жағдайдың жеке коэффициенті (БЖК)
 

БЖК = Cәш /Cз,                                                   (14)

мұнда: Cз – әлсіз шаршауды сезінетін жұмыскерлер саны; 

  1. Жеңіл еңбектің жеке коэффициенті (ЖЕК):
 

ЖЕК = Cжкш/ Cз,                                               (15)    

мұнда: Cжкш- жұмыстан кейін шаршамайтын жұмыскерлер саны. 

Екінші  топқа таңғы шаршаудың жеке коэффициенттері  жатады.

  1. Толық жұмысқа қабілеттіліктің жеке коэффициенті (ТЖҚЖК):

ТЖҚЖК = Cжд/ Cз,       (16)

Мұнда:

             Cжд- шаршауды сезінбейтін, жақсы демалып келген жұмыскерлер саны.

  1. Толық емес жұмысқа қабілеттіліктің жеке коэффициенті (ТЕЖҚЖК):

 ТЕЖҚЖК= Cтеж /Cз,                                 (17)

мұнда

Cтеж= жұмысқа шаршап келген жұмыскерлер саны, 

  1. Жұмысқа деген  қабілеттіліктің болмауының жеке коэффициенті (ЖҚБЖК):

ЖҚБЖК= Cқш /Cз                                                            (18)

Мұнда:

Cқш –жұмысқа қатты шаршап келген жұмыскерлер саны.

      Экономикалық әдіс  Бұл әдіске А.А.Пригариннің ұсынған әдісін жатқызуға болады. Мұнда сағаттық еңбек қарқындылығы келесідей болып есептеледі (4.359-362))

Қ = Т * А * К,                                                                     (19)

Мұнда:

Т және А – бір жұмыс қозғалысын орындауға  керекті жұмыс қарқыны мен  жұмсалған күш;

К –  қолайсыз еңбек жағдайында жұмыскердің  энергия шығынының артуын ескеретін  коэффициент. [26]

   Келесі тікелей әдісті Г.Н.Черкасов  және А.Г.Клименко ұсынған. Бұл  әдіс еңбек үдерісінің салыстырмалы  сандық көлемін элементтерге  бөлуді, еңбекті шартты бірлікте  бағалауды және уақыт бірлігінде, шартты бірлікте кеткен жалпы  еңбек шығынын анықтауды ұсынады. 

   Тікелей әдістерге қарағанда  жанама әдістердің тәжірибелік  мәні зор. Оның мәні жұмыс  уақытын пайдалануды есептеу  арқылы еңбек қарқынының деңгейін  бағалаудан тұрады.

   Еңбек қарқындылығын өлшеудің  жанама әдісіне жұмыс қарқыны  бойынша бағалау әдісі, құрылымдық  – талдау әдісі және әлеуметтік  – экономикалық үлгі негізінде  бағалау әдісі жатады. [27]

   Жұмыс қарқыны бойынша еңбек  қарқындылығын бағалау әдісі.  Адамның ақыл-ой және дене шығынының  біркелкілігі мен өсіңкілік өлшеміне  сәйкес келетін жұмыстың кейбір  түрлері бойынша еңбек қарқындылығын  жұмыс қарқыны мен қозғалыс  жылдамдығын бағалау арқылы есептеуге  болады. Еңбек қарқындылығының деңгейін  дәл бағалауды арттыру үшін  еңбек қозғалысын орындаудың  эталондық қарқынын анықтаудың  келесідей ыңғайлы түрін қолдануға  болады ЭҚ(қозғалыс/мин):

ЭҚ = 60* V0 /L - І/tn                                                      (20)

  Мұнда:

V0 – еңбек қозғалысының тиімді жылдамдығы, м/с;

  L – еңбек қозғалысы траекториясының ұзындығы немесе заттарды алмастырудың арақашықтығы; м

tn – еңбек қозғалысының нормативті уақыты, минут.

   Жұмыс қарқыны бойынша еңбек  қарқындылығын өлшеу әдісі неғұрлым  қолданбалы және үлкен шығындарды  талап етпейді. Бірақ ол белгілі  бір жұмыс түрлерінде ғана  қолданылады. 

   Құрылымдық – талдау әдісі  талдау жүргізіп жатқан кезеңдегі  жұмыскерлердің нақты еңбек шығыны  мен осы кезеңдегі пайдалы  жұмыс уақытын өлшеуге негізделген.  Нақты еңбек шығыны мен пайдалы  уақытты талдау жұмыс уақытының  және хронометраж мәліметтерін  қолдану арқылы жүзеге асырылады.  Еңбек қарқындылығын өлшеудің  негізгі өлшемі жұмыс уақытының  бірлігі болып табылады. [28]

   Еңбек қарқындылығын әлеуметтік  – экономикалық модельдің негізінде  өлшеу, еңбек қарқындылығы деңгейінің (Кқарқ)  интегралдық көрсеткішін есептеуді ұсынады. Осылайша, қолданылған көрсеткіштердің әрқайсысы жұмыс уақытына қажетті біртекті есептеу негізіне келтіріледі.

                                   

                                    Кқарқ. = Кқарқ.эк * Кқарқф ,                            (21)

өз кезегінде  Кқарқ.  – былай анықталады:

Кқарқ.эк  = Көш жбқ

Мұнда:

Көш    - уақыттың өнімді шығынының деңгейі,

Кжб – жұмысты орындау кезіндегі жұмысбастылық деңгейі;

Кқ  - жұмыс қарқынының деңгейі.

      Жұмыс қарқыны, жұмыскердің жұмысбастылығы, өнімді шығаруға қажетті уақыт  шығындары деңгейлерінің мөлшерін  нормативті мағынасы бар оралымды  есеп пен статистикалық есептеме  мәліметтері бойынша белгілі  әдістеменің көмегімен есептейді.[29]     
 
 

      10-кесте   Еңбек қарқындылығы түрлерінің жіктелуі   

      

     Еңбек қарқындылығының жіктелу  белгілері
Еңбек субьектісі бойынша Еңбек нысаны бойынша (кезең,фазалар, өндірістік үдерістің  операциялары бойынша) Еңбек шығынының  сипаты және жұмыс күнінің қарқындылығы бойынша  
ЕҚ бағалау  уақыты бойынша
 
Өндіріс деңгейі бойынша
Еңбек қарқындылығының түрлері
Жеке  ЕҚ

Топтық  ЕҚ

Кәсіпорынның  жиынтық жұмыскерлерінің ЕҚ халық  шаруашылығы жұмыскерлерінің ЕҚ

Дайындық жұмыс  топтарына ЕҚ Өңдеу жұмыстарына  ЕҚ Слесарлық жинау жұмыстарына  ЕҚ Қоғамдық тиімді ЕҚ Оңтайлы ЕҚ Жоспарлы ЕҚ Нақты  ЕҚ Қоғамдық қажетті ЕҚ Мезеттік ЕҚ Сағаттық ЕҚ Күндік ЕҚ Айлық ЕҚ Жылдық ЕҚ Жұмыс орнындағы  ЕҚ Жұмыс бөліміндегі ЕҚ Цехтағы  ЕҚ Кәсіпорындағы ЕҚ Саладағы ЕҚ Халық  шаруашылығындағы ЕҚ
 

Оңтайлы еңбек қарқындылығы – бұл қажетті  шектеулерді сақтай отырып, құрал  – жабдықтар шығынын азайтуға мүмкіндік беретін уақыт бірлігіндегі еңбек мөлшері. [30]

   Тәжірибеде пайдалану мақсатында  жоспарлы және нақты еңбек  қарқындылығын ажырата білу керек.  Жоспарлы еңбек қарқындылығы  жоспарланған уақыт бірлігіндегі  жұмыскерлердің еңбек шығындарымен  белгілі бір уақыт мерзімінде  анықталады. Оның деңгейі тиімді  еңбек қарқындылығының деңгейіне  жақын болуы керек, бірақ белгілі  бір жағдайда одан жоғары болуы  да мүмкін. Нақты еңбек қарқындылығы  уақыт бірлігіндегі нақты еңбек  шығындарын сипаттайды және өткен  уақыт мерзімінде оралымды есептеу  мәліметтері бойынша анықталады. Ол нақты ұйымдық – техникалық  және әлеуметтік деңгейге байланысты  болады. [31]

   Уақыт бірлігінің  ұзақтығына  қарай еңбек шығынының мөлшеріне  қатысты мезеттік, сағаттық, күндік, айлық, жылдық еңбек қарқындылығы  шамаларын ажыратуға болады.

Экономикалық  жүйе субъектілерінің қызығушылықтарының тиімді(оптимальды) сәйкестенуі оның балансталған дамуын қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Бұл –  оның тұрақты дамуын қамтамасыз етуде  әрбір ұлттық-экономикалық жүйенің  негізгі міндеті. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, техникалық жолдармен  табысты шешілуі мүмкін емес, яғни материалды-техникалық және еңбек нарығының бөлінуімен. Мұндай көзқарас әлемге белгілі американдық экономисті, Нобельдік сыйлықтың лауреаты В.Леонтьевпен ғылыми дәлелденген. [32] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

        ҚР Президентінің  «Қазақстанның бәсекеқабілетті 50 елдің  қатарына ену стратегиясы» деп аталатын  халыққа Жолдауында әлеуметтік саясатқа қатысты «Еңбек нарығын дамытудың тиімді жүйесін құру» бағыты бойынша келесідей шараларды жүзеге асыруға тапсырма берілді. Олар: Бізге осы заманғы көші-қон саясатының тұжырымдамасы керек.

     Қазақстанда қалыптасқан қолайлы  әлеуметтік-экономикалық ахуал шетелдік  жұмыс күшінің ағылып келуіне  жағдай туғызып отыр. Үкімет басқа  елдердің тәжірибелерін ескере  отырып, республика аумағында жұмыс  істеп жүрген заңсыз еңбек  мигранттарын ішкі істер органдары  мен басқа да тиісті ведомстволарда  тіркеу арқылы заңдастыру жөніндегі  бір реттік акциялар өткізудің  тетіктерін әзірлеуі қажет. Сонымен  қатар бізге республикамызда  тұрақты негізде жұмыс істей  алатын жоғары білікті және  кәсіпқой жұмысшыларды тартудың  тетіктерін әзірлеу керек. Бұл  ретте біз өзіміздің отандық  жұмысшыларды тәрбиелеп, олардың  біліктілігі мен кәсіпқойлығын  арттыруды естен шығармауға тиіспіз.  Бізге оралмандарды арнаулы орталықтарда  алдын ала дайындау, қоғамымызға  бейімдеу мен кіріктіру үшін  жағдай туғызуға көбірек зер  салуымыз керек. Басқа елдердегі  сияқты кәсіпке баулып, тіл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезірек  бейімделетін болады.

      Еңбек нарығын дамытудың тиімді жүйесін құру мақсатында Үкіметке келесідей бірқатар шараларды іске асыру жүктелді:

Информация о работе Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары