Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары

Автор: F*********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 09:05, курсовая работа

Описание работы

Өндірісті тиімді ұйымдастыру қағидасы, әрине маңызды бірақ, басқарудың жаңа тәсілдеріне негізделген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыру адамдарға, олардың біліміне, біліктілігіне, мамандығына, тәртібіне, ынтасына, кәсібилігіне, шығармашылық қабілеттеріне тәуелді болды. Және еңбек нарығының осы келтірілген сапалары кәсіпорын қызметі нәтижесінің жоғары болуы мен оның нарықтағы бәсеке қабілеттілігіне бірден – бір ықпал етуші фактор болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты еліміздің көптеген өндіріс орындарының алдында еңбек нарығын мейлінше тиімді пайдаланып, олардың еңбек потенциалын пайдалануды арттыру мәселесі тұр.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................4
1-бөлім. Еңбек нарығының теориялық негіздері ...............................................6
1.1. Еңбек нарығының мәні, мағынасы және мазмұны.......................................6
1.2. Еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктері мен шарттары................................................................................................................13
1.3. Еңбек нарығын кешенді бағалаудың теориялық негіздері..................................................................................................................18
2-бөлім.. Еңбек нарығында кәсіпорынның жағдайын талдау ..........................24
2.1. Кәсіпорынның негізгі қызметінің сипаттамасы..........................................24
2.2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы............................................................27
2.3. Кәсіпорынның оқыту үрдісі бойынша сипаттамасы...................................30
2.4. Персоналды құрамы және ұйымның әлеуметтік дамуына талдау......................................................................................................................35
3-бөлім. Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары ...37
3.1. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының стратегиялық
жоспары .............................................................................................................37
3.2. Тілдерді оқыту орталығының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бағыттары...............................................................................................39
3.3. Экономикалық жүйеде еңбек нарығын тиімді
пайдалану жолдары ..............................................................................................40

Қорытынды.............................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....

Работа содержит 1 файл

еңбек.docx

— 276.62 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ

Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................................................50 

Қосымшалар

Кіріспе

     Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі экономикамызға көптеген түбегейлі өзгерістер енгізіп, осы өзгерістерге сай жаңа міндеттер  қойды. Соның ішіндегі ең маңыздыларының бірі өндіріс тиімділігін арттыру  мақсатында адам потенциалын барынша  тиімді пайдалану. Бұл тек Қазақстан  қоғамы үшін ғана емес, әрбір өндіріс  орындары, ұйымдар, ірілі – ұсақты кәсіпорындар үшінде маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, әр уақытта  да кез – келген өндіріс ошағы  өзінің басты байлығы – еңбек нарығына сүйенеді.

           Өндірісті тиімді ұйымдастыру  қағидасы, әрине маңызды бірақ, басқарудың жаңа тәсілдеріне негізделген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыру адамдарға, олардың біліміне, біліктілігіне, мамандығына, тәртібіне, ынтасына, кәсібилігіне, шығармашылық қабілеттеріне тәуелді болды. Және еңбек нарығының осы келтірілген сапалары кәсіпорын қызметі нәтижесінің жоғары болуы мен оның нарықтағы бәсеке қабілеттілігіне бірден – бір ықпал етуші фактор болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты еліміздің көптеген өндіріс орындарының алдында еңбек нарығын мейлінше тиімді пайдаланып, олардың еңбек потенциалын пайдалануды арттыру мәселесі тұр.

     Жаңа  онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Республика президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы жолдауының  аса маңызды  мiндетi – Қазақстанның барлық азаматтарының  өмiр сапасы мен деңгейiн жақсарту, әлеуметтiк тұрақтылық пен қорғалуды  нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуi үшiн мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалатыны.

     Жолдауда  «бiздiң мемлекеттiк әлеуметтiк  саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету  болып табылады.

     Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұмыссыздық  деңгейi 5%-дан, ал табыстары ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi 8%-дан аспайтын болсын деген  мiндет қоямын.

     Әлеуметтiк  қызметтер тек мұқтаж адамдарға  көрсетiлiп, қазiргi заманғы стандарттар  мен Қазақстандағы өмiр деңгейiне сәйкес болуы керек.

     2015 жылға қарай базалық зейнетақы  төлемдерi ең төменгi күнкөрiс деңгейi көлемiнiң 60%-ы деңгейiне дейiн  өсiрiлiп, мемлекеттiк әлеуметтiк  жәрдемақылар мөлшерi 2010 жылмен салыстырғанда  1,2 есе арттырылуы тиiс» делінген.

     Дипломдық жұмыстың мақсаты, жоғарыда келтірілген  негізгі мәселені шешу үшін аймақтағы  еңбек нарығын тиімді пайдалану жолдары бойынша ұсыныстар ұсыну және еңбек нарығының дамуы және ұйымдастыру, оның әлеуметтік көрсеткіштеріне талдау жасау болып табылады.

     Жұмыс мақсаты келесі міндеттерді қою  мен шешуге себепші болды:

•   нарықтық жағдайда еңбек нарығын  тиімді пайдалану;

•  Еңбек  нарығында кәсіпорынды басқару;

     Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны – «Ақтөбе  облысының тілдерді дамыту басқармасы»  ММ жанындағы «Тілдерді оқыту  орталығы» МКҚК әлеуметтік дамуына  талдау жасау.

     Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік  негізінде Қазақстан Республикасының  Заңдары мен отандық және шетел  ғалымдарының, мамандарының ғылыми еңбектері  қолданылады.

     Қойылған  міндеттерді шешу үшін топтау, экономикалық талдау, жүйелік талдау, салыстыру  және тағы да басқа математикалық  әдістер қолданылады.

     Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

     «Еңбек нарығының  теориялық негіздері» деген атаумен берілген Ι – ші бөлімде еңбек нарығының теориялық негіздері: Еңбек нарығының мәні,мағынасы және мазмұны, еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктері мен шарттары, еңбек нарығын кешенді бағалаудың теориялық негіздері сипатталады.

     «Еңбек нарығында кәсіпорынның жағдайын талдау» деп аталған ІІ-ші бөлімде оқыту орталығының еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, еңбек нарығының қалыптасу жағдайы, олардың пайдалану жағдайын талдау, еңбек нарығын кешенді бағалау әдіс-тәсілдеріне талдау жасалынады.

     «Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары» атты ІІІ –ші бөлімде  еңбек нарығын тиімді пайдаланудағы қаржылық-экономикалық талдау, еңбек нарығын ұтымды, тиімді пайдалану жолдары қарастырылады. 
 
1-бөлім.  Еңбек нарығының   теориялық негіздері 

1.1. Еңбек нарығының  мәні, мағынасы және  мазмұны. 

     Еңбек – бұл тауар өндіру, қызмет көрсету  кезінде пайдаланылатын, адамдардың дене күші мен ойлау қабілеттерін және сол қабілеттерді іске асыратын үдерісті білдіретін  термин.

     Сонымен, еңбек нарығы – жеке кәсіпорын, халық  шаруашылығының өрісі немесе оның территориялық  бірлігі ауқымында қоғамдық өндіріске  қатысатын жеке жұмыскерлердің жиынтығы.

     Ғаламат ағылшын экономистері, саяси экономиканың классиктері А.Смит және Д.Рикардо  қарастырып отырған нарықта тауар  еңбек, «еңбек өзінің табиғи және нарықтық бағасына ие» деп саналады.

     Еңбек нарығы – бұл еңбекті жүзеге асыру  үшін дене күші және рухани қабілеттерге ие болатын халықтың бір бөлігі. Біздің елде еңбек заңына  байланысты ерлер 16-63 жас аралығында, әйелдер  – 16-58 жас аралығында еңбекке қабілетті (І,ІІ топтағы мүгедектерді қоспағандағы) болып танылады. Шын мәнінде оған жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер мен жасөспірімдер (16 жасқа дейінгі) де кіреді.

     Қазіргі кезде адам көптеген қабілеттерге ие бола отырып, еңбек үдерісінде олардың  барлығын қолдана бермейді. Еңбек  нарығы, біріншіден, еңбек күшіне сұранысымен, екіншіден адам қабілеттерінің  бір бөлігін қолданумен, үшіншіден  жұмыс күшін қолдану уақытымен, төртіншіден жаңа пайда болған құнды  қайта бөлумен байланысты әлеуметтік еңбектің қатынастарын көрсетеді. Тек  осы жағдайда ғана еңбек нарығы, еңбек нарығының нарығы, еңбек  қызметтерінің нарығы, жұмыскер күшінің  нарығы терминдерін синоним өзара  тең ұғымдар ретінде пайдалануға  болады.

     Нарықтық  қатынастар жүйесінде еңбек нарығы маңызды орынға ие. Бұл нарықта  мемлекеттік ұйым және жеке ұйымдардағы  жұмыс берушілер мен еңбекке  қабілетті тұрғындардың мүдделері  түйіседі. Еңбек нарығының тетіктері  арқылы тұрғындардың жұмысбастылық  деңгейі мен еңбекақысы анықталады. Тұрғындардың жұмысбастылығы, оның ұлғаюы өндірістің қажетті жағдайын қалыптастырады. Тұрғындардың өмір сүру деңгейі, мамандарды іріктеу, даярлау және қайта дайындау, оларды жұмысқа орналастыру мен  материалдық көмек ететін қоғам  шығындарының  барлығы тұрғындардың жұмысбастылығымен тығыз байланысты. Сондықтан тұрғындардың жұмысбастылығы жұмыссыздық және оларды әлеуметтік қорғау, еңбек нарығын талдау кезінде  негізгі мәселе болып табылады.

         Ірі кәсіпорындарда әлеуметтік  – еңбек көрсеткіштерінің нарықтық  қатынастар жағдайындағы маңыздысы  - еңбек нарығын толығымен жұмыспен  қамту, жоғары дәрежеде еңбек  өнімділігі, қызметкерлерге жұмыс  жасауға қолайлы жағдай жасау  және жалақыларының жоғары болуы, қызметкерлер өмірінің жағдайы, экономикалық өсуде жетістіктерге жету болып табылады.

          Еңбек нарығына қажетті физикалық деректерді меңгерген, арнайы білімі, сәйкесінше салаларда еңбек тәжірибесі  бар халықтың  бөлігі жатады. Кәсіпорынның қажетті еңбек нарығымен жеткілікті қамтамасыз етілуі, оларды ұтымды пайдалану, еңбек өнімділігінің жоғары деңгейі өнім көлемін үлкейтуде және өндірістің тиімділігін көтеруде маңызды орын алады.  Кәсіпорынның еңбек нарығымен қамтамасыз етілуі және оларды пайдаланудың тиімділігі барлық атқарылатын жұмыстардың көлемі мен уақытында орындалуына, қондырғыларды тиімді пайдалануға байланысты.

          Еліміздің экономикалық потенциалы, ұлттық байлығы және өмір сүру  жағдайы еңбек нарығының жағдайымен, еңбек немесе адам потенциалының даму деңгейімен анықталады.

          Нарықтық қатынастарда еңбек нарығына қажеттілік кәсіпорындар мен фирмаларда өндірілетін өнімге деген сұраныс пен атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтермен анықталады. Еңбек нарығына деген сұраныс нарық жағдайында адам ресурстарының көмегімен орындалатын дайын тауарлар мен қызметтер болып табылады.

        Кәсіпорын персоналын атқаратын  функцияларына байланысты үш  негізгі категорияларға бөледі: басқарушылар, мамандар және орындаушылар.

        Еңбек потенциалы жеке адамның,  сондай-ақ тұтасынан қоғам қызметкерлерінің  әр түрлі топтарының барлық  еңбек мүмкіндіктерінің жиынтығы. Еңбек құрылымы мен санын анықтайтын  еңбек нарығынан еңбек потенциалының айырмашылығы – ол оның сапасы мен потенциалдық мүмкіндіктерін сипаттайды. Сонымен бірге бұл сапалық жағы еңбек нарығымен белгілі бір бірлікте болады.  [1]

           Еңбек потенциалының  түсінігі ғылыми зерттеулерде салыстырмалы түрде жақын арада пайда болған. Арнайы әдебиеттерде бұл түсінікті  анықтайтындардың ішінде, біздің пікіріміз  бойынша, ең қолайлысы қазіргі экономикалық сөздікте жазылған. Мұнда түсіндіріледі: “... еңбекке қабілетті тұрғындар  санымен, оның кәсіби – біліктілік деңгеймен, басқа сапалық мінездемелермен  сипатталатын қазіргі уақытта және болашақта болжанатын бар еңбек  мүмкіндіктері”. Сөздік авторлары  бұл түсінікті аймақ кәсіпорыны мен жалпы ел деңгейінде тарататынын  атап өтейік. Алайда кәсіпорын деңгейінде кадрлар, персонал сияқты түсініктерді айналымға енгізу дұрыс деп көрінеді, өйткені еңбек потенциалы өндірісте  жұмыс жасайтындармен ғана емес, сондай-ақ еңбек потенциалы қалыптасу кезеңінде  орналасқан бөлігімен де (орта білім  беру мектептері бастапқы, ортаңғы  және жоғарғы кәсіптік білім беру оқу орындарының оқушылары) және де экономикалық белсенді қамтылмаған  тұрғындармен органикалық байланысты.

           Біздің пікірімізше, бұл түсінік кемінде екі мағынаға ие. Кең аумақтағы еңбек потенциалының  мазмұны болып шаруашылық қызметке тартылған немесе нақты түрде  тартылуы мүмкін еңбек нарығының сол жиынтық бөлігі табылады. Бұл жағдайда еңбек потенциалы интегралды экономикалық ресурс рөлінде, жұмыс күшімен қоғамдық ұдайы өндіру қамтамасыздықтың көрсеткіші түрінде шығады.

           Тар мағынада еңбек  потенциалы жұмыс күшінің толығу (орнын ауыстыру) мүмкіндіктер (резерв) шамасын көрсетеді. Жалпы алғанда  еңбек потенциалы қалыптасудың аймақтық жүйелерінің объективті бар екендігі туралы айтуға болады. [2]

Информация о работе Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары