Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары

Автор: F*********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 09:05, курсовая работа

Описание работы

Өндірісті тиімді ұйымдастыру қағидасы, әрине маңызды бірақ, басқарудың жаңа тәсілдеріне негізделген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыру адамдарға, олардың біліміне, біліктілігіне, мамандығына, тәртібіне, ынтасына, кәсібилігіне, шығармашылық қабілеттеріне тәуелді болды. Және еңбек нарығының осы келтірілген сапалары кәсіпорын қызметі нәтижесінің жоғары болуы мен оның нарықтағы бәсеке қабілеттілігіне бірден – бір ықпал етуші фактор болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты еліміздің көптеген өндіріс орындарының алдында еңбек нарығын мейлінше тиімді пайдаланып, олардың еңбек потенциалын пайдалануды арттыру мәселесі тұр.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................4
1-бөлім. Еңбек нарығының теориялық негіздері ...............................................6
1.1. Еңбек нарығының мәні, мағынасы және мазмұны.......................................6
1.2. Еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктері мен шарттары................................................................................................................13
1.3. Еңбек нарығын кешенді бағалаудың теориялық негіздері..................................................................................................................18
2-бөлім.. Еңбек нарығында кәсіпорынның жағдайын талдау ..........................24
2.1. Кәсіпорынның негізгі қызметінің сипаттамасы..........................................24
2.2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы............................................................27
2.3. Кәсіпорынның оқыту үрдісі бойынша сипаттамасы...................................30
2.4. Персоналды құрамы және ұйымның әлеуметтік дамуына талдау......................................................................................................................35
3-бөлім. Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары ...37
3.1. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының стратегиялық
жоспары .............................................................................................................37
3.2. Тілдерді оқыту орталығының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бағыттары...............................................................................................39
3.3. Экономикалық жүйеде еңбек нарығын тиімді
пайдалану жолдары ..............................................................................................40

Қорытынды.............................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....

Работа содержит 1 файл

еңбек.docx

— 276.62 Кб (Скачать)
  • Оқу ұйымдастыру бөлімінің жұмыс жоспарын жасау, оның орындалуын қадағалау;
  • Мемлекеттік, мемлекеттік емес мекемелер қызметкерлері және жеке тұлғаларды тілдерді оқыту курсына тарту, келісімшартқа отыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Орталықтың оқытушылар құрамы және тіл үйренуші контингенті жөнінде компьютерлік база даярлау;
  • Оқытушылардың ішкі тәртіпті қатаң сақтауын қадағалау;
  • Аралық бақылау және емтихан жұмыстарын ұйымдастыру, қажетті құжаттарды( анықтама, хаттама т.б.)   даярлау;
  • Үйлестіру жоспарына сәйкес өткізілетін орталық шараларын ұйымдастыру;

Есеп  бөлімінің атқаратын жұмысы:

  • Мекеменің қаржы – шаруашылық қызметін және бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру;
  • Материалдық және еңбек, қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланылуы мен мекеменің меншігінің сақталуын қадағалайды;
  • Есептік жұмыс жоспарын дайындау мен қабылдау жұмысын, шаруашылық жұмыстарды дайындау үшін пайдаланылатын бастапқы есептік құжат түрін басқару, түгендеу жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • Мекеменің бухгалтерлік қызметі туралы анық ақпарат пен толық мәлімет беру, оның мүліктік жағдайын, шығысы мен кірісін, қаржылық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған іс – шараларын дайындау және жүзеге асыру;
  • Шығыс пен кіріс қаржысының балансын қалыптастыру, жедел жиынтық есебін беруді қамтамасыз ету, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептеудегі бюджетті пайдалану, қалыптасқан тәртіп бойынша лайықты органдарға жеткізу;

  «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы»  ММ жанындағы «Тілдерді оқыту  орталығы» МКҚК – ның қызметінің жобасы мемлекеттік тілдің қолданылу  аясын кеңейту, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде іс қағаздарының мемлекеттік тілде  жүргізілуін қалыптастыру.

      Ақтөбе облысының тілдерді дамыту  басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді  оқыту орталығы» МКҚК – ның  2010 жылға арналған қаржылық жоспарын  төмендегі 1-кестеден көруге болады.  

Кесте 3            2010 жылға арналған қаржылық жоспар 

Көрсеткіштер  атауы Мың .теңге
1. Негізгі жалақы 13 436
2. Әлеуметтік  салық 690
3. Әлеуметтік  аударым 576
4. Ком.қызметтерге  ақы төлеу 277
5. Байланыс қызметтеріне ақы төлеу 344
6. Ғимаратты жалға  алу 7 737
7. Басқа да қызметтер  төлемдері (байқаулар, жинақтар) 13 820
8. Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар 172
9. Өзге тауарларды сатып алу 628
10. Материалдық емес активтер сатып алу 2 320
  Барлығы 40 000
 

3-кестеден көріп отырғанымыз бюджеттік қаражатқа қаржылық  жоспар, ал кәсіпорын кірісі   кәсіпорынның арнайы есеп шотына аударылады. 

     Кәсіпорынның арнайы есеп шотының  жылдық кіріс және шығыс бөлігі  келесідей элементтерден тұрады (3 кесте, 4 кесте). 

Кесте  4     Арнайы шоттың  шығыс  бөлігі 

Көрсеткіштер  атауы теңге
1. Жалақы 1 014 287
2. Салықтар 314 164
3. Жалға алу 1 763 766
4. Басқа қызметтер  үшін 4 719 133
5. Кітап шығару үшін 322 200
6. Жарнама 100 000
  Барлығы 8 297 918
 

      Келесі 5- кесте бойынша кәсіпорынның  арнайы шотының  кіріс бөлігін  қарастырамыз.  

Кесте 5   Арнайы шоттың кіріс бөлігі 

Көрсеткіштер  атауы теңге
1. Негізгі қызметтен  кіріс 1 308 000
2. Негізгі емес қызметтен  кіріс 6 994 876
  Барлығы 8 302 876
 
 

      Кестеге  сәйкес негізгі қызметтен түскен табыс 1 308 000 теңгені құрап отыр, ал негізгі емес қызметтен табыс 6 994 876 теңге.  
 

2.2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы 

       Ұйымдық құрылым ұйымды басқару  элементінің бірі. Ол басқару  мақсаттары мен міндеттерінің  ұйым бөлімшелері мен жұмыскерлері  арасында бөлінумен сипатталады.  Басқарудың ұйымдық құрылымы  дегеніміз – бағыныштық ретте  орналасқан басқару буындарымен  жекелеген жұмысшының жиыны. «Ақтөбе  облысының тілдерді дамыту басқармасы»  ММ жанындағы «Тілдерді оқыту  орталығы» МКҚК-ның ұйымдық құрылымы  сызықтық-функционалды болып табылады (сурет 4). 

Сурет 4  Кәсіпорынның ұйымдық  құрылымы 
 

 

 
 

 

 

 

 

 

                                     

 

 
 

 

 

   Директор қызметіне келесілер кіреді:

•  кәсіпорынға оперативті басшылық жүргізу;

•  кәсіпорын мүлкіне өкілеттік  арқылы билік жүргізу ;

•  әртүрлі келісімдер, заң актілерін  жасау, сенім хаттар беру, банкілерде есепшоттар және тағы басқа есептер  ашу;

•  кәсіпорынға жұмысшыны алу және жұмыстан шығару;

•  кәсіпорын мақсаттарының орындалуына  қажетті кез-келген басқа да әрекеттер  жасау.

      Кадр бөлімі кәсіпорынның жеке құрамы мен оның бөлімшелері бойынша алғашқы есеп құжаттарын бір ізге түсіріп, есебін жүргізеді. Еңбек туралы заңдылықтарға және кәсіпорын басшысының ережелері мен бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру және шығару жөніндегі құжаттарын рәсімдейді және кадрлар бойынша басқа да белгіленген құжаттарға есеп жүргізеді. Қызметкерлердің жеке іс қағаздарын қарап, жұмыстағы іс – қимылдары бойынша оған өзгерістер енгізіп отырады. Біліктілік, аттестациялық, конкурстық комиссияларға қажетті материалдар дайындайды және қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттауға ұсынады. Еңбек кітапшалары мен басқа да құжаттарды толтырып, оларды есепке алып, сақтайды, қызметкерлерге жұмыс жасағандығы жөнінде анықтама береді.Қызметкерлердің  еңбек кітапшалары мен басқа да құжаттарын мұқият толтырып отырады. Қызметкерлердің еңбек демалысына шығу кестесін жасап, оны үнемі бақылауда ұстайды. Еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды, кәсіпорынның бөлімшелеріндегі ішкі еңбек тәртібіне назар аударады, еңбек тәртібін нығайту, жұмыс уақытын жоғалтпау шараларын жасайды және олардың орындалуын бақылайды. Мамандардың жетіспеушілік себептерін зерттейді және оны азайту жөніндегі шараларға қатысады. Белгіленген мерзімі біткен құжаттарды мұрағатқа сақтауға жіберуге дайындайды.

    Директордың орынбасарының қызметіне  келесілер кіреді:

1.1.Бір  немесе бірнеше мәселелер (бағыттар) бойынша ұйымның ғылыми, өндірістік  – шаруашылықтық және оқыту  процессі қызметін  басқарады.

1.2.Орталықтың  құрылымдық бөлімшелерінің қызметін  үйлестіреді, олардың қызметінде  отандық және шетелдік ғылым  мен техниканың жаңа жетістіктерін  және жүмысты атқарудың жоғарғы  әдістерін пайдалануын қамтамассыз  етеді және зерттеулердің нәтижелерін  тәжірибелі тексеру жұмыстарын  басқаруды жүзеге асырады.

1.3.Ұйымның  бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен  және материалдармен қамту жолдарын  қарастырады.

1.4.Бағынышты  бөлімшелердегі мамандарды дұрыс  орналастыру мен пайдалануды  реттеу, өндірістік және еңбек  тәртібін қадағалау.

1.5.Қабылданған  шешімдердің орындалуын бақылайды.

1.6.Мамандарды  дайындау мен біліктілігін арттыру  бойынша жұмыс жүргізеді.

1.7.Ұйымның  шаруашылық қызметіндегі негізгі  сұрақтарын шешуге және жұмыс  жоспарымен бекітілген шараларды  жүзеге асыруға, жүктелген міндеттеріне  әрбір қызметкердің жауапкершілігін  арттыруға және ұйымның жұмысын  қорытындылауға, басқару мен еңбекті  ұйымдастыруды жетілдіруге, ұйымның  қызметін дамытуға қатысады.

1.8.Оқу  орнының жұмысын заңға, орталық   жарғысына (тұғырнамасына) және  басқа да нормативтік құқықтық  актілерге (құжаттарға) сай ұйымдастырады.

1.9.Оқу  орнының ағымдық және перспективалық  жұмыс жоспарын жасайды.

1.10.Оқытушылардың  жұмыс  жоспарлары мен бағдарламаларын  игеру жұмыстарын мемлекеттік  жалпыға бірдей білім беру  стандарттарына, перспективалық –  тематикалық жоспарларға сай  үйлестіру.

1.11.Оқу  процесінің сапасын көтеруге  қажетті оқу - әдістемелік құжаттарды  жасауды ұйымдастыру.

1.12.Белгіленген  есептік құжаттарды уақытында  жасалуын қадағалайды.

1.13.Педагогикалық  кадрлармен қамтамасыз етілуге  қатысады, олардың кәсіби шеберлігі  мен педагогикалық деңгейін көтеруге  жағдай жасайды. Оқу процесін  дамытуға өз ұсыныстарын енгізеді.

1.14.Оқу  - әдістеме жұмысын ұйымдастырады  және оған талдау жасайды, эксперименталдық  жұмыстардың қорытындысын шығарады.

1.15.Оқу  жабдықтары мен техникалық оқу  құралдарының тиімді пайдалануын,  құжаттардың есебі мен сақталуын,  санитарлық – гигиеналық талаптардың  орындалуын қадағалайды.

Заңгер қызметі  – мекеменің құқықтық жұмысына әдістемелік  басшылық жасайды, құрылымдық бөлімшелерге және қоғамдық ұйымдарға түрлі құқықтық құжаттарды дайындауға, рәсімдеуге құқықтық көмек көрсетеді;

  • Келісімшарттық, қаржылық және еңбек тәртіптерін күшейтуге, мекеменің мүлкін сақтауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға ат салысады;
  • Құрылымдық бөлімшелердің, талаптарға жауаптар дайындау үшін, анықтамаларды, есептерді, түсініктемелерді және басқа да материалдарды уақытында тапсыруын бақылайды;
  • Мекеменің қызметкерлеріне қазіргі заңнамалар мен ондағы өзгерістер туралы ақпар береді, мекеменің басшылығын, олардың қызметіне қатысты, нормативті – құқықтық актілерімен таныстырады;
 
    1. Кәсіпорынның  оқыту үрдісі бойынша  сипаттамасы

        «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту  басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді  оқыту орталығы» МКҚК негізгі  қызметі мемлекеттік және ағылшын  тілін үйрету болғандықтан  орталықтың 2007 – 2009 жылдардағы оқыту үрдісіне  шолу жасап көрейік: 

        Оқыту үрдісі «Мемлекеттік тілді  қызметшілерге ( ересектерге, тіл  үйренуші жеке тұлғаларға) жеделдете  деңгейлік оқыту стандарты» негізінде  жасалған оқу бағдарламасына  сай жүзеге асырылады. Жалпы  оқуға қамтылғандар туралы мәлімет  6 – кестеде көрсетілген: 
 
 
 

Кесте 6 Оқуға қамтылғандар туралы мәлімет 

 
Көрсеткіштер 2007

ІІ ж.

2008 2009
1. Мемлекеттік тіл 151 992 1155
         
2. Ағылшын тілі - 31 186

Информация о работе Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары