Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары

Автор: F*********@gmail.com, 28 Ноября 2011 в 09:05, курсовая работа

Описание работы

Өндірісті тиімді ұйымдастыру қағидасы, әрине маңызды бірақ, басқарудың жаңа тәсілдеріне негізделген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыру адамдарға, олардың біліміне, біліктілігіне, мамандығына, тәртібіне, ынтасына, кәсібилігіне, шығармашылық қабілеттеріне тәуелді болды. Және еңбек нарығының осы келтірілген сапалары кәсіпорын қызметі нәтижесінің жоғары болуы мен оның нарықтағы бәсеке қабілеттілігіне бірден – бір ықпал етуші фактор болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты еліміздің көптеген өндіріс орындарының алдында еңбек нарығын мейлінше тиімді пайдаланып, олардың еңбек потенциалын пайдалануды арттыру мәселесі тұр.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................4
1-бөлім. Еңбек нарығының теориялық негіздері ...............................................6
1.1. Еңбек нарығының мәні, мағынасы және мазмұны.......................................6
1.2. Еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктері мен шарттары................................................................................................................13
1.3. Еңбек нарығын кешенді бағалаудың теориялық негіздері..................................................................................................................18
2-бөлім.. Еңбек нарығында кәсіпорынның жағдайын талдау ..........................24
2.1. Кәсіпорынның негізгі қызметінің сипаттамасы..........................................24
2.2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы............................................................27
2.3. Кәсіпорынның оқыту үрдісі бойынша сипаттамасы...................................30
2.4. Персоналды құрамы және ұйымның әлеуметтік дамуына талдау......................................................................................................................35
3-бөлім. Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары ...37
3.1. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының стратегиялық
жоспары .............................................................................................................37
3.2. Тілдерді оқыту орталығының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бағыттары...............................................................................................39
3.3. Экономикалық жүйеде еңбек нарығын тиімді
пайдалану жолдары ..............................................................................................40

Қорытынды.............................................................................................................47
Қолданылған әдебиеттер тізімі.....

Работа содержит 1 файл

еңбек.docx

— 276.62 Кб (Скачать)

      Жасы  және жынысына бөлумен білім, мамандық және квалификация деңгейі еңбекке  қатысу саласын таңдауда үлкен әсер ететін еңбек нарығының сапалық сипаттары болып табылады. Ой еңбегі саласында барлық неғұрлым ірі қызмет түрлері бойынша, әйелдер басымдықта ма, жоқ па, оған қарамастан, жұмыс істейтін ерлерге қарағанда, жұмыс істейтін әйелдер арасында жоғары білімділері аз. Инженерлер, бухгалтерлер, барлық деңгейдегі басшылар арасында ерлер мен әйелдердің білім деңгейінде айырмашылық айрықша. Қазіргі заманғы өндіріске көзқарас тұрғысынан жалпы орта білімі бар қызметкер сол жастағы сауатсыз қызметкерге қарағанда көп есе құнды және физикалық жағынан жақсы дамыған.

      Соның салдарынан қазіргі уақытта қоғамдық өндірісте салалық бөлінулер  бойынша жұмыс істейтіндердің білім  деңгейін бағалау қызығушылық тудырады, өнеркәсіп салалары мен қоғамдық өндіріс салалары бойынша жұмысшы  күшіне сұраныс динамикасын сипаттау ерекше дараланады. Қала және село тұрғындарының  білім деңгейіндегі айтарлықтай  өзгерістер болуы оның сапалық сипатына әсерін тигізеді.

      Тұрғындардың  білімділік деңгейін, тұрғындардың жалпы  санына орта білім (негізгі және толық), бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білімі бар тұлғалардың орташа арифметикалық  немесе үлес салмағы ретінде деп  есептеуге болады.

      Жұмыс істейтін тұрғындар құрылымында  қазіргі уақытта білікті кадрлармен жұмысшы кадрларының жаңарудың  интенсивті процес жүріп жатыр. Бұл  процесс жұмысшы күнгі сапасына талаптардың өсуімен, кәсіптік білімі бар жастар ағынымен және біліктілігі  мен білім деңгейі төмен қызметкерлердің  қоғамдық өндірісі саласынан кетуімен де байланысы күшейе түсуде.

      Еңбек нарығы санының есебі. Еңбек нарығы санын сипаттайтын көрсеткіштер есебі ұзақ мерзімді аймақтық жобалау процесінде мынадай бірізділікпен жүзеге асуы мүмкін:

      1) тұрғындардың перспективалық санын  (табиғи және механикалық қозғалыс  әдісі бойынша), олардың жыныстық  және жас құрамын және осы  негізде – еңбек нарығының өсу мүмкіндігін анықтау;

      2) аймақтың қоғамдық өндірісінде  жұмыс істейтін еңбек нарығы есебі формула бойынша:

                   Топ = Ттв – (Тн + Ту + Тлх + Тпм) + Тнр ± Тнм , мұнда,                  (8)

      Топ – қоғамдық өндірісте жұмыс істейтін еңбек ресурстар;

      Ттв – еңбекке қабілетті жаста  еңбекке қабілетсіз тұрғындардың саны;

      Тн  – еңбекке қабілетті жаста  еңбекке қабілетсіз тұрғындар;

      Ту  – өндірістен қол үзіп, оқумен шұғылданатын еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар;

      Тлх – жеке шаруашылықта шұғылданатын еңбекке қабілетті тұрғындар;

      Трм – аймақтан тыс күтілетін (есепті) миграция мөлшері;

      Тнр – еңбекке қабілетсіз жастағы  жұмыс істейтіндер;

      Тпм – жоспарланбаған миграция сальдосы.

      3) жұмысшы күшіне өндірістік емес  сала сұранысын анықтау;

      4) материалдық өндіріс саласында  жұмыс істейтіндердің мүмкін  мөлшері, есебі формула бойынша: 

                                          Чмп = Чоп – Чпсф , мұнда,              (9)

      Чмп – материалдық өндіріс саласында  жұмыс істейтіндер саны;

      Чоп – қоғамдық өндірісте барлық жұмыс  істейтіндер саны;

      Чпсф  – өндірістік емес салада жұмыс  істейтіндер саны.

  1. еңбек өнімділігінің жобаланатын көрсеткіш есебі:

                                            Пт = Опр ׃ Чмп ,  мұнда,              (10)

      Пт  – еңбек өнімділігі;

      Опр – өндірістің берілген көлемі (құрылыс-монтаж салалары, өнім көлемі сомасы).

      Қандай  да ауданның немесе елдің еңбек нарығымен қамтамасыз етілуін бағалай отырып, олардың тығыздығын, яғни территория бірлігіне еңбек нарығы санын назарға алу керек. Территория үлкен болған сайын оның иелігіндегі табиғат ресурстары көп түрлі және әдетте аумақтыболады, сондай-ақ оларды игеру және жұмысшы қолын пайдалану көбірек талап етіледі.   [16 ]                                                                                                    

      Еңбек потенциалын пайдаланудың айрықша  маңызды көрсеткіші жұмыс істейтін тұрғындарға экономикалық жүктеме  болып табылады.

      Еңбек потенциалын пайдалану деңгейі  көрсеткіші мына формула бойынша  есептелетін жалпы қабылданған:

                                                    (а + в + с)

                                      ТП                                    ,              (11)

                                                          3

      мұнда, а – өмір ұзақтығы;

в –  білім деңгейі көрсеткіші;

с –  аудан тұрғындарының табыс деңгейі. 

(Барлық  көрсеткіштер ел бойынша орташа  мен салыстыру бойынша есептеледі). Еңбек потенциалын пайдалану  дәрежесі бойынша тұрғындарды  жіктеу қызықты. Ол жабық пайдаланылмаған  еңбек мүмкіндіктеріне тұрғындардың  бір бөлігінің назар аударуы  қажеттігімен шарттастырылады.

      Бұл жіктеу “жұмысшы күші” және “еңбек потенциалы”, “еңбек және адам ресурстары”  әр түрлі ұғымдарына негізделеді. Егер жұмысшы күші адамның физикалық  мүмкіндіктері мен дағды білімі жиынтығын білдірсе (қабілеттер табылды, дамыды және әдеттегідей, өткен еңбек  қызметінің барысында сыналды), ал еңбек  потенциалы – бұл, керісінше, ауыспалы көлем: ашылған қабілеттер ұдайы  дамуда болады. Оған ашылу ретіне қарай  өз кезегінде тұрақты дамуға өз кезегінде  тұрақты дамуға тартылатын бұрын  ашылған еңбек қабілеттері қосылады.

      Өзін  жүзеге асыруға нашар қажеттіліктегі адамдар өзін жұмысшы күшінің  иесі ретінде басымдылықпен қарастырады. Өзіне дамытудағы қажеттілікті басты  орынға ұстайтын адамдар өздерін  еңбек потенциалының иегері ретінде  қабылдайды.

      Қазіргі уақытта, бұрын болмағандай, жұмыс  істейтіндердің де, жұмыссыздардың да арасында еңбек потенциалы иегерлері  мен жұмысшы күші иегерлеріне  адамдардың нақты жинақталу процесі  байқалады. Жұмысқа тұру саласы өзгеруіне  осы топтардың біріне адамдардың кіруіне мативтер де әсер етті. Бұрыннан жоғары тәртіпте сұраныс болуы не болмауымен басымдылық бойынша анықталған олардың жинақталуы адамға және оның отбасына белгілі бір тіршілік ету  минимум қамтамасыз ететін табысты алудағы қажеттілік секілді сондай алғашқы сұраныстар әсерімен көрінеді және экономикалық қауіпсіздік қажеттілігі сенімді жұмыс орнын иеленумен де байланысты. [17] 

2-бөлім.. Еңбек нарығында  кәсіпорынның жағдайын  талдау

2.1. Кәсіпорынның негізгі  қызметінің сипаттамасы

  Кәсіпорын облыс әкімдігінің «Ақтөбе облысының  тілдерді дамыту басқармасы»  ММ жанындағы  «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік  коммуналдық қазыналық кәсіпорын  құру туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №6 қаулысына сәйкес құрылды. Облыс  әкімдігінің орталықты құру туралы қаулысы мен Жарғысы кәсіпорынның құрылтай құжаттары , ал  құрылтайшысы Ақтөбе облысының әкімдігі , «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ орталықтың мемлекеттік басқару органы болып табылады. Кәсіпорын өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына, Қазақстан Республикасы Президенті  мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік – құқықтық актілеріне және Жарғысына сәйкес жүргізеді. Кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК, орыс тіліндегі толық атауы: ГККП «Центр по обучению языкам» при ГУ «Управление по развитию языков Актюбинской области».

  Кәсіпорынның  заңды мекен – жайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, 030020, Тургенев көшесі, 86.

  Кәсіпорынның  негізгі қызметі – ағартушылық  қызмет, мемлекеттік және де басқа  тілдерді оқытуды жүзеге асыру. Негізгі мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасы Конститутциясының 93 , «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 4-бабында, белгіленген қоғам,  қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер өкілдеріне мемлекеттік тілді, қажет болған жағдайда басқа да тілдерді, үйрену үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, материалды – техникалық жағдайларды жасау;

2) мемлекеттік  және басқа да тілдерді меңгертуді  ғылыми, оқыту – әдістемелік тұрғыда  қамтамасыз ету; Осы мақсаттары  мен міндеттеріне сәйкес мынадай  функцияларды атқарады:

1) мемлекеттік  қызметкерлер, ғылым, мәдениет, білім  беру, денсаулық сақтау қызметкерлері   үшін, қажетті мөлшерде, басымдық  негізде мемлекеттік тілді, қажет  болған жағдайда басқа да тілдерді  оқыту курстарын ұйымдастырады;

2) мемлекеттік  тілді үйретудің сапалы әдістемелерін  жасайды, озық тәжірибелерді одан  әрі дамытады;

3) мемлекеттік  тілді үйренуге қажетті оқу  құралдары мен оқулықтарды дайындап  шығарады, әдістемелік – оқыту  әдебиеттерін сатып алады;

4) мемлекеттік  тілді оқыту мәселелеріне арналған  ғылыми  - практикалық конференциялар, семинарлар, әлеуметтік зерттеулер, т.б. шараларды ұйымдастырады;

Ақылы қызмет түрлерін көрсетеді, соның ішінде:

1) мемлекеттік  тілді және басқа тілді оқытушыларға, мемлекеттік және мемлекеттік  емес мекеме, кәсіпорын, қоғамдық  ұйымдар аудармашыларына арналған  біліктілік арттыру курстарын  ұйымдастыру;

2) орта  мектеп оқушылары үшін ҰБТ  –не дайындық (мемлекеттік, ағылшын  және орыс тілдері бойынша)  курстарын ұйымдастыру;

Кәсіпорын келесідей негізгі бөлімдерден  құралады:

  • Әкімшілік бөлімі
  • Есеп бөлімі
  • Оқу ұйымдастыру және сараптама бөлімі
  • Ғылыми – әдістемелік және инновациялық бөлім

сондай - ақ облыс бойынша өкілдіктері  бар:

  • Тілдерді оқыту орталығының Хромтау аудандық өкілдігі;
  • Тілдерді оқыту орталығының Алға аудандық өкілдігі;
  • Тілдерді оқыту орталығының Мәртөк аудандық өкілдігі;
  • Тілдерді оқыту орталығының Қобда аудандық өкілдігі;
  • Тілдерді оқыту орталығының қалалық өкілдігі;

      Өкілдік облыста тілдерді дамыту  мен қолданудың 2005 -2007 жылдарға арналған  аймақтық бағдарламасына және  оны іске асырудың іс шаралар  жоспарына сай  аудан тұрғындарына мемлекеттік тілді оқып үйренуге барынша тиімді жағдай жасау, қазақ тілін оқытудың орталықтандырылған бірыңғай жүйесі мен көп деңгейлік құрылымын құру, мемлекеттік тіл саясаты бағдарламасын іске асыруға қатысты іс – шараларға қатысу міндеттерін атқарады.

  Ғылыми – әдістемелік және инновациялық бөлімнің атқаратын жұмысы:

  • Әдістемелік кабинетті жабдықтау, оқыту кабинеттерінің талапқа сай жабдықталуын қадағалау және толыққанды жұмыс істеуіне жағдай жасау;
  • Орталықтың тілдерді үйрету бағдарламаларын даярлау, қажетіне орай толықтырулар мен өзгертулер енгізіп отыру;
  • Орталықтың шығармашылық топтарымен жұмыс жасау және баспаға ұсынылған оқыту құралдарын өңдеу;

Оқу ұйымдастыру  және сараптама бөлімінің атқаратын  жұмысы:

Информация о работе Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары