Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2012 в 20:17, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер ......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

Сонымен бірге  еңбек саласының ары қарай дамының стратегиясын анықтауда мынадай мәселелерді назарға алу қажет:

1. Жұмыссыздарды  тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз  ету, жұмыс күшінің сұраныс  және ұсыныс балансын түзету.

2. Ауданда әйелдер  еңбегін пайдаланатын кәсіпорындардың  жоқтығы жағдайларында әйелдерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

3.  Халықтың  мақсатты топтарынан жұмыссыз  азаматтарды жұмыспен қамтуға  көмектесу.

4. Ұжымдық-шарттық  қарым-қатынастардың жеткілікті  дамымауы. Ұжымдық шарттармен бүгінде  барлық әрекет ететін кәсіпорындар  мен ұйымдардың 50 % қамтылған.

Осындай жағдайда халықты тиімді жұмыспен қамтуға  көмектесу «Жітіқара ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің бірінші стратегиялық бағыты болып  табылады.

Мүгедектерді  әлеуметтік қорғау және оларды оңалту және шоғырландыру бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылы қабылданған Заңының және 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасы шеңберінде іске асырылған. Мүгедектік мәселесі өзекті болып қалуда, себебі  жер шары халқының 10 % мүгедектер құрайды, Жітіқара ауданында олар аудан халқының жалпы санының 2,2 % құрайды. 2008 жылмен салыстырғанда мүгедектер саны 2009 жылдың 1 желтоқсанына 1136-дан 1145-ке дейін өсті.

Мүгедектерді  оңалту жөніндегі жұмыс үш: әлеуметтік, кәсіби (еңбектік) және медициналық  бағыттар бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медико-педагогикалық түзетуін қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік қызметімен көмектің нысаны мен нақты түрін анықтау мақсатында мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелейтін отбасыларды тексеру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіледі.

Ауданда түзету сыныптары, психологиялық-педагогикалық  түзету кабинеті, логопунктер жұмыс  жасайды. № 12 орта мектебі жанында  қосалқы бағдарлама бойынша оқитын балалар үшін сыныптар қызмет етеді. Мектеп-интернат, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың уақытша мекендеуі үшін пана бар. Барлық білім беру мекемелерінде қажетті материалдық база бар.

Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүмкіндігі шектеулі балаларға аудандық бюджет қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Үйде әлеуметтік қызмет көрсетудегі мүмкіндігі шектеулі балаларға жыл сайынғы әлеуметтік көмек белгіленген. 

«Жітіқара ауданының  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанында мүгедек балалармен жұмыс үшін кабинет қызмет етеді. Әлеуметтік қызметкерлер білім органдарының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің білікті мамандарымен, педагогтарымен, психологтарымен тұлғааралық қарым-қатынасын түзету арқылы социумға балаларды бейімдеуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, БМС ауру балалардың белсенді қозғалысын түзету бойынша жұмыс жүргізеді.

Ауданда оқитын мүгедектерге, соның ішінде орта кәсіби және жоғары оқу орындарында оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізіледі. 2008 жылы аудандық бюджеттен 5 мүгедек студентке 440,5 мың теңге сомасына оқуын төлеуге әлеуметтік көмек көрсетілді. 2009 жылдың 1 желтоқсанына осындай әлеуметтік көмек 447,3 мың теңге сомасына 5 мүгедек студентке көрсетілді.

«Сосновый бор» санаториі базасында барлық санат  мүгедектері және соғысқа қатысушыларды  санаторлық-курорттық сауықтыру  бойынша жұмыс жүргізеді. 2008 жылы 57 адам, оның ішінде 9 соғыс арлагері және 48 жалпы аурулар мүгедектері  сауықтырылды. 2008 жылы мүгедекті оңалтудың жеке  бағдарламасында осы қызмет түріне кепілдемесі бар, барлық мүгедектер алғаш рет санаторлық-курорттық сауықтырудан өтті. Ағымдағы жылдың 11 айында 13 адам сауықтырылды.

2006-2008 жылдарға  арналған мүгедектерді оңалту  бағдарламасы шеңберінде қозғалуда қиындығы бар мүгедектерге жеке көмекшілер беру бойынша мүгедектер үшін жоспарлы және нәтижелі жұмыс өткізілді. Ағымдағы жылы ОЖБ сәйкес 5 мүгедек жеке көмекшінің қызметтерін пайдаланды. Қызметтік осы түрін көрсетуге жергілікті бюджеттен 2008 жылы 270,0 мың теңге қарастырылды және пайдаланылды, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына  326,7 мың теңге пайдаланылды. Мүгедектерді гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылды. 2008 жылы 51 мұқтаж мүгедектен гигиеналық құралдармен 100 % қамтамасыз етілді.  Осы мақсаттарға аудандық бюджет қаражаттарынан 2242,0 мың теңге бағытталды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына гигиеналық құралдармен 2251,6 мың теңгеге 46 мұқтаж мүгедек қамтамасыз етілді.

Мүгедектерге  протезді-ортопедиялық көмек көрсету уақытылы іске асырылып отырылды. Соңғы үш жыл барысында мүгедектердің қозғалу құралдары, сурдотехникалық және тифлотехникалық құралдарына қажеттігі толығымен қанағаттандырылып отырылды.

Мүгедектерді  кәсіби оңалту бойынша жұмыс жандандырылды. 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 1 мүгедек жұмысқа орналастырылды, 1 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты. 5 мүгедек кәсіби даярлаудан өтті. 2009 жылдың 1 желтоқсанына ауданды жұмыс істейтін мүгедектер 112 адам, жұмыспен қамту қызметі арқылы 5 мүгедек жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 1 әлеуметтік жұмыс орындарына. 3 топтың 3 мүгедегі ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысты. 4 мүгедек «Жітіқара политехникалық колледжі» МКК базасында кәсіби оқудан өтті және барлығы да жұмысқа орналастырылды.

Мүгедектерді  оңалтудың аймақтық бағдарламасының басты міндеттерінің бірі мүгедектердің қоғамда шоғырлануы үшін бірдей мүмкіншіліктер жасау болып табылады. Ауданда әлеуметтік инфрақұрылымның 97 объектісіне түгендеу жүргізілді, олардың ішінде 8 объект қол жеткізуді қамтамасыз етуді қажет етеді. Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 6 пандус салынды.

Дене тәрбиесі және спортпен айналысу үшін мәдени-көріністік шараларға және спорттық ғимараттарға мүгедектердің қол жеткізуін, спорттық құрал-жабдықтар беруді  қамтамасыз ету мәселесі тұрақты және жаппай шешіледі.

Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы жалғасуда, негізінен ауданда әрекет ететін мүгедектердің екі қоғамымен.

Жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 239 адамға, соның ішінде 6 мүгедекке қызмет көрсететін, қарттар мен мүгедектер үшін 3 үйде әлеуметтік көмек бөлімшесі жұмыс істейді. Сонымен қатар үйде 34 мүмкіндігі шектеулі балаға қызмет көрсетіледі.

Жітіқаралық аймақтық оңалту орталығында медициналық оңалтудан ауданның 150-ден астам мүгедегі өтті. Орталық қажетті жабдықтармен жасақталған, медициналық кадрлармен қамтылған.

Қазіргі уақыттағы  әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесі толық көлемде және жеке қажеттіліктерге  сәйкес барлық мұқтаждарға көмек көрсетуге кепіл бермейтіндігін атау қажет.  Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін күндіз болатын топтар құрылмаған. Мүгедек балалармен жұмыстың заманға сай түрлерінің дамымағына байланысты, олардың күтімімен айналысатын ата-аналар жұмыспен қамтудың формалды жүйесінен түседі, бұл өз кезегінде кедейшілік мәселесін тереңдетеді және өз балаларының онсыз да шектеулі бастапқы мүмкіндіктерін тарылтады.

Өмірдің қиын жағдайларындағы  азаматтар үшін әлеуметтік қонақ  үйлер, мүмкіндігі шектеулі балалардың күндіз болуы үшін жартылай стационарлар, ақылы қызмет түрлерін көрсетумен әлеуметтік қызметтердің аудандық аумақтық орталығын ашу жолымен әлеуметтік қызметтер ұсыну нарығы желісін кеңейту қажеттігі бар.

Сонымен қатар  азаматтар санаты мен ақылы және тегін негізде ұсынылатын, міндетті және қосымша қызметтер тізбесі анықталмаған.  Ауданда арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну саласында жаңа талаптарға сәйкес жұмыс істей алатын кадрлардың жетіспеушілігі бар.

Сонымен, мүгедектерді, қарт азаматтарды және өмірдің қиын жағдайларына түскен азаматтарды әлеуметтік қолдау және өмірінің сапасын жақсарту стратегиясы «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттарының екіншісі болуы тиіс.

Осы бағытта  қабылданатын шаралар аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қолдаумен толықтырылады.

Осындай қолдаудың  объективті қажеттілігі елде сақталып отырған кедейшілікпен байланысты. 2008 жылы аудан халқының табыстары  кедейшілік шегінен төмен үлесі 2007 жыл деңгейінде қалды (2,2 %), соның ішінде кедейшілік деңгейі қала жерінде 2,8 %, ал ауылда – 1,0 % құрады. 2009 жылдың 1 желтоқсанына аудандағы кедейшілік деңгейі 2 % дейін төмендеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларына сәйкес кедейшілік жағдайынан өз еркімен шығуға мүмкіндігі жоқ, өте мұқтаж халық санаттарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бөлуге басым назар аударылды. Осы мақсатпен атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін төлеу, балалар жәрдемақысы, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер пайдаланылды.

Осы мақсаттарға  тек қана 2008 жылы 160483,0 мың теңге  пайдаланылды, олардан атаулы әлеуметтік көмекке 16463,0 мың теңге (924 алушы), тұрғын үй көмегіне 130200,0 мың теңге (5919 отбасы), жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аз қамтылған азаматтардың бөлек санаттарына әлеуметтік төлемдерге 13820,0 мың теңге (3932 адам алды) бөлінді.

Әлеуметтік  саясаттың тағы да бір маңызды  басымдылығы аналық пен балалық  шақты қорғау болып табылды және табылады. 2006 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енетін,балалы отбасыларға көмектесудің жаңа жүйесі енгізілді (1 АЕК). 2008 жылы балалар жәрдемақыларымен 28946,0 мың теңге сомасына 2913 бала қамтылды.

2009 жылдың бюджеті  мемлекеттік атаулы әлеуметтік  көмекті (бұдан әрі МАӘК), балалар  жәрдемақысын (МБЖ), тұрғын үй көмегін,  басқа да әлеуметтік төлемдерді  қаржыландыруды қарастырды. МАӘК  – 16089,0 мың теңге, МБЖ – 33908,0 мың теңге және тұрғын үй көмегіне – 224337,8 мың теңге бөлінді.

2008 жылы аз  қамтылған отбасылар барлық қаржыландыру  көздерінен 39933,0 мың теңге сомасына 1253 адам алды, бұл өткен жылдан 13117,0 мың теңгеге артық.

Жеке қосалқы  шаруашылықты дамыту үшін 18,2 мың теңге  сомасына материалдық көмек, қайырымдылық – 157,2 мың теңге және 1831,1 мың теңге сомасына басқа нақты шаралармен бөлінді. Қабылданған шаралар нәтижесінде аз қамтылған отбасынан бір адамға төлемақы сомасы 31,9 мың теңгені құрады, 2007 жылмен салыстырғанда 32,3 % өсті.

Бірақ, аз қамтылған  азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйесіндегі  оң өзгерістермен қатар шешілмеген мәселелер де сақталуда:

  1. Кедейшіліктен шығу бойынша белсенді шаралардың төмен тиімділігі.
  2. Кедейшілік пен теңсіздіктің сақталуы.
  3. Көп балалы және толық емес отбасыларда кедейшіліктің басым болуы.
  4. Білімі, кәсібі, жұмысы жоқ, ананың кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін толық емес отбасыларының көбеюі.

Осындай жағдайда белгіленген табалдырықтық минимумнан төмен табысы бар халықтың әлсіз  жіктеріне әлеуметтік көмек көрсету «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмысының үшінші стратегиялық бағыты болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

 

 

Жергіліктік бюджетте қаржы жоспарының қажетті негіздері берілген. Ол кез келген қаржы жоспары сияқты кіріс және шығыс бөліктерінен тұрады. Ондағы кірістер (ақша қаражаттары қорларының құрылуы) нақты көздеріне, ал шығыстары (ақша  қаражаттары қорларының) нақты бағыттары мен шараларына орай құрылған.

Бюджет кірістерінің шоғырланып, шығыстарының бағытталуы Қазақстан Республикасы Президентінің  Заң күшіне енген «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» жарлығына және Қазақстан Республикасаның «Бюджет жүйесі туралы» Заңына сәйкес іске алды.

Әкімшілік жоспарланатын  жыл ішінде жыл ішінде қандай тауарлар мен қызметтер алатыны, қандай әлеуметтік жәрдемақылар төлейтіні, бұл шығындардың  жиынтығын қандай салық түрлері жергілікті бюджет арқылы жабатыны аңықталады. Бірақ, бүгінгі танда салық түсімдері шығындарды толығымен жаппауда. Егер әкімшілік шығыстары кірістер деңгейінен асып кеткен болса, онда тапшылығына тап боламыз.

Жергілікті  бюджеттің тапшылығын жабу үшін ақша қаражаттары қажет. Бұл ақша қаражаттарын жергіліктік бағалы қағаздар шығару арқылы тартуға болады.

Егер де экономикада  жергіліктік бюджеттің тапшылығы  немесе профициті (бюджетке келіп түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдері жалпы соманың жалпы шығыстар көлемінен және қайтарымды негізде бөлінетін несиелерден асып түсуі) болғанда, жинақ ақшалар мен инвестициялар тең болмайды. Мысалы үшін, бюджет тапшылығы болғанда, үкімет нақты ақшаның бір бөлігін осы тапшылықты қаржыландыруға жұмсайды, яғни жинақ ақша сомасы инвестициялардан асып түседі.

Бюджеттік тапшылықтардың орын алуына байланысты аудан қарамағындағы қаржылық ресурстардын бір бөлілін бюджеттен тыс қорлар ретінде қалыптастыру бір жағынан бюджеттен жұмсалатын шығыстарды азайтса, екінші жағынан айтарлықтай мөлшерде бюджет тапшылығын жоюға ат салады. Бюджеттен тыс қорлар тікелей пайдалануға қолайлы қаржылар болғандықтан, мемлекеттегі әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымға – тегізер ықпалына қарай бірінші кезекте қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жылдан жылға  бюджет тапшылығы азайып отыруы тиіс. Тапшылық азаймаса, тынысымыз тарыла түспек. Ал мұның өзі бұрынғыдан да беттер қымбат несие алуға немесе стратегиялық маңызы бар жергілікті активтерімізді сатуға алып келеді. Мұның екеуі де біздің болашағымызға балта шабу екені айтпаса да түсінікті.

Қатаң бюджеттік  шектеу саясатын жүргізіп, болашағымызды қорғап қалу керек немесе бүгін ауырдың үстімен, жеңілді астымен жүріп өтіп, еліміздің ертенін бұлынғыр ету керек. Бұл міндетті шешу үшін бюджеттің шығыс бөлігің қысқартуға емес, кіріс бөлігін көбейтуге күш салу керек. Осыған орай, жергілікті кіріс бөлімінің рөлі мен жауапкершілігі күшейіп отыр.

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc